Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 446-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 21 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 25 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне еңбекті реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 1 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2016 жылғы 16 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металдар мен асыл тастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 434-1 және 488-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «434-1-бап. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуы»;
      «488-1-бап. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзу»;
      2) мынадай мазмұндағы 434-1 және 488-1-баптармен толықтырылсын:
      «434-1-бап. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуы
      1. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын:
      1) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіру;
      2) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалану түрінде бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
      жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      жеке тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      «488-1-бап. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзу
      1. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін жергілікті атқарушы органдарға мәдениет туралы және дене шынықтыру және спорт туралы заңнамада көзделген ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу түрінде бұзу –
      жеке тұлғаларға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      жеке тұлғаларға – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) 685-бапта:
      бірінші бөлік «433 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «434-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      екінші бөліктің 2) тармақшасы «433 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «434-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      4) 729-баптың бірінші бөлігі «464 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «488-1,» деген цифрлармен толықтырылсын.
      2. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 19-II, 105-құжат; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 13-2), 13-3), 13-4) және 13-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13-2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар – халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруге, оның рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарда өткізілетін, осы іс-шараларда екі жүз және одан көп көрерменнің бір мезгілде болуы көзделетін іс-шаралар;
      13-3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар – ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге ыңғайластырылған объектілер мен құрылыстар, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы жасалмаған өзге де орындар (стадиондар, спорт сарайлары, ипподромдар, демалыс аймақтары, саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, көшелер);
      13-4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақыт – ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алғашқы көрермен кірген (келген) кезден бастап іс-шаралар аяқталғанға және осы орындардан соңғы көрермен шыққанға (кеткенге) дейінгі уақыт;
      13-5) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы – бастамасы бойынша ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілетін жеке немесе заңды тұлға;»;
      2) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-1-бап. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібі
      1. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуге тиіс.
      2. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық ішкі істер органдары мен мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
      3. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыру комитеттерін құрады, олар осы іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатыстырылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді.
      4. Жеке тұлғалар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күрделендіретін құрылыстарды, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын, оның ішінде мiнберлердің тіреуіш конструкцияларының ескіруі, мінбер астындағы үй-жайларда жанатын қауіпті заттар мен материалдардың орналастырылуы, авариялық жарық берудің және эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе олардың ақаулы болуы бөлігінде бұзушылықтар, сондай-ақ өрттің туындауына әкеп соғуы мүмкін электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздік жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ішкі істер органдары не халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган енгізетін ұсыну бойынша жергілікті атқарушы органдар қауіпсіздік жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейін осындай іс-шараларды өткізуге тыйым салады.
      5. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар:
      1) жеке тұлғалардың қауіпсіздігі, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындардың, оның ішінде олардағы мүліктің сақталуы үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жәрдемдесуге;
      2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындармен шекаралас аумақтың абаттандырылуы бұзылған жағдайда, оны қалпына келтіруді қамтамасыз етуге;
      3) іс-шара өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей – көрермендердің болжалды саны туралы, күнтізбелік бір күн бұрын – сатылған билеттердің, берілген рұқсаттамалардың, оның ішінде көлік құралдарына рұқсаттамалардың, сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына, мүгедектердің көлік құралдарына арналған тұрақ орындарының саны туралы жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруге;
      4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда көрермендердің жүріс-тұрыс қағидаларын орналастыруға міндетті.
      6. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтiрілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеледі.»;
      3) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-бап. Жеке тұлғалардың мәдениет саласындағы құқықтары мен міндеттері
      1. Жеке тұлғалардың ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін кезде әртүрлі нышанды және жеке-дара пікірін жария білдірудің Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де құралдарын пайдалануға құқығы бар.
      2. Жеке тұлғалар:
      1) Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
      2) мәдени құндылықтарды сақтауға қамқорлық жасауға;
      3) қазақ халқының және этностық топтардың ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді құрметтеуге;
      4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар және мәдениет саласындағы өзге де іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауға;
      5) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті бұзуға арандататын әрекеттерге жол бермеуге, айналадағыларға қауіп туғызатын құқыққа қарсы акциялар жасамауға міндетті.
      3. Жеке тұлғаларға:
      1) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіруге;
      2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта сахналарға, ареналарға, төсеніштерге, оркестр ұраларына, сондай-ақ көрермендер орналасқан орындарға адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін кез келген заттарды лақтыруға;
      3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта шарбақтар мен қоршаулардың, турникеттердің шегінен өз бетімен шығуға;
      4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалануға тыйым салынады.».
      3. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
      76-баптың 1-тармағының 12-1) тармақшасында:
      бірінші бөлік «көрсетілетін қызметтерді,» деген сөздерден кейін «және (немесе) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластеріне қатысушылардың жобаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік «тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды» деген сөздерден кейін «және (немесе) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қорға ақша жіберу де «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластеріне қатысушылардың жобаларын қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау деп танылады.».
      4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      13-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда), мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды, квазимемлекеттік сектор субъектілерде қызметін жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда), лауазымды адамдарға:».
      5. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 40-1), 41-1), 41-2) және 41-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «40-1) спорттық-бұқаралық іс-шаралар – адамның дене бітімін және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, спорт құрылыстары мен объектілерінде, сондай-ақ спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ашық жерлерде өткізілетін, осы іс-шараларда екі жүз және одан көп көрерменнің бір мезгілде болуы көзделетін іс-шаралар;»;
      «41-1) спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар – спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге ыңғайластырылған объектілер мен құрылыстар, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы жасалмаған өзге де орындар (демалыс аймақтары, ипподромдар, цирктер, саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, көшелер);
      41-2) спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақыт – спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алғашқы көрермен кірген (келген) кезден бастап іс-шаралар аяқталғанға және осы орындардан соңғы көрермен шыққанға (кеткенге) дейінгі уақыт;
      41-3) спорттық-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы – бастамасы бойынша спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілетін жеке немесе заңды тұлға;»;
      2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап. Жеке тұлғалардың дене шынықтыру және спорт саласындағы құқықтары мен міндеттері
      1. Жеке тұлғалардың:
      1) дене шынықтырумен және спортпен айналысуға;
      2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бағыттағы қоғамдық бірлестіктерге кіруге;
      3) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысуға;
      4) мемлекеттік және жеке спорт құрылыстары мен көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;
      5) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін кезде әртүрлі нышанды және жеке-дара пікірін жария білдірудің Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де құралдарын пайдалануға құқығы бар.
      2. Жеке тұлғалар:
      1) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауға;
      2) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті бұзуға арандататын әрекеттерге жол бермеуге, айналадағыларға қауіп туғызатын құқыққа қарсы акциялар жасамауға міндетті.
      3. Жеке тұлғаларға:
      1) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіруге;
      2) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта мінберлерге, футбол, хоккей және өзге де спорт алаңдарына адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін кез келген заттарды лақтыруға;
      3) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта шарбақтар мен қоршаулардың, турникеттердің шегінен өз бетімен шығуға;
      4) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалануға тыйым салынады.»;
      3) 38-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «38-бап. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары»;
      мынадай мазмұндағы 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтармен толықтырылсын:
      «11. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар іс-шара өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей – көрермендердің болжалды саны туралы, күнтізбелік бір күн бұрын – сатылған билеттердің, берілген рұқсаттамалардың, оның ішінде көлік құралдарына рұқсаттамалардың, сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына, мүгедектердің көлік құралдарына арналған тұрақ орындарының саны туралы жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруге міндетті.
      12. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық ішкі істер органдары мен мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
      13. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыру комитеттерін құрады, олар осы іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатыстырылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді.
      14. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар:
      1) жеке тұлғалардың қауіпсіздігі, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындардың, оның ішінде олардағы мүліктің сақталуы үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жәрдемдесуге;
      2) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындармен шекаралас аумақтың абаттандырылуы бұзылған жағдайда, оны қалпына келтіруді қамтамасыз етуге;
      3) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда көрермендердің жүріс-тұрыс қағидаларын орналастыруға міндетті.
      15. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтiрілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеледі.»;
      4) 39-бапта:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жеке тұлғалар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күрделендіретін спорт құрылыстарын, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын, оның ішінде мiнберлердің тіреуіш конструкцияларының ескіруі, мінбер астындағы үй-жайларда жанатын қауіпті заттар мен материалдардың орналастырылуы, авариялық жарық берудің және эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе олардың ақаулы болуы бөлігінде бұзушылықтар, сондай-ақ өрттің туындауына әкеп соғуы мүмкін электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздік жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ішкі істер органдары не халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган енгізетін ұсыну бойынша жергілікті атқарушы органдар қауіпсіздік жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейін осындай іс-шараларды өткізуге тыйым салады.»;
      7-тармақ алып тасталсын.
      2-бап. Осы Заң 2015 жылғы 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады