Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 132-IV Заңы

       1-бап . 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 19, 147-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; 2008 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) бүкіл мәтін бойынша "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға" "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органда" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органмен", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға" "уәкілетті органда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-баптың 1-тармағы "қорғаудың" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтаудың және су бұрудың" деген сөздермен, 2-тармағының 1) тармақшасы "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен, 3) тармақшасы "қорғауды" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтауды және су бұруды" деген сөздермен, 4) тармақшасы "қорғаудың" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтаудың және су бұрудың" деген сөздермен; 3-бөлімнің тақырыбы; 5-тараудың тақырыбы; 33-баптың тақырыбы, 1-тармағы; 34-баптың тақырыбы, бірінші абзацы, 1) тармақшасы; 35-баптың тақырыбы, бірінші абзацы "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен; 6-тараудың тақырыбы "қорғауды" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтауды және су бұруды" деген сөздермен; 36-баптың тақырыбы; 37-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы; 38-баптың тақырыбы; 39-баптың тақырыбы; 40-баптың 2-тармағының 16) және 20) тармақшалары; 43-баптың 3-тармағы; 8-тараудың тақырыбы; 44-баптың тақырыбы, 1-тармағының бірінші абзацы "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен; 2-тармағы; 11-тараудың тақырыбы; 61-баптың тақырыбы, 1-тармағының бірінші абзацы "қорғауды" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтауды және су бұруды" деген сөздермен, 3-тармағының бірінші абзацы; 71-баптың 9) тармақшасы; 72-баптың 18) тармақшасы; 79-баптың 1-тармағы, 2-тармағының бірінші абзацы, 3-тармағы; 15-тараудың тақырыбы; 81-баптың тақырыбы, 1 және 2-тармақтары; 85-баптың тақырыбы, 1 және 2-тармақтары "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен; 9-бөлімнің тақырыбы "қорғауды" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтауды және су бұруды" деген сөздермен; 132-баптың тақырыбы "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) ағын су - ойпаңды жер бетінде ылдиға құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектісі;
      2) акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңістігі;
      3) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері - су тұтынушылар үшін ауыз сумен жабдықтаудың олардың ауыстырылуы мүмкін емес және мақсатқа сай келмейтін бірден-бір көздері;
      4) басқарудың бассейндік принципі - өзендердің, көлдердің және басқа да су объектілерінің бассейндері шегінде су ресурстарын әкімшілік-аумақтық бірліктер арасында бөлу кезінде іске асырылатын су қорын гидрографиялық белгілер бойынша басқару;
      5) гидромелиорациялық жүйе - жерді суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешені;
      6) гидромелиорациялық кондоминиумге қатысушылар - ортақ үлестік меншік құқығындағы гидромелиорациялық кондоминиумнің құрамына кіретін бір гидромелиорациялық жүйемен немесе оның элементтерімен суарылатын жеке меншік немесе уақытша өтеулі пайдалану құқығында жер учаскесі бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      7) гидротехникалық құрылыстар - су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;
      8) жағалау белдеуі - экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған су объектілері жағалауының бойындағы жағалау жиегінен ені жиырма метр құрлық белдеуі;
      9) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;
      10) жер асты суларының бассейні - жер қойнауында орналасқан су тұтқыш жиектер жиынтығы;
      11) жер асты суларының көздері мен учаскелері - шегінде жер асты суларын шығару мен алу үшін қолайлы жағдайлары бар су тұтқыш жиектердің бөліктері;
      12) жер асты шаруашылық-ауыз сулары - өзінің табиғи жай-күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және тұрмыстық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жерасты сулары;
      13) жер үсті су объектілері - шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;
      14) қайтарымды сулар - суармалы аумақтардан ағатын жер асты және жер үсті сулары немесе өнеркәсіп орындары, тұрмыстық сумен жабдықтау құрылғылары және коммуналдық кәсіпорындар ағызатын сулар;
      15) құбырлы сүзгіш құдық - су тұтқыш тау-кен жынысына оларды сорғыту мақсатымен бекітілетін бірқатар тесіктері бар құбыр кесіндісі;
      16) мелиорацияланған жерлер - мелиорациялық іс-шаралар жүргізілген жерлер;
      17) минералды жерасты сулары - өзінің құрамы және (немесе) кейбір ерекше компоненттерінің мөлшері бойынша оң бальнеологиялық әсер ететін жерасты сулары;
      18) өзендерге теңестірілген каналдар - суды бір бассейннен екіншісіне, сондай-ақ бір өзен жүйесінен екіншісіне ауыстыруға арналған жасанды құрылыстар;
      19) өндірістік-техникалық жерасты сулары - өзінің сапасы мен физикалық қасиеттері бойынша өндірістік-техникалық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты сулары;
      20) санитарлық қорғау аймағы - су сапасы нашарлауының алдын алу үшін сумен жабдықтау көзін (ашық және жер асты), су құбыры құрылыстарын және оларды қоршаған аумақты қорғау мақсатында белгіленген режим сақталуға тиіс сумен жабдықтау көзі мен су құбыры құрылыстарының төңірегінде арнайы бөлінетін аумақ;
      21) сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызып жіберілетін ластанған аумақтағы сулар;
      22) суару каналы - суару көздерінен суаруды қажет ететін учаскелерге су тасымалдауға арналған жасанды құрылыс;
      23) су бұру - сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жер бедеріне бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы;
      24) су бұру жүйесі - сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға бағытталған инженерлік желілер мен құрылыстардың кешені;
      25) су бөлу орны - су пайдаланушы су көзінен су алатын орын, сондай-ақ, су пайдаланушы су тұтынушыға су ресурстарын беретін орындағы гидробекет;
      26) су жинау алаңы - шекарасы шегінде су объектісінің су ресурстары қалыптастырылатын аумақ;
      27) су жіберу - ағын судың төменгі учаскесіндегі су шығынын немесе деңгейін немесе су қоймасының өзіндегі судың деңгейін реттеу үшін су қоймасынан суды кезең-кезеңмен немесе мезгіл деп беру;
      28) су қорғау аймағы - судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметінің арнайы режимі белгіленетін су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарына іргелес аумақ;
      29) су қорғау белдеуі - шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленетін, су объектісіне және су шаруашылығы құрылыстарына іргелес жатқан су қорғау аймағы шегіндегі ені кемінде жиырма метр аумақ;
      30) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      31) су қорының жерлері - су айдындары (өзендер және соларға теңестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздеріндегі ағысты реттеуге арналған су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жерлер, сондай-ақ су қорғау аймақтары мен осы құрылыстардың белдеулеріне және ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерінің санитарлық қорғау аймақтарына бөлініп берілген жерлер;
      32) сулар - су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығы;
      33) сулардың зиянды әсері - су тасу, су басу, топан су басу мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына немесе олардың пайда болуы қатеріне негіз болған сулардың өзге де теріс әсер етуі;
      34) сулы-батпақты алқап - батпақты, фенді, шымтезекті пайдаланатын жерлер ауданы немесе тереңдігі судың қайтуы кезінде алты метрден аспайтын теңіз акваторияларын қоса алғанда, табиғи немесе жасанды, тұрақты немесе уақытша, ағынсыз немесе ағынды, тұщы, тұздылау немесе тұзды су қоймалары;
      35) сумен жабдықтау - суды жинауды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
      36) сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелері - басымдылығы мен әлеуметтік маңыздылығы бар және Қазақстан Республикасының Үкіметі сумен жабдықтаудың ерекше маңызды жүйелерінің санаттарына жатқызған ауыз сумен жабдықтаудың топтық және оқшау жүйелері;
      37) сумен жабдықтау жүйесі - суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
      38) су объектілерін қорғау - су объектілерін сақтауға, қалпына келтіруге және ұдайы молайтуға, сондай-ақ судың зиянды әсеріне жол бермеуге бағытталған қызмет;
      39) су объектілерін пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың материалдық немесе өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су объектілерінің пайдалы табиғи қасиеттерін алу;
      40) су объектісінің бассейні - гидравликалық жағынан байланысты су айдындары мен ағын сулардың су жинау алаңдарын қамтитын аумақ;
      41) су пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану;
      42) су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
      43) су режимі - су объектілері мен топырақ қабатындағы су деңгейінің, шығыстары мен көлемінің уақытқа қарай өзгеруі;
      44) су сервитуты - су объектісін шектеулі пайдалану құқығы;
      45) су тарту құрылысы - су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені;
      46) су торабы - бір тұстамада орналасқан әртүрлі мақсаттағы технологиялық байланысқан гидротехникалық құрылыстар тобы;
      47) су тұтынушы - су объектілерінен су тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерінен су алушы жеке немесе заңды тұлға;
      48) су үнемдеу - су ресурстарының ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;
      49) су шаруашылығы - су объектілерін пайдалануға, қорғауға және ұдайы молайтуға байланысты экономика саласы;
      50) су шаруашылығы жүйесі - өзара байланысты су объектілері мен гидротехникалық құрылыстар кешені;
      51) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі - су шаруашылығы жүйелері, құрылыстары элементтерінің адамдардың өмірін, денсаулығын және заңды мүдделерін, қоршаған табиғи орта мен шаруашылық объектілерін қорғауды қамтамасыз ететін өзіндік ерекшеліктері;
      52) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету - су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары авариялары туындауының алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
      53) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемдері - су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары аварияларының туындау қатерінің жол берілетін деңгейіне сәйкес келетін су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары жай-күйінің техникалық көрсеткіштерінің және оларды пайдалану шарттарының шекті мәні;
      54) су шаруашылығы құрылыстары - су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын реттеу, сумен жабдықтау, су бұру және судың зиянды әсерін жою мақсатында жасанды түрде құрылған гидротехникалық құрылыстар мен қондырғылар;
      55) су шаруашылығы ұйымдары - қызметі суларды реттеумен, жеткізумен, ұдайы молайтумен, сумен жабдықтаумен, су бұрумен және су объектілерін пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар;
      56) тау-кен жыныстарының су тұтқыш аймақтары, жиектері мен кешендері - тау-кен жыныстарының жарықтары мен кеуек қуыстарында жинақталған және гидравликалық байланыстағы сулар;
      57) трансшекаралық әсер - табиғи көзі шектес мемлекеттің немесе көршілес мемлекеттердің аумағында толық немесе ішінара орналасқан трансшекаралық сулардың адамның қызметінен туындайтын сандық немесе сапалық жағынан өзгеруі нәтижесінде пайда болатын зиянды зардаптар;
      58) тұстама - су торабының құрылыстары орналасқан өзен учаскесі;
      59) шахта құдығы - сумен жабдықтау, тау-кен жыныстарын құрғату және жер бетінен атмосфералық және жер үсті суларын бұру мақсатында жерасты суларын алу үшін құрылған тереңдігі көлденең кесігінен үлкенірек тік тау-кен қазындысы;
      60) шегендеу құрылысы - табиғи жолмен шығып жатқан жерасты суларының ашылуын және пайдалану мақсатында олардың жер бетіне шығарылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрылыс.";

      4) 3-баптың 2-тармағында:
      2) тармақша "су қатынастарын" деген сөздерден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) су ресурстарын зерттеу, барлау, ұтымды және кешенді пайдалану мен қорғау, гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстары саласындағы қатынастарды басқару;";
      мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) жерді гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындау;
      7) халықты және шаруашылық объектілерін су шаруашылығы құрылыстарындағы төтенше жағдайлардан және олардың зардаптарынан қорғау.";

      5) 10-бапта :
      тақырыптағы "Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау" деген сөздер "су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының су заңнамасы су қорын пайдалану мен қорғау, су қорын және су шаруашылығы жүйелерін басқару, сумен жабдықтау және су бұру, гидромелиорациялық жұмыстарды және су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі жөніндегі жұмыстарды жүргізу саласындағы қатынастарды және өзге де су қатынастарын реттейді.";
      3-тармақтағы "қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдарымен" деген сөздер "экологиялық заңнамасымен және Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "5" және "6" деген цифрлар тиісінше "3" және "4" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      6) 28-баптың тақырыбына орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      7) 35-бапта :
      1) тармақша "қамтамасыз етуді" деген сөздерден кейін ", елді мекендерді сумен жабдықтаудың және су бұрудың жай-күйін" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы "су тұтыну, су беру және су қорғау технологияларын" деген сөздер "сумен жабдықтау, су бұру және су қорғау саласындағы технологияларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшадағы "талаптар мен шектеулерді" деген сөздер "талаптарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12) - 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12) жерді гидромелиорациялау жөніндегі салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
      13) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      14) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының жай-күйін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылау.";

      8) 36-бапта :
      1) тармақша "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесін бекітеді;
      1-2) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесін бекітеді;";
      4) тармақшадағы "топтық сумен жабдықтау жүйесінің" деген сөздер "топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің" деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша "топтық" деген сөзден кейін "және оқшау" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14)және 15)тармақшалармен толықтырылсын:
      "14) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
      15) арнайы су пайдалануға арналған рұқсатты беру, оның қолданысын тоқтата тұру тәртібін айқындайды.";

      9) 37-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшадағы "су қорын пайдалану мен қорғау" деген сөздер "өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "су секторының даму" деген сөздер "су секторын дамыту, оның ішінде жерді гидромелиорациялау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) - 3-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемдерін бекітеді;
      3-2) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесін әзірлейді;
      3-3) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесін әзірлейді;
      3-4) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесін бекітеді;";
      6) тармақшадағы "заңдарында белгіленген" деген сөздер "Үкіметі айқындаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақшада:
      "су беру және" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      "топтық сумен жабдықтау жүйесінен" деген сөздер "топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:
      "26) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      27) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарының паспорттарын жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді.";

      10) 38-баптың 3) тармақшасы "пайдалану мен қорғау" деген сөздерден кейін ", елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 39-бапта :
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді;";
      "2-1) бассейндік су шаруашылығы басқармаларының келісімімен су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілейді;";
      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі өңірлік бағдарламалардың жобасын бассейндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдайды;
      5) су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;";
      мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7-1) тиісті аумақтарда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;
      7-2) су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;";
      8) тармақша "су объектілерінің" деген сөздерден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) тармақшада:
      "су жеткізу және" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      "айрықша маңызды топтық" деген сөздер "ерекше маңызды топтық және оқшау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 40-баптың 2-тармағында:
      7) тармақшаның төртінші абзацындағы "қайта жаңғырту" деген сөздер "реконструкциялаудың жобалау алдындағы құжаттамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
      "24) бассейндік кеңестің жұмысын ұйымдастыру, бассейндік кеңестің мүшелерімен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізу, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдау, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізу.";

      13) 43-бапта :
      1-тармақтағы "бассейндік келісім шеңберінде" деген сөздер "тиісті бассейн шегінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ "қоғамдық бірлестіктердің" деген сөзден кейін "және олардың қауымдастықтарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 55-баптың тақырыбындағы, 57-баптың 1-тармағындағы "табиғат қорғау талаптары", "табиғат қорғау талаптарын" деген сөздер тиісінше "экологиялық талаптар", "экологиялық талаптарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 66-бапта :
      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган берген" деген сөздер "арнайы су пайдалануға берілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Заңды тұлғаның атауының өзгеруі арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттың қайта ресімделуін талап етеді.
      Су шаруашылығы жүйелерін реконструкциялау немесе су тұтыну шарттарының өзгеруі арнайы су пайдалануға қайтадан рұқсат алуды талап етеді.";

      16) 69-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Шаруашылықтың әртүрлі салаларын сумен қамтамасыз ету үшін тежеуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы да бастапқы су пайдалану болып табылады.".

      17) 72-бапта :
      3) тармақшадағы "лимиттері" деген сөз "лимиттерін, рұқсат етілген көлемдері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша ", су шаруашылығы құрылыстарының су тарту, су жіберу мен сарқынды және коллекторлық суларды ағызу құрылыстарын өлшеу құралдарымен және су өлшеу аспаптарымен жабдықтауға" деген сөздермен толықтырылсын;

      18) 77-баптың 6) тармақшасындағы "объектілері мен құрылыстарын ұстау және пайдалану" деген сөздер "жүйелері мен құрылыстарын күтіп-ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 78-баптың 1) тармақшасындағы "ұстау және пайдалану" деген сөздер "күтіп-ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 79-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) су ресурстарын су дайындау және (немесе) су пайдаланушыларға және (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қою;";

      21) 80-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшадағы "жай-күйін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ олардың қауіпсіздігін" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша "су шаруашылығы" деген сөздердің алдынан "гидромелиорациялық жүйенің," деген сөздермен толықтырылсын;

      22) 87-баптың 2) тармақшасындағы "су беру" деген сөздер "сумен жабдықтау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 91-баптың 1-тармағындағы "халыққа ауыз су беруге арналған" деген сөздер алып тасталсын;

      24) 94-баптың 2-тармағындағы "қоршаған ортаны қорғау және адам өмірінің қауіпсіздігі талаптарын" деген сөздер "экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 95-баптың 7-тармағы "құрғату" деген сөзден кейін ", сортаңданған топырақты шаю" деген сөздермен толықтырылсын;

      26) мынадай мазмұндағы 95-1-баппен толықтырылсын:

      "95-1-бап. Жерді гидромелиорациялау

      1. Жерді гидромелиорациялау жай-күйі судың әсеріне байланысты құрғақшылық, эрозияға ұшыраған, сортаңданған, батпақты, артық ылғалды, шайылған және басқа да жерлерді түбегейлі жақсартуды қамтамасыз ететін мелиорациялық іс-шаралар кешенін білдіреді.
      Жерді гидромелиорациялау гидромелиорациялық жүйелердің, сондай-ақ жеке орналасқан гидротехникалық құрылыстардың көмегімен суды көтеру, беру, бөлу және бұру жөніндегі шараларды жүзеге асыру арқылы мелиорацияланатын жерлерде топырақтың су, ауа, жылу және қоректік режимдерін реттеуге бағытталған.
      2. Жерді гидромелиорациялау түрлеріне жерді суару, құрғату және сортаңданған топырақты шаю жатады.";

      27) 103-баптың 3-тармағында:
      "жер асты сулары" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ басқа да пайдалы қазбалармен ілеспе өндірілген сулар (шахта, карьер, кеніш сулары)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жер асты суларын ұтымды пайдалану мен қорғау талаптарын сақтай" деген сөздер "экологиялық талаптар сақтала" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 108-баптың 2-тармағы "құрылыстарын" деген сөзден кейін ", сондай-ақ су объектілерінің акваториясында орналасқан құрылыстарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      "кезінде" деген сөзден кейін "сулы-батпақты алқаптардың қажетті гидрологиялық режимінің сақталуы және" деген сөздермен толықтырылсын;

      29) 116-баптың 2-тармағында:
      "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша," деген сөздер алып тасталсын;
      "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық" деген сөздердің алдынан "уәкілетті органмен," деген сөздермен толықтырылсын;
      "жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 124-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Су шаруашылығы ұйымдары, су пайдаланушылар, жеке және заңды тұлғалар елді мекендерді, өнеркәсіп объектілерін, ауыл шаруашылығы жерлерін, қорғалатын аумақтарды судың зиянды әсерінен қорғау жөніндегі алдын алу іс-шаралары мен ағымдағы іс-шараларды жоспарлауға және жүргізуге міндетті. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі алдын алу іс-шаралары мен ағымдағы іс-шараларды қаржыландыру су пайдаланушылардың қаражаты мен бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      Жеке және заңды тұлғалар судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі су шаруашылығы іс-шараларын өткізу кезінде:
      1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын салуда, пайдалануға беруде, пайдалануда, жөндеуде, реконструкциялауда, консервациялауда, пайдаланудан шығаруда және жоюда қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтауға;
      2) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің нашарлап кетуінің жай-күйін жүйелі түрде талдауға;
      3) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына ұдайы тексеру жүргізуге;
      4) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарындағы аварияларды жоюға арналған қаржылық және материалдық резервтерді құруға;
      5) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарындағы төтенше жағдайлар туралы хабарлайтын оқшау жүйелерді үнемі дайындықта ұстауға міндетті.";

      31) 131-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "аймақтық және салалық" деген сөздер "салалық (секторлық) және өңірлік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 132-бапта :
      2) тармақшада:
      "қорғаудың бекітілген" деген сөздер "қорғау" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "бағдарламаларын" деген сөздің алдынан ", елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада:
      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      "ұтымды пайдалану" деген сөздерден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен толықтырылсын;

      33) 134-бапта :
      тақырыптағы "Су беру" деген сөздер "Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      "Суды алуға, суларды тасымалдауға, бөлуге, тазартуға" деген сөздер "Су пайдаланушыларға су беруге, сумен жабдықтауға, су бұруға," деген сөздермен ауыстырылсын;
      "су пайдаланушыларға су беру кезіндегі" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақтағы "Су шаруашылығы жүйелерінің қызметтері" деген сөздер "Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру бойынша көрсетілген қызметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      34) 135-бапта :
      1-тармақта:
      5) тармақшада:
      "су жеткізіп беру және" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      "сумен жабдықтау топтық жүйесінен" деген сөздер "топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы "артықшылықтар беру болып табылады." деген сөздер "артықшылықтар беру;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру;
      8) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі және оны бағалау жөніндегі шығындарды қаржыландыру болып табылады.";
      2-тармақтың бірінші абзацы "пайдалану мен қорғау" деген сөздерден кейін ", суармалы жерлерді мелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ "қорғау жөніндегі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ пайдаланылмайтын және қайта қалпына келтіруге жатпайтын мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын жою жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      35) 139-бап алып тасталсын;

      36) 140-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "140-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны үшін
                жауаптылық

      Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.";

      37) мазмұнында:
       3-бөлімнің , 5-тараудың , 33-баптың , 34-баптың , 35-баптың тақырыптары "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен, 6-тараудың тақырыбы "қорғауды" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтауды және су бұруды" деген сөздермен, 36-баптың , 38-баптың , 39-баптың , 8-тараудың , 44-баптың тақырыптары "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен, 11-тараудың , 61-баптың тақырыптары "қорғауды" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтауды және су бұруды" деген сөздермен, 15-тараудың , 81-баптың , 85-баптың тақырыптары "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен, 9-бөлімнің тақырыбы "қорғауды" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтауды және су бұруды" деген сөздермен, 132-баптың тақырыбы "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен толықтырылсын;
       10-баптың тақырыбындағы "Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау" деген сөздер "су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
       55-баптың тақырыбындағы "табиғат қорғау талаптары" деген сөздер "экологиялық талаптар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жүз жиырма екінші абзацпен толықтырылсын:
      "95-1-бап. Жерді гидромелиорациялау";
       134-баптың тақырыбындағы "Су беру" деген сөздер "Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру" деген сөздермен ауыстырылсын;
       139-баптың тақырыбы алып тасталсын;
       140-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "140-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық".

       2-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады