"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 44 Конституциялық заңы

       1-бап.  "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N  17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 192-құжат; 1998 ж., N 7-8, 71-құжат; N 22, 290-құжат; 1999 ж., N 10, 340-құжат; N 15, 593-құжат; 2004 ж., N 7, 45-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің, соның ішінде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.";

      2) 19-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Мыналар:
      сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;  ( K970167  қараңыз)
      сот  iс-әрекетке қабілетсiз  немесе  iс-әрекет қабілеті шектеулі  деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлiкпен толықтырылсын:
      "Сайлау комиссиясының төрағасы сотта және басқа да мемлекеттік органдарда комиссияның мүддесін бiлдіреді, сондай-ақ ол сайлау комиссиясының мүдделерін бiлдiру жөнiндегi өкілеттiктi тиiстi сенімхат беру арқылы басқа адамдарға беруге құқылы.";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесі өзін ұсынған саяси партия қызметін тоқтатқан жағдайда өз міндеттерінен босатылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау комиссиясын құратын орган осы Конституциялық заңның 10-бабында белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейін шығып қалған комиссия мүшесінің орнына сайлау комиссиясының мүшесін тағайындайды.";

      3) 20-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасы "тиiстi" деген сөзден кейін "жоғары тұрған" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Сайлау комиссияларының мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын органдар мен ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын мүшелерінің сайлауды әзірлеу мен өткiзу кезеңінде негiзгi жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақысы сақталады.";

      9-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аталған адамдар тиістi кандидат тiркелген күннен бастап сайлау комиссиясының мүшесі міндетiнен босатылады.";

      4) 23-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "шамамен үш мың" деген сөздер "үш мыңнан аспайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 24-бапта:
      8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлiкпен толықтырылсын:
      "Уақытша болу орындарында (демалыс үйлерінде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерінде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерi жанынан, Қазақстан Республикасының
иелiгіндегi және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде) құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылар тізімдері дауыс берiлетiн күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша мiндеттi түрде нақтылануға тиiс.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiне өзгерістер енгізуге тыйым салынады.";

      6) 25-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Шет мемлекетке жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарға келген Республика азаматтары учаскелiк сайлау комиссиясына өтініш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасы азаматы деген жарамды паспорты болса, сайлаушылар тiзiмiне енгізіледi.";

      7) 27-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлікпен толықтырылсын:
      "Шетелдіктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерін ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бір нәтижеге қол жеткiзуге кедергі болатын және (немесе) демеп жіберетін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.";

      2-тармақтың бiрiнші сөйлемiнде "тіркелген күннен басталып" деген сөздер "тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың 2) тармақшасында "осы Конституциялық заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды)," деген сөздер "заңнамада белгiленген тәртiппен және осы Конституциялық заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 31-баптың 2-тармағында:
      бiрінші бөлiк "өздерінің қалаулары бойынша" деген сөздерден кейін "тиісті сайлау округiндегi әр сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екіншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Сенат депутаттығына кандидаттың әрбiр ауданда, қалада, қаладағы ауданда бір-бірден сенім бiлдiрiлген адамдары болуына құқығы бар.";

      9) 33-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауын қоспағанда, Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы республикалық бюджет қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттарға арнап ашылған шоттары арқылы қаржыландырылады. Бұл шоттарға республикалық бюджеттен түсетін бюджет қаражатына иелік етуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.  Қаржыландыру тәртібi  Қазақстан Республикасының  бюджеттік  заңнамасында белгіленеді.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      10) 34-бапта:
      4-тармақтың бірінші абзацының екінші сөйлемiнде "жалпы сомасы" деген сөздерден кейін "және оның көздері" деген сөздермен толықтырылсын; "сайлау өткiзілгеннен кейiн" деген сөздер "сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта:
      бiріншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Арнаулы уақытша шоттар бойынша барлық қаржылық операциялар, оның ішінде жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысулар, міндеттi аударымдар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер сайлаудың алдындағы күнi сағат 18-де тоқтатылады.";

      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қайта дауыс беру өткізілген жағдайда кандидаттың сайлау қорына түсіруге рұқсат берілген ақшаның шекті сомасы бір жарым есе ұлғайтылады.";

      11) 41-бапта:
      6-тармақтың бiрiншi бөлiгі "күтiм жасау себебiне" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуына" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тiзiмдерiн ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы өзінің болу орнын ауыстырған кезде учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша және ол жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушыға дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін табыс етедi. Бұл ретте сайлаушылар тiзiміне тиiсті белгі қойылады. Дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беретін күнi сайлаушыны оның келген орны бойынша сайлау учаскесiндегi сайлаушылар тiзiміне енгізедi.";

      12) 43-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы екіншi бөлікпен толықтырылсын:
      "Сайлау комиссиясы шешімінің негiзiнде жүзеге асырылатын дауыстарды қайта санау сайлау қорытындылары ресми жарияланғанға дейiн жүргізілуге тиiс.";

      13) 44-бапта:
      4-тармақтың 1) тармақшасы "Парламент Сенатының" деген сөздерден кейiн ", партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар мен олардың сайлау блоктарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Сайлау алдындағы үгіт жүргізу мерзiмi аяқталған кезден бастап сайлау қорытындылары ресми жарияланғанға дейін сайлаушыларға немесе сайлау комиссиялары мүшелерiне әсер eтугe ықпал тигiзетiн қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделердi бiлдiрудiң және қарсылықтың кез келген нысанына жол берiлмейдi.";

      14) 49-бап мынадай мазмұндағы төртiншi және бесінші бөлiктермен толықтырылсын:
      "Азаматтар мен ұйымдардың сайлау заңнамасын бұзушылықтар туралы өтініштерiн, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, сайлау комиссиялары шағым түскен күннен бастап бес күннiң ішінде қарайды.
      Сайлау комиссиясының және оның мүшелерiнiң шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздiгіне) жасалған шағымды, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, жоғары тұрған комиссия шағым түскен күннен бастап үш күннiң ішінде қарайды.  ( V990836  қараңыз) ";

      15) 50-1-баптың 5-тармағының бiрiншi бөлігі "дауыс беруге" деген сөздерден кейін "кемiнде" деген сөзбен толықтырылсын;

      16) 53-баптың тақырыбындағы "хабарлау" деген сөз "жариялау" деген сөзбен ауыстырылып, 1-тармағындағы "тамыздың бiрiншi жексенбiсінен кешіктірмей тағайындайды" деген сөздер "қыркүйектің екінші жексенбiсiнен кешiктiрмей жариялайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 55-баптың 2-тармағындағы "сайлауға дейiн үш ай бұрын басталып," деген сөздер "сайлау жарияланған күннен кейінгі күні басталып, сайлауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 59-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi - төртінші бөлiктермен толықтырылсын:
      "Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы  декларациялар  ұсынады.
      Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.
      Бұл ретте салық қызметi органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы мәліметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде беруге міндетті.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;";

      7-тармақтың 3-1) тармақшасы "(зайыбының)" деген сөзден кейін "декларацияны тапсыру кезіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 60-баптың 1-тармағында "тіркеуге дейін және тiркеуден кейін" деген сөздер "тіркелген күннен бастап және дауыс беруге екі күн қалғанға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын, "бiлдiру арқылы" деген сөздер "бере отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 73-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші - төртіншi бөліктермен толықтырылсын:
      "Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне мемлекет алдындағы салық міндеттемелердің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының уәкiлетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы  декларациялар  ұсынады.
      Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметі органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде тексереді.
      Бұл ретте салық қызметі органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы мәліметтер беру жөнінде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішiнде беруге міндетті.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;";

      6-тармақтың 3-1) тармақшасы "(зайыбының)" деген сөзден кейін "декларацияны тапсыру кезіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      21) 74-баптың 1-тармағында "тiркелгенге дейін және тiркелгеннен кейiнгі" деген сөздер "тіркелген күннен бастап және дауыс бepугe екі күн қалғанға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын, "жазбаша өтiнiш беру арқылы" деген сөздер "бұл туралы жазбаша өтінiш бере отырып," деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 87-баптың 2-2-тармағы мынадай мазмұндағы төртiншi - он екінші бөлiктермен толықтырылсын:
      "Саяси партиялардың жоғары органдары сайлау блогын құру немесе оған кiру туралы шешiм қабылдағаннан кейін осы саяси партиялардың уәкілетті өкілдері сайлау блогын құру туралы бiрлескен шешiмге (келiсімге) қол қояды.
      Сайлау блогын басқару үшiн үйлестіру кеңесi құрылады, оның құрамына сайлау блогына кіретін саяси партиялардың уәкілетті өкілдері кiредi.
      Сайлау блогын тіркеу үшiн оның уәкілетті өкілi Орталық сайлау комиссиясына мынадай құжаттарды:
      1) саяси партиялардың жоғары органдарының сайлау блогына кіру туралы хаттамаларынан үзіндіні;
      2) саяси партиялардың уәкiлеттi өкілдерi қол қойған және осы саяси партиялардың мөрлерiмен куәландырылған сайлау блогын құру туралы бірлескен шешімдi ұсынады.
      Сайлау блогының атауында ұлттық, этникалық, дiни, өңiрлiк, қауымдық және гендерлік белгілердi көрсетуге, жеке адамдардың есiмдерi мен тектерін пайдалануға жол берiлмейдi.
      Саяси партияның жоғары органы сайлау блогына кiру туралы шешім қабылдай отырып, сайлау блогынан жалпы партиялық тiзiмге кіретін адамдарды және (немесе) аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттар болып қаралатын адамдарды ұсынуға құқылы.
      Сайлау блогының үйлестіру кеңесi саяси партиялардың жоғары органдары ұсынған адамдардан жалпы партиялық тiзiмдi қалыптастырады және оған кiретiн адамдардың кезектiлiгiн айқындайды.
      Сайлау блогының үйлестiру кеңесi саяси партияның жоғары органы ұсынған кандидаттардан аумақтық сайлау округтерi бойынша ұсынылатын бiрыңғай кандидаттарды айқындауға құқылы.
      Сайлау блогынан аумақтық сайлау округы бойынша бiрыңғай кандидаттың сайлау қорына сайлау блогына кiретiн саяси партиялардан қаражат түсуi мүмкiн, бiрақ ол осы Конституциялық заңда кандидаттардың сайлау қорлары үшін белгіленген шектерден аспауға тиiс.
      Сайлау блогы сайлау қорытындылары шығарылғаннан және депутаттық мандаттар бөлiнгеннен кейiн өз қызметін тоқтатады.";

      23) 89-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органы белгілеген тәртiппен және нысанда табысы және мүлкi туралы  декларациялар  ұсынады.
      Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат және партиялық тiзiмдер тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексереді.
      Бұл ретте салық қызметi органдарының кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы мәлiметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде беруге міндетті.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;";

      6-тармақтың 3-1) тармақшасы "(зайыбының)" деген сөзден кейін "декларацияны тапсыру кезiне" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның және оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы  декларация  тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы.";

      24) 90-баптың 1-тармағында "тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта бұл туралы" деген сөздер "тiркелген күннен бастап және дауыс беруге екi күн қалғанға дейінгі кезеңде" деген сөздермен ауыстырылсын, "комиссиясына" деген сөзден кейiн "бұл туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      25) 104-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелердің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкiлетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы  декларациялар  ұсынады.
      Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.
      Бұл ретте салық қызметi органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы мәліметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшінде беруге мiндеттi.";

      2-тармақ 3) тармақшадағы "деректер болған жағдайда жүргiзіледi;" деген сөздер "деректер;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған жағдайда жүргiзіледi.";

      3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған ретте жүзеге асырылады.";

      6-тармақтың 3-1) тармақшасы "(зайыбының)" деген сөзден кейін "декларацияны тапсыру кезіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      26) 105-баптың 1-тармағында "тіркеуге дейiнгі және одан кейiнгi уақытта бұл туралы" деген сөздер "тiркелген күннен бастап және дауыс бepугe екі күн қалғанға дейiнгі кезеңде" деген сөздермен ауыстырылсын, "комиссиясына" деген сөзден кейін "бұл туралы" деген  сөздермен толықтырылсын;

      27) 118-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тіркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкілеттi мемлекеттiк органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы  декларациялар  ұсынады.
      Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексередi.
      Бұл ретте салық қызметі органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы мәлiметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде беруге міндетті.";

      2-тармақ 3) тармақшадағы "деректер болған жағдайда жүргiзіледі." деген сөздер "деректер;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған жағдайда жүргізіледі.";

      3-тармақ 2) тармақшадағы "деректер болған жағдайда жүзеге асырылады." деген сөздер "деректер;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.";

      6-тармақтың 3-1) тармақшасы "(зайыбының)" деген сөзден кейін "декларацияны тапсыру кезіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      28) 119-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жергiлiктi өзін-өзі басқару органы мүшелігіне кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс беруге екі күн қалғанға дейінгі кезеңде тиiсті аумақтық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.".

       2-бап.  Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізiледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады