Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы.

      МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "су тоғандарындағы (учаскелерiндегi)", "су тоғандарында (учаскелерiнде)", "су тоғандарын (учаскелерiн)", "су тоғандарының (учаскелерiнiң)", "су тоғандары (учаскелерi)", "су тоғандарына (учаскелерiне)" деген сөздер тиісінше "су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi", "су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде", "су айдындарын және (немесе) учаскелерiн", "су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң", "су айдындары және (немесе) учаскелерi", "су айдындарына және (немесе) учаскелерiне" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "мемлекеттік бақылауды" және "мемлекеттік бақылау" деген сөздерден кейін тиісінше "және қадағалауды" және "және қадағалау" деген сөздермен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) акваөсіру – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру;

      2) аншлаг – аңшылық шаруашылықтардың, өсімді молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы мен шекараларын, сондай-ақ аңшылыққа және балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін маңдайша жазу;

      3) аңшы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аң аулауға құқық алған жеке тұлға;

      3-1) аңшы иттер – аңшылықта пайдаланылатын қазақы және басқа да ит тұқымдары;

      4) аңшы куәлiгi – жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгiленген нысандағы құжат;

      5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қоры – жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi;

      6) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (бұдан әрі - аңшылық минимумы) – оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы;

      7) алып тасталды – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      8) аңшылық олжа – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған жануар (балық ресурстары мен басқа да су жануарларынан басқа), олардың бөліктері мен дериваттары;

      9) аңшылық шаруашылығы – аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану, жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын сақтау, оларды қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi шаруашылық қызметтiң түрi;

      10) аңшылық шаруашылығының санаты – аңшылық шаруашылықтарына шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру негiзiнде берілетін, аңшылық алқаптары өнiмдiлiгiнiң, күзет және өсiмiн молайту iс-шаралары сипатының белгiлерi бойынша аңшылық шаруашылықтарының жіктемелік бөліну бiрлiгi;

      11) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын жүргiзетін жеке немесе заңды тұлға;

      12) аңшылық шаруашылығының ішкі регламенті – жеке тұлғаның аңшылық шаруашылығы аумағында аң аулауды жүргізу тәртібін белгілейтін, жануарларды ұстап алу нормасын, көрсетілетін қызметтердің баға прейскурантын қамтитын құжат;

      13) аушы жыртқыш құс – аң аулауда пайдаланылатын қыран, сұңқар, қаршыға және жыртқыш құстардың басқа да түрлері;

      14) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;

      15) балық аулаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға;

      16) балық аулау олжасы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектісі, олардың бөліктері мен дериваттары;

      16-1) балық өсіру материалы – балық өсіру объектісіне қарай, су айдындарына балық жіберуге арналған дернәсілдер, құртшабақтар, шабақтар және балықтардың жасына байланысты басқа да топтары;

      17) балықтардың көбею кезеңі – белгілі бір балық түрінің уылдырық шашатын уақыт кезеңі;

      18) балықтың қайда ауланғаны немесе балық өсіру шаруашылықтарында өсірілген туралы анықтама – уәкілетті орган белгілеген, балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ауланған балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шығу тегін растайтын құжат;

      19) балықтарды қорғау құрылғысы – балық ресурстары мен басқа да су жануарларының су тарту және ағызу құрылыстарына түсуін болғызбауға арналған құрылғы;

      20) балықтардың қырылуы – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;

      21) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі – балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі;

      22) балықтардың өріс аударуы - балықтардың бір мекендеу ортасынан екінші ортаға жаппай ауысуы;

      23) балық өсіру – акваөсірудің кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды молайту және өсіру жөніндегі бағыты;

      24) балық ресурстары және басқа да су жануарлары – сулы ортада мекендейтін барлық жануардың жалпы жиынтығы, оның ішінде өсімдіктерді қоспағанда, су биологиялық ресурстары;

      25) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттiк басқарудың бассейндiк принципi (бұдан әрi - бассейндiк принцип) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан қолданатын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсiмiн молайту мен өрiс аудару ерекшелiктерi ескерiлген, балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi балық ресурстарын және басқа да су жануарларын басқарудың бiртұтас жүйесi;

      26) балық шаруашылығы – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, акваөсірумен, балық өсірумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;

      27) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерін паспорттау – балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, олардың алаңын, жай-күйін, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының түрлік құрамын белгілеу жөніндегі іс-шаралар кешені;

      28) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;

      28-1) балық шаруашылығы технологиялық су айдыны – гидротехникалық құрылысжайлардың немесе құрылғылардың көмегімен сумен толтырылатын, акваөсіру объектілерін өсіруге жағдай жасауға арналған, жасанды жасалған су айдыны (тоған, балық өсіру бассейні);

      29) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      30) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өзінің еңбек міндеттемелеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;

      31) балықшы куәлігі – жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі берген, белгіленген нысандағы құжат;

      32) биологиялық негiздеме – жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесi объектілерінің жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды;

      32-1) бірлескен су биологиялық ресурстары – басқаруды Каспий теңізінің жағалауында орналасқан мемлекеттер бірлесіп жүзеге асыратын су биологиялық ресурстары;

      33) дериват – жануардың туынды түрі мен одан және оның туынды түрінен өндірілген өнім;

      34) аң-құс өсіру – аң аулау объектісі болып табылатын жануарларды аңшылық шаруашылық субъектілерінің өсіруі;

      35) жануарлар – құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркiндiк жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер, балықтар, моллюскалар, жәндiктер және тағы басқалары);

      36) жануардың бөлігі (бұдан әрі – бөлік) – жануардың түрін танып білуге мүмкіндік беретін оның денесінің бір бөлігі;

      37) жануарларды будандастыру – шаруашылықта пайдалы озық белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;

      38) жануарлар дүниесi – Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығы;

      38-1) жануарлар дүниесі мониторингі – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару және биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі мен динамикасын байқау, бағалау және болжау жүйесі;

      39) жануарлар дүниесі объектілерін алу – табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын мекендеу ортасынан жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың негізінде алу (ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу);

      40) жануарлар дүниесі объектілерін қолдан өсіру – көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарын, тоғанда балық өсіру шаруашылықтарын және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарын қоса алғанда, жануарлар түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;

      41) жануарлар дүниесiн қорғау – жануарлар дүниесiн, олар мекендейтiн ортаны және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану мен өсiмiн молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар кешенi;

      42) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің тексерілетін субъектілерді олардың қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;

      43) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы шаралар, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;

      44) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      45) жануарлар дүниесiн орнықты пайдалану – жануарлар дүниесi объектiлерiн жануарлар дүниесінің түрлiк сан алуандығының таусылуына әкеп соқпайтын және оның өсiмiн молайту мен қазiргi және келешек ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру қабiлетiн сақтап қалатын тәсiлдер арқылы пайдалану;

      46) жануарлар дүниесiн пайдалану – жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын және пайдалы қасиеттерiн мекендеу ортасынан айырып немесе айырмай пайдалану;

      47) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат – жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесiн пайдалануға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің ұстап алынған объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде аңшылық және балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретiн, белгiленген нысандағы құжат;

      48) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар – осы Заңға сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар;

      49) жануарлар дүниесі үшін болмай қоймайтын зиян – жануарлар дүниесіне немесе оның мекендеу ортасына табиғи-климаттық және антропогендік әсер ету салдарынан пайда болатын факторлардың қолайсыз әсерінен келтірілген және (немесе) келтірілетін, алдын алу шараларымен болдырмау мүмкін емес қалдықты зиян;

      50) жануарлар дүниесiнiң биологиялық сан алуандығы – жануарлар дүниесi объектiлерiнiң бiр түр шеңберiндегi, түрлер арасындағы сан алуандығы және экологиялық жүйелердiң сан алуандығы;

      51) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасы – жануарлар дүниесiнiң объектiлерi табиғи еркiндік жағдайында мекендейтiн табиғи орта;

      52) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын қорғау – табиғи еркiндік жағдайында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң орнықты тiршiлiк ету және өсiмiн молайту шарттарын сақтауға немесе қалпына келтiруге бағытталған қызмет;

      53) жануарлар дүниесi объектiсi – жануарлардың дара нұсқасы немесе популяциясы;

      54) жануарларды интродукциялау – жануарлар түрлері дара нұсқаларының ареалдардан (таралу аясынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген, олар үшін жаңа орындарға әдейі тарату немесе олардың кездейсоқ таралуы;

      55) жануарларды реинтродукциялау – жануарлар түрлері дара нұсқаларын бұрынғы мекендеу орталарына әдейі ауыстыру;

      56) жануарлар түрлерінің өсімін молайту – жануарлар түрлерінің табиғи жағдайларда табиғи көбеюі және оларды жасанды өсіру;

      57) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      58) жолдама – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға және (немесе) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесi объектiлерiн ұстап алу мақсатында бару үшiн жеке тұлғаға берiлетiн құжат (біржолғы немесе маусымдық);

      58-1) заңсыз, хабарлаусыз және реттеусіз кәсіпшілік – жеке және заңды тұлғалардың су биологиялық ресурстарын олардың табиғи мекендеу ортасынан алу жөніндегі құқыққа сыйымсыз және (немесе) регламенттелмеген қызметі;

      59) зоологиялық коллекция – жануарлар дүниесi объектiлерi тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервіленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөлiктерiнiң, оның iшiнде зоопарктердiң, зообақтардың, цирктердiң, зоологиялық питомниктердiң, аквариумдердің, океанариумдердің жабайы жануарлардың ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылығы бар жинағы;

      59-1) ихтиологиялық байқаулар – балық шаруашылығы су айдыны ихтиофаунасының жай-күйі туралы деректерді жинау және зерделеу;

      60) ихтиофауна – қандай да бір су айдынындағы немесе оның бөлігіндегі балықтар және дөңгелекауыздылар түрлерінің жиынтығы;

      60-1) кәсіпшілік – мақсаты су биологиялық ресурстарын олардың табиғи мекендеу ортасынан алу болып табылатын, жеке және заңды тұлғалардың қызметі;

      60-2) кәсіпшілік күш-жігер – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауға тікелей бағытталған өндірістік операциялардың, оның ішінде кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулау құралдары мен техникалық құралдарының, жүзу құралдарының, балықшылардың жол берілетін санын қамтитын көлемі;

      61) кәсіпшілік қор – дербес кәсіпшілік маңызы бар популяция немесе уақыт жағынан орнықты, оның кеңістіктегі оқшауланған бөлігі;

      62) кездейсоқ ауланым – рұқсаттарда көрсетілмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің дара нұсқалары және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кішірек балық түсетін ауланымның бір бөлігі;

      62-1) кинологиялық қызмет – қазақы тұқымды иттерді машықтандыруға, баулуға, айтақтауға және оларды практикалық пайдалануға, оның ішінде спортта және аң аулауда пайдалануға өзге де даярлауға, қазақы тұқымды иттерді пайдалана отырып, зоотехникалық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, қазақы ит тұқымдарымен жұмыс істеу бойынша сарапшыларды оқытуға және мамандарды даярлауға байланысты қызмет.

      Қазақы тұқымды иттерді машықтандыру, баулу, айтақтау және оларды практикалық пайдалануға өзге де даярлау деп қазақы тұқымды иттерді жұмысқа қалыптастыру мен үйретуді және (немесе) аң аулауға, спортқа және далалық сынақтарға даярлауды түсінген жөн;

      62-2) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы – табиғи және жасанды су айдындарында ихтиофаунаны толық немесе ішінара ауыстыру арқылы жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;

      63) криоконсервіленген жыныс клеткалары – жануарлардың жыныс клеткаларының (гаметаларының), эмбриондары мен әртүрлі тіндерінің оларды одан әрі ұрпақ алу, геномдар бөліп шығару мақсатында немесе басқа да ғылыми зерттеулер үшін пайдалану мүмкіндігін беретін төмен температуралық жағдайда және өзге де консервациялау нысанында тұрған үлгілері;

      63-1) күріш атызы – су жіберілген күріш немесе басқа да дақылдарды өсіруге арналған, балық өсіру үшін пайдаланылуы мүмкін жер учаскесі;

      63-2) Қазақстан Республикасының балық аулау аймағы (бұдан әрі – балық аулау аймағы) – халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормалары ескеріле отырып, Мемлекеттік шекарадан (аумақтық сулардың сыртқы шегінен) бастап өлшенетін, ені он теңіз милі болатын, шегінде Қазақстан Республикасы су биологиялық ресурстары кәсіпшілігіне айрықша құқыққа ие болатын теңіз белдеуі;

      63-3) қазақы ит тұқымдары – ежелгі тұқымдар – қазақы ит тұқымдарының бекітілген стандартына сәйкес келетін қазақы тазы мен қазақы төбет;

      63-4) қазақы ит тұқымдарының стандарты – қазақы тұқымды иттердің сыртқы тұрпаттық-бітімдік сипаттары мен пайдаланушылық қасиеттері бойынша сипаттамасы;

      63-5) Қазақы тұқымды иттердің бірыңғай тұқым-тегі кітабы (бұдан әрі – Бірыңғай тұқым-тегі кітабы) – шығу тегі, тұқымдылығы, сыртқы тұрпаттық-бітімдік сипаттамалары мен өзге де қасиеттері туралы мәліметтер көрсетілген қазақы тұқымды иттер туралы деректер жинағы;

      63-6) қазақы тұқымды иттің шығу тегі туралы куәлік (бұдан әрі – шығу тегі туралы куәлік) – оның тұқым-тегі туралы мәліметтерді қамтитын құжат;

      64) қорықшы – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің арнайы уәкілеттік берілген тұлғасы;

      65) қорықшы куәлігі – қорықшының құқықтарын куәландыратын, белгіленген нысандағы құжат;

      66) қорықшылық қызмет – аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi;

      67) қыстау шұңқыры – қысқы кезеңде балықтардың су айдыны түбінің шұңқырларында жаппай жинақталатын орны;

      67-1) ортақ су кеңістігі – балық аулау аймақтарының сыртқы шегінен тыс орналасқан және Каспий теңізінің жағалауында орналасқан мемлекеттердің пайдалануындағы Каспий теңізі акваториясының бір бөлігі;

      68) өзен (теңіз, көл) бассейні – су айрықтарымен шектелген, олардан су өзенге (теңізге, көлге) ағып келетін жерүсті бетінің және топырақтың қалың қабатының бөлігі;

      69) рекреациалық балық аулау аймағы – әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен айқындайтын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің және оған іргелес жағалау белдеуінің учаскесі;

      70) сервитут – аңшылық және балық шаруашылықтарының мұқтаждары үшін бөгде біреудің жер учаскесі мен су объектісін, оның ішінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы;

      71) су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, балықтардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелерге балық өсіру материалы мен балықтар жіберу;

      71-1) су биологиялық ресурстары – аумақтық суларда, балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде мекендейтін балықтар, моллюскалар, шаян тәрізділер, сүтқоректілер және су жануарлары мен өсімдіктерінің басқа да түрлері;

      71-2) сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығы – сумен қамтамасыз етудің тұйықталған циклі технологиясы қолданыла отырып, балықтар мен басқа да су жануарларын қолдан өсіруге байланысты шаруашылық қызмет түрі;

      72) су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау – су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені;

      73) сүзу – жағалау аймағында, сол сияқты ашық су кеңістігінде де балық аулау мақсатында сүзетін аулау құралдарымен (жылымдармен) су айдындары акваториясының белгілі бір бөлігін сүзу жолымен жүзеге асырылатын кешенді процесс;

      73-1) тоғанда балық өсіру шаруашылығы – балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын пайдалана отырып, балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;

      73-2) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы – табиғи және жасанды су айдындарында орналасқан және жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;

      73-3) тұқымы таза қазақы тұқымды ит – қазақы ит тұқымдарының бекітілген стандартына сәйкес келетін және сол тұқымға жататын тегінің кемінде үздіксіз үш буыны туралы мәліметтер қамтылған шығу тегі туралы куәлігі бар қазақы тазы немесе қазақы төбет тұқымдас ит;

      74) тыныштық аймағы – жануарлар дүниесін сақтау немесе қалпына келтіру үшін ерекше маңызы бар, шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру қызметі айқындайтын, оның шеңберінде (тұрақты немесе уақытша) шаруашылық қызметтің жекелеген түрлері мен нысандарына тыйым салынған немесе регламенттелген аумақ;

      75) уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдары (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар) – жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер және жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтауды және өсімін молайтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;

      76) уылдырық шашу – балықтардың жетілген уылдырықты шашу процесі және оның кейіннен ұрықтануы;

      77) уылдырық шашатын орын – балықтардың уылдырық шашатын орны;

      78) ұйық (ұйықтық учаске) – су айдынының және оған іргелес жағалау белдеуінің шектеулі су акваториясы бар, өзеннің және өзге де ағынды су айдынының кәсіпшілік балық аулау мұқтажына арналып, бейімделген учаскесі;

      78-1) фермерлік аңшылық шаруашылығы – жеке меншіктегі жануарларды аңшылық мақсатында қолдан өсіруге маманданатын аңшылық шаруашылығы;

      79) шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру – жобаланатын аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық шаруашылығының шекарасы мен санаттарын айқындау, оның алаңын есептеу, жануарлар дүниесi мен ол мекендейтiн ортаның жай-күйiн, жануарларды есепке алу әдістемелерін, жануарларды есепке алудың бақылау маршруттары мен алаңқайларын айқындау;

      80) шаруашылықiшiлiк аңшылықты ұйымдастыру – аңшылық алқаптарын түгендеу, сапасын бағалау, олардың табиғи және экономикалық жағдайларын зерттеу, жануарларды есепке алу, олардың негiзiнде аңшылық шаруашылығын жүргiзу жоспары әзiрленетін биотехникалық және пайдалану іс-шараларын жобалау жөнiндегi iс-шаралар кешені.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Жануарлар дүниесiнiң санаттары

      1. Жануарлар дүниесi мақсатты пайдалану жағынан мынадай санаттарға бөлiнедi:

      1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi;

      2) жануарлардың аң аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;

      3) жануарлардың балық аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;

      4) жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерi;

      5) жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерi;

      6) жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтiрiлуiн болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай зиян келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс түрлерi.

      2. Жануарлар түрлерiн санаттарға жатқызу және оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру жануарлар дүниесiнiң түрлiк саналуандығын сақтау, оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану мақсатында биологиялық негіздеме негізінде ведомствоаралық зоологиялық комиссияның ұсынымы бойынша жүргiзiледi.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Жануарлар дүниесiне және жануарлар дүниесiобъектiлерiне меншiк

      1. Жануарлар дүниесі Қазақстан халқына тиесілі. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.

      2. Мекендейтiн ортадан осы Заңда белгiленген тәртiппен алынған, сондай-ақ ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлiп, ұсталатын жануарлар дүниесiнiң объектiлерi оларды аулаған, өсiретiн және ұстайтын жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қатынастар субъектiлерi

      Ескерту. 5-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қатынастар субъектiлерi болып табылады.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттiк басқару

6-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары

      Ескерту. 6-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары мыналар:

      1) жануарлар дүниесiнiң қорғалуын, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      2) жануарлар дүниесiн iзгiлiк принциптерiне сәйкес жануарларға қатал қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалану;

      3) бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алу, оларды сатып алу, өңдеу және олардың уылдырығын және мемлекеттік монополияға жатқызылған өнімнің басқа түрлерін өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, жануарлар дүниесiнiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметтiң жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану жөнiндегi қызметпен қоса атқарылуына жол бермеу;

      4) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын жердi, суларды, өсiмдiк дүниесiн және басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқығынан бөлу;

      5) жануарлар дүниесiн арнайы пайдаланудың ақылы болуы;

      6) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен бұлтартпау;

      7) азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы болып табылады.

      2. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары мыналар:

      1) қазақы ит тұқымдарын сақтауды және өсімін молайтуды қамтамасыз ету;

      2) қазақы ит тұқымдарының таза тұқымдылығын қорғау болып табылады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды, қазақы ит тұқымдарын сақтауды және өсімін молайтуды қамтамасыз ету жүйесі

      Ескерту. 6-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесіне:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

      2) аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;

      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;

      4) жергілікті мемлекеттік басқару органдары;

      5) мамандандырылған ұйымдар;

      6) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар;

      8) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері;

      9) аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері кіреді.

      2. Қазақы ит тұқымдарын сақтауды және өсімін молайтуды қамтамасыз ету жүйесіне:

      1) уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері;

      2) қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;

      3) Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы;

      4) кинологиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кіреді.

      Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-2-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдар

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдарына және лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.

      Ескерту. Заң 6-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), өзгерістер енгізілді - 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерi

      Балық ресурстарының және басқа су жануарларының пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алу, кадастры, мониторингi және бақылау, сондай-ақ олардың зерттелуi, қорғалуы мен өсiмiн молайту мемлекеттiк басқарудың бiртұтас жүйесiн құрайды және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде бассейндiк принцип бойынша, сондай-ақ балық өсіру шаруашылықтарында жүзеге асырылады.

      Балықтар мен басқа да су жануарларының мемлекеттік мониторингі жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

      Балықтар мен басқа да су жануарларының мемлекеттік мониторингі заңсыз пайда болған балықтар мен басқа да су жануарларын уақтылы анықтау және олардың өткізілуін болғызбау мақсатында ауланған, сатып алынған, қолдан өсірілген балықтар немесе басқа да су жануарлары, балықтар мен басқа да су жануарларының көтерме және бөлшек саудада өткізілуі, экспорты және импорты туралы ақпаратты жинауды және уақтылы өңдеуді қамтамасыз етуге қабілетті жүйені білдіреді.

      Балықтар мен басқа да су жануарларының мемлекеттік мониторингін уәкілетті орган балықтар мен басқа да су жануарларының мониторингі қағидаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы құзыретi

      Ескерту. 8-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;

      2) жануарлар дүниесiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;

      3) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      4) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      6) үйреншікті мекендеу ортасынан ауланған бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде және олардың ұрықтандырылған уылдырығын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету туралы шешім қабылдайды;

      7) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдайды;

      8) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің тізбесін бекітеді және оларды басқа санаттарға ауыстырады;

      9) ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсетiн жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің, олардың бөліктерінің және дериваттарының халықаралық саудасына шектеулер енгiзедi;

      10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      11) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекітеді;

      12) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Уәкiлеттi органның, аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосының және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыреті

      Ескерту. 9-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      1. Уәкілетті орган:

      1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      3-1) "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін қазақы тұқымды иттерді есепке алуды жүргізу мониторингін жүзеге асырады;

      3-2) қазақы ит тұқымдарының стандарттарын бекітеді;

      4) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор актiлерiнiң нысандарын, оларды жасау мен берудiң тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;

      5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердi әзiрлейдi және бекітеді;

      6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерiнiң айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, оны киіп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      7) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрілген зиянның орнын толтыру мөлшерлерiн айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдiстемелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

      8) аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерiнің нысанын және оны беру тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;

      9) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) бередi;

      10) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күшін қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беруді жүзеге асырады;

      11) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындаудың тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;

      12) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітедi;

      13) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

      14) жолдаманың үлгiлік нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзiрлейді және бекітеді;

      15) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiнiң тізбелерін айқындайды және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;

      16) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      17) екі және одан көп облыстың аумағында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;

      18) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін әзірлейді және бекітеді;

      19) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;

      20) су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді және оларды орнатуды келіседі;

      20-1) ғылыми ұйымның ұсынымдары негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      21) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      22) ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін және сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын әзірлейді және бекітеді және ішкі нарықта саудалауға таңба беруді жүзеге асырады;

      23) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады, сондай-ақ бақылау үшін аулауды жүзеге асырады;

      24) екі және одан да көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;

      25) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;

      26) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

      27) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      28) зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және тоқсан сайын жаңартады;

      29) аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын әзірлейді және бекітеді;

      30) балықтардың қырылуына сөзсіз әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қатердің бетін қайтару мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;

      30-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;

      31) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      32) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      33) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      34) қорықшының төсбелгісінің және айырым белгілері бар арнайы киімінің нысанын әзірлейді және бекітеді;

      35) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      36) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      37) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      38) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;

      39) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      40) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу қағидаларын әзірлейді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;

      41) аңшы куәліктерін беру жөніндегі есептіліктің нысанын әзірлейді және бекітеді;

      42) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;

      43) су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      44) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      45) су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін әзірлейді және бекітеді;

      47) табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      47-1) акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      47-2) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      48) жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      49) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      50) айырым белгілері бар нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      51) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын әзірлейді;

      52) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      53) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді және бекітеді;

      54) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      55) аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиттерін және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін әзірлейді және бекітеді;

      56) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      57) аң аулау, балық аулау қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

      58) аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын және балық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

      59) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

      60) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

      61) жануарлардың санын реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      62) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;

      63) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      64) зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      65) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзірлейді және бекiтедi;

      65-1) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзірлейді және бекiтедi;

      66) аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың құнды түрлерiнiң тiзбесiн әзірлейді және бекiтедi;

      67) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;

      68) дериваттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      69) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      70) аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      71) жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      72) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      73) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      74) балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорындағы және (немесе) учаскелер мен аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесінің өсімін молайтуды және оларды мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      75) жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсат береді;

      76) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      76-1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

      77) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді;

      77-1) ихтиологиялық байқаулар қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      77-2) кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

      77-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелерін, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарды және мамандандырылған ұйымдарды материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      77-4) балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      77-5) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

      77-6) мемлекеттік монополия субъектісінің бекіре тұқымдас балық түрлері өнімін қайта өңдеуі кезіндегі шикізат қалдықтарының, ысыраптары мен шығыстарының нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      77-7) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      77-8) сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      77-9) балықтар мен басқа да су жануарларының мониторингі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      77-10) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      77-11) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін экспорттауға лицензия береді;

      77-12) әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, акваөсірудің негізгі объектілерінің қолдан өсімін молайту, оларды тауарлы өсіру және тасымалдау жөніндегі балық өсіру нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

      77-13) бекіре тұқымдас балық түрлерінің құртшабақтарын өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның балық өсіру материалын және бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын өсімді молайту мақсатында олардан жыныстық өнімдер алынғаннан кейін тірі күйінде өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      77-14) балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасайды;

      77-15) балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын аулау мақсатында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат береді;

      78) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомство өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдарының құзыретi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 185-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi

      1. Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      1-1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асырады;

      3) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiтедi;

      3-1) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және (немесе) учаскелер бойынша жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiтедi;

      4) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде шешiмдер қабылдайды;

      4-1) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөнінде шешімдер қабылдайды;

      5) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5-1) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      5-2) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;

      5-3) алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-4) жануарларды, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жөнiндегi, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;

      5-5) аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      5-6) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      5-7) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;

      5-8) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;

      5-9) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашады және жабады;

      5-10) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;

      5-11) облыс аумағында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;

      5-12) резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі туындаған жағдайларда уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде мелиорациялық балық аулауды ұйымдастырады;

      5-13) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтейді;

      5-14) акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар береді;

      6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингi

      Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және пайдалануды қамтамасыз ету үшiн жануарлар түрлерінің жай-күйі мен географиялық таралуы туралы, олардың саны, жүйелi байқау нәтижелерi, оларды шаруашылықтағы пайдалану көлемдерi туралы мәлiметтер жиынтығын және басқа да қажеттi деректердi құрайтын жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингi жүргiзiледi.

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия

      1. Өсімін молайту мақсатында аулауды және ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, бекіре тұқымдас балық түрлерін үйреншікті мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, қайта өңдеу және олардың уылдырығы мен өнімінің басқа да түрлерін өткізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны тек қана мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

      1-1. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің өсімін қолдан молайту мен балық өсіру материалын және олардан өсімін молайту мақсатында жыныстық өнімдер алынғаннан кейін бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде өткізу жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметке жатады.

      2. Өнімді мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алған жеке және заңды тұлғалар оны одан әрі қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыруға құқылы.

      3. Бекіре тұқымдас балық түрлері кездейсоқ ауланған жағдайларда, сондай-ақ бекіре тұқымдас балық түрлерімен бірге иесіз балық аулау құралдары табылған кезде тіршілік етуге қабілетті дара нұсқалары үйреншікті мекендеу ортасына жіберілуге немесе мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бекіре тұқымдас балық түрлерінің құртшабақтарын өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарға берілуге тиіс, ал тіршілік етуге қабілетсіз (өлі) дара нұсқалары үйреншікті мекендеу ортасына жіберілуге тиіс.

      4. Бекіре тұқымдас балық түрлерін өсімін молайту мақсатында және ғылыми-зерттеу үшін аулау кезінде үйреншікті мекендеу ортасынан алып қою балық аулау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.

      Ескерту. Заң 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау

12-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегiнегiзгi талаптар

      1. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне, мекендейтiн ортасына, көбею жағдайларына және жануарлардың өрiс аудару жолдарына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болатын қызмет жануарлар дүниесінiң, олар мекендейтін ортаның сақталуы мен өсiмiн молайтуды және келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудi қамтамасыз етудiң талаптары, оның iшiнде экологиялық талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиiс.

      2. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне және олар мекендейтiн ортаға әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн қызметтi жүзеге асыру кезiнде мынадай негiзгi талаптардың сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс:

      1) жануарлар дүниесiнiң табиғи еркiндiк жағдайындағы биологиялық сан алуандығы мен үйiрлiк тұтастығын сақтау;

      2) жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырлану орындарын сақтау;

      3) жануарлар дүниесi объектiлерiн ғылыми негізделген тұрғыдан ұтымды пайдалану және олардың өсiмiн молайту;

      4) табиғаттағы биологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын реттеу;

      5) жануарлар түрлерін, оның iшiнде бағалы, сирек кездесетiндерi мен құрып кету қаупi төнгендерiн жасанды өсiрудi қоса алғанда, кейiннен оларды мекендеу ортасына шығара отырып, жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту.

      3. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.09 № 213, 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау

      Жануарлар дүниесiн қорғау:

      1) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi қағидаларды, нормалар мен нормативтерді белгiлеу және сақтау;

      2) жануарлар дүниесiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар белгiлеу;

      3) жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау;

      4) жануарлар дүниесiн пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзуды болдырмау;

      5) жануарлар мекендейтiн ортаны қорғауды, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын ұйымдастыру;

      6) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүктей отырып, аумақтарды, акваторияларды бекiтiп беру;

      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру;

      8) жануарлар түрлерін жасанды түрде өсiру;

      9) жануарлар ауырған жағдайда, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда оларға көмек көрсету;

      10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру;

      11) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау және орнықты пайдалану идеяларын насихаттау;

      12) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi қызметiн ынталандыру;

      13) азаматтарды жануарлар дүниесiне iзгiлiктi және ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Жануарлар дүниесiн сақтау және өсiмiн молайту мақсатында оны пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар белгiлеу

      1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн сақтау және өсiмiн молайту мақсатында:

      1) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерiн шектеу;

      2) аулау әдiстерiне, тәсiлдерiне және құрал түрлерiне тыйым салу;

      3) жануарлар дүниесі объектілерін алу нормаларын өзгерту;

      4) жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың санын шектеу;

      5) жануарлар әлемін пайдалану орындарын шектеу;

      6) заңсыз, хабарлаусыз, реттеусіз кәсіпшілікке, сондай-ақ су биологиялық ресурстарынан дайындалған өнімнің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша шаралар белгіленеді.

      2. Шектеулер мен тыйым салулар белгiлеуге:

      1) жануарлар популяциясының жыныс-жас құрылымының бұзылуы;

      2) жануарлар санының азаюы;

      3) мекендеу ортасының нашарлауы;

      4) жануарлардың өрiс аударуы мен көбеюi кезеңiнде олар жаппай шоғырланатын жерлерде тыным алу аймақтарын құру қажеттiгi;

      5) гидрометеорологиялық жағдайларға қарай балықтардың уылдырық шашуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету қажеттігі негiз болып табылады.

      3. Жануарлар дүниесi объектiлерiн сақтау мақсатында:

      1) өсiмдiктердi жоюға және жануарлар мекендейтiн ортаның жағдайларын нашарлататын өзге де iс-әрекеттерге;

      2) жануарлар үйiрiмен мекендейтiн жердi периметрі бойынша олардың iндерi орналасқан жерге жиырма метр жақын немесе оларды алдын ала басқа жерге көшiрмей жыртуға;

      3) уәкілетті органның рұқсатынсыз жануарлардың паналау орындары мен ұяларын бұзуға және бүлдiруге, жұмыртқаларын жинауға;

      4) суда жүзетiн құстардың жаппай ұя салуы көрсетiлген және балықтардың көбеюi кезеңiнде олар уылдырық шашатын жерлерде катерлердiң, моторлы қайықтардың және басқа да жүзу құралдарының двигательдерін iске қосып жүзуге;

      5) ұшақтардың, тiкұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтiн аумақтардың үстiнен бiр километр төмен биiктiкте ұшып өтуiне;

      6) жануарлардың мекендеу ортасын жоюға, жемшөптiк өсiмдiктер егiстiктерiн, қорғау екпелерiн, сортаң топырақтарды, жануарларға арналған астауларды, сiлтеме белгiлердi, аң аулау және балық аулау шаруашылығын жүргiзуге арналған құрылыстарды бүлдiруге;

      7) жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiнсiз алып қоюға;

      8) жануарлар дүниесi объектiлерiн белгiленген лимиттен артық және жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттарда немесе жолдамаларда көрсетiлген мерзiмдерден тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтарында аулауға;

      9) жануарлар дүниесi объектiлерiн аң аулау мен балық аулау ережелерiнде көзделмеген жануарларды аулау құралдарының, әдiстерінің және тәсiлдерiнiң түрлерiн қолдана отырып аулауға;

      10) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды қолдана отырып (дала кемiргiштерiн жою кезiнде, сондай-ақ жануарлардың құтыру iндетi мен басқа да аурулары жағдайларында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулауға;

      11) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге;

      12) балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандарды, жүзбелi таным белгілерiн және аншлагтарды жоюға немесе бүлдiруге;

      13) балықтарды қорғау құрылғыларынсыз, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін су жинау және ағызу құрылыстарын пайдалануға тыйым салынады.

      4. Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау мақсатында шектеулер мен тыйым салулар жануарлардың мекендеу ортасы ареалдарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып енгізіледі.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

15-бап. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау

      1. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiледi.

      2. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғауды мемлекет жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

      3. Жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қоюға айрықша жағдайларда биологиялық негіздеме негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша:

      1) ғылыми, өсімін молайту, коммерциялық мақсаттарда арнайы жасалған жағдайларда өсіру, сондай-ақ кейіннен мекендеу ортасына жіберу;

      2) алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) ғылыми зерттеулер;

      4) селекциялау;

      5) ұлттық аңшылық түрлерін дамыту үшін жол беріледі.

      4. Мыналарға:

      1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің қырылуына;

      2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi санының азаюына немесе мекендеу ортасын бұзуға әкеп соғатын іс-әрекеттерге жол берілмейді.

      5. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын бағып-қағу, тасымалдау, сату, сатуға қою және сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Пестицидтердi, улы химикаттарды, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану кезiнде жануарларды қорғау

      Ескерту. 16-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Пестицидтердi, улы химикаттарды, минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қолдану, сақтау және тасымалдау жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс.

      Жануарлар дүниесiн қорғау мақсатында пестицидтердi, улы химикаттарды, минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қолданудың шектеулi рұқсат етiлген нормалары белгiленедi.

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

17-бап. Шаруашылық және өзге де қызметтi жобалау мен жүзеге асыру кезiнде жануарлар мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау жөнiндегi iс-шаралар

      1. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестердi жетiлдiру және олардың жаңаларын енгiзу, пайдаланылмаған, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына енгiзу, жердi мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектiлерiн пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетiн жерлердi белгiлеу, туристiк маршруттар әзiрлеу мен халықтың жаппай демалатын орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерi мекендейтiн ортаны және олардың көбею жағдайларын, жануарлардың өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлар мекендейтiн орта ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге ешкiмнiң қол сұқпауы қамтамасыз етiлуге тиiс.

      2. Темiр жол, тас жол, құбыр тарту және басқа көлiк магистральдарын, электр беру және байланыс желiлерiн, арналарды, бөгеттердi және өзге де су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану, орналастыру, жобалау және салу кезiнде жануарлар мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн іс-шаралар әзiрленiп, жүзеге асырылуға тиiс.

      3. Шаруашылық және осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер:

      1) уәкілетті органмен келісім бойынша техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде осы Заңның 12-бабы 2-тармағының 2) және 5) тармақшалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға арналған қаражатты көздеуге;

      2) балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды уәкілетті органның ведомствосымен жасалған шарт негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық өсіру материалын жіберуді, уылдырық шашатын орындарды қалпына келтіруді, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын, өсім молайту кешенінің инфрақұрылымын салуды немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайту жөніндегі қолданыстағы кешендерді реконструкциялауды, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды, сондай-ақ өзендердің жайылмасы мен теңіз ортасында (рифтер) жасанды уылдырық шашу орындарын жасауды көздейтін іс-шараларды орындау арқылы, уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалатын мөлшерде өтеудің орнын толтыруға міндетті.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесін қорғау

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесiн қорғау Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

18-1-бап. Балық шаруашылығының ерекше құнды су айдындары және (немесе) учаскелері

      Ескерту. Заң 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19-бап. Жануарлар түрлерін жасанды түрде өсiру

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Жануарлар түрлерін жасанды түрде өсiру:

      1) жануарлар түрлерін, оның ішінде бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және санын арттыру;

      2) ғылыми зерттеулер;

      3) жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру;

      4) жануарлар түрлерін кәсiпкерлiк қызметте пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және олардың санын көбейту мақсатында оларды кейiннен мекендеу ортасына шығара отырып, жасанды түрде өсiру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.

      2-1. Бекіре тұқымдас балық түрлерін қолдан өсіру мақсаттары үшін өсімін молайту кешенінің мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік кәсіпорындары кездейсоқ ауланым ретінде алынған балықтарды балықтардың уылдырық шашуын гормондық демеу препараттарын өндіру, сондай-ақ оларды ұстауға азық өндіру үшін пайдалануы мүмкін.

      2-2. Балықтарды қолдан өсіру мақсатында табиғи және (немесе) жасанды тоғандарды, күріш чектерін, сондай-ақ басқа да жасанды жасалған су айдындарын пайдалануға жол беріледі.

      3. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның I қосымшасына түрлері енгiзiлген жануарлар, олар еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсiрiлген және әкiмшiлiк органында тiркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.

      3-1. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның II қосымшасына енгiзiлген, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсiрiлген жануарлар түрлерi әкiмшiлiк органында тiркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.

      3-2. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция жөніндегі әкімшілік органды Конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру туралы қызметтің басталғандығы туралы хабардар ету кезінде:

      1) жануарларды импорттау жағдайында – әкімшілік органның әкелуге берілген рұқсатының нөмірі мен күні;

      2) жануарлардың отандық шығу тегі болған жағдайда – балықтың қайда ауланғаны туралы анықтаманың нөмірі мен күні көрсетіледі не сатып алу-сату шарты әкімшілік органда тіркелу нөмірі мен күні көрсетіле отырып қоса беріледі.

      4. Жануарлар түрлерін, оның ішінде көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарында, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарында, тоғанда балық өсіру шаруашылықтарында және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында қолдан өсіру жеке және заңды тұлғалардың қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.

      5. Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы рынокта сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын бірыңғай таңбалау жүйесі белгіленеді.

      Бекіре тұқымдас балықтардың таңбаланбаған уылдырығын өткізуге жол берілмейді.

      6. Үйреншікті мекендеу ортасынан ауланған бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде және олардың ұрықтандырылған уылдырығын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету

      Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20-1-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын жерсіндіру

      Ескерту. 20-1-бап алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

21-бап. Жаппай ауыру, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсету

      1. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жаппай ауыру, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсетудi аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері, ал басқа алқаптар мен су айдындарында - Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады. Аумақтың және оқиғаның маңыздылығына қарай аталған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi мен халықаралық ұйымдар көмек көрсетуi мүмкiн.

      1-1. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгілген жағдайда жануарларға көмек көрсету жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде жүзеге асырылады.

      2. Қырылу қаупі бар су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен балық аулауды қоспағанда, дүлей зiлзала аудандарындағы, сондай-ақ қырылу қаупi төнген жануарларды аулауға жол берiлмейдi.

      3. Балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе оның бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда уәкілетті орган немесе аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомство ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдауға құқылы.

      4. Балықтың жаппай қырылуы анықталған кезде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын құтқару жөніндегі барлық шаралар, оның ішінде балықтарды мелиорациялық аулау да қолданылуға тиіс.

      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер:

      1) жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау;

      2) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң жай-күйiн ұдайы зерделеу;

      3) iндеттi жағдайды ұдайы зерделеу;

      4) халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу;

      5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердi негіздеу және ғылыми ұсынымдарды әзірлеу;

      6) биологиялық саналуандылықты сақтау, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi шараларды негiздеу;

      7) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғаудың, өсiмiн молайтудың және пайдаланудың құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзірлеу;

      8) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу және оның кадастры, шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.

      3. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы жергілікті маңызы бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау олар бекiтiлiп берiлген жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      4. Жануарлар дүниесiн ғылыми-зерттеу мақсаттарда пайдалану уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган жануарлар дүниесiн пайдалануға берген рұқсаттар негізінде жылдың кез-келген уақытында және рұқсат етілген аң аулау құралдарымен жүзеге асырылады.

      Жануарлар дүниесi объектілерін ғылыми зерттеулер үшін алып қою квотасын – уәкілетті орган бекiткен аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиті және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимиті шегінде аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейді.

      5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүргізеді.

      Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-1-бап. Ихтиологиялық байқаулар

      1. Ихтиологиялық байқауларды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүргізеді.

      2. Ихтиологиялық байқаулардың негізгі бағыттары: балық шаруашылығы су айдындарының жай-күйін бақылау; бақылау үшін аулауды жүргізу; ихтиофаунаның жай-күйі туралы биологиялық материалдарды жинау; өріс аудару жолдарын, уылдырық шашу мерзімдерін және су айдындарына кәсіпшілік жүктемені зерделеу; балық құртшабақтарының кездейсоқ ауланымын, уылдырық шашатын орындарды және қыстау шұңқырларын айқындау; гидрометеорологиялық жағдайларға қарай уылдырық шашу кезеңіндегі тыйым салу мерзімдерін ауыстыруды қоса алғанда, балық аулау режимін реттеу бойынша, балық аулау құралдары бойынша, балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарды және су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау; балықтың қырылу қаупі бар су айдындарын есепке алу және балықтардың қырылуының профилактикасы және оны жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; су тарту, ағызу құрылыстарын қарап-тексеру және балықтарды қорғау құрылғылары болмаған кезде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды айқындау болып табылады.

      3. Ихтиологиялық байқаулардың деректері балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар дайындау үшін қолданылады.

      Ескерту. 3-тарау 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. Жануарлар дүниесiн пайдалану

23-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану

      1. Жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.

      2. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалануға берiледi.

      3. Реинтродукциялау мақсатында аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендеу ортасынан алып қоя отырып пайдалану жатады.

      4. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерiн мекендейтiн ортасынан алмай пайдалану жатады.

      5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк орман қорының аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда пайдалану Қазақстан Республикасының орман заңнамасы мен Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы заңнамасының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.

      5-1. Фермерлік аңшылық шаруашылықтарында еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілген және ұсталатын жануарларды пайдалануды олардың иеленушілері айқындайды.

      6. Жануарлар дүниесi объектiлерiн биологиялық қару ретiнде пайдалануға тыйым салынады.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлерi

      Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесiн пайдаланудың мынадай түрлерiне жол берiледi:

      1) аң аулау;

      2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңiз сүтқоректiлерiн алып қоюды қоса алғанда, балық аулау;

      3) аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану;

      4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану;

      5) жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалану;

      6) жануарлар түрлерінің өсімін молайту мақсаттарында пайдалану.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

25-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерi

      1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану үшiн пайдалану мерзімдері белгіленбейді.

      2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану үшiн:

      1) аңшылық шаруашылығын жүргiзу кезiнде - он жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi;

      2) балық шаруашылығын жүргiзу кезiнде – бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi, ал қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде – бір жылдан бес жылға дейінгі мерзiмдер белгiленедi.

      Көрсетілген мерзімдер шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастырудың және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттаудың, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының, аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарларының негiзiнде құрамына уәкілетті органның немесе аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствоның, облыстың жергілікті атқарушы органының, ғылыми ұйымдардың және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастықтарының өкілдері енгізілетін конкурстық комиссия айқындайтын аңшылық алқаптарды, балық шаруашылығы және балықтың қырылу қаупі бар су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру кезеңiне қарай белгіленеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде тізбеленбеген жануарлар дүниесін пайдалану түрлеріне арналған жануарлар дүниесiн пайдалану мерзімдері бір жылдан аспайды.

      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

26-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру

      1. Жануарлар дүниесi арнайы пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттар негiзiнде берiледi.

      1-1. Алынып тасталды - ҚР 15.07.2011 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1-2. Рұқсат беруден:

      1) өтінімде көрсетілген мәліметтерді толық көлемде бермеген;

      2) өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған жағдайларда бас тартылады.

      3) алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1-3. Аулаған жері туралы анықтаманы өтініш беруші жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатын берген кезде балықтар мен басқа да су жануарларының ауланған жері бойынша уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері өтініш келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде береді.

      Жасанды жағдайларда өсірілген балықтар мен басқа да су жануарлары үшін аулаған жері туралы анықтама жасанды өсірілгендігін растайтын құжаттар ұсынған кезде беріледі.

      Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтаманы жазуға балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қоюға бөлінген квота, балықтың нақты ауланғанын растайтын құжаттар шегінде, мелиорациялық аулау, сондай-ақ қолдан өсірумен айналысатын ұйымның жобалық қуаты шеңберінде рұқсат етіледі.

      2. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану, оның ішінде бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шыға отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.

      Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.09 № 213, 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:

      1) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға;

      2) жануарлар дүниесi объектiлерiн оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануға;

      3) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның ішінде аң аулау және балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға;

      4) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5) жануарлар дүниесін пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға;

      6) белгіленген сервитутқа сәйкес аңшылық және балық шаруашылықтарының мұқтаждарына арналған уақытша құрылыстар салуға;

      6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қарумен қамтамасыз етуге;

      7) аң-құс өсіруді жүзеге асыруға және аң-құс (еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда) өсіру үшін бөлінген аумақта әуесқойлық (спорттық) аң аулауды жүргізуге, сондай-ақ аң-құс өсіру нәтижесінде өсімі молайған жануарларды өз бетінше пайдалануға;

      8) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін өздеріне бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) олардың учаскелеріне ауыстыруға;

      9) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен бірге биологиялық негіздеме болған кезде кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін өзіне бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын ұйымдастыруға құқығы бар.

      2. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:

      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға;

      2) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен уақтылы төлемдер жасауға;

      3) шаруашылықiшiлiк аңшылық ұйымдастыруды жүргiзуге;

      4) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;

      6) жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатысты қатыгездiкке жол берiлмейтiн тәсiлдермен пайдалануға;

      7) жануарлар дүниесiнің пайдаланылған объектiлерiнiң санын жыл сайын есепке алуды жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептiлiктi табыс етуге;

      8) жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қауіпі төнгендерiн қорғау мен олардың өсімін молайтуды қамтамасыз етуге және олардың санының азаюына жол бермеуге;

      9) шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыруға және балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге;

      10) осы Заңның 49-бабына сәйкес жүргiзiлетiн, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылау және қадағалау мақсатында тексерудi жүзеге асыруға кедергi жасамауға;

      11) мыналарды жүзеге асыру үшін:

      бақылау үшін аулауды – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне;

      ғылыми-зерттеу үшін аулауды - жеке және заңды тұлғаларға;

      әуесқойлық (спорттық) балық аулауды – жеке адамдарға;

      әуесқойлық (спорттық) аң аулауды – жеке адамдарға сервитут беруге;

      12) уәкілетті органмен келісім бойынша биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылық мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді жүргізуге;

      13) аншлагтар орнатуға;

      14) әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуге және уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының талабы бойынша оны ұсынуға;

      15) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ведомствоның аумақтық бөлімшесіне жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасалған шарттар туралы, оның ішінде оларды бұзу туралы ақпарат жіберуге;

      16) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде, оған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес берілген жолқұжаттар туралы мәліметтер беруге;

      17) қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға;

      18) қорықшыларды көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төс белгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге;

      19) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

      20) жеке адамдарға олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша әуесқойлық (спорттық) аң аулауға және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге;

      21) аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін бекітуге;

      22) зоологиялық коллекцияны жасау туралы уәкілетті органның ведомствосына хабарлауға;

      23) кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін сақтауға;

      24) бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне ғылыми ұйымның ұсынымдары негізінде, уәкілетті орган бекіткен балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жоспарына сәйкес, бөлінетін квоталардың жыл сайынғы көлемдеріне мөлшерлес балық құртшабақтарының көлемдерін жіберуді жүргізуге;

      25) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен бірге биологиялық негіздемеде айқындалған су айдынының жобалық қуатына сәйкес балықтарды тауарлы өсіруді қамтамасыз етуге міндетті.

      Өтініш берушілер уәкілетті органның ведомствосына хабарламалар беруді "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен қызметтің немесе әрекеттердің жүзеге асырылуы басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жүзеге асырады.

      3. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн өздерiнiң мәдени және эстетикалық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн пайдалануға құқығы бар.

      4. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде:

      1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын сақтауға;

      2) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;

      2-1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

      3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөнiндегі өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.

      5. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiне мемлекеттiк органдар, лауазымды адамдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз араласуға тыйым салынады.

      Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.03 № 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

28-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы

      1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану ақысыз жүзеге асырылады.

      2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.

29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер мен квоталар

      1. Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi - жануарлар дүниесi объектілерін олардың табиғи өсiмi мен саны сақталатын жағдайда алып қоюдың жол берiлетiн шектi көлемi.

      Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi олардың санының есеп материалдары, жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның мониторингi, ғылыми зерттеулер негiзiнде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес айқындалады және оны мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда уәкілетті орган бекiтедi.

      Бiрнеше мемлекеттердiң аумақтары бойымен өрiс аударатын немесе мемлекетаралық маңызы бар су айдындарын мекендейтiн жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi халықаралық шарттардың негiзiнде, ал олар болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.

      Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимиті ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап келесі жылдың 1 шілдесіне дейінгі кезеңге белгіленеді.

      Аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиті ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге белгіленеді.

      2. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар үшін аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейтін жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитiнің бір бөлігі жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квотасы болып табылады.

      Балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.

      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың негiздерi

      Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы:

      1) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмi өтiп кеткен;

      3) жануарлар дүниесiн пайдаланушының қызметi тоқтатылған;

      4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын, сондай-ақ аңшылық шаруашылығын немесе балық шаруашылығын жүргiзу шарттарының талаптарын жүйелi түрде бұзған;

      5) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға арналған рұқсаттардан айырылған жағдайларда тоқтатылады.

      7) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

31-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтерде жануарлар дүниесiнiң, мекендеу ортасының сақталуын және оның орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi көрсеткiштердiң жол берiлетiн шектi сандық және сапалық мәнi айқындалады.

      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер ғылыми зерттеулер негiзiнде белгiленедi және шаруашылық пен өзге де қызметті жоспарлау және жүргiзу, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ic-шараларды жүргiзу кезiнде мiндеттi болып табылады.

      Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. Aң аулау

32-бап. Аң аулау ұғымы және түрлерi

      1. Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.

      Жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау мақсатында iздеу, iзiн кесу және iзiне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алған өнiмдерi бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттерi мен аушы жыртқыш құстары бар адамдардың жүруi аң аулауға теңестiрiледi.

      2. Аң аулау:

      1) кәсiпшiлiк аң аулау;

      2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау болып бөлiнедi.

      3. Кәсiпшiлiк аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аулау.

      4. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн спорттық, эстетикалық қажеттiктерiн қанағаттандыру мақсатында және ауланған өнiмдi жеке тұтыну үшiн аулау.

      Ұлттық аң аулау – әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануар түрлерін аушы жыртқыш құстар мен қазақы тұқымды иттерді пайдалана отырып, қару-жарақсыз аулау.

      5. Егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда жүргiзiледi.

      Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

33-бап. Аң аулау құқығы

      1. Аң аулау құқығы жеке тұлғаларға:

      1) егер аң аулау атыс қаруы қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, жиырма бір жасқа толған;

      2) егер аң аулау аңшылық ережелерiнде рұқсат етiлген басқа да аңшылық құралдарының түрлерi, аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстар қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он төрт жасқа толған;

      3) аңшы куәлігі болған;

      4) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат немесе жолдама алған жағдайда берiледi.

      2. Шетелдiктер үшiн Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алуының, сондай-ақ ішкі істер органдарынан аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсатының негiзiнде туындайды.

      Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

33-1-бап. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері

      1. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау үшін құрылады.

      2. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері өздерінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы.

      Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен аккредиттелуге жатады. Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығын аккредиттеуді уәкілетті орган олардың берген өтініштері негізінде және олардың меншікті қаражаты есебінен жүргізеді.

      Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

      3. Аңшылар және аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы:

      1) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аңшылық шаруашылығын, аңшылық ит өсіруді, аң-құстарды өсіруді дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;

      2) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;

      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;

      4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;

      5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар әлемі объектілерін алып қою квоталарын бөлуді;

      6) аң аулауда пайдаланылатын аушы жыртқыш құстардың есебін және тіркеуін жүргізуді;

      7) электрондық нысанда аңшы куәліктерін беруді, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне белгіленген нысан бойынша берілген аңшы куәліктері туралы есептілікті ұсынуды;

      8) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      9) бекітіп берілген аңшылық алқаптарында аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алуды жүргізуге қатысуды, аңшылық шаруашылығының субъектілері ұсынған деректерді талдау мен жалпылауды және жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимитін дайындау үшін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынымдар енгізуді;

      10) жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайтуды ұйымдастыруды;

      11) аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуды;

      12) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      13) аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттерді пайдалана отырып, аң аулаудың ұлттық түрлерін дамытуды ұйымдастыруды;

      14) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

      Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы берген аңшылық минимумын тапсырғаны туралы құжат аңшы куәлігін беруге негіз болып табылады.

      4. Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілер қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы мынадай қызмет түрлерін:

      1) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің балық шаруашылығын, акваөсіруді, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;

      2) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;

      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;

      4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;

      5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлуді;

      6) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуы;

      7) балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлуге қатысуы;

      8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде балық ресурстары және басқа да су жануарларының жаппай ауыруы, олардың қырылу қаупі, балықтардың қырылу қаупі жағдайларында, сондай-ақ жас балықтарды құтқаруды ұйымдастыруға көмектесуге қатысуды;

      9) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

      Ескерту. Заң 33-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-1-тарау. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту

      Ескерту. 5-1-тараумен толықтырылды – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

33-2-бап. Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы

      1. Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы (бұдан әрі – Ұлттық орталық) қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындаған мамандандырылған ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      2. Ұлттық орталықтың міндеттері мыналар болып табылады:

      1) қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      2) қазақы ит тұқымдарымен жұмыс істеу бойынша, оның ішінде кинологиялық қызмет бойынша сарапшыларды оқыту және мамандарды даярлау;

      3) шығу тегі туралы куәлік бере отырып, тұқымы таза қазақы тұқымды иттерді асырау және өсіру;

      4) уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес Бірыңғай тұқым-тегі кітабын жүргізу;

      5) кинологиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен бірлесіп, қазақы ит тұқымдарының стандарттарын әзірлеу;

      6) қазақы тұқымды иттердің сынақтарын, көрмелерін, байқауларын, әртүрлі дәрежедегі жарыстарын ұйымдастыру және өткізу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыру.

33-3-бап. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

      Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік реттеу:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласында іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер, қазақы ит тұқымдарын сақтау, дамыту және пайдалану бойынша селекция жүргізу;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы селекциялық жетістіктерге сынақтар мен байқаулар жүргізу;

      3) "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазақы тұқымды иттерді есепке алуды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

33-4-бап. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті қаржыландыру

      1. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті, оның ішінде Ұлттық орталықты қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мыналарға:

      1) қазақы ит тұқымдарын сақтауға және өсімін молайтуға;

      2) қазақы ит тұқымдарының таза тұқымдылығын қорғауға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру мемлекеттік қолдаудың негізгі нысаны болып табылады.

33-5-бап. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы ғылыми зерттеулер

      Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы ғылыми зерттеулерді Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары жүзеге асырады.

      Ғылыми ұйымдар уәкілетті органмен, Ұлттық орталықпен, сондай-ақ кинологиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен бірлесіп, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеуді жүзеге асырады.

6-тарау. Балық аулау

34-бап. Балық аулау түрлері

      1. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) кәсіпшілік балық аулау;

      2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

      3) ғылыми-зерттеу үшін аулау;

      4) бақылау үшін аулау;

      5) мелиорациялық аулау;

      6) өсімін молайту мақсатында аулау;

      7) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2. Кәсіпшілік балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін аулау құралдарымен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын олардың табиғи мекендеу ортасынан алуды қамтамасыз ететін кешенді процесс.

      Кәсіпшілік балық аулау кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.

      Кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      Жағалауда аулау – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

      Теңізде аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде, сондай-ақ балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде жүзеге асырылатын аулау.

      Жергілікті атқарушы орган белгілейтін рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.

      Бірлескен су биологиялық ресурстарының кәсіпшілігі аумақтық суларда, балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде жүзеге асырылады.

      3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау – бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

      Әуесқойлық (спорттық) балық аулау ауланған балықты кейіннен тірі күйінде табиғи мекендеу ортасына қайтадан жіберумен жүзеге асырылуы мүмкін.

      4. Ғылыми-зерттеу үшін аулау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау.

      Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулауға бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жол беріледі.

      5. Бақылау үшін аулау – ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарының балық өнімділігін айқындау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

      6. Мелиорациялық аулау – жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

      Жаппай аулау - су айдынындағы балық ресурстарының және басқа да су жануарларының бүкіл кәсiпшiлiк қорын алып қою немесе балықтардың жеке түрлерінің кәсiпшiлiк қорын немесе экологиялық тобын алып қою. Жаппай аулау мелиорациялық аулау ретінде және ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.

      7. Өсімін молайту мақсатында аулау - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту мақсатында оларды аулау.

      8. Алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі балық аулау қағидаларында айқындалады.

      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

35-бап. Балық аулау құқығы

      1. Кәсiпшiлiк балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға:

      1) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаты;

      2) ведомствоның аумақтық бөлімшесімен балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт болған кезде беріледі.

      2. Ғылыми-зерттеу және мелиорациялық аулау, сондай-ақ өсімін молайту мақсатында аулау құқығын жеке және заңды тұлғалар – жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаты, ал әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаты немесе жолдамасы болған кезде иеленеді.

      3. Бақылау үшін аулауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсатсыз балық аулау қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

36-бап. Қолдан жасалған су айдындарында және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында балық шаруашылығы қызметiн реттеу ерекшелiктерi

      Өздерi қолдан жасаған су айдындарында немесе сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында балықтар мен басқа да су жануарларын өсiрген жеке және заңды тұлғалар осы балықтар мен су жануарларының меншiк иелерi болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға иелiк етедi.

      Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7-тарау. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу

37-бап. Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргiзу құқығын беру және тоқтату

      Ескерту. 37-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Аңшылық шаруашылығын, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтіп беріле отырып, балық шаруашылығын жүргiзу құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру туралы шешiмi, ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар негiзiнде берiледi.

      2. Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері жануарлар дүниесi объектiлерiн квота шегiнде алып қою құқығын жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алған сәттен бастап, ал басқа жеке және заңды тұлғалар - аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінен жолдама алғаннан кейiн немесе солармен аң аулау шартын жасасқаннан кейін алады.

      2-1. Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар:

      1) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуден өз еркімен бас тартқан;

      2) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың қолданыс мерзімі аяқталған;

      3) аңшылық, балық шаруашылықтары субъектілерінің қызметі тоқтатылған;

      4) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың талаптары жүйелі түрде бұзылған;

      5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптары жүйелі түрде бұзылған;

      6) аңшылық алқаптар немесе балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген жер учаскелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік мұқтаж үшін алып қойылған жағдайларда тоқтатылады.

      3. Алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

38-бап. Аңшылық алқаптар

      1. Аңшылық алқаптар - аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе асырылуы мүмкiн, аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң мекендеу ортасы болатын аумақтар мен акваториялар.

      Сулы-батпақты алқаптар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес келген жағдайда аңшылық алқаптар құрамына енгізілуі мүмкін.

      2. Аумақтар мен акваторияларды аңшылық алқаптарға жатқызу, олардың шекараларын айқындау, тиiстi сервитуттар мен аңшылық шаруашылығының санаттарын белгiлеу шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру нәтижелерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      3. Аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға байланысты емес шаруашылық қызмет жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның сақталуын қамтамасыз ететiн әдiстермен және тәсiлдермен жүргiзiлуге тиiс.

      4. Аңшылық алқаптары бар жерлер мен акваторияларды иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығы аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдалану құқығын бермейдi.

      5. Мына жағдайларда:

      1) аңшы куәлiгiнсiз;

      2) атыс қаруын сақтау мен пайдалану құқығын беретiн iшкi iстер органдары рұқсатынсыз атыс қаруын қолданып;

      3) аң аулауды жүргізу мақсатында уақытша әкелінгендерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркеместен аушы жыртқыш құстарды қолданып;

      4) аң аулау ережелерiнде қолданылуы көзделмеген аулау құралдарын пайдаланып;

      5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта;

      6) егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында;

      7) елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен iргелес аумақтарда аң аулау ережелерiне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмейтiн қашықтықта;

      8) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;

      9) күйзелiстi және дәрменсiз жағдайдағы жануарларды (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалағандарды, су тоғандарынан өту кезiнде, көктайғақ кезiнде, аштықтан әлсiрегендердi, жусанды паналаған суда жүзетiн құстарды);

      10) қозғалтқышы іске қосылған авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, қарда жүретін техниканы, шағын көлемді кемелерді, түнде көру аспаптарын, лазерлік нысана көрсеткіштерді, жарық беру және дыбыс шығару аспаптарын қолдана отырып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта;

      11) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;

      12) егін орағы аяқталғанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берілетін аумақты қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;

      14) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, ондатраға атыс қаруын қолданып;

      15) аңшылық иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;

      16) өзен құндызы тұрғызған бөгетті бұзып;

      17) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектілерін қозғалтпауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа);

      18) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;

      19) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған ойық жиналмалы (қосалқыларды) ұңғыны қолданып;

      20) бос жерлерді, су бетiндегі өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсімдiктерді түбiрiмен қопарып және жойып;

      21) өздiгiнен атылатын қаруларды, қысқыштарды, қаусырмаларды, қапсырмаларды, кескiштердi қолданып; тұзақтар құрып, аулау орларын қазып; адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, құс желiмін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, қоңыр аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;

      22) торларды қолданып; су құю арқылы iннен шығарып (уәкiлеттi органның ведомствосымен келісу бойынша жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау, будандастыру немесе еріксіз ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда);

      23) дала кеміргіштерін құрту кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа да аурулары болған жағдайларда улы химикаттар және басқа да химиялық препараттар қолдануды қоспағанда, жарғыш құрылғыларды, улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды қолданып;

      24) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта немесе жолдамада көрсетілген жануарлар санынан асырып;

      25) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта немесе жолдамада көрсетілмеген жануарлардың басқа түрлерін;

      26) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз;

      27) алып тасталды – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28) еркекүйрекке көктемгі аң аулау кезінде еліктіруші үйрексіз немесе тұлыпсыз;

      29) тұяқты жануарларды және қоңыр аюды аулау кезінде қорықшының немесе жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың еріп жүруінсіз;

      30) әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға калибрі бес бүтін оннан алты миллиметрлік бүйірден (сақиналы) тұтандырғыш патронды ойықты қару қолданып;

      31) тыныштық сақтау аймақтарында және өсiмiн молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады.

      Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

39-бап. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi

      1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, өсіру және көбейту үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн не олардың қорларының өсiмiн молайту үшiн маңызы бар су айдындары не олардың бөліктері (өзендер және оларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, сулы-батпақты алқаптар, су қоймалары, тоғандар және басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңiз сулары.

      Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су айдындарында балық аулау "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

      2. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi маңызы жағынан халықаралық, республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.

      3. Халықаралық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне Қазақстан Республикасының және онымен шектес мемлекеттердiң аумақтарында орналасқан су тоғандары жатады.

      Республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне екi және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi жатады.

      Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне облыстық атқарушы орган бекiткен тiзбеге енгiзiлген қалған барлық балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi жатады.

      3-1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері биологиялық негіздемеге және балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларына сәйкес көлде тауарлы балық өсіру және (немесе) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы үшін пайдаланылуы мүмкін.

      4. Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде:

      1) елдi мекендердiң, балық қабылдау пункттерiнiң жанына бакендер орнату үшiн, аялдауды және аса қажет жағдайды қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған жерлерде су көлiгiнiң тоқтауына;

      2) балық аулайтын түрлi құралдарды бiр балық шаруашылығы су айдындарынан және (немесе) учаскелерiнен басқаларына арнайы өңдеусiз апаруға;

      3) жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз өзендерде жаңа балық шаруашылығы учаскелерiн, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді), ағызу және жүзу жолдарын ашуға;

      4) су тоғандарында немесе оған тiкелей жақын жерде балық аулау ережелерiнде қолдану көзделмеген балық аулау құралдарымен болуға;

      5) осы Заңның 11-1-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, балықтарды ноқталарында сақтауға, жүзу құралдарынан және балық аулау құралдарынан шыққан өлi және ауру балықты суға және жағалау белдеуiне лақтырып тастауға;

      6) балық аулау қағидаларында белгiленген кәсiпшiлiк өлшемнен кем мөлшерде балық аулауға, қабылдауға, сатып алуға-сатуға, тасымалдауға және сақтауға;

      7) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      8) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      9) жеке және заңды тұлғаларға түрін көрсетпестен немесе "басқа" және "майда" деген атаумен тапсыруды және қабылдауды жүзеге асыруға;

      10) екі және одан да көп аумен (құлыптаудағы) сүзуді бір мезгілде жүргізуге, сондай-ақ алдыңғы ауды жағалауға толық лақтырғанға дейін ауды сүзуді бастауға;

      11) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісусіз қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруіне;

      12) санитариялық күзет аймақтары мен акваториялар шегінде жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсатсыз және балық аулау қағидаларында көзделген құжаттарды ресімдеусіз жеке және заңды тұлғалардың балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сатып алуына және өткізуіне тыйым салынады.

      Көлде тауарлы балық өсіру және (немесе) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін белгіленген тәртіппен бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 5) тармақшаларында көзделген әрекеттерге тыйым салынады.

      5. Мына жағдайларда:

      1) бөгеттердiң, шлюздердiң және көпiрлердiң жанында, көлдердi өзара және негiзгi өзенмен жалғастыратын тармақтарда, мелиорациялық жүйелердiң жеткiзу арналары мен бұрылыстарында, балық аулау ережелерiнде белгiленген шекаралардан тыс өзендер мен арналардың сағалары алдында;

      2) балық аулау ережелерiнде көзделмеген балық аулау құралдарымен;

      3) тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын биологиялық негіздеменің негізінде уәкілетті орган белгілейтін мерзімдерде және орындарда қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген және тiркеу нөмiрлерi көрсетiлмеген жүзу құралдарымен;

      5) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатқа сәйкес ұйымның атауы және балық аулау құралдарының өлшемдері көрсетiлген жапсырмалары жоқ кәсіпшілік балық аулаудың балық аулау құралдарымен;

      6) теңiзде және өзендерде бекiре балықтарды аулауға арналған құрылған аулау құралдарымен;

      7) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;

      8) балық аулау ережелерімен, шектеулермен және тыйымдармен жол берілмейтін тәсiлдермен;

      9) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10) аулау құралдары өзеннің немесе өзен тармағы енінің үштен екіден астамын қамтып;

      11) құрмалы аулау құралдарын шахматтық тәртiппен, вентерлер мен секреттерді өзендер мен бастаулардың, құятын каналдардың сағасынан бес жүз метр радиуста орнатумен;

      12) кәсiпшiлiк балық аулауды жүзеге асыру кезінде бөгеттерден, шлюздер мен көпірлерден бес жүз метрден жақын қашықтықта;

      13) тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын биологиялық негіздеменің негізінде уәкілетті орган белгілейтін орындарда және мерзімдерде балық ресурстарының және басқа да су жануарларының көбеюі кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында;

      14) жарғыш құрылғыларды, улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды, сондай-ақ атыс қаруын қолданып;

      15) уәкілетті органның рұқсатынсыз кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат берілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолданумен балық аулауға тыйым салынады.

      Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

39-1-бап. Сулы-батпақты алқаптар

      1. Сулы-батпақты алқаптар – табиғи (тереңдігі судың қайтуы кезінде алты метрден аспайтын теңiз суларын қоспағанда) және сирек кездесетіндерін әрі құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, су маңындағы жануарлар түрлерінің жаппай мекендейтін, ұя салатын, өсiмiн молайтатын орны болып табылатын жасанды акваторийлер.

      2. Сулы-батпақты алқаптар маңызы бойынша халықаралық және республикалық болып бөлінеді.

      3. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген алқаптар жатады.

      4. Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген барлық қалған алқаптар жатады.

      5. Сулы-батпақты алқаптарда, сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, жануарлар дүниесін қорғау және өсiмiн молайту жөніндегі шаралар көзделеді.

      6. Сулы-батпақты алқаптарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган даму жоспарын бекітеді.

      Ескерту. Заң 39-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

39-2-бап. Балық шаруашылығы технологиялық су айдындары

      1. Жеке және заңды тұлғалар балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдарға жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтініш жасайды.

      2. Балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын жасау үшін жер учаскелерін беру осы Заңға және Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын пайдалану кезінде су ресурстарын пайдалану Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Жеке және заңды тұлғалар ведомствоның аумақтық бөлімшесімен осы Заңның 40-бабының талаптарын ескерусіз, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарында балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасасады.

      5. Балық өсіру учаскесін пайдалану шарты қырық тоғыз жылға жасалады.

      Ескерту. 39-2-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

40-бап. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру тәртiбi

      1. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері конкурс қорытындысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бассейндік принцип ескеріле отырып, бекітіп беріледі.

      Конкурсты Конкурс өткізу қағидаларына сәйкес құрылған, құрамына уәкілетті органның немесе аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствоның, облыстың жергілікті атқарушы органының, ғылыми ұйымдардың және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарының өкілдері енгізілетін комиссия, аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беруді қоспағанда, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып, Конкурс өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық нысанда өткізеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда конкурсты уәкілетті орган құратын комиссия өткiзедi.

      Конкурсқа бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен паспорттау негiзiнде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу үшін перспективасы бар деп танылатын резервтік қордың аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қойылады. Пайдаланушының аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беруге конкурсқа қатысқан кезде қабылдаған міндеттемелері аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың міндетті талаптары болып табылады.

      Жеке меншікте немесе жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде толығымен орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтiнiмi бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмiмен конкурс өткiзiлместен соларға бекiтiп берiледi.

      Екі және одан көп облыс аумағында орналасқан су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін қоспағанда, бекітіп беру мерзімі өткен аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша, біліктілік талаптарына сай келген және шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда, конкурс өткізілместен қайта бекітіп беріледі.

      Екі және одан көп облыс аумағында орналасқан, бекітіп беру мерзімі өткен су айдындарының балық шаруашылығы учаскелері бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша, біліктілік талаптарына сай келген және шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда, конкурс өткізілместен уәкілетті орган ведомствосының ұсынуы бойынша қайта бекітіп беріледі.

      Жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген адамдар қабылдаған шаралардың нәтижесіне байланысты қырылу қаупі белгілерін жоғалтса, бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда бекітіп берілу мерзімі өткен соң олардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге қайта бекітіп беріледі.

      Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өсім молайту мақсаттары үшін өсім молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарына балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері, ұйықтар (ұйықтық учаскелер) уәкілетті орган ведомствосының ұсынуы бойынша конкурстан тыс негізде қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге бекітіп берілуі мүмкін.

      2. Бекітіп беру:

      1) аңшылық алқаптар үшін аңшылық шаруашылығын жүргізу мақсатында – он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;

      2) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында – бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;

      3) жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында – бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімді құрайды.

      2-1. Балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жатқызылған су объектісінде немесе оның бір бөлігінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын бүкіл су объектісін пайдалану құқығынсыз беру болып табылады.

      3. Бұрын ұйымдастырылған аңшылық және балық шаруашылықтары шекараларындағы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi алдыңғы шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастырудың және балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерiн паспорттаудың материалдары негiзiнде қайта бекiтілiп берiледi.

      4. Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы мүдделi жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері аумағына немесе акваториясына кіретін учаскелерде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу және аң аулау мен балық аулауды жүзеге асыру мақсаттарында сервитут беруді қамтамасыз етуге мiндеттi.

      5. Балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері кәсіпшілік балық аулау үшін үшінші тұлғалардың пайдалануына берілмейді.

      Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

41-бап. Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану

      Аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерi мен тiршiлiк ету өнiмдерiн шаруашылық мақсаттарда пайдалану жалпы пайдалану тәртiбімен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 41-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

42-бап. Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жинау үшін пайдалану

      Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнгеннен басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жинау үшiн пайдалану уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

42-1-бап. Жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану

      Сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тарау 42-1-баппен толықтырылды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

43-бап. Мамандандырылған ұйымдар

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай мамандандырылған ұйымдарды:

      1) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды;

      2) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелерді құрады.

      2. Жергілікті атқарушы органдар жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелерді – мамандандырылған ұйымдарды құрады.

      Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

43-1-бап. Жануарлар түрлерінің өсiмiн молайту

      Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар түрлерінің өсімін молайтуды жеке және заңды тұлғалар биологиялық негіздеме және уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырады.

      Балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсiмiн молайтуды жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негiзiнде жүзеге асырады.

      Ескерту. Заң 43-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-тарау. Жануарлар түрлерінің санын реттеу

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

44-бап. Жануарлар түрлерінің санын реттеудiң мақсаттары

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Жануарлар түрлерінің санын реттеу:

      1) халықтың денсаулығын сақтау;

      2) ауыл шаруашылығы мен үй жануарлары ауруларын болдырмау;

      3) экономикаға зиян келтiрудi болдырмау;

      4) биологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсатында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

45-бап. Жануарлар дүниесi түрлерінің санын реттеудiң негiздерi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Жануарлар дүниесi түрлерінің санын реттеудiң негiздерi:

      1) халықтың, ауыл шаруашылығы мен үй жануарларының жұқтырушылары жануарлар дүниесiнiң объектiлерi болып табылатын ауруларды жұқтыру немесе онымен ауыру қатерiнiң туындауы;

      2) экономикаға елеулi зиян келтiру қатерiнiң туындауы;

      3) жануарлардың жекелеген түрлерi санының азаюына және басқа жағымсыз салдарларға әкеп соққан жануарлар дүниесi мекендейтiн ортада қалыптасқан табиғи баланстың бұзылуы;

      4) балықтардың жаппай қырылуына әкеп соғуы мүмкін су айдындарының және (немесе) учаскелерінің гидрохимиялық және өзге де режимдерінің бұзылу қаупінің туындауы болып табылады.

      Жануарлар түрлерінің санын реттеу биологиялық негіздемеге сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 45-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

46-бап. Жануарлар түрлерінің санын реттеудiң тәртiбi

      Ескерту. 46-бап алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты пайдалану жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру және экономикалық ынталандыру

47-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты пайдалану жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану iс-шараларын бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

      3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қоғамдық қорлар құрылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер тартылуы мүмкiн.

      Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

48-бап. Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру

      Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру (жеңiлдiктер, преференциялар беру және мемлекеттiк қолдау) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

10-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылау және қадағалау

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

49-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау

      1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Жоспардан тыс тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган, ведомоство және оның аумақтық бөлімшелері өздерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.

      5. Тексерілетін субъектілер бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.

      6. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      7. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау бақылау және қадағалау субъектілері ұсынатын есепті, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.

      8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ресімделеді және жіберіледі.

      9. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

      10. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырысты хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган, ведомоство немесе оның аумақтық бөлімшесі сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      12. Бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға, ведомоствоға немесе оның аумақтық бөлімшесіне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      13. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу арқылы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауға алып келеді.

      14. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

      Ескерту. 49-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

50-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау объектiлерi

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау объектiлерi:

      1) жануарлар дүниесi және олар мекендейтiн орта;

      2) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру шарттары;

      3) жануарлар дүниесi объектілерін аулау құралдары, әдістері және (немесе) тәсілдері;

      4) жануарлар дүниесiнiң ауланған өнiмi;

      5) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын растайтын құжаттама (аңшы және (немесе) балықшы куәлігі, аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар, аң аулауға арналған шарт, жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған шарт пен рұқсат, жолдама, кәсiпшiлiк журнал);

      6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегі қызмет;

      7) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтiк құжаттама;

      8) жануарлар дүниесiне және олар мекендейтiн ортаға әсер ететiн қызмет болып табылады.

      Ескерту. 50-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

51-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

      1. Уәкілетті орган ведомствосының басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.

      2. Уәкілетті орган ведомствосы басшысының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.

      3. Уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.

      4. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.

      5. Уәкілетті орган ведомствосы құрылымдық бөлiмшелерiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал уәкілетті орган ведомствосының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын мамандары Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.

      6. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері құрылымдық бөлiмшелерiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, ал жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерiмен айналысатын мамандары тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.

      Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

52-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен мiндеттерi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

      1) объектілерге Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметі туралы ақпарат алуға;

      2) осы Заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;

      3) тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн беруге;

      4) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы зиянды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап-арыз беруге;

      6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;

      7) аңшылық алқаптардың, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шыққан кезде көлiк және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды жете тексеруге;

      7-1) су жинау және ағызу құрылыстарын балықтарды қорғау құрылғыларының бар-жоғына және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарап-тексеруді жүзеге асыруға;

      7-2) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, жағалау белдеуінде болған және олардан шыққан кезде адамдардың жануарлар дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын тексеруге;

      8) жануарлар дүниесі объектілерін аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін сот шешім шығарғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қоюға;

      9) заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілерін және олардың тіршілік ету өнімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға;

      10) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешім шығарғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қоюға;

      11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.

      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

      1) аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу ережелерiнiң сақталуына;

      2) аң аулау және балық аулау ережелерiнiң сақталуына;

      3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн белгiленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына;

      6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;

      7) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүзеге асыру тәртiбiнiң сақталуына;

      8) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердiң сақталуына;

      8-1) жеке және заңды тұлғалардың аңшылық және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт талаптарын орындауына;

      8-2) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру, сондай-ақ зоологиялық коллекцияларды жасау тәртібінің сақталуына;

      9) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының өзге де талаптарының орындалуына бақылау жасауға мiндеттi.

      3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етiледi.

      Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

53-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының актiлерi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай мемлекеттiк бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мынадай актiлер:

      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;

      1-1) тексеру актiсi;

      2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқама;

      3) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы;

      4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін және заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілері мен олардың тіршілік ету өнімдерін сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қою туралы хаттама шығарады.

      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының актiлерi жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

      Ескерту. 53-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

54-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға тиiс.

      Ескерту. 54-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

55-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау

      1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау (бұдан әрi - жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiн қадағалайтын жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерiнен құралады.

      2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғауға өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн:

      1) жеке және заңды тұлғалардың аң және (немесе) балық аулау құқығын беретiн құжаттарын тексеру;

      2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру;

      3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды, ал қажет болған кезде - ұсталған адамдардың жеке заттарын жете тексеру;

      5) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) кию және қызметтік қару алып жүру;

      7) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстау және құқық қорғау органдарына жеткізу;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін, заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілері мен олардың тіршілік ету өнімдерін алып қою және олардың одан әрі тиесілі болуы туралы мәселені шешу құқығы беріледі.

      3. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау:

      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға және олардың жолын кесуге;

      2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу фактiлерi бойынша ақпаратты, талап қою мен өзге де материалдарды уәкiлеттi және құқық қорғау органдарына, сотқа жіберуге;

      3) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) заңсыз, хабарлаусыз, реттеусіз кәсіпшілікке, сондай-ақ су биологиялық ресурстарынан дайындалған өнімнің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

      4. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.

      5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз) және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.

      6. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау қызметi уәкілетті орган бекiткен Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ережемен айқындалады.

      Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

56-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өндiрiстiк бақылау

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өндiрiстiк бақылау - бекiтiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау функциясын жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметi.

      2. Қорықшының:

      1) кейiннен уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне мiндеттi түрде беру үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;

      2) қызметтік қаруды алып жүруге және айырым белгілері бар арнаулы киім киюге;

      3) жеке және заңды тұлғалардың аң аулауға және балық аулауға құқық беретін құжаттарын тексеруге;

      4) аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін атыс қаруын кейіннен ішкі істер органдарына міндетті түрде беру үшін алып қоюға;

      5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған аулау құралдарын, заңсыз аулап алынған аң аулау және балық аулау өнімдерін, тыйым салынған аулауға арналған қару түрлерін кейіннен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға беру үшін алып қоюға;

      6) бекітіліп берілген аңшылық алқабының, балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің аумағында және оның жағалау белдеуінде олардан шығу кезінде көлік және жүзу құралдарын тоқтатуға құқығы бар.

      3. Қорықшы:

      1) бекiтілiп берiлген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғауды қамтамасыз етуге;

      2) аң аулау және балық аулау қағидаларын, аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, сондай-ақ тыныштық аймақтарында жануарлар дүниесін пайдалануға қойылған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтардың жолын кесуге;

      3) жеке және заңды тұлғалардан жануарлардың қырылуына және олар мекендеу ортасының бұзылуына әкеп соқтыратын әрекеттерді тоқтатуды талап етуге;

      4) жануарлар дүниесi объектiлерiнің мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын және шоғырлану орындарын сақтау жөнінде шаралар қолдануға;

      5) жануарлар дүниесiне ұқыпты және iзгiлiктi қарау насихатын жүргізуге;

      6) жануарлар ауырған және дүлей зiлзала кезiнде қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарлар дүниесi объектiлерiне көмек көрсету жөнінде шаралар қолдануға;

      7) аншлагтардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

      Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      57-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

57-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылау

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылауды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады.

11-тарау. Қорытынды ережелер

58-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

59-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы дауларды шешу

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

60-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

61-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      2. Мыналардың:

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 1993 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 18, 439-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат);

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгiзу тәртiбi туралы" 1993 жылғы 21 қазандағы Қаулысының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 18, 440-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады