Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қазақстан - Қытай" мұнай құбырын дамыту және пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 17 қазандағы № 136-V Заңы

2013 жылғы 17 қазандағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қазақстан - Қытай" мұнай құбырын дамыту және пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына баспасөз-релизі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қазақстан - Қытай» мұнай құбырын дамыту және пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) 2012 жылғы 8 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылды.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Келісімге қол қоярда, Атырау-Кеңқияқ-Құмкөл-Атасу-Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлар жүйесін құру жобасының сәтті іске асырылып жатқанын назарға алды.
      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қазақстан - Қытай» мұнай құбырын дамыту және пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі - Заң) әзірленді және 2013 жылғы 17 қазанда Мемлекет басшысы қол қойды.
      1. Келісімнің негізгі мақсаты - Қазақстан - Қытай мұнай құбырының өткізу қабілетін ұлғайту және де Қытай Халық Республикасы бағытында мұнайды экспорттау кезінде барлық қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін тартымды жағдай жасау арқылы қазақстандық мұнайды Қытай Халық Республикасына жеткізу тұрақтылығын қамтамасыз ету.
      2. Келісім «Қазақстан - Қытай» мұнай құбырының өткізу қуаттылығын ұлғайту мақсатында оны дамыту және пайдалану жөніндегі жобаны іске асырудың тетіктері мен шарттарын айқындайды, оның негізгі ережелері болып табылады:
      - мұнайдың «Қазақстан - Қытай» мұнай құбыры жүйесіне кіру нүктесінен тәуелсіз бірыңғай желілік тарифті орнату. Бұл ретте мұнайды ішкі нарыққа жеткізу тарифі ҚР уәкілетті мемлекеттік органдарымен бекітілетін болады және экспорттық тарифтен аспауы тиіс;
      - мұнайды сатып алу - сату шарттары бойынша бағалардың деңгейі мұнай баррелінің - көлемін өлшем бірліктерінде мұнайдың халықаралық бағасын белгілеу негізінде анықталады және ҚР мен ҚХР шекарасында бірыңғай болады. Бұл ретте қытай тарапы қазақстандық жүк жөнелтушілерге осы бағалардың тартымдылығын қамтамасыз етеді;
      - 2004 жылғы 17 мамырдағы ҚР Үкіметі және ҚХР Үкіметі арасындағы мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімде қарастырылған қажетті ресурстік база қамтамасыз етілген жағдайда, 2013 жылы Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 20 млн. тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда;
      - тараптармен ҚХР аумағында қазақстан мұнайымен толлингтік операцияларды жүргізуді қолдау.
      3. Бұдан басқа мұнайды магистральдық құбырларымен тасымалдау бойынша экономикалық қызмет мемлекет бюджетіне едәуір түсімді қамтамасыз етеді. Заңды қабылдау:
      - Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің әлеуетін тиімді дамытуға;
      - қазақстандық мұнайдың Павлодар мұнай өңдеу зауытына жеткізілуін, сондай-ақ ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толықтыру арқылы Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
      - Павлодар және Шымкент қалаларындағы мұнай өңдеу зауыттарының қуаттылығын арттыруға;
      - Қазақстан Республикасының аумағы арқылы мұнайдың транзиті үшін құбырлардың қуаттылығын пайдалануға;
      - «Қазақстан - Қытай» мұнай құбырын дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын ашуға;
      - Қытай аумағында толлинг тәртібімен мұнайды өңдеу есебінен ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толықтыруды қамтамасыз етуге;
      - ресустардың жетіспеушілігі жағдайында Қытайға экспортталынатын мұнайды өңдеу үшін ішкі нарыққа кері бағыттауға мүмкіндік береді.
      Заңды іске асыру жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз