Байланыс формасы

"Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 70 Заңы

       1-бап.  "Соғыс жағдайы туралы" 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 4, 22-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) 1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) әскери басқару органдары - стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті әскери басқару органдары.";

      2) 6-баптың 1-тармағында:
      9) тармақшадағы "заңдарында" деген сөз "заңнамалық актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) тармақша алып тасталсын;

      3) 9-бапта:
      9) тармақша алып тасталсын;

      13) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы баптың 3), 4), 6) тармақшаларында аталған нормативтік құқықтық актілер соғыс жағдайы күшінде болған кезеңде де, оны енгізгенге дейін де қабылдануы мүмкін.";

      4) 10-бапта:
      3) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігінің қажеттерін қаржыландыру тәртібін белгілейді," деген сөздер алып тасталсын;

      6) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақша алып тасталсын;

      5) 12-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "заңдарына" деген сөз "заңнамалық актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 13-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "заңдарына" деген сөз "заңнамалық актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады