Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 40 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат;  N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат):

      1) мынадай мазмұндағы 87-1-баппен толықтырылсын:

      "87-1-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
                 заңнаманы бұзу

      Лауазымды адамның және заңды тұлғаның, осы Кодекстiң 18-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнаманы бұзуы, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) 502-бап алып тасталсын;

      3) 541-баптың бiрiншi бөлiгiндегi ", 502" деген цифрлар алып тасталсын;

      4) 550-баптың бiрiншi бөлiгi "87" деген цифрлардан кейiн ", 87-1" деген цифрлармен толықтырылсын;

      5) 636-баптың бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бiрiншi абзацтарындағы ", 502" деген цифрлар алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар):

      1) бүкiл мәтiн бойынша "I", "II" цифрлары тиiсiнше "бiрiншi", "екiншi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 22-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар адамдар, егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.";

      3) 23-3-баптың 2-тармағы "адамдардың" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат; 2004 ж., N 2, 10-құжат):

      7-бап мынадай мазмұндағы 5-2), 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-2) жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу;
      5-3) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру;".

      4. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 3-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жеке мүдделердi - жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi жер учаскелерiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыруға байланысты олардың мүдделерiн қамтамасыз етуге тиiс.";

      2) 17-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы "экологиялық қауiпсiздiк" деген сөздерден кейiн ", мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 17-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы "азаматтар" деген сөзден кейiн ", соның iшiнде мүгедектер" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 27-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында қала құрылысын игеру кезiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдар нормаларының, мемлекеттiк нормативтердiң және белгiленген тәртiппен бекiтiлген сәулет, қала құрылысы, құрылыс және өзге де жобалау құжаттамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету.
      Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылымы объектiлерiне мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтарының қол жеткiзуiн қамтамасыз етудi мiндеттi түрде ескере отырып, тапсырыс берушiге сәулет-жоспарлау тапсырмасын бepу;";

      5) 31-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "қадағалау қызметiн жүргiзедi." деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету бөлiгiнде - халықты әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органы қадағалау қызметiн жүргiзедi.";

      6) 64-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы "ықтимал қауiптi және техникалық жағынан күрделi объектiлердiң жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығы" деген сөздерден кейiн ", мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 78-баптың 9-тармағының 3) тармақшасындағы "қала құрылысы органының," деген сөздерден кейiн "халықты әлеуметтiк қорғау мемлекеттiк органының," деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 17, 154-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) мүгедек бала - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам;".

      6. "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 134-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      27-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Жалпы пайдаланудағы көлiк мүгедек жолаушылардың мiнiп-түсуiне арналған құрылғылармен жабдықталады.
      Мемлекеттiк органдар жолаушыларды тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзген кезде, мүгедектердiң пайдалануына бейiмделген көлiк құралдары бар жеке және заңды тұлғалар артықшылыққа ие болады.".

       2-бап.  Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 6-тармағын қоспағанда, 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады