Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 354-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 12 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде және 2010 жылғы 13 қазанда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 15-баптың екінші бөлігінде:
      "175-бап" деген сөздерден кейін ", екінші, үшінші бөліктері" деген сөздермен толықтырылсын;
      "178-бап" деген сөздерден кейін ", екінші, үшінші бөліктері" деген сөздермен толықтырылсын;
      "181-бап" деген сөздерден кейін ", екінші, үшінші бөліктері" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 41-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
      Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы педагогтің не оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген өзге де адамның осы Кодекстің 120-бабының үшінші бөлігінің д) тармағында және төртінші бөлігінде, 121-бабының үшінші бөлігінің г) тармағында және төртінші бөлігінде, 122-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 124-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін жазаның қосымша түрі ретінде белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
      Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде бір жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.";

      3) 63-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "4-1. Шартты түрде соттау кезінде кәмелетке толмаған балаға осы Кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкін.";

      4) 67-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Адамның қайтыс болуымен немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған баланы, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Бұл ретте оған осы Кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.";

      5) 70-баптың үшінші бөлігінің в) тармағындағы "өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын:
      "г) осы Кодекстің 120-бабы үшінші бөлігінің в), д) тармақтарында, төртінші бөлігінде, 121-бабы үшінші бөлігінің в), г) тармақтарында, төртінші бөлігінде көзделген қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.";

      6) 71-баптың бірінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл ретте, осы Кодекстің 122-бабының екінші, үшінші бөліктерінде, 124-бабының екінші, үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстарды қоспағанда, адам жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.";

      7) 81-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Адамның қайтыс болуымен немесе денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған баланы сот осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.";

      8) 82-баптың бірінші бөлігінде:
      д) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "д) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру;";
      мынадай мазмұндағы е) тармағымен толықтырылсын:
      "е) жәбірленушіден кешірім сұрау міндеттемесін жүктеу.";

      9) 83-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "83-бап. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының мазмұны және
               оларды қолдану мерзімдері";

      бесінші бөлікте:
      бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыруды сот орташа ауырлықтағы немесе ауыр қылмысты қасақана жасаған кәмелетке толмаған адамға тағайындауы мүмкін.";
      екінші сөйлемдегі "мекемелерде" деген сөз "ұйымдарда" деген сөзбен ауыстырылсын;
      алтыншы бөліктегі "Кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесінде" деген сөздер "Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуының тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.";
      мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктермен толықтырылсын:
      "8. Кәмелетке толмаған бала келтірген зияны үшін жәбірленушіден өзі кешірім сұрайды.
      9. Осы Кодекстің 82-бабы бірінші бөлігінің б) және г) тармақтарында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мерзімі кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған кезде ұзақтығы – алты айдан бір жылға дейін, орташа ауыр қылмыс жасаған кезде – бір жылдан екі жылға дейін және ауыр қылмыс жасаған кезде екі жылдан үш жылға дейін белгіленеді.
      10. Кәмелетке толмаған бала тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын жүйелі түрде орындамаған жағдайда, егер осы Кодекстің 69-бабының 1-бөлігінде белгіленген ескіру мерзімі өтпесе, мамандандырылған мемлекеттік органның ұсынысы бойынша сот бұл шараның күшін жояды және материалдар кәмелетке толмаған баланы қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жіберіледі.";

      10) 87-бапта:
      тақырыбындағы және мәтініндегі "жиырма жас" деген сөздер "жиырма бір жас" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне" деген сөздер "ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 96-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы о) тармағымен толықтырылсын:
      "о) көрінеу кәмелетке толмаған баланы өлтіру -";

      12) 103-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы л) тармағымен толықтырылсын:
      "л) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса -";

      13) 104-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы з) тармағымен толықтырылсын:
      "з) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса -";

      14) 120, 121, 122 және 124-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "120-бап. Зорлау

      1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау –
      үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Зорлауды:
      а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
      б) өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалса;
      в) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқтырса;
      г) бірнеше рет жасалса –
      бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
      а) абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына әкеп соқтырса;
      б) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС-ын жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса;
      в) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса;
      г) қоғамдық зілзала жағдайларын пайдалана отырып немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалса;
      д) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам кәмелетке толмаған балаға қатысты жасаса, -
      сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге, ал д) тармағында көзделген жағдайларда, - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар көрінеу он төрт жасқа толмаған жәбірленушіге қатысты жасалса, -
      он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге жазаланады.

      121-бап. Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері

      1. Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер, -
      үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Нақ сол іс-әрекеттерді:
      а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
      б) өлтіремін деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасаса;
      в) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқтырса;
      г) бірнеше рет жасалса, -
      бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
      а) абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына әкеп соқтырса;
      б) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС-ын жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса;
      в) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
      г) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам кәмелетке толмаған балаға қатысты жасаса, -
      сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге, ал г) тармағында көзделген жағдайларда, - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты жасалса, -
      он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      122-бап. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу
               және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер

      1. Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу, еркек пен еркектің немесе әйел мен әйелдің қатынасы немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер, -
      үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Он алты жасқа толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам осы адамға қатысты жасаған нақ сол әрекеттер, -
      он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған әрекеттер, -
      он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      "124-бап. Жас балаларды азғындату

      1. Көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау, -
      төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Он төрт жасқа толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам осы адамға қатысты жасаған нақ сол әрекеттер, -
      он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған әрекеттер, -
      он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      15) 132-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "жезөкшелікпен," деген сөз алып тасталсын;

      16) мынадай мазмұндағы 132-1 және 273-1-баптармен толықтырылсын:

      "132-1-бап. Кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен
                  айналысуға тарту

      1. Кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту -
      үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Күш қолдану немесе күш қолданбақшы болып қорқыту, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе бүлдіру не алдау жолымен кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту -
      бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Мыналар:
      а) ұйымдасқан топ;
      б) жезөкшелікпен айналысуға тартқаны не притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны немесе жеңгетайлық жасағаны үшін бұрын сотталған адам;
      в) оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам жасаған нақ сол әрекет, -
      жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      "273-1-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері
                  бар материалдарды немесе заттарды жасау және
                  айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы
                  ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту

      1. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды тарату, жария көрсету немесе жарнамалау мақсатында жасау, сақтау немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу не тарату, жария көрсету немесе жарнамалау -
      порнографиялық материалдарды немесе заттарды, сондай-ақ оларды жасау немесе қайта көрсету құралдарын тәркілеп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Жасы он сегізге толған адамның порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін орындаушылар ретінде кәмелетке толмағандарды тартуы, -
      порнографиялық материалдарды және заттарды, сондай-ақ оларды жасау немесе қайта көрсету құралдарын тәркілеп, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
      а) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам жасаған;
      б) көрінеу жасы он төртке толмаған адамға қатысты жасалған;
      в) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер, -
      үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз порнографиялық материалдарды немесе заттарды, сондай-ақ оларды жасау немесе көшірмесін шығару құралдарын тәркілеп, бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2010 жылғы 12 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде және 2010 жылғы 13 қазанда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 38-баптың бірінші бөлігінде:
      "67-бабында" деген сөздер "67-бабының екінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот кәмелетке толмаған баланың жәбірленушімен татуласуына байланысты оны қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық істі тоқтатуға құқылы.";

      2) 192-баптың екінші бөлігінде:
      "122" деген цифрлардан кейін "124," деген цифрлармен толықтырылсын;
      "132-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)," деген сөздерден кейін "132-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
      "271-бабында (екінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "273-1-бабында," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 285-баптың екінші бөлігіндегі "124," деген цифрлар алып тасталсын;

      4) 290-1-баптың 2) тармағында:
      "120-бабында (екінші бөлігінің д) тармағында), 121-бабында (екінші бөлігінің д) тармағында)," деген сөздер "103 (екінші бөлігінің л) тармағында), 104 (екінші бөлігінің з) тармағында)," деген сөздермен ауыстырылсын;
      "132," деген цифрлардан кейін "132-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      5) 494-баптың екінші бөлігіндегі "кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие беру немесе емдеу-тәрбие беру мекемесіне" деген сөздер "ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 495-баптың бірінші сөйлеміндегі "немесе орташа ауырлықтағы қылмыс" деген сөздер ", орташа ауырлықтағы немесе ауыр қылмыс" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 664-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж. № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат):

      1) 30-баптың 1-3-бөлігі "бала асырап алу туралы;" деген сөздерден кейін "кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы;" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 289-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы;";

      3) мынадай мазмұндағы 33-1-тараумен толықтырылсын:

      "33-1-тарау. Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы істер бойынша іс жүргізу

      308-1-бап. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру
                 ұйымына және ерекше режимде ұстайтын ұйымға
                 орналастыру

      1. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы өтінішті баланың тұрғылықты (болатын) жері бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа қорғаншылық және қамқоршылық органы не ішкі істер органы береді.
      2. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы өтініште мән-жайлар баяндалуға және арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу үшін заңмен көзделген негіздердің бар екендігі туралы және кәмелетке толмаған баланың оны көрсетілген білім беру ұйымдарында ұстауға және оқытуға кедергі келтіретін ауруының жоқ екендігі туралы куәландыратын құжаттар ұсынылуға тиіс.

      308-2-бап. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру
                 ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға
                 орналастыру туралы өтінішті қарау

      1. Сотқа кәмелетке толмаған бала, оның заңды өкілдері, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері, сондай-ақ соттың қалауы бойынша өзге де адамдар шақырылады.
      2. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтінішті қарауға прокурордың қатысуы міндетті болып табылады.
      3. Өтініш беруші кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға жіберу туралы істі қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден босатылады.

       308-3-бап. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру
                  ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға
                  орналастыру туралы өтініш бойынша сот шешімі

      1. Судья кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтінішті мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша өтініш қабылданбайды не қанағаттандырылады.
      2. Өтінішті қанағаттандыру туралы шешім кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына не ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру үшін негіз болып табылады.
      3. Кәмелетке толмаған баланың арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына келу мерзімі шешім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.".

      4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; 2010 жылғы 12 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде және 2010 жылғы 13 қазанда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "76-бап. Тәрбиелік ықпал ету шаралары

      1. Кәмелетке толмаған балаға тәрбиелік ықпал етудің мынадай шаралары тағайындалуы мүмкін:
      1) заңды түсіндіру;
      2) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
      3) келтірілген зиянның есесін толтыру міндетін жүктеу;
      4) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған баланың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.
      2. Кәмелетке толмаған балаға бір мезгілде тәрбиелік ықпал етудің бірнеше шаралары тағайындалуы мүмкін.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдану мерзімі үш айға дейінгі уақытқа белгіленеді.
      4. Кәмелетке толмаған бала осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын жүйелі түрде орындамаған жағдайда, мамандандырылған мемлекеттік орган, егер осы Кодекстің 703-бабының 1-тармағында белгіленген ескіру мерзімі өтпеген болса, бұл шараның күшін жою және кәмелетке толмаған баланы әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін материалдарды сотқа ұсынады.";

      2) 111-бапта:
      бірінші бөлікте:
      "ескерту жасауға немесе" деген сөздер алып тасталсын;
      "беске дейінгі" деген сөздер "бестен онға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "айлық есептік көрсеткіштің алтыдан онға дейінгі" деген сөздер "жиырма айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 115-баптың бірінші бөлігіндегі "айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі" деген сөздер "елу айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) мынадай мазмұндағы 115-1-баппен толықтырылсын:

      "115-1-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы
                  заттар мен материалдарды сату

      1. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелерді немесе өзге де заттарды не материалдарды сату -
      эротикалық мазмұндағы заттары мен материалдарын тәркілей отырып, жеке адамдарға – он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      эротикалық мазмұндағы заттары мен материалдарын тәркілей отырып, жеке адамдарға – жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) 336-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "1-1. Жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға мас күйінде келуі, сондай-ақ олардың қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішуі –
      ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      екінші бөліктегі "бірінші бөлігінде" деген сөздер "бірінші және 1-1-бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктегі "бірінші бөлігінде" деген сөздер "бірінші және 1-1-бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 541-баптың 1-1-бөлігінің 2) тармақшасында:
      "115," деген цифрлардан кейін "115-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
      "327 (екінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "336 (1-1-бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацындағы "336 (үшінші бөлігі)" деген сөздер "336 (1-1 және үшінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат):

       541-баптың 14) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      "арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру туралы;".

      6. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
       14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Жасы он сегізге толмаған адамдарға эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуға тыйым салынады.".

      7. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша "заң актілеріне", "заң актілерінде", "заң актілерімен" деген сөздер тиісінше "заңдарына", "заңдарында", "заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспе "құқықтары мен" деген сөздерден кейін "заңды" деген сөзбен толықтырылсын;

      3) 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала;
      2) бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
      3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл балаларды әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетуді, өмірде қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар;
      4) баланы әлеуметтік оңалту – бала жоғалтқан әлеуметтік байланыстар мен функцияларды қалпына келтіру, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету ортасын толықтыру, оған қамқорлық жасауды күшейту жөніндегі іс-шаралар;
      5) баланың әлеуметтік бейімделуі – өмірде қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі;
      6) баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;
      7) баланы экономикалық жағынан қанау – бұл бала еңбегінің ең нашар нысандары, оның ішінде кәмелетке толмағандармен сауда жасау, оларды қылмыстық әрекетке немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға, жезөкшелікпен айналысуға, порнографиялық суреттер шығаруға немесе кәмелетке толмағандарды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту, сондай-ақ жұмысқа қабылдау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төменгі жастан кіші балалардың еңбегі;
      8) жетім бала – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;
      9) қамқоршылық – он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
      10) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
      11) мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар – мемлекет белгілеген әлеуметтік қызметтер көрсетудің, нормалар мен нормативтердің ең төменгі көлемін қамтитын, балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштер;
      12) мүгедек бала – тіршілік етуінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығына зақым келген он сегіз жасқа дейінгі адам;
      13) патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам (патронат тәрбиелеуші) жасасатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегі тәрбиенің нысаны;
      14) өмірде қиын ахуалға тап болған балалар – қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тіршілік етуі бұзылған және бұл мән-жайларды өз бетімен немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар.

      2-бап. Осы Заңның қолданылуы

      1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын бала, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
      2. Осы Заңның баланың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін нормаларының күші кәмелетке толғанға дейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық әрекетке қабілеттілігін толық көлемінде алған балаларға қолданылады.";

      4) 4-баптың 2-тармағындағы "Некеден және некесіз туған" деген сөздер "Некеден де және некесіз де туған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды.".

      6) 8-баптың 5-тармағы "және" деген сөзден кейін "дене бітімі мен психикасының" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы

      Әрбір бала туылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелуге тиіс. Туылған кезінен бастап оның аты, әкесінің аты және тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқығы, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқығы бар.";

      8) 14-бапта:
      2-тармақтағы "мекемелердегі" деген сөздер "ұйымдардағы, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген балалардың тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтауды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.";

      9) 16-бапта:
      3-тармақтағы "балалармен" деген сөз "қызметкерлермен" деген сөзбен, "еңбек қатынастарының" деген сөздер "олардың еңбегін реттеудің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Баланы оның денсаулығына қауіп төндіруі немесе білім алуына кедергі келтіруі не оның денсаулығына және дене бітімі, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген жұмысты орындауға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады.";

      10) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:

      "16-1-бап. Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы

      Әрбір баланың экономикалық қанаудан қорғалуға құқығы бар.";

      11) 21-баптағы "ата-анасын" деген сөздер "ата-анасын және басқа да жақын туыстарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары

      Әрбір бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарға ие.";

      13) 23-баптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      14) 27-бапта:
      1-тармақтағы "қорғаншы немесе қамқоршы белгіленеді" деген сөздер "қорғаншылық, қамқоршылық немесе патронат белгіленеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Аға-інілері және апа-сіңлілері бар балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген жағдайда, олардың бірге тұруы үшін жағдай жасалады.";

      15) 29-баптың 5-тармағының екінші сөйлемі "Ата-анасынан кәмелетке толғанға дейін айрылған жетім балаларға" деген сөздерден кейін "және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 39-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-бап. Баланы оның денсаулығына, имандылық және рухани
               жағынан дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау";

      17) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-бап. Баланы жезөкшеліктен қорғау

      Баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.";

      18) мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:

      "40-1. Баланы оның денсаулығына, имандылық және рухани жағынан
             дамуына зиян келтіретін өнімдер айналымына тарту
             іс-әрекеттерінен қорғау

      Баланы порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелерді, өзге де заттарды не материалдарды дайындауға, жарнамалауға, көпшілік алдында көрсетуге немесе таратуға тарту, сол сияқты оларды балаға сату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.";

      19) 7-тарау мынадай мазмұндағы 41-1-баппен толықтырылсын:

      "41-1-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау

      Қазақстан Республикасы, орындалу мақсаттарына, нысандары мен әдістеріне қарамастан, балаларды заңсыз алып кетудің, ұрлап әкетудің, олармен сауда жасаудың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ оларды тұрақты тұратын еліне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.";

      20) 42-бап алып тасталсын;

      21) 45-бапта:
      тақырыптағы "шешудің сот" деген сөздер "шешу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мәтінде:
      "жөніндегі іс-шараларды" деген сөздер "жөніндегі қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "іс-шараларды жүзеге асырушы" деген сөздер "өзге де қызметті жүзеге асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "заңдарында" деген сөз "заңында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      22) 46-баптағы "ресми басылымда" деген сөздер "ресми баспа басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 50-баптың 2-тармағындағы "Ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтару ата-ананың (олардың орнындағы адамдардың) балаларды тәрбиелеу мен күтіп-бағу міндеттерін тиісінше орындамауы," деген сөздер "Ата-аналардың (олардың орнындағы адамдардың) міндеттерін орындаудан жалтаруы, сондай-ақ міндеттерін тиісінше орындамауы," деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 95-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат):

      1) 6-баптың 6) тармақшасындағы "мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмаған адамдарға арналған арнаулы тәрбиелеу мекемелерінен" деген сөздер "арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 15-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "арнаулы тәрбиелеу мекемелерінен" деген сөздер "арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат: № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат):

      1) 13-бапта:
      4-тармақ "сот" деген сөздің алдынан "арнаулы білім беру ұйымы орналасқан жердегі" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтағы "белгіленген мерзімі" деген сөздер "белгіленген мерзімін" деген сөздермен, "жасаған жағдайда ұзартылуы мүмкін." деген сөздер "арнаулы білім беру ұйымы орналасқан жердегі сот ұзартуы мүмкін." деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде айқындалады.";

      2) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары

      1. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелері болып табылады және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
      2. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына тәрбиелеудің, оқытудың ерекше жағдайларын қажет ететін және арнаулы педагогикалық тәсілді талап ететін он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мынадай жағдайларда, егер олар:
      1) оларға қатысты қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту немесе қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылғаннан кейін қоғамға кауіпті әрекетті қайтадан жасаса;
      2) орташа ауыр немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталса және сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 81-бабында көзделген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатса, орналастырылады.
      3. Қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберудің орындылығы туралы шешімді ішкі істер органының ұсынысы бойынша сот қабылдайды.
      Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы ұсынысты ішкі істер органдары аталған кәмелетке толмаған балаға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы немесе оны қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап отыз тәулік ішінде сотқа жібереді.
      Ерекше жағдайларда бұл мерзім ішкі істер органы бастығының немесе прокурордың қаулысы негізінде отыз тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.
      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген материалдар оларды сотқа жіберу алдында кәмелетке толмаған балаға және оның заңды өкілдеріне танысу үшін ұсынылады.
      Мүдделі адамдар көрсетілген материалдармен танысқандығы туралы ұсынылған материалда тиісті жазба жасайды.
      5. Кәмелетке толмаған бала ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін.
      Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында ұстауға:
      1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарға қатысты – сот қаулысы;
      2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға қатысты – сот үкімі негіз болып табылады.
      Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуы адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ егер ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы әкімшілігінің ұсынысы негізінде сот кәмелетке толмаған бала өзінің түзелуі үшін осы шараны қолдануды бұдан былай қажет етпейді деген қорытындыға келген болса, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
      7. Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуының сот айқындаған мерзімі осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен, тек қана мынадай:
      1) кәмелетке толмаған баланың жалпы білім алу немесе кәсіби даярлығын аяқтау қажет болған жағдайда, бірақ ол кәмелетке толғанға дейін;
      2) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толғанға дейін қылмыстық белгілері бар қоғамға қауіпті әрекет жасаған жағдайда ұзартылуы мүмкін.
      8. Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы мәселені қарау кезінде прокурордың қатысуы міндетті.
      9. Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинауды ішкі істер органдары қамтамасыз етеді.
      10. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде айқындалады.
      Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарды жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде айқындалады.
      11. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының әкімшілігі:
      1) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағын күзетуді, тәрбиеленушілердің жеке қауіпсіздігін және олардың теріс әсерден барынша қорғалуын, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағына бөгде адамдардың еркін кіруін және одан тәрбиеленушілердің өз еркімен кетіп қалуын шектеуді, кәмелетке толмағандарды тәулік бойы, оның ішінде ұйқыға бөлінген уақытта байқау мен бақылауды, кәмелетке толмағандардың өздерін, олардың заттары мен ұйықтайтын үй-жайларын тексеріп қарауды қамтитын кәмелетке толмағандарды ұстаудың арнаулы жағдайларын қамтамасыз етеді;
      2) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына олардың өз еркімен кетіп қалу фактілері туралы хабарлайды және оларды іздестіру мен қайтаруға тікелей қатысады;
      3) кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан онда болу мерзімі аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірмей шығару туралы хабарламаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мінездемені және онымен жеке профилактикалық жұмысты одан әрі жүргізудің, оның жұмысқа орналасуына және тұрмыстық жағдайын жасауға көмек көрсетудің қажеттілігі туралы ұсынысты кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жібереді.
      12. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына өздерін көрсетілген ұйымдарда ұстауға және оқытуға кедергі болатын аурулары бар кәмелетке толмағандарды орналастыруға болмайды. Мұндай аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      13. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарын құру, олардың қызметін ұйымдастыру тәртібі және оларда кәмелетке толмағандарды ұстаудың шарттары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекіткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады.
      14. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.";

      3) 19-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы "жасаған" деген сөзден кейін ", әкімшілік жауаптылықтан немесе тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданыла отырып тағайындалған әкімшілік жазаны орындаудан босатылған;" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 19-1-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу;".

      2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің "Құрамында қылмыс белгілері бар, қоғамдық қауіпті әрекеттер жасаған балалар мен жасөспірімдерді арнаулы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберудің тәртібі туралы" 1993 жылғы 18 қазандағы Қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 17, 425-құжат).

      3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н. Назарбаев

Если Вы обнаружили на странице ошибку, выделите мышью слово или фразу и нажмите сочетание клавиш Ctrl+Enter

 

поиск по странице

Введите строку для поиска

Совет: в браузере есть встроенный поиск по странице, он работает быстрее. Вызывается чаще всего клавишами ctrl-F.