1999 жылғы 21 қазанда Бернде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 ақпандағы № 173-V ҚРЗ

      1999 жылғы 21 қазанда Бернде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы 2010 жылғы 3 қыркүйекте Астанада жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Бернде 1999 жылғы 21 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға және хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы ХАТТАМА

(2014 жылғы 26 ақпанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2014 ж., № 2, 13-құжат)

      Қазақстан Республикасының Үкiметi

      және

      Швейцария Федералдық Кеңесi,

      Бернде 1999 жылғы 21 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға (бұдан әрі Конвенция) және 1999 жылғы 21 қазанда қол қойылған Хаттамаға (бұдан әрі – Конвенцияға Хаттама) өзгерістер енгізу туралы хаттама жасасуға ниет бiлдiре отырып,

      төмендегілер туралы уағдаласты:

I БАП

      2-баптың 1-тармағында (Конвенция қолданылатын салықтар) пайдаланылатын «жергiлiктi өкімет органдары» деген ұғым Конвенцияның бүкіл мәтінінде «орталық немесе жергiлiктi билік органдары» деген ұғымға ауыстырылады.

II БАП

      Конвенцияның 3-бабының 1-тармағы а) тармақшасының (і) тармақшасы (Жалпы айқындамалар) мынадай редакцияда жазылсын:
      «(i) «Қазақстан» терминi Қазақстан Республикасын бiлдiредi. «Қазақстан» терминi географиялық мағынада қолданған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аумағын және Қазақстан өзінің заңнамасына және өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды қоса алғанда, халықаралық құқыққа сәйкес өзiнiң егемен құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыра алатын аймақтарды білдіреді;».

ІІІ БАП

      Конвенцияның 4-бабы (резидент) 2-тармағының d) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «d) егер оның мәртебесі а) – с) тармақшаларына сәйкес анықталмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары осы мәселенi өзара келiсiм бойынша шешедi.».

IV БАП

      1. Конвенцияның 10-бабының (Дивидендтер) 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Алайда, мұндай дивидендтерге резиденті дивидендтер төлейтiн компания болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуы да мүмкiн, бiрақ, егер алушы дивидендтердiң iс жүзiндегi иесi болса, осылайша алынатын салық:
      а) егер дивидендтерді төлейтiн компания капиталының кешiнде 10 процентіне тiкелей иелiк ететiн компания (серіктестіктен өзге) iс жүзiндегі иесі болса, дивидендтердiң жалпы сомасының 5 процентінен;
      b) қалған барлық жағдайларда дивидендтердiң жалпы сомасының 15 процентінен аспауға тиiс.
      3. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компания екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлейтін дивидендтерге, егер іс жүзіндегі иесі:
      а) зейнетақы қоры немесе жеке тұлғалар зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылармен қамсыздандыру мақсатында қатысуы мүмкін зейнетақы схемаларын қамтамасыз ететін осыған ұқсас мекемелер. Бұл ретте осындай зейнетақы қоры немесе осыған ұқсас мекемелер салық мақсаттары үшін танылады және екінші Мемлекеттің заңнамасына сәйкес бақыланады, немесе
      b) осы екінші Мемлекеттің орталық (ұлттық) банкi болып табылса, осы екінші Мемлекетте ғана салық салынады.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары өзара келісім бойынша осы шектеулерді қолдану тәсілі мәселесін шешеді.
      2 және 3-тармақтар табысына қатысты дивидендтер төленетін компанияның салық салуын қозғамайды.».
      2. Конвенцияның 10-бабының (Дивидендтер) 3-тармағы 5-тармақ болуы тиіс.
      3. Конвенцияның 10-бабының (Дивидендтер) 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын дивидендтердің іс жүзіндегі иесі дивидендтерді төлейтін компания резиденті болып отырған екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы сол жерде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса немесе осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте онда орналасқан тұрақты базамен тәуелсіз жеке қызметтер көрсететін болса және төленіп жүрген дивидендтерге қатысты холдинг шын мәнінде мұндай тұрақты мекемемен байланысты болса, 1 және 3-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда жағдаятқа байланысты осы Конвенцияның 7-бабының немесе 14-бабының ережелері қолданылады.».
      4. Конвенцияның 10-бабы (Дивидендтер) 5 және 6-тармақтары 7 және 8-тармақтар болуы тиіс.

V БАП

      Конвенцияның 25-бабының (Өзара келiсу рәсiмдерi) 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Онда,
      а) 1-тармаққа сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де іс-әрекеттері өзін осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға әкеп соқтырады деген негізге Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының қарауына іс ұсынған тұлға, және
      b) құзыретті органдар екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органына істі берген сәттен бастап үш жылдың ішінде 2-тармаққа сәйкес осы істі шешуге келісімге келмесе,
      істен туындайтын барлық шешілмеген мәселелер, егер тұлға соны талап етсе, төрелікке берілуі тиіс. Алайда, егер белгілі бір Мемлекеттің сот немесе әкімшілік трибуналы олар бойынша шешімдер шығарған болса, бұл шешілмеген мәселелер төрелікке берілмеуі тиіс. Егер іске тікелей қатысы бар тұлға төрелік шешім іске асыратын өзара келісіммен келіспесе, төрелік шешімнің екі мемлекетте де міндетті күші болады және осы мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген уақытша шектеулерге қарамастан асырылатын болады. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары өзара келісім бойынша осы тармақты қолдану тәсілі туралы істі шешеді.
      Уағдаласушы Мемлекеттер осы тармақтың ережелеріне сәйкес құрылған Төрелік кеңеске төрелік рәсімін жүргізу үшін қажет осындай ақпаратты аша алады. Төрелік кеңес мүшелері ашылған ақпаратқа қатысты 26-баптың 2-тармағында сипатталған ақпаратты ашу жөніндегі шектеулерге жатады.».

VI БАП

      Конвенцияның 26-бабы (Ақпарат алмасу) мынадай редакцияда жазылсын:

«26-бап Ақпарат алмасу

      "1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары салық салу үшін негіз Конвенцияға қайшы келмейтіндей шамада осы Конвенцияның ережелерін орындау немесе Конвенция қамтитын салықтарға қатысты әкімшілендіру немесе ұлттық заңнаманы мәжбүрлеп орындау үшін орынды болуы мүмкін ақпарат алмасады. Ақпарат алмасу 1-баппен шектелмейді.
      2. 1-тармаққа сәйкес Уағдаласушы Мемлекет алған кез келген ақпарат осы Мемлекеттің ұлттық заңнамасының шеңберінде алынған ақпарат сияқты құпия болып есептеледі және бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлі өндiрiп алумен немесе сот қудалауымен немесе 1-тармақта ескерілген салықтарға қатысты апелляцияларды қараумен айналасып жатқан тұлғаларға немесе органдарға ғана (соттар мен әкiмшiлiк органдарды қоса алғанда) хабарланады. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшiн ғана пайдалануға тиіс. Олар бұл ақпаратты сот талқылаулары барысында немесе сот шешiмдерiн қабылдау кезінде аша алады. Бұған қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет алған ақпарат, егер бұл ақпарат екі Мемлекеттің де заңнамасына сәйкес пайдаланылған жағдайда және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы осындай пайдалануға рұқсат берген жағдайда басқа мақсатта пайдаланылуы мүмкін.
      3. 1 және 2-тармақтардың ережелерi ешбір жағдайда Уағдаласушы Мемлекетке:
      а) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы мен әкiмшiлiк практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларды қабылдауға;
      b) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша немесе жай әкімшілік практикасы барысында алуға болмайтын ақпаратты беруге;
      с) қандай да болсын сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiп, коммерциялық немесе кәсiби құпияны ашатын немесе ашылуы мемлекеттік саясатқа (қоғамдық тәжірибеде) қайшы келетін ақпаратты беруге міндеттеу ретінде түсіндірілмейтін болады.
      4. Егер ақпаратты осы бапқа сәйкес Уағдаласушы Мемлекет сұратқан болса, екінші Уағдаласушы Мемлекет жеке салық мақсаттары үшін тіпті осындай ақпаратқа мұқтаж болмаса да, екінші Мемлекет талап етілетін ақпаратты алу үшін осы ақпаратты жинау бойынша өз шараларын пайдалануы тиіс. Алдыңғы сөйлемде қамтылған міндеттеме 3-тармақтың шектеулеріне бағынады, бірақ ешқандай жағдайда мұндай шектеу Уағдаласушы Мемлекетке осындай ақпаратқа ішкі қызығушылықтың болмағандығынан ғана, ақпарат беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде түсіндірілмеуі тиіс.
      5. Ешқандай жағдайда 3-тармақтың ережелері Уағдаласушы Мемлекетке ақпараттың банкте, басқа қаржы мекемесінде, кандидатта немесе агенттікте немесе сенімді тұлғаның ережесінде әрекет ететін тұлғада болуы себебінен немесе тұлғаның меншігіне қатысты болғандықтан ғана, ақпарат беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде түсіндірілмейді. Осындай ақпаратты алу үшін сұратып отырған Уағдаласушы Мемлекеттің салық органы 3-тармаққа немесе өзінің ұлттық заңнамасының кез келген қайшы келетін ережесіне қарамастан, осы тармақпен көзделген ақпараттың ашылуын қамтамасыз етуге өкілеттікке ие болуы тиіс.

VII БАП

      1. Конвенцияға Хаттаманың 2-тармағы мынадай мазмұндағы d) тармақшасымен толықтырылсын:
      «d) 10-баптың (Дивидендтер) 3-тармағының а) тармақшасында «қызмет түрі зейнетақылық қамтамасыз ету болып табылатын зейнетақы қоры немесе осыған ұқсас басқа мекеме» деген термин осы Хаттамаға қол қойылған күннен кейін күшіне енетін заңнамаға сәйкес белгіленген басқа да осыған ұқсас мынадай схеманы қамтиды:
      (і) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында жоспарлар мен схемаларын қамтитын.
      (іі) Швейцарияның жоспарлары мен схемаларының:
      (аа) тірі қалғандарды зейнетақылық сақтандыру туралы 1946 жылғы 20 желтоқсандағы Федералдық заңын;
      (bb) мүгедектерді сақтандыру туралы 1959 жылғы 19 маусымдағы Федералдық заңын;
      (cc) тірі қалғандарды және мүгедектерді зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру туралы 2006 жылғы 6 қазандағы Федералдық заңын;
      (dd) жеке кәсіптік зейнетақылық жоспары бойынша тіркелмеген ерікті зейнетақы аударымдарын қоса алғанда, жалдау бойынша және ЖК жұмыстарын қамтитын еңбек өтіліне сәйкес мүгедектерді зейнетақылық қамсыздандыру туралы 1982 жылғы 25 маусымдағы Федералдық заңын, және
      (ee) азаматтардың өз-өзін жұмыспен қамтуы тірі қалғандарды және мүгедектерді зейнетақылық сақтандыру туралы 1982 жылғы 25 маусымдағы Федералдық заңына сәйкес кәсіптік зейнетақылық схемалармен салыстырылады және жалдау бойынша жұмысқа немесе жеке еңбек қызметіне қатысты төленеді.
      Бұдан басқа, «зейнетақының зейнетақылық қоры немесе зейнетақылық жоспар зейнетақы қорлары мен схемалары үшін көмекші болып табылатын зейнетақы қорларының, трастар мен бірлестіктердің мүдделерін білдіретін инвестициялық қорларды, трастар мен бірлестіктерді қамтиды.» деген терминді қамтиды.
      2. Конвенцияға Хаттама 3-тармақтан кейін мынадай мазмұндағы 4, 5, 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «4. 18 және 19-баптарға қатысты
      «Зейнетақылар» деген термин 18 және 19-баптарда қолданылады деген, тиісінше, тек қана мерзімді төлемдерге ғана қолданылады деген емес, сондай-ақ өзіне бір жолғы жәрдемақы төлемдерін де қамтиды дегенді білдіреді.
      5. 26-бапқа қатысты:
      а) Ақпарат алмасу сұратқан Уағдаласушы Мемлекет ақпарат алуға құқық беретін ұлттық заңнамасына сәйкес өзінің кәдімгі рәсімдерін тауысқан соң ғана жүргізілетін болады.
      b) «орындылық» стандарты салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу үшін барынша мүмкін болған дәрежеде тағайындалғанын түсінген жөн және солай бола тұрып, белгілі бір салық төлеушіге салық салу мәселелеріне қатысы болуы күмәнді ақпаратты сұратуға Уағдаласушы Мемлекеттің құқығы жоқ екенін нақтылайды.
      c) сұратқан Уағдаласушы Мемлекеттің салық органдары сұралған Уағдаласушы Мемлекеттің салық органдарына Конвенцияның 26-бабына сәйкес ақпарат сұратуды қалыптастыру кезінде мынадай ақпаратты:
      (і) қарау немесе тексеру шеңберіндегі тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөнімен мекен-жайы және тұлға туралы басқа да қажетті, туған күні, отбасылық жағдайы, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі сияқты сәйкестендіру мәліметтерін;
      (іі) ақпарат сұратылған уақыт кезеңін;
      (ііі) қажетті ақпарат туралы өтініш, оның ішінде оның сипаты мен сұратқан Уағдаласушы Мемлекеттің сұралған Уағдаласушы Мемлекеттен ақпаратты алғысы келген нысанды;
      (іv) ақпарат олар үшін сұратылып отырған салықтық мақсаттарды;
      (v) сұратылған ақпаратқа қатысты қажетті ақпаратқа ие деп болжамдалған кез келген тұлғаның аты-жөні мен мекен-жайын ұсынатынын түсінген жөн;
      d) Конвенцияның 26-бабы Уағдаласушы Мемлекеттерден ақпарат алмасуды автоматты түрде немесе ерікті негізде талап етпейді деп ұйғарылады.
      е) Ақпарат алмасу жағдайында сұралған Уағдаласушы Мемлекетте көзделген салық төлеушінің құқығына қатысты әкімшілік іс жүргізу нормалары ақпарат сұратқан Уағдаласушы Мемлекетке берілгенге дейін қолданыста болатынын түсінген жөн. Одан әрі бұл ереже салық төлеушіге рәсімдердің әділдігін, алдын ала сақтандыру немесе ақпарат алмасудағы негізсіз кешігуді кепілдендіру мақсатында ие екендігін түсінген жөн.
      6. Барлық баптарға қатысты:
      Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуі де Конвенцияның ЭЫДҰ табыс пен капиталға салынатын Модельдік Конвенцияның тиісті ережелеріне сәйкес жасалған ережелері ЭЫДҰ-ның Уағдаласушы Мемлекеттердің әрқайсысына қатысты және әрқайсысында қолданылатын Түсіндірмелерінде ұсынылғандармен бірдей мағынада деп сенеді. Түсіндірмелер оқтын-оқтын өзгеріп тұруы мүмкін - 1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттардың құқығы туралы Вена Конвенциясын түсіндіру құралы болып табылады.».

VIII БАП

      1. Уағдаласушы Мемлекеттердің әрқайсысы басқасын дипломатиялық арналар арқылы осы Хаттаманың күшіне енуі үшін Уағдаласушы Мемлекеттердің әр қайсысында қажетті конституционалдық формалдылық аяқталғаны туралы хабардар етеді.
      2. Осы Хаттама соңғы хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді және:
      а) осы Хаттама күшіне енгеннен кейінгі жылдың қаңтарының бірінші күнінен бастап немесе кейiн төленген немесе есептелген сомаға төлем көзінен ұсталған салыққа қатысты;
      b) осы Хаттама күшіне енгеннен кейінгі келесі жылдың кейiнгi бірінші қаңтарынан немесе одан кейiн басталатын қаржы жылындағы басқа да салықтарға қатысты күшіне енеді.
      3. осы баптың 2-тармағына қарамастан, Конвенцияның 26-бабына қатысты, осы Хаттамада жазылған ақпарат алмасу кез келген күнтізбелік жылда немесе осы Хаттама күшіне енгеннен кейінгі келесі жылдың бірінші қаңтарынан немесе одан кейін басталатын кез келген кезеңдегі ақпарат үшін қолданылатын болады.
      Осыны куәландыру үшiн тиісті түрде өздерінің Үкіметтері осыған уәкiлеттiк берген төменде қол қоюшы өкілдер осы Хаттамаға қол қойды.

      Астана қаласында 2010 жылғы 3 қыркүйекте әрқайсысы қазақ, орыс, немiс және ағылшын тiлдерiнде екi данада жасалды, бұл ретте барлық мәтiннің бiрдей күшi бар. Мәтiндер арасында алшақтықтар туындаған жағдайда Уағдаласушы Мемлекеттер ағылшын тіліндегі мәтiнді пайдаланады.

      Қазақстан Республикасының      Швейцария Федералдық
            Үкiметi үшiн                 Кеңесi үшiн

      2010 жылғы 3 қыркүйекте Астана қаласында жасалған Бернде 1999 жылғы 21 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы Конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы Хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық-құқық
      департаментінің
      Басқарма бастығы                      Б. Пискорский

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Хаттаманың немiс және ағылшын тiлдерiндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады