Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 104-VII ҚРЗ.

      2019 жылғы 25 қазанда Мәскеуде жасалған Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері

      1992 жылғы 13 наурыздағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімнің ережелерін орындау кезінде өзара іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында,

      өлшем бірлігі мен дұрыстығын қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықтың экономикалық орындылығын ескере отырып,

      өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу жөніндегі метрологиялық қызметтердің тиімді қызметіне, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, адам өмірі мен денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде, ғылыми зерттеулер мен өзге де салаларда заттар мен материалдарды сынауды орындайтын сынақ және өзге де зертханалардың өлшемдерін метрологиялық қамтамасыз етуге мүдделі бола отырып,

      өлшем бірлігін, дұрыстығын қамтамасыз ету, өлшемдер мен сынақтарды метрологиялық қамтамасыз ету үшін заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің маңызды рөлін сезіне отырып,

      осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің заттар мен материалдардың стандартты үлгілеріне деген қажеттілігін қамтамасыз етуге ниет білдіре отырып,

      "МАҚ" аббревиатурасы бар мемлекетаралық стандарттау жөніндегі қағидалардың және "МЕМСТ" аббревиатурасы бар стандарттардың қолданысын оларды заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілеріне, метрологиялық нормалар мен оларды әзірлеу, жасау және қолдану қағидаларына қойылатын талаптарды пайдалана отырып, мемлекетаралық және басым қалыптастыру ретінде сақтау қажеттігін назарға ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі өз қызметін жүзеге асыруда толық дербестікке ие бола отырып:

      метрология (өлшем бірлігін қамтамасыз ету) жөніндегі ұлттық органдармен келісілген бағдарламалар (жоспарлар) және рәсімдер негізінде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері саласындағы стандарттау жөніндегі мемлекетаралық құжаттарды (қағидаларды, стандарттарды, ұсынымдарды) жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастықты қамтамасыз етеді,

      метрология (өлшем бірлігін қамтамасыз ету) жөніндегі ұлттық органдармен келісілген бағдарламалар (жоспарлар) және рәсімдер негізінде заттар мен материалдардың кұрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану бойынша ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;

      ұлттық заңнамаға сәйкес метрология (өлшем бірлігін қамтамасыз ету) жөніндегі уәкілетті органның стандартты үлгілерінің типтерін бекітуді және оларды стандартты үлгілердің бекітілген типтерінің ұлттық тізіліміне енгізуді ұйымдастырады;

      өз мемлекеттерінің аумақтарында жасалатын және қолданылатын заттар мен материалдардың стандартты үлгілерін бекітілген типтері туралы ақпарат алмасуды ұйымдастырады;

      бастамашылық тәртіппен немесе осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің метрология (өлшем бірлігін қамтамасыз ету) жөніндегі ұлттық органының ұсынымы бойынша ұлттық стандартты үлгілердің типтерін осы типтердің стандартты үлгілерін дайындаушы мемлекет ретінде мемлекетаралық стандартты үлгілер ретінде тануға ұсынуды қамтамасыз етеді.

2-бап

      Тараптар халықаралық нормативтік-техникалык құжаттардың ережелері, сондай-ақ Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес (МАК) қабылдаған құжаттар, ұлттық стандарттар және осы Келісімнің нысанасына қатысы бар басқа да құжаттар негізінде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану бойынша келісілген жұмыстарды жүргізеді.

3-бап

      Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің мемлекетаралық стандартты үлгілерін жасау стандартты үлгілердің жаңа типтерін әзірлеу арқылы немесе осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұлттық стандартты үлгілерінің бекітілген типтерін тану негізінде жүзеге асырылады. Мемлекетаралық стандартты үлгілерді тану туралы шешімді МАК қабылдайды. Мемлекетаралық стандартты үлгілерді жасау, тану және қолдану МАК 16 "Мемлекетаралық стандартты үлгі туралы ережеде" көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      МАК таныған мемлекетаралық стандартты үлгілер Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің мемлекетаралық стандартты үлгілерінің тізіліміне енгізілуге жатады, оны жүргізуді МАК стандарттары жөніндегі бюро жүзеге асырады.

      Мемлекетарапық стандартты үлгілер туралы ақпаратты және оларды тануға қосылған мемлекеттер туралы мәліметтерді МАК стандарттары жөніндегі бюро МАК-тың ресми интернет-сайтында орналастырады.

4-бап

      Мемлекетаралық стандартты үлгілер экономиканың әртүрлі салаларында, оның ішінде оларды тануға қосылған, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің өлшем бірлігін қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу саласында осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қосымша сынақтарсыз немесе зерттеулерсіз және ұлттық стандартты үлгінің типін бекітпей қолданылады.

      Тараптар экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықта мемлекетаралық стандартты үлгілерді қолдану үшін өлшемдерді, заттар мен материалдарды сынауды, өлшем құралдарын калибрлеуді, салыстырып тексеруді, аттестаттауды метрологиялық қамтамасыз ету үшін оларды стандарттарға, келісімдерге немесе шарттарға (келісімшарттарға) енгізу (сілтемелер), сондай-ақ өлшеу, сынау, калибрлеу, салыстырып тексеру әдістемелеріне (әдістеріне), сынау, аттестаттау бағдарламаларына құжаттарға енгізу (сілтемелер) арқылы шарттарды қамтамасыз етеді.

5-бап

      Осы Келісім МАК осы Келісімге қол қойылғанға дейін және одан кейін таныған мемлекетаралық стандартты үлгілерге қолданылады.

6-бап

      Мемлекетаралық стандартты үлгілерге жататын өнертабыстарды, өнеркәсіптік үлгілер мен тауар таңбаларын құқықтық қорғау және пайдалану мәселелері осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамасымен реттеледі.

7-бап

      Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының мемлекеті қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

8-бап

      Осы Келісімге Тараптардың келісімі бойынша оның ажырамас бөлігі болып табылатын, тиісті хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

9-бап

      Тараптар арасында осы Келісімді қолдану және түсіндіру кезінде туындайтын даулар мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері арқылы немесе Тараптар келіскен басқа рәсім арқылы шешіледі.

10-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

11-бап

      Осы Келісім күшіне енгеннен кейін қосылу туралы құжатты депозитарийге беру арқылы басқа мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.

      Осы Келісім ТМД-ға қатысушы мемлекет үшін қосылу туралы құжатты депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Осы Келісім ТМД-ға қатысушы болып табылмайтын мемлекет үшін оған қол қойған немесе оған қосылған мемлекеттердің осындай қосылуға келісімі туралы соңғы хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

12-бап

      Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы одан шыққанға дейін 6 айдан кешіктірмей өзінің осындай ниеті туралы жазбаша хабарламаны депозитарийге жібере отырып және осы Келісім бойынша Тараптардың оның қолданысы кезеңінде туындаған міндеттемелерін реттей отырып, осы Келісімнен шығуға құқылы.

      2019 жылғы 25 қазанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін
      Армения Республикасының Үкіметі үшін
      Беларусь Республикасының Үкіметі үшін
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
      Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін
      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін
      Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін
      Түрікменстанның Үкіметі үшін
      Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін
      Украинаның Үкіметі үшін
      Молдова Республикасының Үкіметі үшін

      Осымен қоса беріліп отырған мәтін 2019 жылғы 25 қазанда Мәскеу қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылған заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттеріне стандарттық үлгілерді құру және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімнің теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын. Жоғарыды аталған Келісімнің түпнұсқасы данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.

      Атқару Комитеті төрағасының
бірінші орынбасары -
ТМД Атқарушы хатшысы
В. Гуминский

      2019 жылғы 25 қазандағы Мәскеу қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылған заттар мен материалдардың кұрамы мен қасиеттеріне стандарттық үлгілерді құру және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі түпнұсқалы мәтініне сәйкес келетінін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция вице-министрі
Е.Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады