Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 24 мамырдағы № 4-VIII ҚРЗ.

      2022 жылғы 19 сәуірде Мәскеуде жасалған Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы КЕЛІСІМ

  Ресми куәландырылған мәтін

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

      2014 жылғы 29 мамырдагы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты (бұдан әрі - Одақ туралы шарт) және 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты негізге ала отырып,

      мүше мемлекеттердің экономикалық интеграциясын дамыту қажеттігін мойындай отырып,

      халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын, сондай-ақ халықаралық сауданың жалпыға бірдей танылған нормалары мен қағидаларын басшылыққа ала отырып,

      Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - Одақ) мүше болып табылмайтын мемлекеттердің кедендік транзит жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін іске асыру мақсатында Одақ шеңберінде кедендік транзиттің бірыңғай жүйесін дамыту қажеттігін мойындай отырып,

      кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын (бұдан әрі - кедендік және өзге де төлемдер) төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету жүйесін дамыту және жетілдіру қажеттігін мойындай отырып,

      кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді беру тәртібін жеңілдету қажеттігін мойындай отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап Келісімнің нысанасы

      Осы Келісім:

      тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруды бір мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асыратын, ал кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету екінші мүше мемлекеттің кеден органына берілген жағдайларда кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктерін;

      тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруды бір мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асыратын, ал кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету екінші мүше мемлекеттің кеден органына берілген жағдайларда кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде кепілгерлікті қолдану ерекшеліктерін айқындайды.

2-бап Кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді пайдалану кезінде жеңілдетулерді қолдану жағдайлары мен шарттары

      1. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді пайдалану кезінде декларантқа берілген кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етудің мөлшерінен:

      а) осы баптың 2-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде - 20 пайызға;

      б) Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) айқындайтын шарттар сақталған кезде - 30 пайызға асатын жалпы сомаға кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету сертификатын (сертификаттарын) (бұдан әрі - қамтамасыз ету сертификаты) ресімдеу мүмкіндігін көздейтін жеңілдетулер беріледі.

      2. Осы баптың 1-тармағының "а" тармақшасында көзделген жеңілдетулер мынадай шарттар сақталған:

      а) осындай жеңілдетулерді қолдануға ниеті бар тұлға кеден органына осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтініш берілген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған;

      б) кеден органына осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтініш берілген мүше мемлекеттің кеден органына кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету берілген;

      в) осындай жеңілдетулерді қолдануға ниеті бар тұлға осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтініш берілген күннің алдындағы 3 жыл ішінде осы Келісімнің 6-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді пайдалана отырып, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) тауарлардың тұрақты түрде (жылына кемінде 30 рет) декларанты болған;

      г) осындай жеңілдетулерді қолдануға ниеті бар тұлғада осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтініш кеден органына берілген күні Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес белгіленген мерзімде орындалмаған кедендік және өзге де төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндеті болмаған;

      д) осындай жеңілдетулерді қолдануға ниеті бар тұлғаға қатысты осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтініш берілген күннің алдындағы 3 жыл ішінде осындай тұлға декларанты болған тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру шарттарының бұзылуына байланысты кедендік және өзге де төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздарды өндіріп алу жөніндегі шаралар қолданылмаған;

      е) мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар мен оларды қамтамасыз ету құралдары болған;

      ж) өзге де шарттар (егер мұндай шарттар мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайда) сақталған кезде қолданылады.

      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген жеңілдетулерді қолдануға ниеті бар тұлға кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету берілген кеден органына өтініш жібереді.

      Өтініштің нысаны, онда көрсетілетін мәліметтер тізбесі, өтінішті қарау мерзімдері мен тәртібі (оның ішінде осы баптың 1-тармағында көзделген жеңілдетулерді қолдану туралы немесе жеңілдетулерді қолданудан бас тарту туралы шешім қабылдау және өтініш берушіге қабылданған шешім туралы ақпарат жіберу тәртібі) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Осы баптың 2-тармағында көзделген шарттар не осы баптың 1-тармағының "б" тармақшасына сәйкес Комиссия айқындайтын шарттар сақталған кезде кеден органы осы баптың 1-тармағының тиісінше "а" тармақшасында немесе "б" тармақшасында көзделген жеңілдетулерді қолдану туралы шешім қабылдайды, ал мұндай шарттар сақталмаған жағдайда тиісті жеңілдетулерді қолданудан бас тартады.

      4. Осы баптың 1-тармағында көзделген жеңілдетулерді қолдану межелі кеден органы жөнелтуші кеден органынан ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды жеткізу (толық немесе ішінара) туралы мәліметтердің жоқ екендігі туралы ақпаратты алған күннен бастап тоқтатыла тұрады.

      Осы баптың l-тармағында көзделген жеңілдетулерді қолдану:

      егер кеден органының тауарлардың орналасқан жерін анықтауға байланысты кедендік операцияларды жасау мерзімі ішінде жөнелтуші кеден органында кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталуы туралы ақпарат болмаған тауарларға (тауарлардың бір бөлігіне) қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталган жагдайда межелі кеден органы кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған күннен бастап не осы кеден органы ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданылуының аяқталғаны туралы ақпаратты алған күннен бастап;

      егер Кодекстің 55-бабының 3-тармағына және 73-бабының 3-тармағына сәйкес кеден органы жіберген, белгіленген мерзімде төленбеген кедендік және өзге де төлемдерді туралы хабарламада көрсетілген мерзім ішінде жөнелтуші кеден органында кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғаны туралы ақпарат болмаған тауарларға (тауарлардың бір бөлігіне) қатысты кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндет орындалған жағдайда ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде межелі кеден органы жөнелтуші кеден органынан не осы хабарлама жіберілген өзге кеден органынан кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндетті орындау туралы ақпаратты алған күннен бастап қайта басталады.

      5. Егер Кодекстің 55-бабы 3-тармағына және 73-бабы 3-тармағына сәйкес кеден органы жіберген, белгіленген мерзімде төленбеген кедендік және өзге де төлемдер туралы хабарламада көрсетілген мерзім ішінде жөнелтуші кеден органында кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданылуының аяқталғаны туралы ақпарат болмаған тауарларға (тауарлардың бір бөлігіне) қатысты кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндет орындалмаған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген жеңілдетулерді қолдану межелі кеден органы жөнелтуші кеден органынан не осы хабарлама жіберілген өзге кеден органынан кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны туралы ақпаратты алған күннен бастап осындай хабарламада көрсетілген мерзім өткенге дейін тоқтатылады.

      6. Декларантқа осы баптың 1-тармағында көзделген жеңілдетулерді қолдануды тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы ақпарат беруді кеден органына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын тәртіппен кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету берілген мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асырады.

      7. Егер тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету берілген жағдайда Кодекстің 153-бабының 5-тармағында және 309-бабының 3-тармағында көзделген мән-жайлар басталған кезде төленбеген кедендік және өзге де төлемдерді кеден органына кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету берілген мүше мемлекеттің кеден органы осындай қамтамасыз ету есебінен, сондай-ақ Кодекстің 68-бабының 2 және 3-тармақтарында және 77-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген кедендік және өзге де төлемдерді өндіріп алудың өзге де шараларын қолдану арқылы өндіріп алады.

3-бап Кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етудің ұсынылғанын растау ерекшеліктері

      1. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді пайдалану кезінде электрондық құжат түріндегі қамтамасыз ету сертификаты, сондай-ақ нақты транзиттік декларация бойынша тасымалданатын (тасылатын) тауарларға қатысты кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер (бұдан әрі - қамтамасыз етуді пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер) жөнелтуші кеден органы үшін кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің берілгенін растау болып табылады.

      Кеден органына кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету берілген мүше мемлекеттің кеден органы қамтамасыз етуді пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтерді жіберген кезде қамтамасыз ету сертификатында көрсетілген және кеден органы бұғаттамаған сома шегінде нақты транзиттік декларация бойынша тасымалданатын (тасылатын) тауарларға қатысты кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету сомасын пайдалануға уақытша тыйым салу (бұдан әрі - қамтамасыз ету сомасын резервтеу) жүзеге асырылады.

      Қамтамасыз ету сертификатын пайдалану тәртібін айқындау кезінде Комиссия қамтамасыз етуді пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер алмасуға қатысатын тұлғаларды, осындай тұлғалардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін және қамтамасыз ету сомасын резервтен шығару (пайдалануға тыйым салуды алып тастау) үшін негіздерді айқындайды.

      2. Қамтамасыз ету сомасын резервтеуді және оны резервтен шығаруды (пайдалануға тыйым салуды алып тастауды) кеден органына кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету берілген мүше мемлекеттің кеден органы жүргізеді.

      3. Барлық тіркелген және өтелмеген қамтамасыз ету сертификаттарының жалпы сомасын бақылауды кеден органына кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету берілген мүше мемлекеттің кеден органы кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырады.

4-бап Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кепілгерлікті қолдану ерекшеліктері

      1. Кепілгер мынадай шарттарды:

      а) кепілгердің заңды тұлға болып табылуы;

      б) осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күні кепілгер болып табылатын заңды тұлғаның заңнамасына сәйкес құрылған мүше мемлекеттің кеден органы мен кепілгер арасындағы кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жасалған қолданыстағы кепілгерлік шартының болуы;

      в) осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күні Кодекске сәйкес белгіленген мерзімде орындалмаған кедендік және өзге де төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндеттің болмауы;

      г) осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күннің алдындағы 3 жыл ішінде кепілгерге қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімінің шарттарын бұзуға байланысты кедендік және өзге де төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздарды өндіріп алу жөніндегі шаралардың қолданылмауы;

      д) кепілгердің осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күннің алдындағы 3 жыл ішінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде (жылына кемінде 50 рет) кепілгер болуы;

      е) кепілгердің кеден органдары алдындағы міндеттемелерін (банктік кепілдікті және (немесе) ақша қаражатын (ақшаны) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген, бірақ осы Келісімнің 6-бабының 2-тармағы екінші абзацының ережелерін ескере отырып, осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын, мүше мемлекеттің қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленетін (айқындалатын) валюталар бағамы (бұдан әрі - валюталар бағамы) бойынша 5 млн. еуроға баламалы сомадан кем болмайтын сомаға тиісінше орындауына кепілдік берілуі;

      ж) ұлттық кепілдік беруші ретінде қызметті жүзеге асыру үшін қажетті, мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарына сай келетін ақпараттық жүйелердің, ақпараттық технологиялардың және оларды қамтамасыз ету құралдарының болуы шарттарын;

      з) өзге де шарттарды (егер мұндай шарттар мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайда) сақтаған кезде ұлттық кепілдік беруші болып танылады.

      2. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде кепілгерлікті пайдаланған кезде коммерциялық ұйым не мемлекеттік меншік нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылатын, осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттарға сәйкес ұлттық кепілдік беруші болып танылған (танылатын) кепілгер, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында мұндай коммерциялық смес ұйымдар кепілгер бола алады деп белгіленсе, осы Келісімнің 6-бабы 2-тармағының үшінші абзацын ескере отырып, кепілгерлік шарты бойынша кепілгер міндеттемелерінің мөлшерін кеден органдары алдындағы өз міндеттемелерін тиісінше орындауға берілген кепілдік мөлшерінен арттыру бөлігінде жеңілдетуді:

      а) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:

      кепілгерлік шарты кемінде 1 жыл мерзімге жасалса;

      кепілдік сомасы осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын валюта бағамы бойышпа 5 млн еуроға баламалы сомадан кем емес соманы құраса, берілген кепілдік мөлшерінен 10 пайызға;

      б) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:

      кепілгерлік шарты кемінде 1 жыл мерзімге жасалса;

      кепілдік сомасы осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын валюта бағамы бойынша 10 млн еуроға баламалы сомадан кем емес соманы құраса, берілген кепілдік мөлшерінен 20 пайызға;

      в) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:

      кепілгерлік шарты кемінде 1 жыл мерзімге жасалса;

      кепілдік сомасы осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын валюта бағамы бойынша 15 млн еуроға баламалы сомадан кем емес соманы құраса, берілген кепілдік мөлшерінен 30 пайызға;

      г) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:

      осы тармақтың "а" - "в" тармақшаларында көзделген жеңілдетулер осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күннің алдындағы кемінде 3 жыл ішінде қолданылса;

      кепілдік сомасы осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын валюта бағамы бойынша 20 млн еуроға баламалы сомадан кем емес соманы құраса, берілген кепілдік мөлшерінен 50 пайызға;

      д) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:

      осы тармақтың "а" "г" тармақшаларында көзделген жеңілдетулер осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күннің алдындағы кемінде 5 жыл ішінде қолданылса;

      кепілдік сомасы осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын валюта бағамы бойынша 20 млн еуроға баламалы сомадан кем емес соманы құраса, берілген кенілдік мөлшерінен 100 пайызға қолдана алады.

      3. Кепілгерді ұлттық кепілдік беруші деп тану үшін кепілгер кепілгерлік шарты жасалған кеден органына оны ұлттық кепілдік беруші деп тану туралы және қолданыстағы кепілгерлік шартына өзгерістер енгізу туралы не кепілгерліктің жаңа шартын жасасу туралы өтініш жібереді.

      Коммерциялық ұйым не мемлекеттік меншік нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылатын кепілгер, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында осындай коммерциялық емес ұйымдар кепілгер бола алады деп белгіленсе, осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген өтініште осы баптың 2-тармағының "а" - "в" тармақшаларында көзделген жеңілдетулердің бірін қолдану ниеті туралы мәліметтерді де мәлімдейді (көрсетеді).

      Осы баптың 1-тармағында көзделген шарттардың сақталмауы кеден органының кепілгерді ұлттық кепілдік беруші деп танудан бас тартуы үшін негіз болып табылады, ал осы баптың 2-тармағының "а" - "в" тармақшаларында көзделген шарттардың сақталмауы тиісті жеңілдетуді қолданудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      4. Осы баптың 2-тармағының "а" - "в" тармақшаларында көзделген жеңілдетулердің бірін пайдаланатын, осы баптың 2-тармағының "а" - "в" тармақшаларында көзделген басқа жеңілдетуді не осы баптың 2-тармағының "г" және "д" тармақшаларында белгіленген жеңілдетулердің бірін қолдануға ниеті бар ұлттық кепілдік беруші кепілгерлік шарты жасалған кеден органына қолданыстағы кепілгерлік шартына өзгерістер енгізу туралы не кепілгерліктің жаңа шартын жасасу туралы ұсынысты қоса алғанда, осындай жеңілдетуді қолдану туралы өтініш береді.

      Осы баптың 2-тармағында көзделген шарттардың сақталмауы тиісті жеңілдетуді қолданудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген өтініштердің нысандары, оларда көрсетілетін мәліметтердің тізбесі, оларды қарау мерзімдері мен тәртібі (оның ішінде кепілгерді ұлттық кепілдік беруіші деп тану немесе кепілгерді ұлттық кепілдік беруші деп танудан бас тарту туралы, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген жеңілдетулерді қолдану туралы немесе осындай жеңілдетулерді қолданудан бас тарту туралы шешім қабылдау, өтініш берушіге қабылданған шешім туралы ақпарат жіберу тәртібі) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады.

      6. Кепілгер ұлттық кепілдік беруші мәртебесінен мынадай:

      а) ұлттық кепілдік беруші болып табылатын заңды тұлғаны таратқан;

      б) ұлттық кепілдік беруші мен кеден органы арасында көрсетілген мақсаттарда жаңа мерзімге кепілгерлік шарты жасалған жағдайды қоспағанда, ұлттық кепілгер мен кеден органы арасындағы кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жасалған кепілгерлік шартының қолданысы тоқтатылған;

      в) ұлттық кенілдік беруші мен кеден органы арасындағы кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жасалған кепілгерлік шарты бұзылған;

      г) банк кепілдігінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін кепілгердің кеден органдары алдындағы міндеттемелерін тиісінше орындау кепілдігі сомасы осы баптың 1-тармағының "е" тармақшасына сәйкес айқындалған сомадан төмендеген;

      д) кепілгердің кеден органдары алдындағы міндеттемелерін тиісінше орындау кепілдігіне кедендік және өзге де төлемдерді өндіріп алу қолданылған;

      е) қолданылатын ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      ж) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда айырылады.

      7. Кепілгердің ұлттық кепілдік беруші мәртебесінен айырылуы туралы шешім қабылдау тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Ұлттық кепілдік беруші мәртебесінен айырылу кепілгерді кепілгерлік шарты бойынша тоқтатылмаған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      8. Ұлттық кепілдік берушілер туралы ақпаратты мүше мемлекеттердің уәкілетті кеден органдары ұлттық кепілдік берушілердің бірыңғай тізбесін қалыптастыру және оны Одақтың ақпараттық порталында орналастыру үшін Комиссияға жібереді.

      Көрсетілген тізбеге енгізілетін мәліметтердің құрамын және оларды Комиссияға жіберу тәртібін айқындауды, сондай-ақ осы тізбені қалыптастыруды және оны Одақтың ақпараттық порталында орналастыруды Комиссия жүзеге асырады.

      9. Мүше мемлекеттердің заңнамасында қаражаты Кодекстің 153-бабының 5-тармағында көзделген, кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндет орындалуға жататын мән-жай туындаған кезде кедендік және өзге де төлемдерді өндіріп алу мақсатында ғана пайдаланылатын ұлттық кепілдік берушілердің кепілдік беру қорын қалыптастыруы көзделуі мүмкін. Кепілдік беру қорын қалыптастыру тәртібі, сондай-ақ кепілдік беру қорының қаражаты есебінен кедендік және өзге де төлемдерді өндіріп алу тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.

5-бап Кеден органдарының өзара іс-қимылы

      Кодекстің 147-бабында көрсетілген құжаттармен және (немесе) мәліметтермен алмасу кезінде кеден органдары қамтамасыз етуді пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтермен, қамтамасыз ету сомасын резервтеу және оларды резервтен шығару (пайдалануға тыйым салуды алып тастау) туралы мәліметтермен, осы Келісімді іске асыру үшін қажетті өзге де мәліметтермен алмасуды жүзеге асырады. Мұндай алмасу Одақ шеңберіндегі ортақ процестерді іске асыру арқылы Одақ туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы баптың бірінші абзацында көрсетілген мәліметтер алмасуды іске асыру кезінде мәліметтер құрамын және ақпарат жіберу тәртібін Комиссия белгілейді.

6-бап Өтпелі ережелер

      1. Осы Келісімнің 2-бабының 2-тармағы "в" тармақшасының ережелері осы Келісім күшіне енген күннен бастап 3 жыл ішінде Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында қолданылмайды.

      Көрсетілген кезең ішінде осы Келісімнің 2-бабы 1-тармағының "а" тармақшасында көзделген жеңілдетулер Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында осы Келісімнің 2-бабының 2-тармағы "а", "б", "г" "ж" тармақшаларында көзделген шарттар сақталған кезде, сондай-ақ егер осындай жеңілдетулерді қолдануға ниеті бар тұлға осы Келісімнің 2-бабының 3-тармағында көрсетілген өтініш берілген күннің алдындағы 3 жыл ішінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) тауарлардың тұрақты түрде (жылына кемінде 30 рет) декларанты болған жағдайда қолданылады.

      2. Осы Келісім Армения Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында күшіне енген күннен бастап 5 жыл өткенге дейін:

      осы Келісімнің 4-бабы 1-тармағының "е" тармақшасында көзделген кепілгердің кеден органдары алдындағы міндеттемелерін тиісінше орындау кепілдігінің ең аз мөлшері осы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады;

      кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде кепілгерлік пайдаланылған кезде коммерциялық ұйым не мемлекеттік меншік нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылатын, осы Келісімнің 4-бабының 1-тармағына сәйкес ұлттық кепілдік беруші болып танылған (танылатын) кепілгер, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында мұндай коммерциялық емес ұйымдар кепілгер бола алады деп белгіленсе, кепілгерлік шарты бойынша кепілгер міндеттемелерінің мөлшерін кеден органдары алдындағы өз міндеттемелерін тиісінше орындауға берілген кепілдік мөлшерінен 5 пайызға арттыру бөлігінде жеңілдетуді мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:

      кепілгерлік шарты кемінде 1 жыл мерзімге жасалса;

      кепілдік сомасы осы Келісімнің 4-бабының 3-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданыста болған валюта бағамы бойынша 5 млн еуроға баламалы сомадан кем болса, бірақ осы тармақтың екініші абзацына сәйкес айқындалған сомадан кем болмаса қолдана алады.

      3. Егер осы Келісім күшіне енген күні Беларусь Республикасында тіркелген кеден органы мен кепілгер арасында жасалған, осы Келісімнің 4-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген шарттарға сай келетін шартқа сәйкес осы Келісімнің 4-бабының 2-тармағында белгіленген көлеммен салыстырғанда кепілгер міндеттемелерінің мөлшерін кеден органдары алдындағы өз міндеттемелерін тиісінше орындауға берілген кепілдік мөлшерінен арттыру бөлігінде жеңілдетудің үлкен көлемі көзделген болса, онда осы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мұндай шартта көзделген жеңілдетулер қолданылады.

7-бап Дауларды шешу тәртібі

      Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар Одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.

8-бап Қорытынды ережелер

      1. Осы Келісім осы Келісім күшіне енген күннен бастап 5 жыл өткен соң күшіне енетін осы Келісімнің 4-бабы 1-тармағының "д" тармақшасын қоспағанда, осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

      2. Мүше мемлекеттердің өзара келісуі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      3. Осы Келісім Одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Одақ құқығына кіреді.

      2022 жылғы "19" сәуірде Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Келісімнің төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Армения Республикасы үшін

Беларусь Республикасы үшін

Қазақстан Республикасы үшін

Қырғыз Республикасы үшін

Ресей Федерациясы үшін

      Осы арқылы 2022 жылғы 19 сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылған, Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімнің толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын:

      Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер-министрі Н.В.Пашинян;

      Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті A.Г.Лукашенко;

      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев;

      Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Президенті С. Н. Жапаров;

      Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті B.В.Путин.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның
Құқықтық департаментінің директоры
В.И. Тараскин

      Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі теңтүпнұсқалы мәтініне сәйкес келетінін растаймын.

      Қазақстан Peспубликасының
Қаржы вице-министрі

Е.Е. Біржанов

      2022 ж. "___"___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады