"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 4 қазандағы N 600 Заңы

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., N 52, 636-құжат; 1995 ж., N 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 10, 101-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) 16-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацында "адамдардан" деген сөздер "не Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдардан және олардың отбасы мүшелерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 21-баптың 4) тармақшасындағы "тіркелмесе" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "айырылады." деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, айырылады.".

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады