Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 26 қарашадағы № 356-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы үш жүз сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «244-1-бап. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуге салық салу»;

      2) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-1) және 41-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «19-1) инвестициялық алтын - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген, сәйкестікті растау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы берген, мұндай алтынның ұлттық немесе халықаралық сапа стандартына сәйкестігін растау жөніндегі сертификаты немесе өзге де құжаты бар, мынадай талаптарға сәйкес келетін алтын:
      алтын монеталар үшін:
      мұндай алтын монеталардың нумизматикалық құндылығы жоқ;
      алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының 1000 үлесіне 900 мыңдық үлеске тең немесе одан асатын (бұл 900-сынамаға, 900-промиллеге, 90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес).
      Бұл ретте, алтын монета мынадай талаптардың біріне сәйкес болған кезде оның нумизматикалық құндылығы бар деп танылады:
      1800 жылға дейін соғылған;
      «пруф» (proof) сапасында бетін айнадай етіп алуды қамтамасыз ететін технология бойынша соғылған;
      шығарылымының таралуы 1000 данадан аспайды;
      оның нарықтық бағасы монетадағы алтын құнының 80 пайызынан асады.
      Алтын монетаның нарықтық бағасы алтын монетаны өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингін (бағаның бағамдалуы) көрсетілген күнге белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту жолымен айқындалады;
      қалған алтын үшін:
      мұндай алтын құйма және (немесе) пластина нысанында жасалған;
      мұндай алтынның тазалығы лигатуралық массаның 1000 үлесіне 995 мыңдық үлеске тең немесе одан асатын (бұл 995-сынамаға, 995-промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес);»;
      «41-1) уәкілетті заңды тұлға - салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;»;

      3) 147-бапта:
      1-тармақтағы «15» деген цифрлар «20» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «10» деген цифрлар «15» деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4) 180-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы «бағалы қағаздарды» деген сөздерден кейін «, инвестициялық алтынды» деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 194-баптың 1) тармақшасындағы «15» деген цифрлар «20» деген цифрлармен ауыстырылсын;

      6) мынадай мазмұндағы 244-1-баппен толықтырылсын:

      «244-1-бап. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды
                  орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе
                  кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге
                  асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуге
                  салық салу

      1. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша айналымға нөлдік ставкамен салық салынады.
      Осы баптың ережелері халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін халықаралық әуежайларға қатысты қолданылады.
      2. Осы баптың мақсаттары үшін:
      1) кеден одағына мүше мемлекеттерді қоса алғанда, шет мемлекеттердің авикомпаниялары шетелдік авиакомпаниялар деп танылады;
      2) әуе кемесінің шет мемлекет шекарасын кесіп өтуі кезінде әуе кемесінің ұшуы халықаралық ұшу деп танылады;
      3) тасымалдауда немесе қайта тиеуде үзілістің болуына немесе болмауына қарамастан, тасымалдауды орындау кезінде жөнелту және межелі пункттері:
      екі немесе одан да көп мемлекеттің аумағында;
      егер екінші мемлекет аумағында аялдау көзделсе, бір мемлекет аумағында орналасқан әуемен тасымалдау халықаралық әуемен тасымалдау деп танылады.
      Егер жөнелту және межелі пункттері Қазақстан Республикасының аумағы болып табылса, осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасы үшінші абзацының ережесі қолданылмайды.
      3. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде нөлдік ставкамен салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
      1) тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде - әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты;
      тұрақты емес рейстерді жүзеге асыру кезінде - шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі).
      Бұл ретте, өтінімде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
      өзі тіркелген мемлекетті көрсете отырып, авиакомпанияның атауы;
      әуе кемесіне май құю үшін қажетті жанар-жағармай материалдарының болжамды мөлшері;
      әуе кемесінің болжамды қону күні.
      Форс-мажорлық жағдайлар салдарынан шетелдік әуе кемесі қонған кезде осы тармақшада көзделген өтінім толтырылмайды.
      Осы тармақшаның мақсаттары үшін:
      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген кестеге сәйкес орындалатын рейс тұрақты рейс деп танылады;
      тұрақты рейс айқындамасына кірмейтін рейс тұрақты емес рейс деп танылады;
      2) мынадай мәліметтер көрсетілуге тиісті шетелдік әуе кемесіне май құюға қойылатын талап:
      авиакомпанияның атауы;
      құйылған жанар-жағармай материалдарының мөлшері;
      әуе кемесіне май құйылған күн;
      әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және май құюды жүзеге асырған әуежайдың тиісті қызметі қызметкерінің қолдары;
      3) кеден одағына мүше мемлекеттерге жүзеге асырылатын халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды қоспағанда, халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік әуе кемелеріне май құю кезінде - кеден органының белгісі бар тауарлар тізбесі қоса берілетін көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар;
      4) әуежай өткізген жанар-жағармай материалдары үшін шетелдік авиакомпанияның ақы төлеу фактісін растайтын құжат;
      5) шетелдік әуе кемесіне май құю бойынша орындалған жұмыстардың актісі;
      6) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру фактісін және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның келісімімен уәкілетті орган бекіткен нысанда және тәртіппен өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бойынша) мөлшерін растайтын қорытындысы.»;

      7) 248-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-1) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған:
      қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде өткізілген инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын;
      қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде өткізілген инвестициялық алтынның жалпы құны мынадай:
      өткізілген инвестициялық алтынның салмағын
      өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингіне (бағаның бағамдалуы)
      көбейту
      өткізу күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына
      көбейту
      тәртібімен есептелген сомаларды жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын кезде инвестициялық алтынды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
      Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды:
      құймалар;
      пластиналар;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар нысанында өткізу кезінде қолданылады;»;

      8) 250-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) инвестициялық алтынды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында және (немесе) екінші деңгейдегі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған металл шоттары арқылы өткізу;»;

      9) 255-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы «тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «тауарлар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтыннан басқа, бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған:
      қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын;
      қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы құны мынадай:
      импортталған инвестициялық алтынның салмағын
      өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингіне (бағаның бағамдалуы)
      көбейту
      өткізу күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына
      көбейту
      тәртібімен есептелген сомаларды жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын кезде инвестициялық алтын импорты қосылған құн салығынан босатылады.
      Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды:
      құймалар;
      пластиналар;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар нысанында өткізу кезінде қолданылады.
      12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтын инвестициялық алтын импорты қосылған құн салығынан босатылады.»;

      10) 280-баптың 4-тармағында:
      бірінші абзацтағы «былайша» деген сөз «мынадай ставкалар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшада:
      14-жолдың 4-бағанындағы «1000 теңге» деген сөздер «1960 теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-жолдың 4-бағанындағы «600» деген цифрлар «1200» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      16-жолдың 4-бағанындағы «1220» деген цифрлар «2400» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      17-жолдың 4-бағанындағы «95» деген цифрлар «190» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      18-жолдың 4-бағанындағы «1220» деген цифрлар «2450» деген цифрлармен ауыстырылсын;

      11) 336-баптың бірінші бөлігіндегі кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«

Рет

Жылдық өндіру көлемі

Ставкалар,
%-бен

1

2

3

1.

250 000 тоннаға дейін қоса алғанда

5

2.

500 000 тоннаға дейін қоса алғанда

7

3.

1 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

8

4.

2 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

9

5.

3 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

10

6.

4 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

11

7.

5 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

12

8.

7 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

13

9.

10 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

15

10.

10 000 000 тоннадан жоғары

18

»;

      12) 339-баптың бірінші бөлігіндегі кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«

Рет


Пайдалы қазбалардың атауы

Ставкалар,
%-бен

1

2

3

4

1.

Қара, түсті және радиоактивті металдар кені

Хром кені (концентраты)

16,2

Марганец, темір-марганец кені (концентраты)

2,5

Темір кені (концентраты, окатыштар)

2,8

Уран (өнімді ерітінді, шахталық әдіс)

22,0

2.

Металдар

Мыс

5,7

Мырыш

7,0

Қорғасын

8,0

Алтын, күміс, платина, палладий

5,0

Алюминий

0,25

Қалайы, никель

6,0

3.

Құрамында металдар бар минералды шикізат
 

Ванадий

4,0

Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар

6,0

4.

Құрамында сирек кездесетін металдар бар минералды шикізат

Ниобий, лантан, церий, цирконий

7,7

Галлий

1,0

5.

Құрамында шашыраңқы металдар бар минералды шикізат

Селен, теллур, молибден

7,0

Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, таллий, гафний, рений, осмий

6,0

6.

Құрамында радиоактивті металдар бар минералды шикізат

Радий, торий

5,0

7.

Құрамында металл еместер бар минералды шикізат

Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар

0

Фосфориттер

4,0

Бор ангидриті

3,5

Барит

4,5

Тальк

2,0

Флюориттер

3,0

Воластонит

3,5

Шунгит

2,0

Графит және басқалар

3,5


Жарқырауық тас шикізаты:


8.

Құрамында қымбат бағалы тастар бар минералды шикізат

Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, анар, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалар

12,0

9.

Құрамында жасанды тастар бар минералды шикізат

Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалар

3,5

10.

Құрамында техникалық тастар бар минералды шикізат

Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, циркон, асбест, слюда және басқалар

2,0

»; 

      13) 365-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
      Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес осындай құрылымдық бөлімшеге тіркелген көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
      Бұл ретте, заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
      3-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы «егістікке» деген сөзден кейін «(шабындықтарға, жайылымдарға)» деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 367-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «367-бап. Салық ставкалары

      1. Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі: 

Рет

Салық салу объектісі

Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Двигателінің көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.):


1100-ге дейін қоса алғанда