Байланыс формасы

Қазақстан Республикасыың Жер кодексіне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 162 Заңы

       1-бап. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) 9-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалатын халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға;";
      2) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережелерін бекіту;".
       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады