1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік-бөлігі түбінің ара-жігін ажырату туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы N 205 Заңы

      Санкт-Петербургте 2006 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік-бөлігі түбінің ара-жігін ажырату туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  1998 жылғы 6 шілдедегі Ресей Федерациясы мен Қазақстан
Республикасы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған
егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі
солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін ажырату туралы
келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы
ХАТТАМА

(2007 жылғы 22 қазанда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2007 ж., N 6, 33-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы,
      Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан "Құрманғазы" ("Құлалы"), "Центральная" геологиялық құрылымдарының және "Хвалынское" кен орнының көмірсутек ресурстарын бірлесіп игерудегі өзара мүдделілікті ескере отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

      1. 1998 жылғы 6 шілдедегі Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін ажырату туралы келісімге 2002 жылғы 13 мамырда қол қойылған Хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама),  6-бабының  3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Хаттаманың 3, 4 және 5-баптарына сәйкес тараптардың уәкілетті органдары құрған кәсіпорындарға олардың шегінде "Құрманғазы" ("Құлалы") және "Центральная" құрылымдары, сондай-ақ "Хвалынское" кен орны орналасқан жер қойнауы учаскелерін пайдалану құқығы өнімді бөлісу шарттарында, сондай-ақ жер қойнауының осы учаскелерінде өнімді "бөлісу шарттарынан ерекше, жер қойнауын пайдаланудың өзге де шарттарында, пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеу, барлау және өндіру мүмкіндігі жоқтығын растайтын қандай да бір конкурстарды немесе аукциондарды өткізбей-ақ осы учаскелерді пайдалану құқығы берілуі мүмкін жер қойнауы учаскелерінің тізбесіне осы учаскелерді енгізу қажеттігінсіз өнімді бөлісу шарттарында беріледі. Көрсетілген кәсіпорындармен осы жер қойнауы учаскелеріне қатысты өнімді бөлісу туралы келісімдер өнімді бөлісу туралы келісімдер жасасу құқығына аукциондар өткізбей-ақ жасалады".

      2. Осы Хаттама қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Хаттама 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін ажырату туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

      2006 жылғы 25 қаңтарда Санкт-Петербург қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы үшін         Ресей Федерациясы үшін

      Осымен 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін ажырату туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігінің
      Халықаралық құқық
      департаментінің Бөлім Бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады