2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 13 ақпандағы № 302-VІ ҚРЗ.

"Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы бойынша баспасөз релизі

      2020 жылғы 13 ақпанда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев "2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

      Бұл Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 22 тамыздағы қол қойылған "2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы" ратификациялау мақсатында қабылданды.

      Хаттаманы ратификациялау "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Зенит-М" ғарыш зымыран кешенінің жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін қайта жаңарту мен жаңғыртуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешені бойынша стратегиялық әріптестік пен екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

      Хаттаманы теріс саяси, құқықтық, қаржылық-экономикалық және өзге де салдарды болжамайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз