Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (ӘЫК), Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 333-IV Заңы

      Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық, қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (ӘЫК), Болгария Республикасы мен Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы 2008 жылғы 16 қыркүйекте Брюссельде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Бір тараптан Қазақстан Республикасы
және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар
мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен
ынтымақтастық туралы келісімге (ӘЫК) Болгария Республикасы мен
Румынияның ӘЫК-ге қосылуы туралы
хаттамасының

      Осы хаттама мақсаттары үшін бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын, бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан, бұдан әрі «мүше мемлекеттер» деп аталатын Еуропалық Одақ Кеңесі ұсынған Бельгия Корольдігі, Болгария Республикасы, Чех Республикасы, Дания Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Эстон Республикасы, Грек Республикасы, Испания Корольдігі, Француз Республикасы, Ирландия, Италия Республикасы, Кипр Республикасы, Латыш Республикасы, Литва Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Венгрия Республикасы, Мальта Республикасы, Нидерланд Корольдігі, Австрия Республикасы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Словения Республикасы, Словак Республикасы, Финляндия Республикасы, Швеция Кородьдігі, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі,
      және бұдан әрі «Қоғамдастықтар» деп аталатын, Еуропадық Одақ Кеңесі мен Еуропалық Комиссия ұсынған
      Еуропалық экономикалық қоғамдастық және Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қоғамдастық,
      2005 жылғы 25 сәуірде Люксембургте қол қойылған және 2007 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін Бельгия Корольдігі, Болгария Республикасы, Чех Республикасы, Дания Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Эстон Республикасы, Грек Республикасы, Испания Корольдігі, Француз Республикасы, Ирландия, Италия Республикасы, Кипр Республикасы, Латыш Республикасы, Литва Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Венгрия Республикасы, Мальта Республикасы, Нидерланд Корольдігі, Австрия Республикасы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Словения Республикасы, Словак Республикасы, Финляндия Республикасы, Швеция Корольдігі. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі (Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер) және Болгария Республикасы мен Румыния арасындағы Болгария Республикасы мен Румынияның Еуропалық Одаққа кіруі туралы шарт талаптарын ескере отырып,
      ЕО-ға екі жаңа мүше мемлекеттің кіруі нәтижесінде туындайтын, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер мен міндеттерді көздейтін Қазақстан Республикасы және Еуропалық Одақ арасындағы қатынастардың жаңа сипатын назарға ала отырып,
      тараптардың Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің міндеттері мен қағидаттарына қол жеткізуді және орындауды қамтамасыз ету ниетіне орай,
      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      Болгария Республикасы мен Румыния 1995 жылғы 23 қаңтарда Брюссельде қол қойылған және 1999 жылғы 1 шілдеде күшіне енген, бір тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық орнататын әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі - «Келісім») қосылады және сол күні қол қойылған қорытынды актіге және 2006 жылы 1 маусымда күшіне енген 2004 жылғы 30 сәуірдегі Келісімге хаттамаға қоса берілетін Келісімнің, бірлескен мәлімдемелердің, хат алмасулардың және Қазақстан Республикасы декларациясының мазмұнын басқа да мүше мемлекеттер сияқты тиісінше бекітеді және назарға алады.

2-бап

      Осы хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

3-бап

      1. Осы хаттаманы мүше мемлекеттердің және Қазақстан Республикасы атынан қоғамдастықтар, Еуропалық Одақ Кеңесі өздерінің ішкі рәсімдеріне сәйкес бекітуі тиіс.
      2. Тараптар алдыңғы тармақта аталған тиісті рәсімдердің аяқталғаны туралы бір-бірін хабардар етуге міндеттенеді. Мақұлдаудың құралдары Еуропалық Одақ Кеңесінің Бас Хатшылығының жанында сақталатын болады.

4-бап

      1. Осы хаттама соңғы мақұлдау құралы өткізілген күннен бастап келесі бірінші айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.
      2. Осы хаттама 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне ену мерзіміне дейін уақытша қолданылады.

5-бап

      1. Келісімнің, қорытынды актінің және оларға қоса берілетін барлық құжаттардың мәтіндері, сондай-ақ 2004 жылғы 30 сәуірдегі Келісімге хаттамалар болгар және румын тілдерінде жасалады.
      2. Олар осы хаттамаға қоса берілетін және олардың басқа тілдерде орындалған Келісімнің, қорытынды актінің және оларға қоса беріліп отырған құжаттардың, сондай-ақ 2004 жылғы 30 сәуірдегі Келісімге хаттамалардың мәтіндерімен бірдей күші бар.

6-бап

      Осы Хаттама қазақ, болгар, чех, дат, голланд, ағылшын, эстон, фин, француз, неміс, грек, венгр, итальян, латыш, литва, мальта, поляк, португал, румын, словен, словак, испан және швед тілдерінде екі данада жасалды, олардың әрқайсысы бірдей болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады