Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 24 қарашадағы № 159-VII ҚРЗ. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 42-VIII Заңымен

      2022 жылғы 24 қарашада "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (№ 159-VII) қол қойылды.

      Заңда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшері 2023 жылы – 2 200 млрд. теңге, 2024 жылы – 2 000 млрд. теңге, 2025 жылы – 1 900 млрд. теңге сомасында айқындалды.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер бойынша мұнайдың кесімді бағасының мөлшері 2023 жылы барреліне 48,9 АҚШ доллары, 2024 жылы барреліне 42,2 АҚШ доллары және 2025 жылы барреліне 40,3 АҚШ доллары деңгейінде белгіленді.

      Заң республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз