Қазақстан Республикасы мен Азия Дамыту Банкi арасындағы займ (Арнайы операциялар) (Бiлiм беру жүйесiн басқаруды жандандыру және жақсарту жобасы) туралы Келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 12 шiлде N 21-I

 


     1996 жылғы 27 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы мен Азия Дамыту

Банкi арасындағы займ (Арнайы операциялар) (Бiлiм беру жүйесiн

басқаруды жандандыру мен жақсарту жобасы) туралы Келiсiм бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

            Президентi


           Қазақстан Республикасы мен Азиялық даму банкінің

                             арасында

                  1996 жылғы 26 сәуірде жасалған

                       Займ туралы келісім

                       Арнаулы операциялар

                (Білім беру саласын оңалту және

                  басқаруды жетілдіру жобасы)




 
       Қазақстан Республикасы (бұдан әрі Займ алушы болып аталады) мен

 

азиялық даму банкінің (бұдан әрі Банк деп аталады) арасындағы 1996

жылғы 26 сәуірдегі займ туралы келісім

     (А) Займ алушы займ туралы осы Келісімнің 1-Қосымшасында

сипатталған Жобаның мақсаттары үшін Банкке оның арнаулы қорынан Займ

беру туралы өтініш жасағанын;

     (В) Банк төменде айтылған шарттар негізінде арнаулы банк қорынан

Займ алушыға займ беруге келіскенін

     назарға ала отырып,

     тараптар осымен төмендегі келісімге келді:


                             І бап

                  Займның ережесі: Анықтауыштар



 
       1.01-бөлім. 1982 жылғы 7 желтоқсандағы займдар бойынша арнаулы операциялар туралы Банк Ережесіне енгізілген барлық ережелер осымен Займ туралы бұл Келісімге, олар осы құжатта баяндалған, алайда мынадай өзгеріске жататындай дәрежеде (жоғарыда аталған займдар туралы арнаулы операциялар туралы Ереженің өзгеріске ұшырағаны сондай, бұдан әрі Займ Ережесі деп аталады) қолданылады: 4.05-бөлім алып тасталады.
      1.02-бөлім. Займ Ережелерінде анықтауышы берілген бірнеше термин осы Займ туралы Келісімде қайда пайдаланылмасын, егер контекст бойынша өзге талап етілмесе, оларда берілген тиісті мағынаға ие болады, ал мына қосымша терминдер мынадай мағынаға ие болады: (а) "ШКПК" Қазақстан Республикасының Шетел капиталын пайдалану жөніндегі комитетін немесе оның кез-келген мұрагерін білдіреді;
      (b) "ББ" облыс деңгейінде Білім беру Бөлімін немесе оның кез-келген мұрагерін білдіреді;
      (с) "БПИ" Білім министрлігі (БМ) жанындағы Білім Проблемалары жөніндегі Институтты немесе оның кез-келген мұрагерін білдіреді;
      (d) "БМ" Займ алушының Білім Министрлігін немесе оның кез-келген мұрагерін білдіреді;
      (е) "АБЖ" осы Займ туралы Келісімнің 1-Қосымшасының D Бөлімінде сипатталғанындай, Ақпарат басқару жүйесін білдіреді;
      (f) "ҚҰБ" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, Заем алушының орталық банкін немесе оның кез-келген мұрагерін білдіреді;
      (g) "Облыс" Займ алушының әкімшілік өлшемін немесе оның кез-келген мұрагерін білдіреді;
      (h) "PIU" Займ туралы Келісімнің 6-Қосымшасының 1-Параграфындағы анықтауышқа сәйкес БМ ішінде құрылған Жобаны жүзеге асыру жөніндегі Бөлімшені білдіреді;
      (i) "Жобаны орындалуына жауапты агенттік" займ Ережелерінің

 

мақсаттары үшін және мағынасы шеңберінде жобаның орындалуына жауап

беретін БМ-ін білдіреді;

     (j) "ЖБК" Займ туралы осы Келісімнің 6-Қосымшасының 3-Параграфында

сипатталғанындай, Жоба жөніндегі Бақылау Комитетін білдіреді;

     (к) "ЖЖТ" Займ туралы осы Келісімнің 6-Қосымшасының 2-Параграфындағы

анықтауышқа сәйкес, Жобаның Жұмыс Тобын білдіреді;

     (l) "РМЖИ" Республикалық Мұғалімдер Білімін Жетілдіру Институтын

немесе оның кез-келген мұрагерін білдіреді; және

     (m) "МЖИ" Облыс деңгейінде Мұғалімдер Білімін Жетілдіру Институтын

білдіреді.


                                 ІІ Бап

                                  Займ



 
       2.01-бөлім. Банк Арнаулы Займ алу Ережелері бойынша Банктің Арнаулы қорынан Займ алушыға он үш миллион үш жүз сексен екі мыңға пара-пар (АЗЕ 13,382,000) әртүрлі валютада сома беруге келіседі.
      2.02-бөлім. Займ алушы Банкке қызмет көрсеткені үшін займ шотынан алынған және мезгіл-мезгіл төленбей қалатын займ сомасынан жылына бір процент (1%) мөлшерінде ақы төлейді.
      2.03. Қызмет көрсету ақысы және займ үшін өзге де ақылар әр жылдың 1 маусымында және 1 желтоқсанында алты айда 1 рет төленеді.
      2.04-бөлім. (а) Төмендегі (b) және (с) параграфтарының ережелеріне байланысты Займ алушы Займ туралы осы Келісімнің 2-Қосымшасында келтірілген амортизациялық кестеге сәйкес займ шотынан алынған займның негізгі сомасын қайтарады.
      (b) Егер Банк Директорлар Кеңесі тиісінше қарағаннан кейін Займ алушының жалпы ұлттық өнімі (i) халықтың жан басына шаққанда (халықтың жан басына шаққанда ЖҰӨ) кейінгі бес жыл ішінде 1985 жылғы тұрақты бағам бойынша 690 АҚШ долларынан асып түсіп, (ii) Займ алушы ағымдағы банк активтерінен қарыз алу қабілетіне қол жеткізеді деп шешсе, Банк Займ алушыға хабарлама беру арқылы займның бүкіл сомасы толық қайтарылып болғанша төлем мерзімі келген әрбір соманы толық қайтарылып болғанша төлем мерзімі келген әрбір соманы жүз (100) процент ұлғайту арқылы Займды қайтару шарттарын өзгерте алады. Алайда займ алушының өтініші бойынша Банк төлем мерзімі келген сомаларды осылай ұлғайтудың орнына шоттан алынатын және мезгіл-мезгіл осылай төленбей қалып қоятын займ сомасынан Займ алушы мен Банк келісіп алатын жыл сайынғы ставка бойынша және төлем мерзімі келген сомаларды жоғарыда айтылғандай ұлғайтуға сәйкес алынуы мүмкін төлем алынатындай дәрежеде процент ала алады.
      (с) Егер әлдеқандай уақытта жоғарыдағы (b) параграфының ережелеріне сәйкес займ шарттары өзгергеннен кейін Банк өзінің Директорлар Кеңесі тиісті дәрежеде қарағаннан кейін займ алушының экономикалық жағдайы айтарлықтай нашарлап кетті деп анықтаса, Банк Займ алушының өтініші бойынша шоттан алынған және төленбеген займның қалған сомасы жөнінде займның бастапқы шарттарын қалпына келтіре алады.
 
                          ІІІ Бап
                   Займ қаражатын пайдалану
 
      3.01.-бөлім. Займ алушы займ қаражатын Займ туралы осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Жоба бойынша шығындарды қаржыландыруға пайдаланады.
      3.02.-бөлім. Займ қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызметтер және басқа да шығыс көздері және Займ сомаларын осындай тауарлардың, қызметтердің және басқа да шығыс көздерінің әртүрлі санаттары арасында бөлу Займ туралы осы Келісімнің 3-Қосымшасының ережелеріне сәйкес келеді, өйткені осындай Ережеге Займ алушы мен Банктің арасындағы уағдаластық бойынша мезгіл-мезгіл түзетулер енгізіліп отыруы мүмкін.
      3.03.-бөлім. Займ алушы мен Банк басқаша уағдаласуы мүмкін жағдайлардан басқа кезде Займ алушы займ қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен қызметтер Жобаны орындау үшін ғана пайдаланылуы үшін барлық шараларды қолданылады.
      Раздел 3.04. За исключением тех случаев, когда Заемщик и Банк могут договориться иначе, Заемщик принимает все меры к тому, чтобы все товары и услуги, финансируемые из заемных средств, использовались исключительно для выполнения Проекта.
      Ескерту. 3.04.-бөлімнің қазақша аудармасы жоқ
 
      3.05.-бөлім. Тауарлар мен қызметтер жөнінде займды шоттан алу

 

тауарлар мен қызметтерге байланысты шығындар болуы себепті ғана

жүргізіледі, ал оларды:

     (а) мезгіл-мезгіл Банк тауарлар мен қызметтер сатып алу үшін

қолайлы көздер ретінде белгілейтін Банкке қатысушы-елдер өндіреді және

жібереді және

     (b) мезгіл-мезгіл Банк көрсететін өзге де қолайлылық талаптарын

қанағаттандырады.

     3.06.-бөлім. Займ Ережелерінің 8.03-бөлімінің мақсаттары үшін

займды шоттан алудың соңғы күні 2001 жылдың 30 маусымы немесе

мезгіл-мезгіл займ алушы Банктің арасында келісілуі мүмкін басқа күн болып

табылады.


                         IV Бап

                     Ерекше шарттар



 
       4.01-бөлім (а) Займ алушы Жобаны тиісті ыждағатпен және тиімділікпен және парасатты әкімшілік, қаржы практикасына сәйкес және қоршаған ортаның жағдайларын және білім деңгейін ескере отырып орындау үшін барлық шараларды қолданады.
      (b) Жобаны орындау және Жоба мүмкіндіктерін пайдалану кезінде займ алушы Займ туралы осы Келісімнің 6-Қосымшасында баяндалған барлық міндеттемелерді орындайды немесе орындауға жәрдемдеседі.
      4.02-бөлім. Займ алушы Жобаны орындау үшін және Жобаның орындалуына жәрдемдесетін іс-қимыл жасау және шарттарды сақтау мақсатында займ қаражатына қосымша ретінде керек қаражатты, жағдайларды, қызметті және өзге де ресурстарды қажет болуына қарай береді.
      4.03-бөлім. Займ алушы оның бөлімшелері мен агенттіктерінің Жобаны орындау және Жобаның қолданылуы жөніндегі қызметі парасатты әкімшілік саясатына және ресімдеулерге сәйкес жүзеге асырылуын және үйлестірілуін қамтамасыз етеді.
      4.04-бөлім. (а) Займ алушы парасатты саясатпен келісілетін қауіп-қатерге қарсы дәрежеде және көлемде займ қаражатынан қаржыландырылатын жабдықтарды сақтандыру үшін банкті қанағаттандыратын шаралар әзірлейді.
      (b) Жоғарыда айтылғандардың жалпы мағынасын шектемей-ақ займ алушы Жоба үшін импортталатын және оларды сатып алуға тасымалдауға және пайдалану орнына жеткізуге немесе орнатуға байланысты қауіп-қатерлерге қарсы займ қаражатынан қаржыландырылатын тауарларды сақтандыруға кепілдік береді немесе сақтандыруға шаралар қолданады және осындай сақтандыру үшін осындай бұйымдардың ауыстыру яки жөндеу үшін еркін пайдаланылатын валютада кез-келген сома пайдаланылады.
      4.05-бөлім. (а) Займ алушы займ қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызметтерді және басқа да шығыс көздерін ұқсастыру үшін және олардың Жобада пайдаланылуын ашып көрсету үшін, Жобаның дамытылуын (соның ішінде оның құнын) тіркеу үшін жеткілікті жазбалар мен шоттарды, БМ-нің және Жобаның орындалуына жауапты басқа агенттіктердің операциялары мен қаржы жағдайын және Жоба механизмдерін немесе Жобаға сәйкес көлемде олардың кез-келген бөлігін бухгалтерлік есептің қазір қолданылып жүрген принциптеріне сәйкес сақтайды яки сақтауға шаралар қолданады.
      (b) Займ алушы Жоба үшін жеке шоттар (i); өзінің қарауында жыл сайын тиісті нормаларға сәйкес тәуелсіз аудиторлардың аудитіне ұшырайтын шоттар мен тиісті қаржы есептемелері, Банк үшін қолайлы біліктілікке, тәжірибеге және шарттық жағдайларға ие болу (ii); Банкке мүмкіндігіне қарай, бірақ кез-келген жағдайда әрбір тиісті фискальды жыл аяқталғаннан кейін 12 айдан кешіктірмей тексерілген шоттардың және ревизияның нәтижелері туралы аудиторлардың қаржы есептемелері мен есептерінің (соның ішінде займ қаражатын пайдалануға қатысты және Займ туралы осы Келісімнің шарттарына сәйкес аудиторлар қорытындысының) куәландырылған көшірмелерін (бәрі де ағылшын тілінде) беру (iii) және мезгіл-мезгіл Банк сұратуы мүмкін осындай шоттарға, қаржы есептемелеріне және олардың аудитіне қатысты өзгеде ақпарат беру (iv) үшін Жобаға жеке шоттар сақтайды немесе сақтауға шаралар қолданады.
      4.06-бөлім. (а) Займ алушы Банк Займ қаражатының жұмсалуы мен оған қызмет көрсету (i); тауарлар, қызметтер және займ қаражатынан қаржыландырылатын басқа да шығыс көздері (ii); Жоба (iii); Жобаның немесе оның кез-келген бөлігінің орындалуына жауапты Займ алушы агенттіктерінің әкімшілігі, операциялары және қаржы жағдайы (iv); Займ алушының аумағындағы қаржы және экономикалық жағдай және Займ алушының халықаралық төлем балансының жағдайы (v); және Жобаның міндеттері мен мақсаттарына байланысты басқа да мәселелер жөнінде орынды түрде сұрататын барлық осындай есептемелер мен ақпаратты береді немесе беруге шаралар қолданады.
      (b) Жоғарыда айтылғандардың жалпы мағынасын шектемей-ақ Займ алушы Банкке Жобаның орындалуы туралы және Жоба механизмдерінің қолданылуы және оларды басқару туралы (тоқсан сайын) есеп береді немесе беруге шаралар қолданады. Мұндай есептер Банк орынды түрде сұрататын нысанда, егжей-тегжейлі мазмұнмен және уақыт ішінде береді және басқалардан өзге қаралып отырған кезеңде қол жеткен табыс пен кездесуге тура келген проблемалар, осы проблемаларды шешу үшін қолданылған және жоспарланып отырған шаралар, ұсынылып отырған іс-қимыл бағдарламасы және келесі тоқсанның ішінде көзделіп отырған прогресс көрсетіледі.
      (с) Жоба нақты аяқталғаннан кейін көп кешікпей, бірақ қалай болған күнде осыдан соң үш (3) айдан кешіктірмей немесе Займ алушы мен Банктің арасында келісілуі мүмкін осындай кештеу мерзімде Займ алушы Банк орынды түрде сұратуы мүмкін нысанда және егжей-тегжейлі мазмұнда Жобаның орындалуы және бастапқы қолданылуы, соның ішінде оның құны, займ туралы Келісім және Жоба мақсаттарын жүзеге асыру жөніндегі өзінің міндеттемелерін Займ алушының орындауы туралы Банкке есеп әзірлейді және тапсырады.
      4.07-бөлім. Займ алушы Банк өкілдеріне Жобаны, займ қаражатынан қаржыландырылатын тауарларды және кез-келген тиісті есептер мен құжаттарды тексеру мүмкіндігін береді.
      4.08-бөлім. Займ алушы парасатты әкімшілік, қаржы, операциялық практикаға сәйкес, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен білім деңгейін ескере отырып Жоба механизмдерінің жұмыс істеуін, сақталуын және түзетілуін қамтамасыз етеді.
      4.09-бөлім. (а) Банк қарызынан өзгеше кредиторға ешқандай басқа сыртқы қарыздың қарыз үшін Займ алушының активтерін ұстап қалу арқылы займ алдында басыңқы маңызға ие болмауы Займ алушы мен Банктің ортақ ниеті болып табылады. Осы мақсатпен Займ алушы Банк басқаша уағдаласушы мүмкін жағдайлардан басқа кезде әлдеқандай сыртқы қарыздың кепілі ретінде қарыз үшін Займ алушының әлдеқандай активтерінен әлдеқандай қаржы ұсталатын болса, онда мұндай құқық айқындылығына байланысты Займ бойынша негізгі соманы, қызмет көрсету ақысын және өзге ақыны төлеуге тепе-тең дәрежеде кепілдік беруі (i); және Займ алушы кез-келген осындай құқықты жасау немесе жасауға жәрдемдесу кезінде осындай құқықты дереу қамтамасыз етуі (ii) үшін шаралар қолданады.
      (b) Осы бөлімнің (а) параграфының ережелері осындай мүліктің сатып алу бағасын төлеу кепілдігі ретінде ғана мүлікті сатып алу кезінде қарыз үшін оны ұстап қалу жөніндегі әлдеқандай құқыққа (i); немесе банк операцияларының әдеттегі барысы нәтижесінде туындайтын қарыз және қайтару мерзімі осы мерзімнен кейін бір жылдан кейін ғана келетін қарыз кепілдігі үшін мүлікті ұстап қалудың әлдеқандай құқығына қолданылмайды.
      (с) "Займ алушының активтері" деген термин осы Бөлімнің (а) параграфында пайдаланылуына сәйкес Займ алушының кез-келген әкімшілік бөлімшесінің немесе кез-келген ұйымының активтерін және кез-келген осындай әкімшілік бөлімшесінің, соның ішінде ҚҰБ-нің кез-келген

 

ұйымының және Займ алушы үшін орталық банк міндеттерін атқаратын өзге

мекеменің активтерін қамтиды.


                        V Бап

                      Күшіне ену


     5.01-бөлім. Займ туралы Келісімнің күшіне енуіне займ Ережелердің

9.04-бөлімінің мақсаттары үшін Займ туралы осы Келісімнің мерзімінен

кейін тоқсан (90) күн уақыт белгіленді.


                       VІ Бап

                  Басқа мәселелер


     6.01-бөлім. Қаржы министрі Займ Ережелердің 11.02-бөлімінің

мақсаттары үшін Займ алушының өкілі ретінде тағайындалады.

     6.02-бөлім. Займ Ережелердің 11.01-бөлімінің мақсаттары үшін

мынадай адрестер көрсетіледі:


     Займ алушы үшін


     Қазақстан Республикасы

     Алматы 480091

     Абылай хан даңғылы

     Қаржы министрлігі


     Телефакс N:(007-3272)636984)622770


     Банк үшін


     Азиялық Даму Банкі

     П/ж 789

     0980 Манила, Филиппины

     Телеграф адресі:


     Азия банкі

     Манила

     Телекс: 63587 ADB PN (ETPI)

             42205 ADB (ITT)

             29066 ADB PH (RCA)


     Факс:(632) 741-7961

          (632) 632-6816

          (632) 631-7961


     Осыны куәландыру ретінде тиісті дәрежеде өкілеттік берілген

өздерінің өкілдері арқылы әрекет жасайтын тараптар осы Келісімге

өздерінің тиісті аты-жөндерімен қол қойылуын және оның жоғарыда

көрсетілген күні және жылы Банктің бас офисіне жеткізілуін қамтамасыз етті.


               Қазақстан Республикасы


               Өкілетті өкіл


              Азиялық даму банкі


                Өкілетті өкіл


                1-қосымша

             Жобаның сипаттамасы



 
       1. Жобаның мақсаты:(i) бастауыш және әсіресе орта білім сапасының одан әрі құлдырауына жол бермеу үшін жабдықтар, оқулықтар мен оқу құралдары жөніндегі қажетті мұқтаждықты қанағаттандыру; және (ii) экономиканы жаңғырту қажеттіліктеріне сәйкес білімді басқаруды жетілдіру және Білім министрлігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру болып табылады.
      2. Жоба мынадай төрт бөлімнен тұрады:
      А бөлімі: Жабдықтармен қамтамасыз ету
      (i) Займ алушы мен Банктің арасында келісілгеніндей, 180 орта мектепті негізгі оқу жабдықтарымен қамтамасыз ету; және
      (ii)Займ алушы мен Банктің арасында келісілгеніндей, 90 орта мектепті компьютерлік оқу жабдықтарымен қамтамасыз ету; және
      В бөлімі: Оқулықтармен және оқу материалдарымен қамтамасыз ету
      (i) Оқулықтармен және тиісті оқу құралдарымен қамтамасыз ету; және
      (ii) жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын жасау.
      С бөлімі: Қызметкерлердің біліктілігін арттыру
      (i) шамамен 17 БМ-нің басшы қызметкері мен РМЖИ-дің оқытушысы үшін шетелдік стажировкалар беру;
      (ii) шамамен 950 мұғалімдер оқытатын оқытушыны, мектеп директорларын және жергілікті мұғалімдерді білімді басқарудың, тіл үйренудің, компьютерлік сауаттылыққа оқытудың, анкеталар жасаудың жаңа көзқарастары бойынша және шамамен 120 БМ-і мен ББ-нің 120 қызметкерін ақпарат басқарудың компьютерлендірілген жүйесін (АБЖ) пайдалану бойынша оқыту;
      (iii) Займ алушы мен Банктің арасында келісілгендей, РМЖИ мен МЖИ-ның жабдықтарын жетілдіру.
      D бөлімі: Білім беретін АБЖ-нің негізін қалау
      (i) БМ-і мен 21 ББ-інде компьютерлендірілген білім беретін АБЖ-інің негізін қалау, мұның өзі неғұрлым кең көлемді саяси реформаларды жоспарлау және тиімді орындау үшін білім беру жүйесінің басты аспектілері бойынша талдамалық нысанда мәліметтер беруді қамтамасыз етеді;
      (ii) компьютермен және бағдарламамен, жұмсалатын материалдармен

 

қамтамасыз етуді жүзеге асыру; және

     (iii) АБЖ-рін дамыту үшін консультациялық қызметті және тиісті

бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

     Жоба 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталады деп көзделіп отыр.


                         2-Қосымша

                      Амортизациялық кесте


     (Білім беруді оңалту және басқаруды жетілдіру жобасы)


     Төлем мерзімі                  Негізгі соманы төлеу

     (Қарыз алудың Арнаулы

     Құқықтарымен білдіріледі)


     2006 жылдың 1 маусымы          Қақ       167,200

     2006 жылдың 1 желтоқсаны                 167,200

     2007 жылдың 1 маусымы                    167,200

     2007 жылдың 1 желтоқсаны                 167,200

     2008 жылдың 1 маусымы                    167,200

     2008 жылдың 1 желтоқсаны                 167,200

     2009 жылдың 1 маусымы                    167,200

     2009 жылдың 1 желтоқсаны                 167,200

     2010 жылдың 1 маусымы                    167,200

     2010 жылдың 1 желтоқсаны                 167,200

     2011 жылдың 1 маусымы                    167,200

     2011 жылдың 1 желтоқсаны                 167,200

     2012 жылдың 1 маусымы                    167,200

     2012 жылдың 1 желтоқсаны                 167,200

     2013 жылдың 1 маусымы                    167,200

     2013 жылдың 1 желтоқсаны                 167,200

     2014 жылдың 1 маусымы                    167,200

     2014 жылдың 1 желтоқсаны                 167,200

     2015 жылдың 1 маусымы                    167,200

     2015 жылдың 1 желтоқсаны                 167,200

     2016 жылдың 1 маусымы                    334,600

     2016 жылдың 1 желтоқсаны                 334,600

     2017 жылдың 1 маусымы                    334,600

     2017 жылдың 1 желтоқсаны                 334,600




                           2-Қосымша


     (Білім беруді оңалту және басқаруды жетілдіру жобасы)


     Төлем мерзімі                  Негізгі соманы төлеу

     (Қарыз алудың Арнаулы

     Құқықтарымен білдіріледі)*


     2018 жылдың 1 маусымы                    334,600

     2018 жылдың 1 желтоқсаны                 334,600

     2019 жылдың 1 маусымы                    334,600

     2019 жылдың 1 желтоқсаны                 334,600

     2020 жылдың 1 маусымы                    334,600

     2020 жылдың 1 желтоқсаны                 334,600

     2021 жылдың 1 маусымы                    334,600

     2021 жылдың 1 желтоқсаны                 334,600

     2022 жылдың 1 маусымы                    334,600

     2022 жылдың 1 желтоқсаны                 334,600

     2023 жылдың 1 маусымы                    334,600

     2023 жылдың 1 желтоқсаны                 334,600

     2024 жылдың 1 маусымы                    334,600

     2024 жылдың 1 желтоқсаны                 334,600

     2025 жылдың 1 маусымы                    334,600

     2025 жылдың 1 желтоқсаны                 334,600

     2026 жылдың 1 маусымы                    334,600

     2026 жылдың 1 желтоқсаны                 334,600

     2027 жылдың 1 маусымы                    334,600

     2027 жылдың 1 желтоқсаны                 334,600

     2028 жылдың 1 маусымы                    334,600

     2028 жылдың 1 желтоқсаны                 334,600

     2029 жылдың 1 маусымы                    334,600

     2029 жылдың 1 желтоқсаны                 334,600

     2030 жылдың 1 маусымы                    334,600

     2030 жылдың 1 желтоқсаны                 334,600


                                   Жиыны 13,382,000


                       3-Қосымша

             Займ қаражатын бөлу және шоттан алу


     Жалпы бөлім


 
       1. Осы Қосымшаға ұсынылып отырған кестеде Займ қаражатынан қаржыландырылуға жататын тауарлардың, қызметтердің және басқа да көздердің Санаттары және Займ сомасының әрбір Санат бойынша бөлінуі берілген (бұдан әрі Кесте деп аталады). (Осы Қосымшада "Санатқа" немесе "Санаттарға" сілтеме жасау Кесте Санатына немесе Санаттарына қатысты жасалады, ал осы Қосымшада, "Қосымша санатқа" немесе "Қосымша санаттарға" сілтеме жасау Қосымша санатқа немесе Қосымша санаттарға сілтеме жасау болып табылады).
 

     Салықтар


 
       2. Әлдеқандай жергілікті салықтар жөнінде займ шотынан ешқандай қаражат алынбайды.
 
      Банктен қаржыландырудың проценттері мен сомалары
      3. Кестеде аталған Санаттар мен Қосымша санаттардың көздері В Бағанында келтірілген проценттерге сәйкес және, егер Банкпен өзге келісілмеген болса, осы Қосымшаға ғана сәйкес Кестенің С Бағанында келтірілген шоттан алу негізінде қаржыландырылатын болады.
 
      Шетелдік шығындар
      4. Осы Қосымшаның 5-параграфына қарамастан Займ туралы осы Келісімнің 4-Қосымшасына сәйкес халықаралық конкурстық сауда-саттықтар немесе халықаралық сатып алулар өткізілгеннен кейін жергілікті өнім берушіге жүктелген кез-келген келісім-шарт мынадай негізде займ қаражатынан қаржыландырылады:
      (а) егер жергілікті өнім берушіден сатып алынған жергілікті жерде өндірілген бұйымдар берілетін бұйымдардың франко-зауыты құнының 100% қаржыландырылса (әлдеқандай салықты төлемей); және b) егер жергілікті өнім берушіден сатып алынған бұйымдар түгелдей импортталған болса, онда келісім-шарт бағасының валюта құрайтын бөлігі қаржыландырылады.
      Жергілікті шығындар
      5. (а) Егер осы параграфта айырықша көзделмеген және Банкпен айрықша келісілмеген болса, Жоба бойынша әлдеқандай жергілікті шығындар жөнінде займ шотынан ешқандай сома алынбайды.
      (b) 7-Санатқа бөлінетін 2,636,900 ҚАҚ мөлшеріндегі сома Қосымша санаттарда аталған көздер бойынша жергілікті шығындарды қаржыландыруға арналады. Барынша көп шекті сома 2,636,900 ҚАҚ мөлшерінде болған жағдайда Кестенің В Бағанында келтірілген проценттер негізінде мұндай сома займ шотынан шет ел валютасымен алынуы мүмкін.
      Қызмет көрсету ақысы
      6. 5-Санатқа бөлінетін сома Жобаны жүзеге асыру кезеңінде қызмет көрсету ақысын төлеуге арналған. Банктің төлем мерзімі келгенде займ бойынша қызмет көрсету ақысы үшін қажет соманы займ шотынан алып, оны Займ алушының атынан өзіне төлеуге құқығы бар.
      Қайта бөлу
      7. Кестеде келтірілген займ қаражатының және алынатын проценттердің бөлінуіне қарамастан,
      (а) егер кез-келген Санат бойынша (7-Санаттан бөлек) бөлінген займ сомасы осы Санат бойынша барлық келісілген шығындарды қаржыландыруға жеткіліксіз болса, Банк займ алушыға хабарлап, (i) басқа Санат үшін бөлінген, бірақ Банктің пікірінше, басқа шығындар үшін қажеті болмайтын соманың белгілі бір тапшылығын жабу үшін қажет дәрежеде осындай санат үшін қайта бөле алады және (ii) осылай қайта бөлу анықталған тапшылықты жаба алмаса, осы Санат бойынша барлық шығындар өтеліп болғанша осы Санат бойынша шоттан қаржы алу одан әрі жалғаса беруі үшін осындай шығындарға қатысты алынатын процентті төмендете алады.
      (b) егер әлдеқандай Санат бойынша бұдан бұрын бөлінген займ сомасы осы Санат бойынша барлық келісілген шығындардан жоғары болса, онда Банк Займ алушыға хабарлап, осындай артық соманы, егер қажет болса, кез-келген басқа Санатқа (бірақ 7-Санатқа емес) қайта бөле алады;
      (с) егер 7-Санаттың көлемінде кез-келген Қосымша санатқа бұдан бұрын бөлінген займ сомасы осы Қосымша санат бойынша қаржыландыруға жеткіліксіз болып шықса, Банк Займ алушыға хабарлап, (i) 7-Санаттың көлемінде басқа Қосымша санат бойынша бөлінген, бірақ, Банктің пікірінше, басқа шығындарды өтеуге қажет болмайтын займ сомасының болжамды тапшылығын өтеуге қажет мөлшерде осындай Қосымша санатқа қайта бөле алады және (ii) егер осылай қайта бөлу болжамды тапшылықты толық өтей алмаса, осы Қосымша санат бойынша барлық шығындар өтеліп болғанша осындай санат бойынша шоттан қаржы алу одан әрі жалғаса беруі үшін осындай шығындарға қатысты алынатын процентті төмендете алады.
      Ретроактивті қаржыландыру
      8. 1995 жылдың 22 шілдесінен бастап күшіне ену мерзіміне дейін Жоба шеңберінде жұмсалған ықтимал шығындар үшін займ шотынан консультанттар іріктеуге және жалдауға байланысты екі жүз мың долларға ($200,000) пара-пар барынша шекті сомаға дейін қаражат алынуы мүмкін.
      Ағымдағы шот
      9. (а) Займ алушы күшіне енген күннен кейін іле-шала ҚҰБ-інде Жоба мақсаттары үшін займның тиісті сомаларын дер кезінде алу мақсатында ағымдағы шот аша алады. Ағымдағы шот Банктің 1986 жылғы қарашадағы "Ағымдағы шот және Шығындар кестесінің ресімдеулері бойынша басшылыққа" сәйкес Банк үшін қолайлы жағдайларда және Займ алушы мен банктің арасында келісілген жәйттерді орындау жөніндегі егжей-тегжейлі ресімдеулер сақталған жағдайда ашылуға, басқарылуға және жойылуға тиіс.
      10. Займ шотынан алынуға және ағымдағы шотқа аударылуға тиіс бастапқы сома 500,000 АҚШ долларына пара-пар сомадан аспауға тиіс.
      Займ алушы өтеу үшін берілген нақты шығындардың негізінде және тиісті ілеспе құжаттардың тапсырылуы бойынша толығып отыратын ағымдағы шотқа займ қаражатының аударылуын қамтамасыз етуге тиіс. Егер Банк өзгені талап етпесе, Банк Шығындары кестесінің ресімдеулері 50,000 АҚШ долларына пара-пар шағын сатып алуларға қажет қаражатты толықтырылып отыру үшін пайдаланылатын болады.
      11. Ағымдағы шот барлық шығындарды жергілікті валютамен өтеуге тиіс. Шет ел валютасымен төленуге тиіс шығындарды Банк әдеттегі ресімдеулер арқылы төлейтін болады.
      12. займ алушы ағымдағы шотқа, Шығындар кестесіне қатысты шоттар мен жазбаларды Банк үшін қолайлы ретпен аудиторлардың мезгіл-мезгіл тексеріп отыруын қамтамасыз етуге және, белгілегеніндей, әрбір тиісті фискалды жыл аяқталғаннан кейін алты (6) айдан кешіктірмей Банкке аудит бойынша тиісті есептер тапсырып отыруға тиіс.
 
                         4-Қосымша
                         Сатып алу
 
      1. Егер Банкпен өзге келісілмесе ғана осы Қосымшаның келесі параграфтарында сілтеме жасалған ресімдеулер займ қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызметтерді сатып алуға қатысты болады. "Қызмет" термині осы Қосымшада консультациялық қызметтерді қамтымайды.
      2. Тауарлар мен қызметтер сатып алуға займ алушыға тапсырылған 1994 жылдың қаңтарында қайта қаралған мезгіл-мезгіл толықтырылып отыратын "Азиялық Даму Банкінің займдары шеңберінде сатып алу жөніндегі басшылық" ережелері қолданылады.
      3. Тауарлар мен қызметтер сатып алу, егер төмендегі 6 және 7 параграфтарында өзге көзделмесе ғана, әлдеқандай белгілі бір өнім беруші немесе мердігер жөнінде әлдеқандай шектеулерсіз яки оларды артық көре отырып жүзеге асырылады.
      4. (а) Егер төмендегі 7 параграфта өзге көзделмесе, 500,000 АҚШ долларына немесе одан да көп сомаға пара-пар есепті құнымен жабдықтар яки материалдар беру жөніндегі әрбір келісім-шарт, Сатып алу жөніндегі басшылықтың II тарауында сипатталғанындай, халықаралық конкурстық сауда-саттықтың негізінде беріледі.
      (b) Халықаралық конкурстық сауда-саттықтың негізінде берілетін келісім-шарттар бойынша Банкке мүмкіндігінше тезірек және қалай болғанда да Жоба бойынша конкурстық сауда-саттыққа қатысуға алғашқы шақыру жарияланғанға дейін /оны Банк бөлек жариялайды/ 90 күннен кешіктірмей Банк орынды түрде сұрататын нысанда, егжей-тегжейлі және осындай ақпаратты қамтитындай мазмұнда өнім жіберу туралы Жалпылама хабар беріледі. Банк халықаралық конкурстық сауда-саттықтың негізінде әлдеқандай тауарлар сатып алу қажет бола салысымен өнім жіберу туралы осындай Жалпылама хабарды жаңарту үшін қажетті ақпаратпен жыл сайын қамтамасыз етіліп отырады.
      (с) Халықаралық конкурстық сауда-саттық негізінде жасалатын келісім-шарттар бойынша сатып алудың күшін Банк Сатып алу жөніндегі басшылықтың IV тарауында айтылған ресімдеулерге сәйкес тексеруге тиіс. Осындай ресімдеулерге сәйкес бекіту үшін Банкке берілетін халықаралық конкурстық сауда-саттыққа шақырудың әрбір жобасы Банкке кемінде жарияланғанға дейін 42 күн бұрын келіп түседі және Банк осындай шақырудың бөлек жарияланымын ұйымдастыра алуы қажет ақпаратты қамтиды.
      5. Есепті құны 500,000 АҚШ долларынан кем (ұсақ-түйек мәселелерді қоспағанда) жабдықтар мен материалдар беру жөніндегі әрбір келісім-шарт, Сатып алу жөніндегі басшылықтың ІІІ тарауында сипатталғанындай, халықаралық сауда-саттықтың негізінде жасалады.
      6. Жергілікті конкурстық ұсыныстарды халықаралық конкурстық сауда-саттық жүйесіне орай шетелдік ұсыныстармен салыстыру кезінде Займ алушының таңдауы бойынша және осы Қосымшаның Қазақстанда өндірілген тауарлар жөніндегі Толықтыруларының ережелеріне сәйкес артықшылық шектері көзделуі мүмкін, бұл үшін осындай тауарлар ұсынатын сауда-саттыққа қатысушы қосымша құн конкурстық ұсыныста көрсетілген осындай тауарларға франко-зауыт бағасының кемінде 20% құрайтынын Займ алушы мен Банкті қанағаттандыратындай дәрежеде қуаттауы керек.
      7. Жиһаздар, оқулықтар мен оқу материалдарын беру жөніндегі келісім-шарттар банк үшін қолайлы ресімдеулерге сәйкес жергілікті конкурстық сауда-саттықтың негізінде тапсырылуы мүмкін. Өнім берушілерді іріктеу мен жалдауды Банк мақұлдауы тиіс. Тапсырылғаннан кейін әрбір келісім-шарттың үш көшірмесі Банкке жіберілуі керек.
 
                       4-Қосымшаға Толықтыру
                             (1-бет)
 
      Ел ішінде өндірілген тауарлар үшін артықшылық
      1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық арқылы сатып алу кезінде Займ алушы елінде жасалған тауарларға тауар ұсынушы тұлға қосымша құн конкурстық ұсыныста көрсетілген франко-зауыт бағасының кемінде 20% құрайтынын Займ алушы мен Банкті қанағаттандыратындай дәрежеде қуаттаған жағдайда мынадай ережелерге сәйкес артықшылық шектері қойылады.
      (а) Ел ішінде өндірілген тауарларға артықшылықты қолдану үшін шарттарға сәйкес барлық конкурстық ұсыныстар алдымен мынадай үш санат бойынша сараланады:
      (i) I Санат: ең аз қосылған құн талаптарына сәйкес келетін Займ алушы елінде жасалған тауарларға конкурстық ұсыныстар;
      (ii) ІІ Санат: Займ алушы елінде жасалған басқа тауарларға конкурстық ұсыныстар;
      (iii) ІІI Санат импортталған тауарлар ұсынатын конкурстық ұсыныстар.
      (b) Әрбір санат бойынша бағасы ең төмен конкурстық ұсыныс содан соң сырттан әкелуге байланысты алынатын кеден бажын және импортқа салынатын басқа да салықтарды, сауда салығын және конкурстық ұсыныстың шарттары бойынша тауарларды сатуға немесе жеткізуге байланысты салынатын осындай салықтарды есепке алмай әрбір Санат ішіндегі барлық бағаларды салыстыру кезінде айқындалады.
      (с) Бағасы ең төмен осындай конкурстық ұсыныстар одан кейін бір-бірімен салыстырылады және, егер осылай салыстырудың нәтижесінде І санат бойынша баға немесе II Санат бойынша баға ең төмен баға болып шықса, ол келісім-шарт жасау үшін таңдап алынады.
      (d) Егер алайда жоғарыдағы қосымша (c) параграфы бойынша салыстыру нәтижесінде ең төмен баға III Санат бойынша белгіленген баға болып шықса, онда конкурстық ұсыныс одан әрі І Санаттағы ең төмен бағамен салыстырылады.
 
                       4-Қосымшаға Толықтыру
                             (2-бет)
 
      Одан әрі салыстыру мақсатында ғана ІІІ Санат бойынша ең төмен баға қосу арқылы көбейту жағына қарай үйлестіріледі яки:
      (і) салық төлеуден босатылмаған импорттаушы кеден бажының және импортқа салынатын басқа салықтардың сомасын ІІІ Санат бойынша ұсынылатын тауарлардың сырттан әкелінгені үшін; немесе
      (іі) егер жоғарыдағы (і) тармағында айтылған кеден бажы және импортқа салынатын салықтар конкурстық ұсыныстың С.І.Ғ. бағасының 15% асып кетсе, осындай тауарларға жасалған конкурстық ұсыныстың С.І.Ғ. бағасының 15% төлеуге тиіс.
      Егер осындай салыстырудан кейін І Санаттағы конкурстық ұсыныстың ең төмен бағасы болса, онда ол келісім-шартты беру үшін таңдап алынады; әйтпесе келісім-шарт ІІ Санаттағы бағасы ең төмен конкурстық ұсынысқа беріледі.
      2. Артықшылық алуға үміткер сауда-саттыққа қатысушылар алу құқығын, соның ішінде ең төмен қосылған құнды белгілеу үшін қажетті ақпаратты беруге тиіс.
      3. Сауда-саттыққа арналған құжаттар беріліп отырған артықшылықтың түсінікті сипаттамасын, осы конкурстық ұсыныстың артықшылық жөніндегі құқығын және ұсынылып отырған бағаларды салыстыру кезінде басшылыққа алынуы керек ресімдеулерді қамтуы керек.
 
                      5-Қосымша
                    Консультанттар
 
      1. Консультанттардың қызметі жобаны орындау кезінде, атап айтқанда Жобаны енгізу, жабдықтар сатып алу, АБЖ-ін дамыту және мұғалімдер мен БМ-нің қызметкерлерін оқыту кезінде пайдаланылады. Консультанттардың шарттық ережелері займ алушы мен Банктің арасындағы келісім бойынша айқындалады.
      2. Консультанттарды іріктеп алу, жалдау және олардың қызметі осы Қосымшаның ережелеріне және Займ алушыға тапсырылған мезгіл-мезгіл толықтырылып отыратын 1979 жылғы сәуірдегі "Азиялық Даму Банкі мен оның Займ алушыларының консультанттарды пайдалануы жөніндегі Басшылықтың" ережелеріне бағынады.
      3. Жоғарыдағы 1 параграфта сипатталған қызметтердің бір бөлігі үшін шетелдік консультанттардың қызметі пайдаланылады. Ондай консультанттар мынадай ресімдеулерге сәйкес іріктеледі және жалданады:
      (а) Ұсыныстар енгізу жөніндегі шақыру. Шақыру ұсыныстар енгізеді және барлық ілеспе құжаттарды олар жарияланғанға дейін Банк бекітеді. Бұл үшін ұсыныстар енгізу жөніндегі шақыру жобасының үш көшірмесі, шақырылатын консультанттардың тізімі, ұсыныстарды бағалаудың ұсынылып отырған өлшемдері және басқа да ілеспе құжаттар Банкке тапсырылады. Аз дегенде 60 күннен тұратын кезең ұсыныстар енгізу үшін беріледі. Түпкілікті шақырудың көшірмесі барлық ілеспе құжаттармен бірге шығарылғаннан кейін ақпарат беру үшін Банкке тапсырылады.
      (b) Келісім-шарттың жобасы. Консультанттармен жасалған келісім-шарттың жобасы ұсыныстарды бағалау басталғаннан айтарлықтай көп бұрын мақұлдану үшін Банкке тапсырылуға тиіс.
      (с) Таңдау үшін жасалған ұсыныстар. Алынған ұсыныстарды бағалағаннан кейін және келіссөз жүргізу үшін таңдап алынған консультанттармен келіссөз басталғанға дейін Банктен жасалған таңдаудың мақұлдамасы алынуға тиіс. Бұл үшін Банкке ұсыныстар бағаланғаннан кейін ілі-шала (і) ұсыныстар бағасының үш данасы (бұдан бұрын Банкке тапсырылмаған әрбір ұсыныстың бір жиынтығымен бірге); (іі) таңдаудың негіздемесі; және, Банк талап етіп отырғанындай, ұсынылған келісім-шарттың қолайлы екенінің тиісті куәлігі беріледі.
      (d) Келісім-шарттың орындалуы. Келіссөз аяқталғаннан кейін, бірақ келісім-шартқа қол қойылғанға дейін Банкке (і) бекіту үшін келісілген келісім-шарт және (іі) ұсыныстардың бағасы беріледі. Келісім-шартқа қол қойыла салысымен іле-шала Банкке қол қойылған келісім-шарттың үш көшірмесі тапсырылады. Егер келісім-шартқа әлдеқандай елеулі толықтыру ол бекітілгеннен кейін ұсынылса, ұсынылып отырған өзгерістер Банкке алдын-ала мақұлдау үшін тапсырылады.
      4. (а) Құзырлы жергілікті консультанттардың қызметі сондай-ақ осы Қосымшаның 1 параграфында сипатталған қызметтердің бір бөлігі үшін пайдаланылуға тиіс.
      (b) Осындай жергілікті консультанттар Банк үшін қолайлы ресімдеулерге сәйкес іріктеп және жалдап алынуға тиіс. Егер Банкпен өзге келісілмесе, осындай консультанттарды іріктеу және жалдау тапсырманы орындау үшін олардың құзыры мен тәжірибесі жөнінде Банктің алдын-ала мақұлдануынан өтуге тиіс. Келіссөз аяқталғаннан кейін, бірақ келісім-шартқа қол қойылғанға дейін Банкке (і) мақұлдау үшін

 

келісілген келісім-шарт және (іі) ұсыныстар бағасы тапсырылады.

Келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін іле-шала қойылған келісім-шарттың

үш көшірмесі беріледі. Егер келісім-шартқа әлдеқандай елеулі толықтыру

ол бекітілгеннен кейін ұсынылса, ұсынылып отырған өзгерістер Банкке

алдын-ала мақұлдау үшін тапсырылады.


                         6-Қосымша

                Жобаны орындау; басқару және енгізу;

                        басқа мәселелер


     I. Орындау жөніндегі шаралар


     А. Жобаны орындау


 
       1. Займ алушы БМ шеңберінде Жобаны орындау жөнінде басқарма (PIU) құрады және жоба бойынша бүкіл жұмысты күнделікті басқару үшін толық жұмыс күні бойынша істейтін жоба меңгерушісі мен екі қосымша мүше қызметкер тағайындайды.
      В. Жобаның Жұмыс тобы
      2. PIU Жобаның Жұмыс тобының (ЖЖТ) негізгі қағидаттарына сәйкес жұмыс істейді, топты Білім министрінің орынбасары басқарып, оған Мектептермен жұмыс жөніндегі бөлімнің, Республикалық баспасөз бөлімінің, Білім беру жүйесінің орталықтандырылған жабдықтау бөлімінің, Жаңа ақпараттық технологиялар Орталығының, БПИ, РМЖИ және БМ-нің басқа басқармалары мен бөлімдерінің, сондай-ақ егер бұл жобаны тиімді үйлестіру және орындау үшін қажет болса, мектептер мен институттардың өкілдері енеді. Жоба меңгерушісі ЖЖТ Хатшысы ретінде жұмыс істеуге, ол ЖЖТ жобаны орындауға және басқаруға қатысты мәселелерді талқылау қажет болған жағдайда жиналуға және кез-келген туындаған проблемаларды шешу үшін тиісті іс-қимыл жасау туралы шешімдер қабылдауға тиіс.
      С. Жобаның Қадағалау Комитеті.
      3. Неғұрлым жалпы саясат мәселелерін Жобаның Қадағалау Комитеті (ЖҚК) шешеді, оны Білім министрі немесе оның өкілі басқарып, ол БМ-нің немесе ШКПК-нің өкілдерінен тұрады. ЖҚК жылына аз дегенде екі рет жиналуға тиіс.
 
      ІІ. Басшылық және басқару
 
      4. Займ алушы жоба мәселелерін енгізу және басқару үшін ББ-дері қызметшілер мен ресурстар бөлетініне кепілдік беруге тиіс.
      5. Займ алушы жоба бойынша жәрдем алатын барлық мектептер мен институттар жоба шеңберінде берілетін лингвистикалық лаборатория жабдығын пайдалану үшін білікті тіл оқытушыларына ие болатынына және компьютерлік жабдықпен жабдықталған барлық мектептер мен институттар Жоба шеңберінде берілген компьютерлік жабдықты пайдалану үшін тым болмаса бір компьютерлік сауаттылық оқытушысына ие болатынына кепілдік беруге тиіс.
      6. Займ алушы сондай-ақ шет елде стажировкадан өткен адамдар осындай стажировкадан өткеннен кейін айтарлықтай ұзақ уақыт бойы БМ-де немесе алған біліміне қатысты салада жұмысын одан әрі жалғастыруына кепілдік беруге тиіс.
 
      ІІІ. Жәрдемнің тиімділігін бағалау
 
      7. Займ алушы Жоба күшіне енгеннен кейін үш ай ішінде БМ әзірлеген және Банкпен келісілген сауалдамаға сәйкес Жобаға енгізілген әрбір мектеп пен институт үшін жәрдемнің тиімділігін бағалау жөнінде базалық мәліметтер, соның ішінде жабдықтар, қызметшілер және тіркелу туралы негізгі ақпаратты жинауға тиіс.
 
      IV. Басқа мәселелер
 
      8. Займ алушы Жоба күшіне енгеннен кейін үш ай ішінде Жобаны

 

орындау мәселелеріне қатысты қызметшілерді оқыту үшін стажировкадан

өту жоспарын әзірлеуге тиіс.

     9. Займ алушы Қазақстанда көбейіп келе жатқан жеке баспагерлерді

Жоба шеңберінде сатып алынуға тиіс оқулықтарды шығаруға Банк үшін

қолайлы шарттармен тартуға тиісті қадамдар жасалып жатқанына кепілдік

беруге тиіс.

     10. Займ алушы оқулықтар мен қосымша оқу құралдарын әзірлеу үшін

авторларға келісім-шарттарды Банк үшін қолайлы шарттармен беріп отырады.



                      Азиялық Даму Банкі

                           (АДБ)


                    Кредиттер жөніндегі

                арнаулы операциялық ережелер


                   1982 жылғы 7 желтоқсан


             Кредиттер жөніндегі арнаулы операциялық ережелер

                    1982 жылғы 7 желтоқсан


                            І Бап


     Мақсат; Займдар жөніндегі Келісімдер мен Кепілдік

                   Келісімдерге қолдану



 
       1.01-бөлім. Мақсат. Осы Ережелердің мақсаты - Банк Арналы қорлар ресурстарынан беретін займдарға әдетте қолданылатын белгілі бір шарттарды белгілеу.
      1.02-бөлім. Ережелерді қолдану. Банкпен жасасылатын, Банк өзінің Арнаулы ресурстарынан беретін Займға қатысты кез келген займдық және кепілдік келісім тараптардың бұл арқылы осы Келісімнің шарттарын қабылдауын көздейді. Осы Ережелер бұл арқылы көзделген дәрежеде қолданылатын және тараптардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін болады және осымен толық ұсынылғандағыдай бірдей күш пен мәнге ие болады.
      1.03-бөлім. Займдық Келісіммен және Кепілдік Келісіммен сәйкес келмеушілік. Егер Займдық келісім мен Кепілдік келісім бойынша әлдебір шарт осы Ережелерге сәйкес келмесе, Займдық келісім мен Кепілдік келісім шарттары қолданылатын болады.
 
                                ІІ Бап
                  Анықтамалар; Сілтемелер; Тақырыптар
 
      2.01-бөлім. Анықтамалар. Контекст басқадай талап ететіндегіден басқадай жағдайларда төмендегі терминдер, осы Ережелерде немесе Займдық келісімде яки Кепілдік келісімде пайдаланылған кезде, осы Ережелер қолданылатын мынадай маңызға ие болады:
      1. "Банк" термині Азиялық Даму Банкін білдіреді.
      2. "Мүше" термині Банк мүшесін білдіреді.
      3. "Займдық Келісім" термині мұндай келісімге мезгіл-мезгіл өзгерістер енгізілетін кезде осы Ережелер өзіне қолданылатын белгілі бір келісімді білдіреді. Мұндай термин осы Ережелерді қамтиды және солайша қолданылады, сондай-ақ Займдық Келісімге қоса тіркелетін барлық келісімдерді және Займдық Келісім бойынша барлық бағдарламаларды қамтиды.
      4. "Займ" термині Займдық Келісім бойынша көзделетін займды білдіреді.
      5. "Займ шоты" термині Банк Займ алушының атына ашқан немесе ашуға тиісті, Займ бойынша сома өзіне аударылған немесе аударылатын шотты білдіреді.
      6. "Займ алушы" термині Банк займ беруге келіскен Займдық Келісімдегі тарапты білдіреді.
      7. "Кепілдік Келісім" термині Займ кепілдемесін қамтамасыз ететін және мұндай келісім мезгіл-мезгіл өзгерген жағдайларда осы Ережелер өзіне қолданылатын белгілі бір кепілдік келісімді білдіреді; мұндай термин осы Ережелерді қамтиды және солайша қолданылады, сондай-ақ Займдық Келісімге қоса тіркелетін барлық келісімдерді және Займдық Келісім бойынша барлық бағдарламаларды қамтиды.
      8. "Кепілгер" термині егер Кепілдік Келісімде Займға кепілдеме беретін тарап бар болса, соны білдіреді.
      9. "Жоба" термині, Займдық Келісімде сипатталғанындай, Банк Займ беруге келіскен жобаны немесе бағдарламаны білдіреді, және сол сипаттамаға Банк пен Займ алушы арасындағы келісім бойынша мезгіл-мезгіл өзгерістер енгізілуі мүмкін.
      10. "Жобаны Жүзеге асыру жөніндегі Агенттік" термині, Займдық Келісімде белгіленгеніндей, Жобаның жүзеге асырылуы үшін жауапты органды немесе органдарды білдіреді.
      11. "Жобалық Келісім" термині Банк пен Жобаны жүзеге асыру жөніндегі Бөлім арасындағы жобалық келісімді немесе келісімдерді, егер ондай келісімдер бар болса, білдіреді, олар Займдық Келісімге қатысты Жобалық Келісім немесе Келісімдер деп белгіленуі мүмкін, өйткені мұндай келісімге немесе келісімдерге мезгіл-мезгіл өзгерістер енгізілуі мүмкін; және мұндай термин Жобалық Келісімді толықтыратын барлық келісімдерді және Займдық Келісімге қоса тіркелетін барлық бағдарламаларды қамтиды.
      12. "Күшіне енген күн" термині Займдық Келісім немесе Кепілдік Келісім, егер ол бар болса, 9.03-бөлімге сәйкес күшіне енеді.
      13. Елдің немесе аумақтың "Валюта" термині сол елде немесе аумақта мемлекеттік немесе жекелей қарыздарды төлеу үшін тендерде сілтеме жасалған валютаны білдіреді.
      14. "Жергілікті валюта" термині Жоба өз аумағында жүзеге асырылатын Банк мүшесінің валютасын білдіреді.
      15. "Шетелдік валюта" термині ұлттық валютадан басқа кез келген валютаны білдіреді.
      16. "Өтімді валюта" термині Банк нақты бір кезеңде сондай валюта ретінде белгілеген кез келген валютаны білдіреді.
      17. "Доллар" термині немесе $ белгісі Америка Құрама Штаттарының валютасы ретінде долларды білдіреді.
      18. "Шоттан алудың Арнаулы Құқығы" термині немесе "ШАҚ" Халықаралық Валюта Қоры Келісім Баптарына сәйкес бағалағандай шоттан алудың арнаулы құқығын білдіреді.
      19. "Жергілікті шығыс" термині Банкке мүше, Жоба өз аумағында жүзеге асырылатын ел валютасымен Банкке мүше сол елдің аумағында өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін жұмсалған шығысты білдіреді, алайда ондай тауарлар мен қызметтің импорттық бөлігіне жұмсалған шығыстар оған қосылмайды.
      20. "Шетелдік шығыстар" термині жергілікті шығыстардан басқа кез келген шығысты білдіреді.
      21. "Сыртқы қарыз" термині, егер мұндай қарызды түгелдей немесе кредитордың қалауы бойынша басқа қаражатпен төленуге тиіс болса немесе төленетіндей болса, ұлттық валютадан басқа кез келген қаражатпен төлеуге болатын қарызды білдіреді.
      22. "Мүлікке тыйым салу құқығы" термині кепілдемені, кепілді, алымдарды, жеңілдіктерді және қандай да болсын артықшылықтарды қамтиды.
      23. "Қорлар" термині меншікті, кірістерді, қандай да болсын талаптарды қамтиды.
      24. "Салықтар" термині Займдық Келісім немесе Кепілдік Келісім (егер ол бар болса) кезінде қолданылатын немесе кейін салынатын алымдарды, жарналарды және баж салығын қамтиды.
      25. Қарызға қай жерде сілтеме жасалса да, мұндай сілтеме қарыз жорамалын немесе кепілін қамтиды.
      26. "Арнаулы қор ресурстары" термині, Банк Келісімінің 20-бабында белгіленгеніндей, Банктің арнаулы қорының ресурстарын білдіреді.
      27. "Қызметтер үшін алымдар" термині 3.02-бөлімге сәйкес Займ бойынша алымдарды білдіреді және проценттерді қамтиды.
      2.02-бөлім. Сілтемелер. Контекст басқадай талап ететіндегіден басқа жағдайларда осы Ережелерде Баптар мен Бөлімдерге сілтемелер осы Ережелердің Баптары мен Бөлімдеріне қатысты.
      2.03-бөлім. Тақырыптар. Тараулардың баптары мен бөлімдерінің тақырыптары тек сілтеме жасауға ыңғайлы болуы үшін келтірілген, олар осы Ережелердің бөлігі болып табылмайды.
 
                                ІІІ Бап
           Займ шоты; Алымдар; Займды төлеу; Төлеу орны
 
      3.01-бөлім. Займ шоты. Займның бүкіл сомасы Займ шотына аударылады және оны одан Займдық Келісім шарттарына және осы Ережелерге сәйкес алуға болады.
      3.02-бөлім. Қызмет үшін алымдар. Қызмет үшін Займдық Келісімде белгіленген мөлшердегі алымдар Займ шотынан алынатын, мезгіл-мезгіл таратылмаған Займ сомасына байланысты төленетін болады. Қызмет үшін алымдар Займ шотынан сома алынған тиісті күндерден бастап есептелетін болады.
      3.03-бөлім. Алым есептеу. Қызмет үшін алымдар мен басқа да алымдар 12 және 30 күндік айлардың 360 күндік жылы есебінен есептелетін болады.
      3.04-бөлім. Займды төлеу
      (а) Основная сумма Займа, снятая со счета Займа, будет подлежать возвращению в соответствии с амортизационным графиком, прилагаемым к Соглашению о займе.
      Ескерту. 3.04-бөлімнің 1-ші бірінші азат жолының қазақша аудармасы жоқ.
      (b) Займ алушы қызмет үшін есептелген барлық алымдарды төлегеннен кейін және Банкті 45 күн ішінде хабардар еткен қағазын көрсеткенде (бұл мерзімді банктің алып тастауы немесе кемітуі мүмкін) осы кезде таратылмаған Займның бүкіл негізгі сомасын (і), немесе мұндай алдын-ала төлем жасалған күні Займның басқа төленбеген, өтеу мерзімі

 

әзірленуге тиісті бөліктен кейін басталатын бөлігі болмайтын жағдайда

бір немесе одан көп төлем мерзімі бойынша бүкіл негізгі соманы (іі)

қайтаруға құқылы болады.

     3.05-бөлім. Төлеу орны. Негізгі сома және қызмет үшін алымдар мен

Займ бойынша басқа да алымдар Банк тиімді деп санайтын жерде төленетін

болады.


                            IV Бап

                      Валюталық шарттар


     4.01-бөлім. Займды деноминациялау. Займ мөлшері мына қалыптардың

бірімен:

     (а) Шоттан алудың Арнаулы Құқықтарымен, немесе

     (b) Шоттан алу Құқығына баламалы түрлі валюталармен (яғни,

"түрлі валюталармен білдірілетін, Шоттан алудың Арнаулы Құқығына _______

баламалы мөлшер") білдірілген болса, Займ Шоттан алудың Арнаулы

Құқығында білдірілген деп жорамалданады.


 
       4.02-бөлім. Шоттан алуға арналған валюта. Егер Банк пен Займ алушы басқадай келіспейтін болса, шоттан Займ яки Займ түсімдерінен қаржыландырылуға тиісті тауарлар мен қызметтердің құны Банк мезгіл-мезгіл таңдай алатын валютамен немесе валюталармен төленген немесе төленетін тиісті валютамен алынады.
      4.03-бөлім. Займның негізгі сомасын төлеуге арналған валюта.
      (а) Займның негізгі сомасы Займ шотынан алынған бірнеше валютамен төленетін болады, әрбір валютамен төленуге тиісті мөлшер сол валютада алынған мөлшерге тең болады. Егер шоттан валюта алу Банк шоттан алу мақсаттары үшін басқа валютаға сатып алған әлдебір валютамен жүзеге асырылатын болса, Займның осылайша алынған бөлігі Займ шотынан осы бөлімнің мақсаттары үшін басқа валютамен алынды деп саналуға тиіс болады. Осы Бөлімнің бұдан былайғы шарттарына қарамастан, Займ алушы мен Банк алтынды немесе кез келген өтімді валютаны төлем валютасы ретінде ауыстыруға келісе алады.
      (b) Егер Банк пен Займ алушы басқадай келіспейтін болса, Займның әлдебір арнаулы валютамен төленетін бөлігі Банк мезгіл-мезгіл анықтайтын бөліктермен, Займның төлем мерзімі жеткен әрбір мерзімде төленуі керек мөлшері Займдық Келісімнің амортизациялық кестесінде белгіленген күйінде қалатын жағдайда төленетін болады.
      4.04-бөлім. Қызмет үшін алымдар төлеуге арналған валюта. Қызмет үшін алымдар Займның кез келген бөлігі бойынша Займның негізгі бөлігі төленуге тиісті валютамен төленетін болады.
      4.05-бөлім. Арнаулы Міндеттемелер бойынша Комиссия төлеуге арналған валюта. Кез келген арнаулы міндеттеме үшін комиссия, 5.02-бөлім бойынша, Банк пен Займ алушы арасында келісілетін валютамен немесе валюталармен төленетін болады.
      4.06-бөлім. Валюталар сатып алу. Банк, Займ алушының өтініші бойынша және Банк белгілейтін шарттармен Банк мезгіл-мезгіл белгілейтін валютамен немесе валюталармен жеткілікті қаражатты Займ алушы төлегеннен кейін негізгі соманы, қызметтер үшін алымдарды және Займдық келісім бойынша қажет етілетін басқа да алымдарды төлеу үшін Займ алушыға қажетті кез келген валютаны сатып алуға күш салатын болады. Қажет етілетін валютаны сатып алу кезінде Банк Займ алушының агенті болады, ал Займ алушы Займдық Келісім бойынша қажетті барлық төлемдерді тек Банк ондай төлемді талап етілетін валюталармен алған кезде және сол дәрежеде төледі деп саналатын болады.
      4.07-бөлім. Валюталарды бағалау. Бұл займдық Келісім немесе Кепілдік Келісім мақсаттары үшін қажет болса, егер бір валютаның құнын басқа валюта арқылы, Шоттан алудың Арнаулы Құқығының құнын валюта арқылы немесе валютаның құнын Шоттан алудың Арнаулы Құқығы арқылы анықтау қажет болса, ондай құнды орынды белгілейтін болады.
      4.08-бөлім. Төлеу әдісі.
     (а) Займдық Келісім бойынша, егер ондай келісім бар болса, талап етілетін, Банк кез келген елдің валютасымен төлеуі керек кез келген төлем мұндай төлемдерді мұндай валюта депозиті жолымен ондай елде банк депозитариі бар Банк шотына салу мақсаттары үшін ондай елдің заңдары бойынша жол берілетін жолмен сатып алынған валютамен төленетін болады.
      (b) Займ алушы немесе Кепілгер мүшелер болып табылатын жерде, ондай мүше басты соманың, қызмет үшін алымдардың және займ бойынша басқа да алымдардың ондай мүше аумағында ешбір шектеусіз төленуін қамтамасыз етеді. Займ алушы да Кепілгер де мүше болып табылмайтын жерде займ алушы Жоба өз аумағында жүзеге асырылатын мүшеден негізгі соманың және қызмет үшін алымдар мен Займ бойынша басқа да алымдардың Банктің сол мүшесі аумағында ешбір шектеусіз төленетінінің Банк үшін жеткілікті дәлелін алады.
 
                          V Бап
 
               Займ түсімдерін шоттан алу
 
      5.01-бөлім. Займ шотынан алу. (а) Займдық Келісімде белгіленген әлдебір шарттар немесе шектеулер бар болған жағдайда Займ алушы төленетін немесе, егер Банк келісетін болса, құны ақылға қонымды тауарлар мен қызметтердің ақысын және Жоба үшін қажетті, осы Келісім бойынша қаржыландырылатын басқа да шығындарды алдын ала төлеу үшін қажетті соманы Займ шотынан алуға құқылы.
      (b) Егер Банк пен Займ алушы басқадай келіспейтін болса, (і) Займдық Келісім күшіне енген күнге дейінгі алдын-ала төлемдер үшін немесе (іі) Займдық Келісімде көзделген яки оған қатысты құптарлық талаптарына сай келмейтін шығыстар үшін шоттан ешқандай қаражат алынбайды.
      5.02-бөлім. Банктің Арнаулы Міндеттемесі. Займ алушының өтініші бойынша және Банк пен Займ алушы арасында келісілетін шарттармен Банк Займдық Келісімнің тоқтатылуына немесе күшінің жойылуына қарамастан сол келісім бойынша қаржыландырылатын тауарлар мен қызметтің құнын төлеу жөнінде ерекше міндеттемелер қабылдай алады.
      5.03-бөлім. Шоттан алу туралы өтініш. Займ алушы Займ шотынан әлдебір соманы алғысы келетін немесе Банктен 5.02-бөлім бойынша ерекше міндеттемеге қосылуды өтінетін, Займ алушы Банкке, Банк сұрататын өтініш пен келісімді тапсыратын жағдайда, Банк пен Займ алушы басқадай келіспейтін болса, шоттан қаражат алу туралы өтініш қажетті құжатпен қоса, осы Баптың төменгі бөлігінде келтірілгеніндей, Жоба бойынша шығыс жөнінде тез арада ресімделетін болады.
      5.04-бөлім. Өтінішке Қол қою Өкілеттігінің дәлелі. займ алушы Банкке өтініштерге қол қоюға уәкілдік берілген адамның немесе адамдардың өкілеттіктерін қуаттайтын құжат және әрбір адам қолының түпнұсқа үлгісін береді.
      5.05-бөлім. Дәлелді негіздеу. Займ алушы Банкке шоттан қаражат алу туралы өтінішті негіздейтін, Банк сұрататын құжаттарды Банк өтініште көрсетілген қаражатты алуға рұқсат берерден бұрын немесе бергеннен кейін тапсырады.
      5.06-бөлім. Өтініштер мен құжаттардың жеткіліктілігі. Шоттан қаражат алу туралы әрбір өтініш, қосымша құжаттар және басқа да дәлелдер нысаны мен мазмұны бойынша Банк үшін Займ алушының Займ шотынан қажетті соманы алуының қажет екені, займ шотынан алынған соманың тек Зайымдық Келісімде белгіленген мақсаттар үшін пайдаланылатыны жеткілікті түрде айқын болуға тиіс.
      5.07-бөлім. Банктің төлеуі. Займ алушы Займ шотынан алуды көздейтін соманы Банк займ алушы үшін немесе оның талап етуі бойынша төлейді.
 
                               VI Бап
                        Ынтымақтастық; Ақпарат
 
      6.01-бөлім. Ынтымақтастық. Банк, Займ алушы және Кепілгер Займ мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету үшін ынтымақтасатын болады.
      6.02-бөлім. Есеп және Ақпарат. (а) Займ алушы мен Кепілгер Жобаға, Жобаның Атқарушы агенттігіне және Займға қатысты қандай да болсын мәселелер бойынша Банк сұрататын есептер мен ақпаратты Банкке береді немесе олардың Банкке берілуін қамтамасыз етеді.
      6.03-бөлім. Пікір алмасу. Банк, Займ алушы және Кепілгер өздерінің бірінің өтініші бойынша мезгіл-мезгіл өз өкілдері арқылы Жобаға, Жобаны жүзеге асыру жөніндегі Агенттікке және Займға қатысты кез келген мәселелер жөнінде пікір алысып тұрады.
      6.04-бөлім. Займға байланысты сапарлар. Займ алушы немесе Кепілгер мүше болатын болса, ол мүше банк өкілдерінің Займға байланысты мақсаттар үшін өз аумағының кез келген бөлігінде болуы үшін жақсы мүмкіндік береді.
 
                              VII Бап
                       Салық салудан босату
 
      7.01-бөлім. Салық салудан босату. (а) Займ алушы немесе Кепілгер мүше болатын болса, ол мүше:
      (і) Займның негізгі сомасы, қызмет үшін алымдар және займ бойынша басқа да алымдар сол аумақтың немесе ол мүше аумағының қандай да болсын салығынан босатылатынына және әлдебір салықтар ұстап қалынбастан төленетініне; және
      (іі) Займдық Келісім немесе Кепілдік Келісім және Жоба бойынша Келісім орындалуына, көрсетілуіне немесе тіркелуіне байланысты сол аумақтың немесе ол мүше аумағының салығы салынуынан босатылатынына кепілдік береді.
      (b) Займ алушы да, Кепілгер де мүше болып табылмаса, займ алушы Жоба өз аумағында жүзеге асырылуға тиісті мүшеден:
      (і) негізгі сома, қызмет үшін алымдар мен Займ бойынша басқа да алымдар аумақ салықтарының немесе ол мүше аумағындағы салықтардан босатылатынының және сол салықтар ұстап қалынбастан төленетінінің; және
      (іі) Займдық Келісім, Кепілдік Келісім және Жобалық Келісім орындалуына, көрсетілуіне немесе тіркелуіне байланысты аумақ салықтарынан немесе ол мүше аумағындағы салықтардан босатылатынының Банк үшін жеткілікті дәлелін алады және күшіне кіретін күн басталғанға дейін Банкке береді.
 
                          VIII Бап
 
      Тоқтатып қою; Өзгерту; Төлем мерзімінің басталуын жеделдету
 
      8.01-бөлім. Займ алушының соманы өзгертуі. Банкпен кеңескеннен және Кепілгермен, егер ол бар болса, келіскеннен кейін Займ алушы Банкті займның кез келген сомасының өзгертілгені туралы ескерте алады, ол соманы займ алушы ондай ескерту жасалғанға дейін, 8.04-бөлімде көзделгендегіден басқа жағдайларда, алмайды.
      8.02-бөлім. Банктің құқықты тоқтатып қоюы. Егер төмендегі оқиғалардың әлде бірі Займдық келісім күнінен кейінгі кез келген уақытта болып, жалғаса берсе, Банк Займ алушының немесе Кепілгерді, егер ол бар болса, ескерту арқылы Займ алушының Займ шотынан қаражат алу құқығын түгелдей немесе ішінара тоқтатып қоя алады:
      (а) Займ алушы проценттердің, қызмет үшін алымдардың немесе Кепілдік Келісім бойынша (і) немесе Банктің кез келген займдық немесе кепілдік келісімі бойынша (іі) талап етілетін басқа да алымдардың негізгі сомасын төлемесе (ондай төлемді Кепілгер, егер ол бар болса, немесе үшінші жақ жасай алатынына қарамастан).
      (b) Кепілгер, егер ол бар болса, проценттердің, қызмет үшін алымдардың немесе Кепілдік Келісім бойынша (і) немесе кез келген займдық немесе кепілдік Келісім бойынша (і) немесе кез келген займдық немесе кепілдік келісім бойынша (іі) талап етілетін басқа да алымдардың негізгі сомасын төлемесе.
      (с) Займ алушы немесе Кепілгер, егер ол бар болса, Займдық Келісім немесе Кепілдік Келісім бойынша әлдебір міндеттемелерді орындамаса.
      (d) Жобаның Атқарушы Агенттігі Жоба, егер ол бар болса, бойынша міндеттемелердің әлдебірін орындамаса.
      (е) Банк Займ алушының немесе Кепілгердің, егер ол бар болса, Банкпен кез келген басқа займдық келісім бойынша қаражат алу құқығын Займ алушының немесе Кепілгердің мұндай займдық келісім бойынша немесе Банкпен онымен байланысты кез келген келісім бойынша оның кез келген міндеттемесін орындамауы салдарынан түгелдей немесе ішінара тоқтатып қойса.
      (f) Банктің пікірінше Жобаның ойдағыдай жүзеге асырылуын мүмкін етпейтін немесе мүмкін етпеуі ықтимал жағдай пайда болса немесе қалыптасса, немесе Займ алушы, Кепілгер, егер ол бар болса, әлде Жобаны Жүзеге асырушы Агенттік, егер ол бар болса, Займдық Келісім, Кепілдік Келісім немесе Жоба бойынша Келісім бойынша міндеттемелерінің кез келгенін орындай алмаса.
      (g) Жоба өз аумағында жүзеге асырылатын Банк мүшесі Банктегі мүшелігін тоқтатып қойса немесе одан шықса яки Банктен шығатыны туралы ескертпе жіберсе.
      (h) Займ алушы немесе Кепілгер, егер ол бар болса, Займдық Келісімге немесе Кепілдік Келісімге байланысты жасаған мәлімдеме, немесе оларға байланысты жасалған және Займды жүзеге асыру кезінде Банктің сенуіне болатын өтініш әлдебір маңызды тұрғыдан дұрыс болмаса, немесе егер Займ алушы мүше болып табылмаса, Займ алушы шарттарында әлдебір маңызды жайсыз өзгерістер, Займ алушының мәлімдегеніндей, Банктің пікірі бойынша болатын болса.
      (i) Займ алушы мүше болып табылмаған жағдайда Займ алушы қарыздарын төлем мерзімі жеткен кезде төлей алмаса немесе Займ алушы яки басқалар әлдебір іс-әрекеттерді немесе қылықтарды соған байланысты жасаған болса, Займ алушы активтерінің кез келгені кредиторлар арасында бөлінсе немесе бөлінуі мүмкін болса.
      (j) Займ алушы мүше болып табылмаған жағдайда Жоба өз аумағында жүзеге асырылатын Банк мүшесі, немесе заңды құқығы бар кез келген беделді адам Займ алушыны тарату немесе аластау яки оның операцияларын тоқтатып қою шараларын қолданса.
      (к) заңды құқығы бар кез келген беделді адам Жобаны Жүзеге асыру жөніндегі Агенттікті тарату немесе аластау яки оның операцияларын тоқтатып қою шараларын қолданса.
      (l) Займдық Келісімде осы Бөлімнің мақсаттары үшін белгіленген кез келген басқа бір оқиға орын алса.
      Займ алушының Займ шотынан қаражат алу құқығын тоқтатып қою үшін негіз болған оқиға немесе оқиғалар, Банктің пікірінше, ада болғанға дейін, немесе шоттан қаражат алу құқығының түгелдей немесе ішінара қалпына келтірілгені және оның қайсының бірінші екені туралы Банк Займ алушыны ескерткенге дейін Займ алушының шоттан қаражат алу құқығы толық немесе ішінара тоқтатыла тұрады.
      8.03-бөлім. Банктің таратуы. Егер (і) Займ алушының Займ шотынан қаражат алу құқығы Займның әлдебір сомасы жөнінде отыз (30) күн мерзімге тоқтатылып қойылған болса, немесе (іі) Банк, Займ алушымен кеңескеннен кейін, Займның кез келген сомасы Жоба мақсаттары үшін қажет болмайды деп кез келген уақытта шешім шығарса немесе (ііі) Займдық Келісімде қаражат алудың шекті күні ретінде белгіленген күні Займ сомасы займ шотынан алынбаған болса, Банк Займ алушыны және Кепілгерді, егер ол бар болса, ескерту арқылы Займ алушының ол соманы шоттан алу құқығын тоқтата алады. Ескерту жасалғаннан кейін займның ол сомасы алып тасталатын болады.
      8.04-бөлім. Арнаулы Міндеттемеге жататын сомалар. Банк 5.02-бөлімге сәйкес өзіне кірген арнаулы міндеттемеге жататын сомаларға, ондай міндеттемеде көзделгендегіден басқаларына, алып тастауды немесе тоқтатып қоюдың ешқайсысы қолданылмайды.
      8.05-бөлім. Алып тастауды қолдану. Банк пен Займ алушы өзгеше уағдаласқандағыдан басқа жағдайларда, алып тастаудың қандайы болсын Займның негізгі сомасын төлеу басталатын бірнеше мерзімге бірдей қолданылатын болады, ол басталатын мерзім алып тастау мерзімінен кейін келеді.
      8.06-бөлім. Тоқтатып қоюдан немесе Алып тастаудан кейінгі Шарттардың күшіне енуі. Қандай да болсын тоқтатып қоюға немесе алып тастауға қарамастан Займдық Келісімнің, Кепілдік Келісімнің, егер ол бар болса, және Жоба бойынша Келісімнің, егер ол бар болса, барлық шарттары, осы Бапта арнайы ескертілгендегіден басқа жағдайларда, толық күшінде болады.
      8.07-бөлім. Төлемдер Басталатын Мерзімді Жеделдету. Егер төмендегі оқиғалардың әлдебірі болып, төменде көрсетілген кезең ішінде жалғаса беретін болса, онда Банк кез келген кейінгі уақытта Займ алушыны және Кепілгерді ескерту арқылы займның негізгі сомасын жинақталып қалған және дереу төленуге тиісті қызмет үшін алымдармен және басқа да алымдармен қоса мерзімі өтіп кеткен деп жариялай алады, мұндай ескертуден кейін негізгі сома мен алымдар дереу төлеу үшін міндетті болып табылады:
      (а) 8.02-бөлімнің (а) параграфында немесе (b) параграфында

 

белгіленген кез келген оқиға болып, отыз (30) күн бойы жалғасатын болса.

     (b) 8.02-бөлімнің (с) параграфында немесе (d) параграфында

белгіленген кез келген оқиға болып, Банк Займ алушыны және Кепілгерді,

егер бар болса, ескерткеннен кейін алпыс (60) күн бойы жалғасатын болса.

     (с) 8.02-бөлімнің (h) параграфында, (і) параграфында, (j)

параграфында немесе (к) параграфында белгіленген кез келген оқиға болатын

болса.


     (d) Займдық Келісімде осы Бөлімнің мақсаттары үшін белгіленген

кез келген басқа оқиға болып, Займдық Келісімде белгіленген кезең ішінде

жалғасатын болса.


                         ІХ Бап

                      Күшіне енуі;


     9.01-бөлім. Күшіне енудің алғы шарттары. Займдық Келісім немесе

Кепілдік Келісім:


 
       (а) Займ алушы тарапынан Займдық Келісімнің орындалуы мен ұсынылуының қажетті барлық корпоративтік және үкіметтік іс-қимылдармен тиісінше мақұлданғаны және бекітілгені;
      (b) Кепілдік Келісім бар жерде Кепілдік Келісімнің кепілгер атынан орындалуы мен ұсынылуының барлық қажеті корпоративтік және үкіметтік іс-қимылдармен тиісінше мақұлданғаны және бекітілгені;
      (с) Кепілдік Келісім бар жерде Жобалық Келісімнің Жобаның Атқарушы Агенттігі атынан орындалуы мен ұсынылуының барлық корпоративтік, әкімшілік және үкіметтік іс-қимылдармен мақұлданғаны және бекітілгені;
      (d) Займ алушы мүше болып табылмайтын ретте, займ алушының Займдық Келісім жасалған күні Банкке берілген қалпындағы жағдайының сол күн мен Займ алушы мен банк арасында осы Бөлімнің мақсаттары үшін келісілген күн аралығында айтарлықтай жайсыз өзгеріске ұшырамағаны, банк оның дәлелін сұрататын болса;
      (е) Займ алушы да, Кепілгер де мүше болып табылмайтын ретте, 4.08-бөлімнің (b) және 7.01-бөлімнің (b) талаптарының орындалатыны; және
      (f) Займдық Келісімде оның тиімділігінің қосымша шарттары ретінде белгіленген оқиғалардың орын алғаны туралы Банк үшін жеткілікті дәлел Банкке берілгенге дейін күшіне кірмейді.
      9.02-бөлім. Құқықтық пікір. 9.01-бөлімге сәйкес берілуге тиісті дәлелдің бір бөлігі ретінде Займ алушы Банкке Банк үшін жарамды пікір немесе пікірлер береді немесе берілуін ойластырады, оларда мыналар көрсетілуі керек:
      (а) Займ алушы тарапынан займдық Келісімнің тиісінше бекітіліп, орындалғаны және Займ алушы атынан берілгені және Займ алушының шарттарына сәйкес оның міндетіне заңды түрде жүктелетіні;
      (b) Кепілгер атынан, егер ол бар болса, Кепілдік Келісімнің тиісінше мақұлдағаны және бекітілгені, орындалғаны және Кепілгер атынан берілгені, Кепілгердің шарттарына сәйкес оның міндетіне заңды түрде жүктелетіні;
      (с) Жобаның Атқарушы Агенттігі атынан, егер Жоба бойынша Келісім бар болса, Жобалық Келісімнің тиісінше мақұлданғаны және бекітілгені, орындалғаны және Жобаның Атқарушы Агенттігі атынан берілгені, Жобаның Атқарушы Агенттігіне шарттарына сәйкес оның міндетіне заңды түрде жүктелгені; және
      (d) Займдық Келісімде белгіленетін басқа да мәселелер.
      9.03-бөлім. Күшіне енген күн. Банк пен займ алушы басқадай шешетіндегіден басқа жағдайларда, Займдық Келісім мен Кепілдік Келісім, егер ол бар болса, Банк Займ алушы мен Кепілгерге 9.01-бөлім бойынша талап етілетін дәлелдің қабылданғаны туралы ескерту жіберген күні күшіне енеді.
      9.04-бөлім. Күшіне енбеуі себепті тоқтату. Егер Займдық Келісім осы Бөлімнің мақсаттары үшін Займдық Келісімде көрсетілген күні күшіне енбейтін болса, Займдық Келісім немесе Кепілдік Келісім, егер ол бар болса, және тараптардың барлық міндеттемелері, егер Банк, кейінге қалдырудың негіздемелерін қарағаннан кейін, осы Бөлімнің мақсаттары үшін неғұрлым кештеу мерзімін белгілесе, тоқтатылады. Банк ондай кештеу мерзім туралы Займ алушы мен Кепілгерді дереу хабардар етеді.
      9.05-бөлім. Толық төлемді тоқтату. Егер Займның бүкіл негізгі сомасы Зайымдық шоттан алынатын болса және қызмет үшін барлық алымдар мен Займда жинақталатын басқа займдар төленген болса, Займдық Келісім және барлық тараптардың олар бойынша міндеттемелері осымен тоқтатылады.
 
                      Х Бап
      Мәжбүрлеуді Жүзеге асыру Мүмкіндігі; Құқықтарды
               Пайдаланбау; Төрелік сот
 
      10.01-бөлім. Мәжбүрлеу. (а) Банк пен Займ алушының Займдық Келісім бойынша және Кепілгердің Кепілдік Келісім бойынша құқықтары мен міндеттері олардың шарттарына сәйкес және Займ алушы яки Кепілгер мүшелер болатын ретте, елдің заңына немесе саяси бөлініске қарамастан күші бар болады және мәжбүрлеп жүзеге асырылатын болады.
      (b) Банкте де, Займ алушыда да, Кепілгерде де бұл бап бойынша Займдық Келісімнің немесе Кепілдік Келісімнің әлдебір шарты Банк Келісімі Баптарының әлдебір шарты салдарынан немесе басқа бір себеппен жарамсыз болып табылатынын немесе мәжбүрлеп орындатуға жатпайтынын мәлімдеу құқығы болмайды.
      10.02-бөлім. Кепілгердің міндеттемелері. Кепілгердің Кепілдік Келісім бойынша міндеттемелері орындалғаннан кейін ғана, және бұл жағдайда орындалу дәрежесіне сәйкес қана алынады. Мұндай міндеттемелер әлдебір алдын-ала ескертуге, Займ алушыға талап қоюға немесе оған қарсы шаралар қолдануға немесе Кепілгерді әлдебір ескертуге яки Займ алушының әлдебір әрекеті жөнінде Кепілгерге қарсы шаралар қолдануға жатпайтын болады және мерзімді ұзартумен, Займ алушыға жұмсақтылық немесе икемдік жасаумен; құқықты, билікті қорғаудың кез келген түрімен немесе қорғаудың сәтсіздігімен немесе құқықты қорғаудың кейінге қалдырылуымен, займ алушыға қарсы немесе Займ Кепілгерлері жөніндегі іс-әрекеттермен; Займдық Келісім шарттарын жетілдірумен немесе ұлғайтумен, Займ алушының заңды, Жоба өз аумағында жүзеге асырылатын Банк мүшесінің, немесе Банктің сондай мүшесінің әлдебір бөлімшесінің яки агенттігінің ережелері мен бұйрықтарын орындаудағы, әлдебір сәтсіздігімен қиындатылмайтын болады.
      10.03-бөлім. Құқықты Жүзеге асырудағы Сәтсіздік. Құқықты жүзеге асырудың ешбір кейінге қалдырылуы, немесе құқықты жүзеге асырудағы олқылық, ешбір билік немесе займдық Келісім немесе Кепілдік Келісім бойынша әрбір жақ әлдебір теріс қылық жасаған жағдайда ие болатын сот арқылы қорғану құқығы мұндай құқықты, билікті немесе сот арқылы қорғану құқығын кемітпейді және құқықтан бас тартуды немесе ондай қылықпен үнсіз келісуді білдірмейді; мұндай жақтың әлдебір теріс қылық немесе үнсіз келісу жөніндегі әрекеті ондай жақтың құқығына немесе билігіне яки кез келген басқа немесе одан кейінгі қылықтан сот арқылы қорғану құқығына әсер етпейді және оны кемітпейді.
      10.04-бөлім. Төрелік сот. (а) Займдық Келісім мен Кепілдік Келісім арасындағы кез келген дау, мұндай кез келген жақтың мұндай басқа жаққа қарсы қойылатын, Займдық немесе Кепілдік Келісім бойынша пайда болатын, тараптардың келісімімен реттелмейтін кез келген талап, осы ережеде көзделгеніндей, аралық соттың төрелігіне беріледі.
      (b) Ондай төрелікке қатысушы тараптар бір жағынан Банк және екінші жағынан Займ алушы мен Кепілгер, егер ол бар болса, болады.
      (с) Төрелік сот құрамында үш судья болады, олар былайша тағайындалады: бір судьяны Банк, екіншісін Займ алушы мен Кепілгер, егер ол бар болса, немесе жарамды болатын жерде, егер олар келіспейтін болса, Кепілгер тағайындайды; үшінші судья (осы жерде және төменде супертөреші деп аталатын) тараптардың келісімі бойынша немесе, егер олар келіспейтін болса, Халықаралық сот Президенті немесе оның тағайындауы сәтсіз болса, БҰҰ Бас Хатшысы тағайындайды. Егер тараптардың әлдебірі төрешіні тағайындай алмаса, егер осы Бөлімге сәйкес тағайындалған төреші орнынан түссе, қайтыс болса немесе іс-әрекетке қабылетсіз болып қалса, оның орнына басқа төреші тағайындалатын болады. Ол алғашқы төреші қалай тағайындалса нақ солай тағайындалады және ол алғашқы төрешінің барлық құқықтары мен билігін пайдаланатын болады.
      (d) Төрелік процесті осы Бөлім бойынша басқа тарап немесе тараптар жөнінде осындай процесті қозғаушы тарап жазбаша хабарлағаннан кейін қозғауға болады. Ондай жазбаша хабарда төрелікке берілетін даудың немесе талаптың сипаты, талап етілетін көмектің сипаты және мұндай процесті қозғаушы тарап тағайындаған төрешінің есімі көрсетілетін өтініш болады. Осындай жазбаша хабар жіберілгеннен кейін 30 күн ішінде басқа тарап немесе тараптар процесті қозғаушы тарапқа мұндай басқа тарап немесе тараптар тағайындаған төрешінің есімін хабарлайды.
      (е) Егер төрелік процестің қозғалғаны туралы хабарланғаннан кейін 60 күн ішінде тараптар суперарбитр жөнінде келісімге келе алмаса, кез келген тарап осы Бөлімнің (с) параграфында көзделгеніне сәйкес суперарбитр тағайындауды сұрай алады.
      (f) Төрелік сот суперарбитр тағайындайтын уақытта және орында жиналады. Содан кейін төрелік сот оның қай жерде қашан мәжілісі құратынын шешеді.
      (g) Осы Бөлімнің шарттарына сәйкес және егер тараптар басқадай шешпейтін болса, төрелік сот өз құзіретіне жататын барлық мәселелерді шешеді және оның жосығын белгілейді. Төрелік соттың барлық шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады.
      (h) Төрелік сот барлық тараптарға сөзін тыңдатудың әділ құқығын береді және жазбаша шешімін шығарады. Ондай шешімді сырттай шығаруға да болады. Төрелік соттың көпшілігі қол қойған шешім ондай соттың шешімі болып табылады. Ондай шешімнің қол қойылған көшірмесі әрбір тарапқа берілетін болады. Осы Бөлімнің шарттарына сәйкес қабылданған мұндай кез келген шешім Займдық Келісім мен Кепілдік Келісім, егер ол бар болса, тараптары үшін түпкілікті және міндетті болады. Төрелік сот осы Бөлімнің шарттарына сәйкес шығарған шешімді ұстанады және онымен келіседі.
      (і) Тараптар, төрелік сот процесінің өткізілуі үшін қажет етілетініндей, төрешілер мен басқа да адамдарға берілетін сыйақы сомасын белгілейді. Егер тараптар сыйақы сомасы туралы аралық сот шақырылғанға кейін келіспесе, аралық сот мұндай жағдайларда орынды болатындай соманы белгілейді. Әрбір тарап төрелік сот процесіндегі өз шығындарын төлейді. Аралық соттың шығындары бір жағынан, Банк және екінші жағынан, Займ алушы мен Кепілгер, егер ол бар болса, бөлініп, бірдей төленеді. Аралық сот шығындарын төлеуге немесе ондай шығындарды төлеу жосығына қатысты кез келген мәселені аралық сот белгілейді.
      (j) Төрелік сот жүргізу үшін осы Бөлімде белгіленген шарттар Займдық Келісім мен Кепілдік Келісім, егер ол бар болса, тараптары арасындағы дауларды шешудің кез келген басқа жосығы үшін және бір тараптың екінші тарапқа осыдан туындайтын кез келген талабына қолданылатын болады.
      (к) Егер шешім қаулы көшірмелері тараптарға тапсырылғаннан кейін 30 күн ішінде орындалмайтын болса, кез келген тарап кез келген тарапқа қарсы шешімді күштеп орындатқызу туралы істі сот жүргізуге құзіретті кез келген сотта қозғай алады және ол шешімді орындауға мәжбүр ете алады немесе шешімді және Займдық Келісім мен Кепілдік Келісім, егер ол бар болса, күштеп орындатқызу үшін басқа тарапқа қарсы басқадай лайықты шара қолдана алады. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, бұл Бөлім, сот шешімінің орындалуын немесе мүше болып табылатын тараптардың біріне қарсы шешімді орындауға мәжбүрлеуді, мұндай жосық осы Бөлімнің шарттарына сәйкес емес басқа себеп бойынша орын алуы мүмкін жағдайдан бөлек, санкцияламайды.
      (l) Осы Бөлім бойынша процеске немесе (егер мұндай амал қолдан келетін болса) осы Бөлімге сәйкес жүзеге асырылатын шешімді орындауға мәжбүрлеу туралы процеске байланысты жазбаша ескертуді 11.01-бөлімде айтылған жолмен жолдауға немесе жосықтар ұсынуға болады. Займдық Келісім мен Кепілдік Келісім тараптары ондай жазбаша ескертуге немесе процеске қызмет ету жөніндегі кез келген немесе барлық талаптарды қабылдамайды.
 
                        XI Бап
                    Басқа Шарттар
 
      11.01-бөлім. Хабарлау және Сұрау салу. Займдық Келісім немесе Кепілдік Келісім, егер ол бар болса, және Займдық Келісім мен Кепілдік Келісімде көзделгеніндей кез келген тараптар арасындағы кез келген басқа бір келісім бойынша талап етілетін немесе жол беруге болатын кез келген хабарлау немесе іздену жазбаша түрде беріледі. 9.03-бөлімде көзделгендегіден басқа жағдайларда, мұндай хабарлау немесе сұрау салу екінші тарапқа Займдық Келісімде немесе Кепілдік Келісімде, егер ол бар болса, көрсетілген мекен-жай бойынша, немесе екінші тарап мұндай хабарлау жіберген немесе сұрау салған тарапты хабарландыруында көрсеткен мекен-жай бойынша оған тікелей, почта арқылы, жеделхатпен немесе радиограммамен тапсырылатын болса, олар тиісті түрде берілді деп саналады.
      11.02-бөлім. Шаралар Қолдану Өкілеттіктері. Займ алушы немесе Кепілгер тарапынан осы Займдық Келісім немесе кепілдік Келісім бойынша талап етілетін немесе рұқсат етілген кез келген іс-қимылын және талап етілетін немесе орындауға жол берілетін кез келген құжаттарын Займдық Келісімде немесе кепілдік Келісімде осы Бөлімнің мақсаттары үшін белгіленген Займ алушы мен Кепілгер өкілі немесе ол жазбаша түрде өкілеттік берген басқа адам жасай және орындай алады. Займдық Келісімнің немесе Кепілдік Келісімнің, егер ол бар болса, шарттарының жетілдірілуін немесе ұлғайтылуын Займ алушының немесе Кепілгердің атынан олардың жазбаша құжатымен тағайындалған өкіл немесе ол жазбаша өкілдік берген адам келістіре алады, бірақ ондай өкілдің немесе басқа адамның пікірінше, осылайша жетілдіру мен ұлғайту бұл жағдайда орынды болуға және займ алушының займдық Келісім бойынша міндеттемелерін ұлғайтпауға тиіс. Банк ондай өкілдің немесе басқа адамның мұндай құжатты орындауын ондай өкілдің немесе басқа адамның Займдық Келісім немесе Кепілдік Келісім, егер ол бар болса, мұндай құжат өзіне қатысты болса, шарттарын осылайша жетілдіру мен ұлғайту бұл жағдайда орынды және Займ алушының немесе Кепілгердің міндеттемелерін елеулі ұлғайтпайды деп санауының нақты дәлелі деп қабылдай алады.
      11.03-бөлім. Өкілдіктер дәлелі. Займ алушы немесе Кепілгер, егер ол бар болса, Банкке Займ алушының Займдық Келісім бойынша қабылдауы және орындауы үшін қажетті немесе рұқсат етілген, құжаттарды Займ алушының немесе кепілгердің атынан жүзеге асыратын немесе орындайтын адам немесе адамдар өкілеттіктерінің жеткілікті, ондай әрбір адамның түпнұсқа қолтаңба үлгісі бар дәлелін береді.
      11.04-бөлім. Акциялар бойынша Мүшелерге тиесілі Төлемдерді ұстап қалу. (а) Жоба өз аумағында жүзеге асырылуға тиісті мүше егер Банкке мүшелігін тоқтататын болса, ол мүшенің Банк кері сатып алған акциялары үшін оған тиесілі сома мүше, оның орталық банкі немесе оның кез келген агенттіктері, құралдары немесе саяси бөлімшелері Займдық Келісім немесе Кепілдік Келісім, егер ол бар болса, бойынша, яки Банкпен басқадай займдық келісім немесе кепілдік келісім бойынша міндетті болып қалатын кезге дейін ұсталады, мұндай соманы, Банктің таңдауы ретінде, төлем мерзімі жеткен кезде мұндай кез келген міндеттемеге қолдануға болады.

 

     (b) Жоба өз аумағында жүзеге асырылатын мүше Банк қорларын бөлу

кезінде өз үлесін мұндай бөлу болған жағдайда Займдық Келісім немесе

Кепілдік Келісім, егер ол бар болса, бойынша, немесе Банкпен кез

келген басқа займдық келісім немесе кепілдік келісім бойынша өз

міндеттемелерінің бәрін реттегенше алмайтын болады.

     11.05-бөлім. Келісім Көшірмелері. Займдық Келісім немесе Кепілдік

Келісім, егер ол бар болса, бірнеше дана етіп жасалады, олардың

әрқайсысы түпнұсқа болып табылады.




   Оқығандар:

  Қобдалиева А.

  Омарбекова А.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады