Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 6 ақпандағы N 123-IV Заңы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат;  N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; N 16, 131-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат; N 13-14, 58-құжат; 2008 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 19 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 13 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

       143-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы.".

      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; 2008 жылғы 25 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 342-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацындағы ", бас редакторы (редакторы), редакцияның мекенжайы" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 350-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "тәркілене отырып" деген сөздерден кейін "немесе онсыз" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 771-құжат; 2001 ж., N 10, 122-құжат; 2003 ж., N 24, 175-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 12, 77-құжат; 2007 ж., N 12, 88-құжат):

      1) 1-бапта :
      9) тармақшаның мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
      18) тармақшадағы "аккредитация - журналистті" деген сөздер "аккредиттеу - журналисті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-баптың 3-тармағы "сондай-ақ" деген сөзден кейін "қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Бұқаралық ақпарат құралдарының телевизиялық және радио бағдарламаларының мемлекеттік тілдегі апталық көлемі уақыты жағынан басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс.
      Мемлекеттік тілдегі телевизиялық және радио бағдарламаларының әрқайсысының жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін ұзақтығы алты сағат болатын уақыт аралығындағы көлемі басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс.
      Бұл талап кабельдік, эфирлік-кабельдік телевизия желілеріне қолданылмайды.";

      4) 5-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұқаралық ақпарат құралдары өнімін шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға:
      1) мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәлік;
      2) телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия негіз болып табылады.
      Бұл талаптар WEB-сайттарға қолданылмайды.";

      5) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін
               есепке қою, қайта есепке қою

      1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымы мен ақпарат агенттігі уәкілетті органда міндетті түрде есепке қойылуға жатады.
      2. Есепке қою, қайта есепке қою үшін мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің меншік иесі не оның уәкілеттік беруі бойынша әрекет ететін тұлға осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келетін өтініш береді.
      3. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қойған кезде, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалатын тәртіппен алым алынады.
      4. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою туралы өтініш түскен күнінен бастап он бес күн ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қараудың қорытындылары бойынша уәкілетті орган мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің меншік иесіне есепке қою туралы куәлік береді не мынадай негіздер бойынша:
      1) егер уәкілетті орган бұрын сол атпен және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қойғаны туралы куәлік берген болса;
      2) егер өтініштің мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтін болса;
      3) егер мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қойғаны үшін алым төленбесе;
      4) егер меншік иесінің ауысуына орай мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін қайта есепке қою туралы өтінішке мерзімді баспасөз басылымына және (немесе) ақпарат агенттігіне меншік құқығын басқа тұлғаға беруді растайтын шарттың нотариалды түрде куәландырылған үзінді көшірмесі қоса тіркелмесе;
      5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан аты (атының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты тап сондай мерзімді баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттігі есепке қоюға мәлімделген болса немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттігі мәлімделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің меншік иесі немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш берген жағдайда есепке қоюдан бас тартады.
      5. Мерзімді баспасөз басылымының меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап үш ай ішінде мерзімді баспасөз басылымының өнімін шығаруға кірісу құқығын сақтайды.
      Ақпарат агенттігінің меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап алты ай ішінде ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға кірісу құқығын сақтайды.
      Мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің шығарылуын сот тоқтата тұрған жағдайларды қоспағанда, мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің өнімін шығару мерзімін өткізіп алған, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің өнімін шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайда, уәкілетті органның шешімімен мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады.
      6. Мерзімді баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттігі меншік иесі ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің аты, басылымның не материалдар мен хабарлардың тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке алынуға жатады.";

      6) 11-бапта :
      "Бұқаралық ақпарат құралын", "бұқаралық ақпарат құралы", "бұқаралық ақпарат құралын" деген сөздер тиісінше "Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін", "мерзімді баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттігі", "мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "арыз", "арызда:", "Арызға:" деген сөздер тиісінше "өтініш", "өтініште:", "Өтінішке:" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) мерзімді баспасөз басылымының, ақпарат агенттігі материалдары мен хабарларының тілі (тілдері);";

      7) 13-бапта :
      2-тармақтың екінші сөйлеміндегі "тұру" деген сөз "тұруға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "3-2" деген цифрлар "6" деген цифрмен ауыстырылсын;

      8) 3-тараудың тақырыбындағы, 14-баптың тақырыбы мен мәтініндегі "құралдарын тарату", "құралдарын таратуды", "құралы таратуға" деген сөздер тиісінше "құралдарының өнімін тарату", "құралдарының өнімін таратуды", "құралдарының өнімін таратуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 18-баптың 3-тармағындағы "ал одан соң" деген сөздер "не" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы.";

      11) 21-баптың 4-1) тармақшасы алып тасталсын;

      12) 6-тараудың мемлекеттік тілдегі тақырыбы мен бүкіл мәтіні бойынша "тіркеу", "тіркей", "тіркелген", "тіркеген", "тіркелуі", "тіркеуге", "тіркеуді" деген сөздер тиісінше "аккредиттеу", "аккредиттей", "аккредиттелген", "аккредиттеген", "аккредиттелуі", "аккредиттеуге", "аккредиттеуді" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады