Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 71-V Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат):
      285-бапта:
      7-бөліктегі «Шекара қызметiнiң органдары» деген сөздер «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-1-бөліктегі «шекара қызметi органы» деген сөздер «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар;  011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      393-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «393-бап. Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқаруымен байланысты оның заңды өкіміне немесе талабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға қатысатын адамдардың заңды талабына бағынбау»;
      2) 393-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «393-бап. Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының
                Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді
                атқаруымен байланысты оның заңды өкіміне немесе
                талабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
                Мемлекеттік шекарасын қорғауға қатысатын адамдардың
                заңды талабына бағынбау
      Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқаруымен байланысты оның заңды өкіміне немесе талабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға қатысатын адамдардың заңды талабына бағынбау –
      айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.».
      3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      276-6-баптың 2-тармағы бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон көшірмесінің) негізінде айқындалады, оның нысанын және ұсыну тәртібін уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесе отырып белгілейді. Салықтық әкімшілендіру мақсатында уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметтерді бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы беру жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастырады;».
      4. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат):
      28-баптың үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының шекара қызметi органдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiне» деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат):
      1) 2-баптың 1-тармағында:
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету;»;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.»;
      2) 12-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;»;
      3) 17-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «5, 7» деген цифрлар «5, 6» деген цифрлармен ауыстырылсын.
      6. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат):
      6-баптың 2-тармағындағы «салық, кеден және шекара қызметтерi, қаржы полициясы мен әскери полиция органдары» деген сөздер «салық қызметі, кеден қызметі, қаржы полициясы мен әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi» деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      3-баптың 2-тармағындағы «шекара қызметінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің» деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
      10-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «шекара қызметінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің» деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат):
      33-баптың 2-тармағындағы «шекара қызметi органдарына» деген сөздер «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiне» деген сөздермен ауыстырылсын.
      10. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат):
      1) 8-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру тәртібі сыртқы барлау субъектiлерiнiң және сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі;»;
      2) 9-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін арнаулы байланыс түрлерімен жарақтандыру, инженерлік-техникалық қорғалуын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің техникалық арналар арқылы таралып кетуін болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;».
      11. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат):
      6-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері қызметін осы Заңның 7151922242937-баптарында56 және 9-тарауларында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңнамасына сәйкес өткереді.».
      12. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат):
      1) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
      «22-1-бап. Әскери қызметшілерді аттестаттау
      1. Қарулы Күштердің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін аттестаттау Әскери қызмет өткеру қағидаларымен айқындалады.
      2. Қарулы Күштердің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттау оның тәртібін, мерзімдерін және аттестатталатын әскери қызметшілердің санаттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізіледі.
      Кезектен тыс аттестаттаудың қорытындылары бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқаратын лауазымына сай келеді және жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылады;
      2) атқаратын лауазымына сай келеді;
      3) атқаратын лауазымына сай келмейді және лауазымын төмендетуге ұсынылады;
      4) атқаратын лауазымына сай келмейді және ротациялауға ұсынылады;
      5) атқаратын лауазымына сай келмейді және қызметтен шығаруға ұсынылады.
      Кәсіби жарамдылықты айқындау бойынша нормативтерді тапсырмаған және тестілеу кезінде шектi мәннен төмен баға алған жағдайда, аттестаттау комиссиясы осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
      Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себеппен екі рет келмей қалған әскери қызметшілер осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылуға ұсынылады.
      Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген және (немесе) өзге де лауазымдарда, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда әскери қызметін жалғастырудан бас тартқан әскери қызметшілер осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылуға жатады.»;
      2) 26-баптың 1-тармағы 13) тармақшасының он үшінші абзацындағы «айқындалған жағдайлар әскери қызметшілерді қызметтен шығару үшін негіздер болып табылады.» деген сөздер «айқындалған жағдайлар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      «14) аттестаттау қорытындылары бойынша қызметіне сай келмеу әскери қызметшілерді қызметтен шығару үшін негіздер болып табылады.»;
      3) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әскерге шақыру комиссиялары осы Заңның 16-бабында айқындалған құрамда, жергіліктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша әскерге шақыруды өткізу кезеңiне құрылады.
      Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы басшысының орынбасары кіреді.
      Әскерге шақыру комиссияларының құрамына өзге де мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкiлдерi де кiруi мүмкiн. Комиссиялардың сан құрамы тақ болуға тиiс.
      Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу кестесін жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.».
      2-бап. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 311 және 12-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады