Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 161-V ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат):
      174-баптың бірінші бөлігіндегі «Жұмысын қалпына келтіру», «мемлекеттік қызметшілердің» деген сөздер тиісінше «Жұмысқа қайта алу», «мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде комиссиялардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат, № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2013 жылғы 14 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      167-бапта:
      бірінші, алтыншы, 6-3 және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық, аукциондық құжаттамада не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін айқындайтын сипаттамаларға сілтеме арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу -
      лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      «6. Әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) олар тартатын қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) конкурстық не аукциондық құжаттамада Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу -
      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      «6-3. Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігерлерді (бірлескен орындаушыларды) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманың талаптарына сай емес деп негізсіз тану -
      лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      «8. Мынадай:
      өнім берушілер өздерімен жасасылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған;
      жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушілерді, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      ескертуде:
      төртінші, алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «үшінші бөлікте – тапсырыс берушінің бірінші басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның міндетін атқаратын адамды;»;
      «алтыншы бөлікте – тапсырыс берушінің бірінші басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның міндетін атқаратын адамды;»;
      «сегізінші және тоғызыншы бөліктерде – тапсырыс берушінің бірінші басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның міндетін атқаратын адамды;
      6-3-бөлікте – конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық не аукциондық комиссияның мүшелерін;».
      3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      68-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте, бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисап кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;»;
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте, бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисап кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;».
      4. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      64-бапта:
      4-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      7-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «құжаттамасын;» деген сөз «құжаттамасын бекіту үшін негіз болып табылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын.
      5. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат):
      1) 1-бапта:
      2) тармақша «мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақша алып тасталсын;
      12) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) конкурстық комиссия – осы Заңда көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы құратын алқалы орган;»;
      «18) мемлекеттік сатып алу – мыналарды:
      жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша сатып алынатын қызметтерді;
      кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын қызметтерді;
      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырманы және оны орындау шеңберінде сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді;
      жарналар (салымдар) енгізуді, оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізуді қоспағанда, осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы;»;
      мынадай мазмұндағы 19-1), 19-2), 19-3) және 24-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «19-1) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы;
      19-2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі – әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тиісті комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті іс-шаралар кешені;
      19-3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға не өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше;»;
      «24-1) мемлекеттік сатып алу туралы электрондық шарт – электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған және мемлекеттік сатып алу веб-порталында жасасылатын электрондық-цифрлық нысандағы мемлекеттік сатып алу туралы шарт;»;
      25)26) және 27) тармақшалар алып тасталсын;
      30) және 31) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «30) сараптама комиссиясы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеуге қатысу және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін, сондай-ақ тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктерін) айқындау үшін сарапшыларды тарта отырып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші құратын алқалы орган;
      31) сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеуге қатысу және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін, сондай-ақ тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктерін) айқындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы не тапсырыс беруші тартатын, өткізілетін мемлекеттік сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға;»;
      мынадай мазмұндағы 33-1), 33-2), 33-3) және 34-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «33-1) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқоры – мемлекеттік сатып алу веб-порталының бір бөлігі болып табылатын, мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қалыптасқан ең төменгі, орташа және ең жоғарғы бағалар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық кіші жүйе;
      33-2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) – өзінің бірегей коды бар, мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жүйеленген тізбесі;
      33-3) ұлттық режим – егер мұндай режимді ұсыну туралы талап Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленсе, шетелде шығарылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілердің отанымызда шығарылатын тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен және осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілермен тең шарттарда мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат беруді көздейтін режим;»;
      «34-1) үздік техникалық ерекшелік – өз сипаттамалары бойынша тапсырыс беруші мәлімдеген техникалық және сапалық сипаттамалардан асып түсетін, тапсырыс беруші үшін қажетті сатып алынатын тауарлардың (қызметтердің) сипатын қамтитын техникалық ерекшелік;»;
      2) 3-баптың тақырыбындағы «принциптері» деген сөз «қағидаттары» деген сөзбен ауыстырылып, 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерге қолдау көрсету қағидаттарына негізделеді.»;
      3) 4-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) банк қызметімен байланысты қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;
      31) және 31-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «31) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерінен сатып алуы;
      31-1) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес өзі оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан, мұндай сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында көзделген жағдайларда, сатып алуы;»;
      мынадай мазмұндағы 31-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «31-3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес өзі оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан мұндай мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы бойынша сатып алуы;»;
      37) және 51) тармақшалар алып тасталсын;
      53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «53) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті ұйымның мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;»;
      56) және 59) тармақшалар алып тасталсын;
      64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «64) театрдың, филармонияның, мұражайдың және мәдени-демалыс ұйымының сахналық көрсетілімдерді жүзеге асыру және көпшілік алдында өнер туындыларын орындау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;»;
      мынадай мазмұндағы 65), 66) және 67) тармақшалармен толықтырылсын:
      «65) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғадан сатып алу;
      66) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган не оның ведомстволары Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
      67) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.»;
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу осы Заңның 3-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу қағидаты сақтала отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 1-тармағының 5)6)9-1), 11-1), 13)21-1)21-2)33-1)38)48)53)55)64), 66) және 67) тармақшаларының ережелері мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»;
      4) 5-бапта:
      3-тармақта:
      екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қосылған құн салығын есепке алмай, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомаларды қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;»;
      үшінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 79-бабының», «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 154-бабының 2-тармағы» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 79-бабы», «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің  153-бабының 7-тармағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.»;
      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тиісті бюджет бекітілгенге дейін екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізетін жағдайда ғана қабылдауға құқылы.»;
      5) 7-бапта:
      3-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орындайды;
      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындауға құқылы;
      3) тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен үлестес тұлғалар үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы;
      4) тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындауға құқылы;
      5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға қатысты құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалар үшін ол мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.»;
      6-тармақ алып тасталсын;
      6) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      «7-1-бап. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай
                ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды жүзеге
                асыру ерекшеліктері

      1. Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды мынадай кезегімен келетін кезеңдерді сақтай отырып өткізеді:
      1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырманы ұсынуы;
      2) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс беруші ұсынған, электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі;
      3) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық не аукциондық комиссияның құрамын айқындауы және бекітуі.
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы айқындайтын және бекітетін конкурстық не аукциондық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің өкілдері де кіреді, бұл ретте:
      осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін жағдайда, конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы айқындалуға тиіс;
      осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін жағдайда, конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасы болып тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі айқындалуға тиіс;
      4) қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуі;
      5) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыруы;
      6) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушіге мәліметтері мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жіберуі;
      7) конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындауы;
      8) тапсырыс берушінің жеңімпазбен мемлекеттік сатып алу туралы шартты осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама негізінде жасасуы.
      2. Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруы және өткізуі осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      7) 8-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынады.»;
      7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленеді.»;
      8) 9-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) ұсынбауы;»;
      9) 10-бапта:
      тақырыптағы және 1-тармақтағы «дұрыс емес» деген сөздер «анық емес» деген сөздермен ауыстырылып, 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Әлеуетті өнім беруші ұсынатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттың анықтығын тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтауы мүмкін.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «дұрыс емес» деген сөздер «анық емес» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осындай факті анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсынған әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа қуыным беруге міндетті.»;
      10) 11-баптың 4-тармағында:
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2)3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінуге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінуге міндетті.»;
      11) 13-бапта:
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекітеді;»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын, тауарларды мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын, жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын бекітеді;»;
      19) және 24) тармақшалар алып тасталсын;
      24-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «24-3) конкурстың не аукционның қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге тапсырыс берушілер бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы тұтынылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесін бекітеді;»;
      25) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен» деген сөздер «Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 14-баптың бірінші бөлігінде:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындайды;»;
      9) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану тәртібін айқындайды;»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысының техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу тәртібін айқындайды;»;
      13) 14-1-бапта:
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) мемлекеттік сатып алу саласындағы есептілікті техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;»;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) анықтамалықты енгізе отырып, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын енгізуді және сүйемелдеуді жүзеге асырады.»;
      14) 15-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, аукциондық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы;»;
      4) тармақшадағы «тұлғалар бақылау объектілері болып табылады.» деген сөздер «тұлғалар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор бақылау объектілері болып табылады.»;
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның, аукциондық комиссияның, сараптама комиссиясының, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымданумен әлеуетті өнім беруші, конкурсқа не аукционға қатысушы, өнім беруші не олардың уәкілетті өкілі жазбаша өтініш бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 45-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады;»;
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) міндеттемелері толық көлемде және тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасасылған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінеді.»;
      15) 16-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Құрылыс бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада құрылыспен тығыз байланысты жұмыстарды және құрылыспен байланысты емес тауарларды лоттарға бөлуге міндетті.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп айқындалған және конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар деп таныған әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысады.
      Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде өтпеді деп есептеледі:
      1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;
      2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінімнің ұсынылуы;
      3) конкурсқа қатысуға бір де бір әлеуетті өнім берушіге рұқсат берілмеуі;
      4) конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім берушіге рұқсат берілуі;
      5) конкурсқа қатысушылар ұсынған конкурстық баға ұсыныстарының болмауы;
      6) конкурсқа қатысушылардың екеуден аз конкурстық баға ұсынысын ұсынуы;
      7) осы Заңның 26-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екеуден аз конкурстық баға ұсынысының бағалануға және салыстыруға жатқызылуы;
      8) конкурс жеңімпазының мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруы.»;
      16) 17-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігінің 2)8)13)14)15) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт болған кезде оны көрсете отырып, ал қажет болған кезде нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, техникалық ерекшеліктер қамтылуға тиіс.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс;»;
      «8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бағаларынан басқа, қосылған құн салығының сомасы шегеріле отырып, оларды тасымалдау мен сақтандыру шығыстарын, кедендік баждарды, салықтар мен алымдарды, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды төлеуді көрсету;»;
      «13) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың тәртібі, тәсілі мен соңғы мерзімі және конкурсқа қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданыс мерзімі;
      14) әлеуетті өнім берушілер олардың көмегімен конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсіндірулер сұрата алатын тәсілдер;
      15) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні және уақыты;
      16) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімдерінің сипаты;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы немесе мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай критерийлерді:
      1) әлеуетті өнім берушіде:
      өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің;
      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларға ерікті сертификаттау жүргізілгенін растайтын құжаттың;
      ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);
      ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың болуын;
      2) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шығыстарды көздеуге міндетті.»;
      5 және 5-1-тармақтар алып тасталсын;
      6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.»;
      17) 1819 және 20-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «18-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге
               асыру туралы хабарлама

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынуының соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға міндетті.
      Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыратын жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға міндетті.

      19-бап. Конкурстық құжаттаманы ұсыну

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бекітілген конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялау арқылы мүдделі тұлғаларға конкурстық құжаттаманы ұсынады.
      Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға тілек білдірген тұлғалар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркеледі.

      20-бап. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру

      1. Осы Заңның 19-бабына сәйкес өздері туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауалмен өтініш жасауға құқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал конкурстық құжаттамада көрсетілген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға жіберілуге тиіс.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сауалдың кімнен келіп түскенін көрсетпестен, конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтінін жариялауға міндетті.
      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күні өткенге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасы бойынша немесе осы Заңның 19-бабына сәйкес өздері туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалардың сауалына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Заңның 17-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Заңның 19-бабына сәйкес өздері туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жіберуге міндетті.
      Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартылуға тиіс»;
      18) 21-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылуға тиісті мәліметтер, сондай-ақ құжаттар электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалады.»;
      19) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «22-бап. Конкурсқа қатысуға өтінім ұсыну

      1. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға оны ұсынудың конкурстық құжаттамада көрсетілген соңғы мерзімі өткенге дейін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында ұсынады.
      Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі:
      1) әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға бұрын өтінім берген;
      2) конкурсқа қатысуға өтінім мемлекеттік сатып алу веб-порталына осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;
      3) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3)3-1)3-2) және  4)тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу веб-порталының автоматты түрде қабылдамауына жатады.
      2. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілер берген өтінімдер мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық тіркеу журналында автоматты түрде тіркеледі.
      3. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:
      1) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
      2) конкурсқа қатысуға өзі енгізген өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.
      Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, сол сияқты оны кері қайтарып алуға жол берілмейді.
      4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдердің конкурстық құжаттамада белгіленген қолданыс мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, әлеуетті өнім берушілерден олардың қолданыс мерзімін нақты уақыт кезеңіне ұзартуды сұратуға құқылы. Әлеуетті өнім беруші:
      1) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданыс мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;
      2) конкурсқа қатысуға өзі енгізген өтінімді қамтамасыз етуді мұндай өтінімнің қолданыс мерзімі өткеннен кейін қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, мұндай сауалды қабылдамауға құқылы.
      5. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға өзінің қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы, электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына қарамастан, мұндай шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді мойнына алмайды.»;
      20) 23-бап алып тасталсын;
      21) 23-1-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) конкурсқа қатысушы деп танылған, осы Заңның 26-1-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес конкурстық баға ұсынысын ұсынбаған әлеуетті өнім берушіні қоспағанда, конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде ұсынбаған не кері қайтарып алған;»;
      22) 24-бап алып тасталсын;
      23) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «25-бап. Жұмыстар бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді
               қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру

      1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды конкурсқа қатысушылар деп тану мақсатында жүзеге асырады.
      2. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды.
      3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
      Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.
      Бұл ретте:
      1) мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің нәтижелеріне мүдделі;
      2) тапсырыс берушімен, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарымен не әлеуетті өнім берушілермен еңбек қатынастарында байланысты;
      3) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарының бірінші басшыларының жақын туысы болып табылатын адам сарапшы бола алмайды.
      Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген талаптарға сай келетін сарапшылар болмаған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сарапшы ретінде жұмыс істеу үшін тиісті бейіндегі мемлекеттік қызметшілерді не сатып алынатын жұмыстарға мамандығы сәйкес келетін өзге мамандарды тартады. Мемлекеттік қызметшілер сарапшылар ретінде өтеусіз негізде тартылады, ал өзге мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтеусіз де негізде тартылады.
      Конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беруге құқығы жоқ.
      Ақылы негізде сарапшылар ретінде тартылатын адамдарды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмеуі нысанасына конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмеуі туралы себептер көрсетілген ақпарат қамтылуға тиіс.
      Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келген жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделмейді.
      5. Конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.
      6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау кезінде конкурстық комиссия:
      1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;
      2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірудің осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтырудан, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес кептіруден көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сауал жіберуіне және өзге де әрекеттеріне жол берілмейді.
      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінім мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
      7. Әлеуетті өнім берушіге осы баптың 5-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіргеннен кейін, егер:
      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған негіздер бойынша біліктілік талаптарына сай келмейді деп айқындалса;
      2) ол осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
      3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейді деп айқындалса, конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).
      8. Егер әлеуетті өнім берушіге осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат берілмесе, онда:
      1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамаудың негіздемелері көрсетіледі;
      2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуге жатады.
      9. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау нәтижелері бойынша:
      1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды;
      2) конкурсқа қатысушыларға осы Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәндерін қолданады;
      3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
      Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу лоттардан тұратын болса, онда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушылар көрсетіледі. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы жалпы хаттаманы онда әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушыларды көрсету шартымен ресімдеуге жол беріледі.
      10. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы өтінімдері осы Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес электрондық тіркеу журналында автоматты түрде тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, оған қол қойылған күні мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялайды.
      11. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешіміне осы Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.»;
      24) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:

      «25-1-бап. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша
                 конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау,
                 конкурсқа қатысуға рұқсат беру

      1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптарына, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау, оның ішінде үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындау бөлігінде және оларды конкурсқа қатысушылар деп тану мақсатында жүзеге асырады.
      Үздік техникалық ерекшелік ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын бағалау негізінде айқындалады.
      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау және үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындау үшін сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
      Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау және үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.
      Бұл ретте:
      1) мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің нәтижелеріне мүдделі;
      2) тапсырыс берушімен, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарымен не әлеуетті өнім берушілермен еңбек қатынастарында байланысты;
      3) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарының бірінші басшыларының жақын туысы болып табылатын адам сарапшы бола алмайды.
      Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген талаптарға сай келетін сарапшылар болмаған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сарапшы ретінде жұмыс істеу үшін тиісті бейіндегі мемлекеттік қызметшілерді не сатып алынатын тауарлар мен қызметтерге мамандығы сәйкес келетін өзге мамандарды тартады. Мемлекеттік қызметшілер сарапшылар ретінде өтеусіз негізде тартылады, ал өзге мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтеусіз де негізде тартылады.
      Конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беруге құқығы жоқ.
      Ақылы негізде сарапшылар ретінде тартылатын адамдарды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды.
      4. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмеуі нысанасына конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмеуі туралы себептер көрсетілген ақпарат қамтылуға тиіс.
      Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келген жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделмейді.
      Бұл ретте, үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындай отырып, конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы ресімделеді.
      5. Конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.
      6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау кезінде конкурстық комиссия:
      1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;
      2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірудің осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтырудан, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруден көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сауал жіберуіне және өзге де әрекеттеріне жол берілмейді.
      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінім мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
      7. Әлеуетті өнім берушіге осы баптың 5-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіргеннен кейін, егер:
      1) ол және (немесе) оның бірлескен орындаушысы осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған негіздер бойынша біліктілік талаптарына сай келмейді деп айқындалса;
      2) ол осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
      3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейді деп айқындалса, конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).
      8. Егер әлеуетті өнім берушіге осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат берілмесе, онда:
      1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамаудың негіздемелері көрсетіледі;
      2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуге жатады.
      9. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау нәтижелері бойынша:
      1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;
      2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді), оның ішінде сараптама комиссиясының (сарапшының) қорытындысын ескере отырып, айқындайды;
      3) конкурсқа қатысушыларға осы Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәндерін қолданады;
      4) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
      Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу лоттардан тұратын болса, онда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушылар көрсетіледі. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы жалпы хаттаманы онда әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушыларды көрсету шартымен ресімдеуге жол беріледі.
      10. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы өтінімдері осы Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес электрондық тіркеу журналында автоматты түрде тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, оған қол қойылған күні мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялайды.
      11. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешіміне осы Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.
      12. Үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) оның (олардың) болмауына байланысты айқындау мүмкін болмаған жағдайда, тапсырыс беруші мәлімдеген функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының сипатына сәйкес келетін техникалық ерекшеліктер қарауға жатады.»;
      25) 26-бап алып тасталсын;
      26) 26-1-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысуға рұқсат берілген (конкурсқа қатысушы деп танылған) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталына конкурстық баға ұсынысын беруге тиіс.
      Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысуға рұқсат берілген (конкурсқа қатысушы деп танылған) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталына осы Заңның 25-1-бабының 4-тармағына сәйкес алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделген техникалық ерекшеліктердің біріне конкурстық баға ұсынысын электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген тәртіппен береді.
      Осы Заңның 25-1-бабына сәйкес конкурсқа қатысуға рұқсат берілген (конкурсқа қатысушы деп танылған), техникалық ерекшелігі үздік деп айқындалмаған әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын бермеуге құқылы.»;
      5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурс нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында мол жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады. Шартты бағалары тең бірнеше әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрынырақ келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.»;
      27) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «27-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың
               қорытындылары туралы хаттама

      1. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама конкурстық комиссияның барлық мүшелерін және өздері туралы мәліметтер конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына енгізілген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде қалыптастырылады және жарияланады.
      2. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ол бойынша конкурс жеңімпазы деп айқындалған техникалық ерекшелікті көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны конкурс жеңімпазына жібереді.»;
      28) 28-баптың 3-тармағындағы «26» деген цифрлар «26-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      29) 29-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      «3. Егер әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысса, ол конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
      4. Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурсты өткізу тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.»;
      30) 31-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт болған кезде оны көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қысқаша сипатын;»;
      31) 32-баптың 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) егер осындай мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі тұтынысын қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы тұтынысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса;»;
      «5) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, жүргізілуі мүмкін. Осы ереже аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды.»;
      32) 33-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт болған кезде оны көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, техникалық ерекшеліктері қамтылуға тиіс.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шақыруда сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс;»;
      33) 35-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тауарды (жұмысты, қызметті) беретін (орындайтын, көрсететін) бірнеше орын болған жағдайда, аукцион тәсілімен өткізілетін лотта тауарды (жұмысты, қызметті) беретін (орындайтын, көрсететін) бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.»;
      34) 35-1-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігінде:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Аукциондық құжаттамада осы Заңның 8-бабында белгіленген жалпы және арнайы біліктілік талаптарынан басқа мынадай мәліметтер қамтылады:»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт болған кезде оны көрсете отырып, ал қажет болған кезде нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, техникалық ерекшеліктер.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аукциондық құжаттамада сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс;»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, аукциондық құжаттаманы мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.»;
      35) 35-4-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Әлеуетті өнім беруші аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға өзінің қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, аукциондық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы, электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына қарамастан, мұндай шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді мойнына алмайды.»;
      36) 35-8-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Аукциондық комиссия күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмейтін мерзімде аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін қарайды және аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сай келуі немесе сай келмеуі туралы шешім қабылдайды.
      Әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сай келмеуі туралы шешім қабылданған жағдайда, аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін қарау хаттамасы ресімделеді және мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланады, оған аукциондық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін қарау хаттамасы ресімделген күні қол қояды.
      Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін қарау хаттамасында әлеуетті өнім берушілердің аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себептері көрсетілген ақпарат қамтылуға тиіс.
      Аукциондық комиссия аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілер анықталған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін қарау хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аукционға қатысуға өтінімдерді аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтірудің осы баптың 2-тармағының төртінші бөлігінде көзделген мерзімі өткеннен кейін аукционға қатысуға өтінімдерді жеткіліксіз құжаттармен толықтырудан, аукционға қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруден көрінетін аукционға қатысуға өтінімді аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты аукциондық комиссияның сауал жіберуіне және өзге де әрекеттеріне жол берілмейді.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Егер аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия бір ғана әлеуетті өнім берушіні аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сай келеді деп таныған болса, онда мұндай әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы деп танылады.»;
      9-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Аукцион жеңімпазы не осы баптың 10 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер мемлекеттік сатып алу туралы шартқа тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шарт өзіне берілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қол қоюға және оны ұсынуға тиіс»;
      екінші бөліктегі «шарт жобасының» деген сөздер «шарттың» деген сөзбен ауыстырылсын;
      37) 35-9-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасындағы «пайдаланбаса, өтпеді деп танылады.» деген сөздер «пайдаланбаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) егер осы Заңның 35-8-бабының 9-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасылмаса, өтпеді деп танылады.»;
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдауға құқылы.»;
      38) 37-бапта:
      1 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде үлгілік шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушіге жібереді.
      Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына олардың қорытындылары туралы хаттаманың бір данасын және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын жібереді.
      Мемлекеттік сатып алу туралы электрондық шарт жасасуға жол беріледі.»;
      «4. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта осы мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны не тиісінше орындалмағаны үшін тұрақсыздық төлемі, сондай-ақ тапсырыс берушінің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттеме мөлшерінде тұрақсыздық төлемін өндіріп алуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеті көзделуге тиіс»;
      5-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында не электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген жағдайларда, өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қолданысы бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасылған жағдайда, ағымдағы қаржы жылына мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері шартта тиісті қаржы жылында көзделген жылдық сома негізге алына отырып есептеледі.»;
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап баға ұсыныстарын сұрату, тауар биржалары арқылы, осы Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда оны берген өнім берушілерге, осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерге қолданылмайды.»;
      11-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 11-2-тармақпен толықтырылсын:
      «11-2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болмауға тиіс»;
      39) 38-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге осы Заңда белгіленген мерзімдерде бермесе немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, осы Заңның 37-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.»;
      40) 39-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «бөлігінде жол беріледі.» деген сөздер «бөлігінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) егер өнім беруші берілетін тауардың тауар өндірушісі болып табылса, тауарды беру туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде жол беріледі. Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы жасасылған шартты осылайша өзгертуге өнім берушінің хабарламасы бойынша ағымдағы қаржы жылы шегінде он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жол беріледі.»;
      41) 41-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;
      42) 43 және 44-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «43-бап. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің
               (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға
               қатысуының ерекше шарттары

      Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға қатысуының ерекше шарттары электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалады.

      44-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде
              ұлттық режимді қолдану

      1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарға, қызметтерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда және шарттарда Қазақстанда шығарылған тауарлармен, тиісінше қазақстандық әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстармен, қызметтермен тең шарттарда ұлттық режим қолданылады.
      2. Елдің конституциялық құрылысының негіздерін қорғау, құқықтық тәртібін, ұлттық қауіпсіздігін және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, отандық тауар өндірушілерді, отандық жұмыс, көрсетілетін қызмет берушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарға, қызметтерге берілетін рұқсатқа тыйым салуды және аталған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге берілетін рұқсатқа шектеу белгілеуге құқылы.
      Көрсетілген тауарларды шығарған елді айқындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы баптың 2-тармағына сәйкес оларға қатысты тыйым салу, шектеу белгілеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарға, қызметтерге рұқсат беру шарттарын белгілеуге құқылы.»;
      43) 8-тарау мынадай мазмұндағы 44-1-баппен толықтырылсын:

      «44-1-бап. Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген
                 санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы

      1. Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы осы Заңда көзделген жағдайларда айқындалады.
      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде:
      1) конкурс тәсілімен өткізілуге тиісті, мүгедектердің мұқтаждығына арналған тауарларды (тифлотехникалық құралдар, жүріп-тұруға арналған арнайы құралдар, міндетті гигиеналық құралдар) өндіретін және (немесе) беретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан осындай тауарларды, ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде;
      2) тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де тауарларды ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде;
      3) жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, ағымдағы жылы осы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің жүз пайызы көлемінде сатып алуды жүзеге асырады.
      3. Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар, тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлері тізбесін және оларды сатып алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Бұл ретте, осы баптың 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 248-бабы 13) тармақшасының екінші абзацында көзделген шартқа сай келуге тиіс.
      4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген ережелерді іске асыру үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы Заңда көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, оған тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға рұқсат беріледі.
      Жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді және қызметтер көрсету бойынша бірлескен орындаушыларды тартуға жол берілмейді.
      Осы баптың 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде мемлекеттік сатып алу тек қана тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында жүзеге асырылатынын көрсетеді.
      5. Мемлекеттік сатып алу осы Заңның 16-бабының 4-тармағында көзделген негіздер бойынша өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
      Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өзге әлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарына конкурстық баға ұсыныстарын шартты түрде он бес пайызға азайту түрінде артықшылық беруге міндетті.
      Осы тармақта көрсетілген артықшылықты беру тәртібі электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалады.
      7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бөліктерге бөлуге рұқсат берілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ағымдағы жылы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген жиынтық мәндегі жалпы көлемнің кемінде он бес пайызы мөлшерінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға міндетті.
      Бұл ретте, бөлуге рұқсат берілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алпыс мың еселенген жиынтық мәнінен аспауға тиіс.
      8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде мемлекеттік сатып алу тек қана шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында жүзеге асырылатынын көрсетеді.
      9. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
      Бұл ретте, сатып алу объектісі болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген жиынтық жалпы жылдық мәнде ескеріледі.
      10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық немесе аукциондық құжаттамада шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасынан қосалқы мердігерлерді (бірлескен орындаушыларды) тарту туралы талапты белгілеуге құқылы.
      Бұл ретте, орындауға, көрсетуге қосалқы мердігерлер (бірлескен орындаушылар) тартылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі ағымдағы жылы осы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген жиынтық жалпы жылдық мәнде ескеріледі.»;
      44) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «45-бап. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды
               ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды
               бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың,
               сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы
               бірыңғай оператордың әрекеттеріне
               (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау

      Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне, егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушінің:
      1) мемлекеттік сатып алу тәсілін таңдау туралы;
      2) осы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес өзі қабылдаған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімі мемлекеттік бақылау органдарына шағым жасауға жатпайды.».
      6. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат):
      8-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды толығымен немесе ішінара өтейді.
      Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасында орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау бөлігінде реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
      Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.».
      2-бап. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша орындайды;».
      3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Если Вы обнаружили на странице ошибку, выделите мышью слово или фразу и нажмите сочетание клавиш Ctrl+Enter

 

поиск по странице

Введите строку для поиска

Совет: в браузере есть встроенный поиск по странице, он работает быстрее. Вызывается чаще всего клавишами ctrl-F.