Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2017 жылғы 15 маусымдағы № 75-VI ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.


1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2015 ж., № 14, 75-құжат; № 22-III, 150-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат):

      1) 10-баптың 3-тармағының бесінші бөлігіндегі "алғашқы" деген сөз алып тасталсын;

      2) 11-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "алғашқы" деген сөз алып тасталсын;

      3) 12-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; сайлау науқанын өткізу үшін бөлiнген республикалық бюджет қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының қызметi үшін қажеттi материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) келіп түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады; сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады және өткізеді; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде семинарлар өткiзедi; сайлау жүйелерi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;";

      4) 14-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады; сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады және өткізеді; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде семинарлар өткiзедi;";

      5) 16-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады; сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады және өткізеді; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде семинарлар өткiзедi;";

      6) 18-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады; сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады және өткізеді; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде семинарлар өткiзедi;";

      7) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "54-бап. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптар

      1. Президент болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 41-бабының 2-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесі болуға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.

      2. Президенттiкке кандидатқа Конституцияда және осы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға оның сәйкестiгiн Орталық сайлау комиссиясы республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшірме кандидаттың дауысқа түсуге келiсiм беруi туралы өтiнiшiмен және кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатпен бірге ұсынылған кезден бастап бес күн iшiнде анықтайды.

      Президенттiкке кандидат Орталық сайлау комиссиясының шотына заңнамада белгіленген ең төмен жалақының елу еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Егер сайлау қорытындысы бойынша кандидат Республика Президенті болып сайланса немесе дауыс беру қорытындысы бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын алса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады.

      Бұл ретте Президенттiкке кандидаттың Қазақстан Республикасында соңғы он бес жыл тұрып жатқандығын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды, ал кандидаттың мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгергенiн анықтау рәсімі Республика Конституциялық Кеңесінің Конституцияның 41-бабының 2-тармағын ресми түсiндiру туралы шешіміне сәйкес Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен айқындалады.

      Кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау рәсімі кандидатурасы өкілеттіктердің келесі мерзіміне қайта ұсынылған, жұмыс істеп жүрген Республика Президентіне қолданылмайды.";

      8) 55-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Президенттiкке кандидаттарды ұсыну құқығы белгiленген тәртiппен тiркелген республикалық қоғамдық бiрлестiктерге тиесілі болады.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      9) 56-баптың 3-тармағындағы "бес күннен кем емес мерзiмде", "3 және 4-тармақтарында" деген сөздер тиісінше "бес күн мерзiмнен кешіктірмей", "3-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "58-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттың сайлау қорының мөлшерi

      Кандидаттың сайлау қорын:

      1) жалпы сомасы заңнамада белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен он екі мың еседен артық аспауға тиiс кандидаттың өз қаражаты, кандидатқа өзін ұсынған республикалық қоғамдық бірлестік бөлген қаражат;

      2) жалпы сомасы заңнамада белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен он бес мың еседен артық аспауға тиiс Республика азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтары құрайды.";

      11) 59-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Президенттiкке кандидаттың Республика Президентінің міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін ауруларының жоқ екендігін растау үшін оған медициналық куәландыру жүргізіледі, оның қорытындысы денсаулығының жай-күйі туралы тиісті медициналық қорытындымен ресімделеді.

      Медициналық қорытындыға қойылатын талаптар мен Республика Президентінің міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін аурулардың тізбесі Орталық сайлау комиссиясы мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      12) 60-баптың 4-тармағындағы "кандидаттың немесе тиісінше" деген сөздер алып тасталсын;

      13) 133-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасында:

      екінші абзацтағы "екінші, үшінші және төртінші" деген сөздер "бірінші, екінші және үшінші" деген сөздермен ауыстырылып, бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктердің;";

      сегізінші және тоғызыншы абзацтар алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 78-құжат; 1999 ж., № 4, 100-құжат; № 10, 342-құжат; 2006 ж., № 23, 137-құжат; 2007 ж., № 12, 83-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Республика Парламентiнiң мәртебесi

      Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.";

      2) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Республика Президентiнің Парламентке арнайы жолдауымен заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi.

      Республика Президенті қаралуы басым деп белгілеген заң жобаларын Парламент Палаталарының қарау тәртібі Республиканың Конституциясында және Парламент Палаталарының регламенттерінде айқындалады.";

      3) IV тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "IV тарау. Парламент Палаталарының Президентке Республиканың лауазымды адамдарын қызметке тағайындауға келісім беру, қызметке сайлау, тағайындау және оларды қызметтен босату жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы, Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін кандидатуралар бойынша Парламент Мәжілісімен консультациялар өткізу";

      4) 22-бапта:

      1-тармақтағы "Төрағасы мен судьяларын" деген сөздер "Төрағасын, судьяларын және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Премьер-Министрді тағайындауға Парламент Мәжілісінің келісімі Палата отырысында беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Республика Президенті Республиканың Ұлттық Банкі Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауға Сенаттың келісімі алдын ала не кейінгі сипатта болады және Палата отырысында беріледі.";

      3 және 8-тармақтардағы "Төрағасы мен судьяларын" деген сөздер "Төрағасын, судьяларын және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:

      "22-1. Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін кандидатуралар бойынша Парламент Мәжілісімен консультациялар өткізу

      1. Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін Республика Президентіне ұсынылатын кандидатуралар бойынша Парламент Мәжілісімен оның тиісті бейінді тұрақты комитеттерінде консультациялар өткізіледі.

      2. Тиісті комитеттің отырысында консультациялар өткізу кезінде қызметке кандидатураларды Республиканың Премьер-Министрі немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам ұсынады.

      3. Консультациялардың қорытындысы бойынша тиісті комитет талқыланатын әрбір кандидатура бойынша консультативтік (ұсынымдық) сипатта болатын қорытынды шығарады.";

      6) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Парламент депутатының өкілеттігі оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген кезден басталады. Депутаттар Қазақстан халқына мынадай ант береді: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін". Ант қабылдауды Президент өзі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.";

      7) 27-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қажет болған кезде сауалға берiлген жауап пен оны талқылау нәтижелерi бойынша Парламенттiң немесе оның тиiстi Палатасының қаулысы қабылданады. Сауал мен оған берiлген жауап бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкiн.";

      8) 29-баптың 1-тармағындағы "Палаталар Бюролары" деген сөздер "Республика Парламенті Палаталарының аппараттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 30-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Парламент депутаттарына жалақы Республика Конституциясының 66-бабының 9-1) тармақшасында көзделген тәртiппен белгiленедi.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сайлау округтерiне iссапарларға шығып тұру құқығы берiледi. Бұл ретте iссапар шығыстары Республика Конституциясының 66-бабының 9-1) тармақшасында көзделген тәртiппен бөлiнетiн қаражаттан өтеледi.".

      3. "Республикалық референдум туралы" 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 22, 131-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 10, 341-құжат; 2004 ж., № 22, 129-құжат; 2008 ж., № 6-7, 22-құжат):

      1) 3-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының мәртебесін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін өзгерту;";

      2) 20-баптың 2-тармағы, 22-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы, 23-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 145-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 4, 44-құжат; 1999 ж., №10, 344-құжат; 2004 ж., № 22, 129-құжат; 2007 ж., № 12, 84-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 93-құжат):

      1) 3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер құрайды.";

      2) 3-1-баптың 1-тармағының екінші абзацындағы "және ұлтаралық" деген сөздер ", ұлтаралық және конфессияаралық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi

      1. Республика Үкiметi Парламент Мәжілісінiң өкiлеттiк мерзiмi шегінде жұмыс істейді және жаңадан сайланған Республика Парламенті Мәжілісінiң алдында өз өкiлеттiгiн доғарады.

      2. Үкiметтiң өкiлеттiкті доғаруы оның мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.

      3. Республика Үкiметiнiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi.

      4. Үкiмет осы Конституциялық заңның 5 және 6-баптарында көзделген Үкiмет орнынан түскен және өкiлеттiгiн тоқтатқан жағдайларда да өз өкілеттігін доғарады.";

      4) 9-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Республика Президентiмен келісу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) Республика Президентiмен келісу бойынша мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;";

      5) 10-баптың 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Үкiмет қаулыларының күшiн Республика Үкiметi жоя алады.

      7. Премьер-Министр өкiмдерiнiң күшiн Республика Үкiметi және Премьер-Министрi жоя алады.";

      6) 11-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Үкiмет өзiнiң қызметiнде Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң және Парламенттің алдында жауапты.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      7) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Республика Президентiмен қарым-қатынасы

      1. Республика Үкiметi:

      1) Президент тапсырмаларының орындалуы және өз қызметiнiң басқа да бағыттары туралы Президентке тұрақты түрде ақпарат беріп отырады;

      2) Республика Президентi актiлерiнiң орындалуын ұйымдастырады және оларды министрлiктер мен жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылауды жүзеге асырады.

      2. Үкiмет Республика Президентiмен Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының жоспарларын келiседi.

      3.Үкімет Республика Президентімен мемлекеттік бағдарламаларды олар бекітілгенге дейін келіседі.";

      8) 13-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы ", басқа да орталық" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Министрліктермен қарым-қатынасы

      Республика Үкiметi:

      1) министрліктердің қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың Республика заңдарын, Президентiнің және Үкiметiнің актiлерiн орындауын қамтамасыз етеді;

      2) министрлердiң ұсынуы бойынша министрлiктер туралы ережелердi, олардың аумақтық органдарындағы және өздеріне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, солардың штат санының лимиттерiн бекiтедi;

      3) министрліктер актiлерiнiң толық немесе бір бөлiгiнде күшiн жояды немесе қолданылуын тоқтата тұрады;

      4) сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерінің орынбасарларын қоспағанда, министрлердің ұсынуы бойынша олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.";

      10) 18-баптың 3-тармағының екінші сөйлеміндегі "қарағанда" деген сөз "қараған кезде қажеттігіне қарай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 19-баптың 1-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Республика Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қоспағанда, Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қоспағанда, Үкімет мүшесін, оның ішінде Үкіметтің жүргізіп отырған саясатымен келіспейтін немесе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесін қызметтен босату туралы ұсынулар енгізеді;

      5) Республика Президентімен мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін келіседі;

      6) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке және Парламентке баяндап отырады;

      7) Үкімет мүшелерінің және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды;";

      12) 20-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Министрліктердің басшылары болып табылмайтын Үкімет мүшелері өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін олар туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырады.";

      13) 21-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-1-бап. Министрліктің жауапты хатшысы

      1. Министрліктердің аппараттарын Республика Президенті Республиканың Премьер-Министрімен келісу бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшылар басқарады.

      2. Жекелеген министрліктерде Республика Президентінің шешімімен жауапты хатшы қызметі енгізілмеуі мүмкін. Бұл жағдайда Республика Президенті белгілеген жауапты хатшы өкілеттігін министрліктің Республика Президенті айқындайтын лауазымды адамы жүзеге асырады.

      3. Үкіметтің, министрдің орнынан түсуі жауапты хатшылардың өкілеттігін тоқтатуға алып келмейді.

      4. Министрліктердің жауапты хатшыларының мәртебесі мен өкілеттігін Республика Президенті белгілейді.

      5. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Республика Президентіне, Премьер-Министрге және министрге есеп береді.";

      14) 23-бап алып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 172-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 10, 343-құжат; 2006 ж., № 23, 137-құжат; 2007 ж., № 12, 82-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2015 ж., № 24, 174-құжат):

      1) 4-баптың 4-тармағында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) 8-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін жасақтайды;";

      3) 9-баптың 10) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi;";

      "12) Республика Конституциясының 57-бабының 6) тармақшасында көзделген жағдайда Yкімет мүшесiн қызметтен босатады;";

      4) 10-бапта:

      2) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзімде оның енгізген ұсынуымен Үкіметтің құрылымын айқындайды; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады;";

      "5) Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін келіседі;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) мемлекеттік бағдарламаларды келіседі;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді;";

      7) және 8) тармақшалар алып тасталсын;

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) Республика Үкiметiне тапсырмалар бередi.";

      5) 11-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Республика Конституциясының 44-бабының 10-1) тармақшасында және 72-бабында көзделген жағдайларда Конституциялық Кеңеске өтiнiш жасайды.";

      3) тармақша алып тасталсын;

      6) 17-баптың 4-1) тармақшасы алып тасталсын;

      7) 19-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бекiтуге құқылы;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) Парламент Сенатына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кандидатурасын бес жыл мерзімге қызметке сайлау және қызметтен босату үшін ұсынады;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Премьер-Министрмен және Парламент Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;";

      8) 20-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      9) 23-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;

      10) 25-бапта:

      1-тармақтағы "олардың ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткеннен кейiн" деген сөздер "алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Президенттің актiлерi "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресми жариялануға жатады.";

      11) 30-баптың 3 және 5-тармақтарындағы "Республика Президентiнiң Күзет қызметi" деген сөздер "Мемлекеттік күзет қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 31-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Республика Президентiн күзету Мемлекеттік күзет қызметінің тиісті бөлімшесіне жүктеледі.".

      6. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 173-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 22, 129-құжат; 2008 ж., № 10-11, 34-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат):

      1) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiне жалақы Республика Конституциясының 66-бабының 9-1) тармақшасында көзделген тәртiппен белгiленедi.";

      2) 17-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Республика Президентінің өтiнiштерiн, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында көзделген жағдайларда соттардың өтiнiштерiн Конституцияның 72-бабының 2-тармағына сәйкес қарайды;";

      3) 20-баптың 2-тармағындағы "азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген" деген сөздер "белгіленген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 22-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) және 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) егер өтініште Конституцияның 91-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы мәселе қойылса, Республика Конституциясына өзгерістер мен толықтырулардың жобасы;";

      "7-1) егер өтініште күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Республика Конституциясына сәйкестігіне қарау туралы мәселе қойылса, заңның немесе өзге де құқықтық актінің атауы, нөмірі, қабылданған күні, жарияланған көздер және өзге де деректемелер;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өтiнiшке тиiстi субъект қол қоюға тиiс.";

      5) 23-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) конституциялық заңды, кодексті және заңды қоспағанда, Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте Қазақстан Республикасының Президенті құқықтық актінің қолданылуын тоқтата тұруы мүмкін.";

      6) 27-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;

      7) 36-баптың 2-тармағындағы "шешімін ол Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша қайта қарауы мүмкін" деген сөздер "шешімі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының бастамасы бойынша қайта қарауға жатады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 37-бапта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) лауазымды адамның конституциялылығы тексерiлген шешiмi;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген тәртіппен өтініш жасалуына байланысты Конституциялық Кеңес қараған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны;";

      9) 38-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын;

      10) 39-бапта:

      тақырыптағы "салдарлары" деген сөз "салдары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Республика Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейді деп танылған Республика Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдумға немесе Республика Парламентінің қарауына шығарылмайды.";

      2-тармақтағы "нормативтiк" деген сөз алып тасталсын;

      11) 42 және 43-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-бап. Конституциялық Кеңестiң қызметiн қаржыландыру

      Конституциялық Кеңестiң және оның аппаратының қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      43-бап. Конституциялық Кеңестiң аппараты

      Конституциялық Кеңестің аппараты ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-консультативтік және басқа да көмекшi жұмысты орындайтын мемлекеттік орган болып табылады.

      Конституциялық Кеңестің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

      Конституциялық Кеңес аппаратының қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Конституциялық Кеңестің Регламентiмен және Конституциялық Кеңестiң аппараты туралы ережемен реттеледi.

      Конституциялық Кеңес аппаратының жұмыскерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.".

      7. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 232-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2012 ж., № 1, 2-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат):

      1) тақырыпта және мәтінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) 3-бапта:

      екінші бөліктің екінші сөйлемі "қорына" деген сөзден кейін "және ол құратын өзге де заңды тұлғаларға" деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөліктегі "оның қорының" деген сөздер "ол құратын заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 5-бап "аумағында" деген сөзден кейін "президенттік," деген сөзбен толықтырылсын;

      4) 6-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын күзету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің тиісті бөлімшесіне жүктеледі.".

      8. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; № 21, 119-құжат; 2015 ж., № 14, 75, 76-құжаттар; № 24, 174-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат):

      1) 17-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, оларға қатысты кассациялық саты функцияларын жүзеге асырады және нормативтік қаулылар қабылдау арқылы сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндірулер беріп отырады.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) нормативтік қаулылар қабылдайды;";

      2) 20-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) өкiмдер мен бұйрықтар шығарады.";

      3) 29-бапта:

      1-тармақта:

      1) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) отыз жасқа толған;";

      "5) негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, сотта ақы төленетін бір жылдық тағылымдамадан ойдағыдай өткен және тағылымдама нәтижесі бойынша сот жалпы отырысының оң қорытындысын алған (мамандандырылған магистратурада оқу бiтiрген және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы тағылымдамадан өтуден босатылады);";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген талаптар жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттарға қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-1 және 5-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Аудандық сот төрағасы мен судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық сот жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.

      Облыстық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық сот жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.

      Егер облыстық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар өздері судья лауазымына үміттеніп отырған сот орналасқан өңірде жұмыс істейтін немесе тұратын болса, облыстық сот жалпы отырысының қорытындысын қайтадан алу талап етілмейді.

      Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық сот жалпы отырысының қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.

      Жоғарғы Сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің де қорытындысын алуға тиіс. Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.";

      "5. Судья лауазымынан өкілді органдардағы мемлекеттік лауазымға сайланған не тағайындалған, сондай-ақ судья лауазымынан сот төрелігін ұйымдық қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымға тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей конкурстық негізде судья лауазымына орналасу құқығы беріледі.";

      4) 30-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидатуралар жоғары тұрған соттың екі судьясы мен отставкадағы бір судьяның жазбаша кепілгерліктерін алуға тиіс.";

      5) 44-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөлікте:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жоғары тұрған сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына тағайындауға ұсыным жасау;";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) жоғары тұрған сатыдағы судьяның, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына тағайындауға ұсыным беруден бас тарту.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот жюриі біліктілік комиссиясының осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 6) тармақшаларында көзделген шешімдері ұсынымдық сипатта болады.";

      6) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Судьялардың еңбегiне ақы төлеу судьяның мәртебесi, оны тағайындау және сайлау тәртiбi, сондай-ақ ол жүзеге асыратын функциялар ескеріле отырып, Конституцияның 66-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес айқындалады.";

      7) 57-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен құрылатын Республикалық бюджет комиссиясының мүшесі болып табылады.".

2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады