Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 89-V Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат):
      1) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
       «34-бап. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар
      1. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнына олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстар кіреді.
      2. Бюджеттік бағдарламалардың атауларында жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің мазмұны және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету немесе мемлекеттік орган қызметінің бағыттары көрсетілуге тиіс.
      3. Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауы мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылады.»;
      2) 45-баптың 6-тармағындағы «, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң бекiтiлген стандарттары» деген сөздер алып тасталсын;
      3) 53-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.»;
      4) 54-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
       «4. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.»;
      5) 55-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.»;
      6) 56-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.»;
      7) 68-баптың 4-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттiк өтiнiмдерiн олардың Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға сәйкестiгi тұрғысынан;».
      2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
      88-баптың 6-тармағындағы «электрондық мемлекеттiк қызметтердi» деген сөздер «электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 3, 15-құжат):
      50-баптың 4-тармағының 6) және 8) тармақшалары «сенімхат» деген сөзден кейін «немесе сот шешімі» деген сөздермен толықтырылсын.
      4. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат;
№ 15, 97-құжат):
      3-баптың 3-тармағында:
      1-3) және 1-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт;
      1-4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;»;
      1-5) тармақша алып тасталсын.
      5. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
      1) кіріспедегі «, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметке» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 1-баптың 2-2, 2-3, 2-52-62-72-82-9 және 2-10-тармақтары алып тасталсын;
      3) 2-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «органдарының;» деген сөз «органдарының қызметінде қолданылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақшасы алып тасталсын;
      4) 3-баптың тақырыбындағы «принциптері» деген сөз «қағидаттары» деген сөзбен, 11) тармақшасындағы «тиімділік;» деген сөз «тиімділік қағидаттарына негізделеді.» деген сөздермен ауыстырылып, 12) тармақшасы алып тасталсын;
      5) 9-1-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-1-бап. Регламент, мемлекеттік орган және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ереже»;
      23 және 4-тармақтар алып тасталсын;
      6) 15-1-бап алып тасталсын;
      7) 15-2-баптың 5-тармағы алып тасталсын.
      6. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат; 2011 ж., № 21, 171-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат):
      5-бап мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;».
      7. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
      1) 27-бапта:
      4-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, жоғарыда аталған құжаттарға – заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім болмаған кезде – неке қию (ерлi-зайыпты болу) туралы куәлiктiң көшiрмесі не қамқоршылық және қорғаншылық органы шешімінің көшірмесі немесе кәмелет жасына толмаған адамды толығымен іс-әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмiнің көшірмесі қоса берiледi.»;
      4-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы бапта көзделген мемлекеттік тіркеуден бас тарту негіздері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.»;
      2) 28-баптың 5-тармағының бірінші абзацындағы «негіздемелерден» деген сөз «негіздерден» деген сөзбен ауыстырылып, 1) тармақшасы «қабілетсіз» деген сөзден кейін «, әрекет қабілеті шектеулі» деген сөздермен толықтырылсын.
      8. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 1-бапта:
      2) тармақшадағы «мемлекеттік орган» деген сөздер «орталық мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      38) тармақша алып тасталсын;
      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «39) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер – ақпараттық технологиялар қолданыла отырып көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер;»;
      40) тармақша алып тасталсын;
      43) тармақшадағы «электрондық мемлекеттiк қызметтер көрсетуге» деген сөздер «электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 5-бапта:
      12-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-1) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесiнiң ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидаларын бекiту;»;
      18) және 19) тармақшалар алып тасталсын;
      3) 6-бапта:
      14)24) және 29) тармақшалар алып тасталсын;
      «30-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн «жалғыз терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру;» деген сөздер алып тасталсын;
      30-2) және 30-3) тармақшалар алып тасталсын;
      4) 12-баптың 3-тармағындағы «электрондық» деген сөз «электрондық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «29-бап. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
      1. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер олардың көрсетiлу түрлерi бойынша – ақпараттық, интерактивтiк және транзакциялық болып, автоматтандыру дәрежесi бойынша толық автоматтандырылған және iшiнара автоматтандырылған болып бөлiнедi. Қызмет көрсету процесінде қағаздағы құжат айналымын болғызбайтын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттiк қызмет толық автоматтандырылған мемлекеттiк көрсетілетін қызмет болып табылады. Қызмет көрсету процесінде қағаздағы және электрондық құжат айналымының реттiлiгiн қамтитын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттiк қызмет iшiнара автоматтандырылған мемлекеттiк көрсетілетін қызмет болып табылады.
      2. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттiк қызметті алуға өтiнiшi пайдаланушылардың сауал салуы негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қазақ және орыс тiлдерiнде жүзеге асырылады.».
      9. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат):
      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау мерзімдері «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.»;
       2) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша келіп түскен өтініштері есепке алуға жатпайды.».
      10. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» 2007 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
      20-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
       «құқық иеленушінің жазбаша келісімімен, оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жiбередi;».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                Н.НАЗАРБАЕВ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады