Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 69-V Заңы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына пресс-релиз

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 24 ақпандағы тапсырмасын орындау үшін әзірледі, оған Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 15 қаңтарда қол қойды.
      Заң Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери-әкімшілік жүйесін еліміздің әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекарасы шегінде Өңірлік қолбасшылықтар құру арқылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұйымдастырушылық құрылымына ұқсас жетілдіруге бағытталған.
      Атап айтқанда, Заңда жедел-аумақтық әскери басқару органы ретінде Өңірлік қолбасшылықтың мәртебесін және оның қолбасшысының өкілеттігін айқындау, Ішкі әскерлер комитетін жедел-стратегиялық әскери басқару органы ретінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті етіп қайта құру, сондай-ақ көрсетілген толықтыруларға байланысты бірқатар нақтылаушы түзетулер көзделеді.
      Заңды іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын қажет етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға алып келмейді.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз