Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияға Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 279-VІ ҚРЗ.

Баспасөз релизі

      2019 жылдың 12 желтоқсандағы "Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияға Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына қол қойылды. (бұдан әрі - Заң).

      Қазақстан 2000 жылдан бастап ақпаратқа қол жеткізу, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы Конвенцияның (бұдан әрі - Орхус конвенциясы) қатысушысы болып табылады, оның мақсаты адамның денсаулығы мен әл-ауқаты үшін қоршаған ортаға құқықтарын қорғауды қолдау, ақпаратқа қол жеткізу, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу болып табылады.

      Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері туралы хаттама (бұдан әрі - Хаттама) Орхус конвенциясының бөлігі болып табылады.

      Хаттама "Еуропа үшін қоршаған орта" V Министрлер конференциясы шеңберінде 2003 жылғы 21 мамырдағы Орхус конвенциясы Тараптарының кезектен тыс отырысында қабылданды (Киев, Украина).

      Хаттама алғашқы заң тұрғысынан міндетті халықаралық құжат болып табылады. Оның мақсаты болып қоршаған ортаға қатысты сұрақтар бойынша шешім қабылдауға жұртшылықтың қатысуына, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануын азайту мен алдын алуына жәрдем беруге ықпал ететін осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес келісілген, кешенді жалпыұлттық ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерін (ЛШТТ) құру арқылы жұртшылықтың ақпаратқа қол жетімділігін кеңейту табылады.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 160-бабына сәйкес ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі - ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізетін, ашық қолжетімді түрде орналастырылған эмиссияның жай-күйі және қоршаған ортаның ластануы туралы құрылымдалған дерекқор.

      Хаттамаға қосылу жұртшылықтың ақпаратқа қол жеткізуін кеңейтуді қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуына ықпал етеді және Орхус конвенциясын іске асыру шеңберінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше басқа елдермен Қазақстан Республикасының ынтымақтастығын нығайтудың жалғасы болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз