Ғарышкерлердi құтқару, ғарышкерлердi қайтару және ғарыш кеңiстiгiне жiберiлген объектiлердi қайтару туралы келiсiмге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 15 мамыр N 106

 


     1968 жылғы 22 сәуiрде Мәскеу, Лондон және Вашингтон қалаларында

қол қойылған Ғарышкерлердi құтқару, ғарышкерлердi қайтару және ғарыш

кеңiстiгiне жiберiлген объектiлердi қайтару туралы келiсiмге

Қазақстан Республикасы қосылсын.


     Қазақстан Республикасының

          Президентi


                Ғарышкерлердi құтқару, ғарышкерлердiң қайта оралуы

              және ғарыш кеңiстiгiне жiберiлген объектiлердiң қайтып

                                   оралуы туралы

                                   К Е Л I С I М


     Уағдаласушы Тараптар


 
       ғарышкерлерге авария, қасiрет немесе амалсыз қону жағдайында, ғарышкерлердiң қауiпсiз дереу оралуына және ғарыш кеңiстiгiне жiберiлген объектiлердiң оралуына барынша көмек көрсетуге арналған Мемлекеттердiң Айды және басқа да аспан денелерiн қоса алғанда, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу және пайдалану жөнiндегi қызметiнiң принциптерi

 

туралы шарттың маңызды мәнiн атап өте отырып,

     бұл мiндеттемелердi дамытуға және одан әрi нақтылауға ұмтыла

отырып,

     халықаралық ынтымақтастыққа ғарыш кеңiстiгiн бейбiт зерттеу мен

пайдалануда жәрдемдесудi тiлей отырып,

     iзгiлiк сезiмiн басшылыққа ала отырып,

     төмендегi туралы келiстi:


                        1-бап



 
       Ғарыш кемесiнiң экипажы аварияға ұшырады, немесе қасiрет жағдайында тұр немесе өзiнiң заңды құқығындағы аумаққа немесе қандай да болмасын мемлекеттiң заңды құқығына жатпайтын ашық теңiзге немесе кез келген жерге амалсыз немесе алдын ала ойластырылмаған қонды деп мәлiмет алған немесе бiлген әрбiр Уағдаласушы Тарап, дереу:
      а) ұшыруды жүзеге асырған өкiметтерге хабарлайды немесе егер ол танып-бiле алмайтын және бұл туралы ұшыруды жүзеге асырған өкiметке дереу хабарлай алмайтын болса, бұл туралы жалпы мәлiмет үшiн өзiнiң иелiгiндегi барлық тиiстi байланыс құралдарының көмегiмен дереу хабарлайды;
      б) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлайды, ол бұл ақпаратты өзiнiң иелiгiндегi барлық тиiстi байланыс құралдарының көмегiмен дереу таратуы тиiс.
      Егер аварияның, қасiреттiң немесе алдына ала ойластырылмаған қонудың нәтижесiнде ғарыш кемесiнiң экипажы Уағдаласушы Тараптың заңды құқығындағы аумаққа қонса, ол оны құтқару және оған барлық қажеттi көмек көрсету үшiн дереу барлық мүмкiн шараны қолданады. Ол ұшыруды жүзеге асырған өкiметтерге, сондай-ақ өзiнiң қолданған шаралары мен жеткен нәтижелерi туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлайды. Егер ұшыруды жүзеге асырған өкiметтердiң көмегi тез құтқаруды қамтамасыз етуге көмектесе алар болса немесе iздестiру және құтқару жөнiндегi операциялардың тиiмдiлiгін елеулi дәрежеде жағдай жасар болса, ұшыруды жүзеге асырған өкiметтер iздестiру және құтқару жөнiндегi операцияларды тиiмдi жүргiзу мақсатында Уағдаласушы Тараппен ынтымақтасатын болады. Бұл операциялар Уағдаласушы Тараптың басшылығы мен бақылауында болатын болады, ол ұшыруды жүзеге асырған өкiметтермен тығыз және тұрақты кеңесте iс-қимыл жасайтын болады.
 
                         3-бап
 
      Егер ғарыш кемесiнiң экипажы қандай да болмасын мемлекеттiң заңды құқығында емес ашық теңiзге немесе басқа жерге қонды деген мәлiмет алынса немесе анықталса, онда мұны iстеу жағдайындағы сол Уағдаласушы Тараптар қажет болған жағдайда мұндай экипажды тез құтқару мақсатында оны iздестiру және құтқару жөнiндегi операцияларды жүзеге асыруда көмек көрсетедi. Олар ұшыруды жүзеге асырушы өкiметтерге, сондай-ақ өзiнiң қолданған шаралары туралы және қол жеткiзген нәтижелерi туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысына хабарлайды.
 
                         4-бап
 
      Егер ғарыш кемесiнiң экипажы аварияның, қасiреттiң, амалсыз немесе алдын ала ойластырылмаған қонудың нәтижесiнде Уағдаласушы Тараптың заңды құқығындағы аумаққа қонса немесе қандай да болмасын мемлекеттiң заңды құқығындағы емес ашық теңiзден немесе кез келген жерден табылса, ол қауiпсiздiкте болуы және ұшыруды жүзеге асырған өкiметтер өкiлдерiне дереу қайтарылуы тиiс.
 
                         5-бап
 
      1. Ғарыш объектiсi немесе оның құрамдас бөлiктерi өзiнiң заңды құқығындағы аумаққа Жерге немесе қандай да болмасын мемлекеттiң заңды құқығындағы емес ашық теңiзге немесе кез келген орынға оралды деп мәлiмет алған немесе анықтаған әрбiр Уағдаласушы Тарап ұшыруды жүзеге асырған өкiметтерге және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлайды.
      2. Ғарыш объектiсi немесе оның құрамдас бөлiктерi табылған аумаққа заңда құқығын жүзеге асыратын әрбiр Уағдаласушы Тарап ұшыруды жүзеге асырған өкiметтердiң өтiнiшi бойынша және осы өкiметтердiң көмегiмен егер олар сұраса, осы объектiнi немесе оның құрамдас бөлiктерiн құтқару үшiн практикада жүзеге асыруға болады деп есептейтiн шараларды қолданады.
      3. Ұшыруды жүзеге асырған өкiметтердiң өтiнiшi бойынша, ғарыш кеңiстiгiне жiберiлген объектiлер немесе олардың құрамдас бөлiктерi ұшыруды жүзеге асырған өкiметтердiң аумағынан тыс жерде табылса, ұшыруды жүзеге асырған осы өкiметтердiң өкiлдерiне қайтарылады, олар талап ету бойынша олардың қайтарылуына дейiн айырым деректерiн беруi тиiс немесе осындай өкiлдердiң билiгiне берiледi.
      4. Уағдаласушы Тарап осы баптың 2 және 3-тармақтарына қатыссыз, өзiнiң заңды құқығындағы аумақта табылған немесе ол қандай да болмасын басқа жерде құтқарған ғарыш объектiсi немесе оның құрамдас бөлiктер қауiптi немесе өзiнiң сипаты бойынша зиянды деп ойлауға негiзi болса, бұл туралы ұшыруды жүзеге асырған өкiметтерге дереу хабарлай алады, олар зиян келтiрудiң мүмкiн қаупiн жою үшiн аталған Уағдаласушы Тараптың басшылығымен және бақылауымен дереу тиiмдi шаралар қолданады.
      5. Ғарыш объектiсiн немесе оның құрамдас бөлiктерiн табу мен қайтару жөнiндегi мiндеттемелердi орындау кезiнде болған шығындарды осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес ұшыруды жүзеге асырған өкiметтер өтейдi.
 
                         6-бап
 
      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "Ұшыруды жүзеге асырған өкiметтер" аталымы ұшыруға жауапты мемлекетке, немесе ұшыруға халықаралық үкiметаралық ұйым жауапты болған кезде осы халықаралық ұйым өзi осы Келiсiмде көзделген құқықтар мен мiндеттердi қабылдағаны туралы мәлiмдеген, және осы ұйымның көпшiлiк мүше мемлекеттерi осы Келiсiмнiң және мемлекеттердiң Айды және басқа да аспан денелерiн қоса алғанда, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу және пайдалану жөнiндегi қызметiнiң принциптерi туралы шарттың қатысушылары болып табылатын жағдайда осы халықаралық ұйымға қатысты.
 
                         7-бап
 
      1. Осы Келiсiм барлық мемлекеттердiң қол қоюы үшiн ашық. Осы баптың 3-тармағына сәйкес осы Келiсiмнiң күшiне енуiне дейiн оған қол қоймаған кез келген мемлекет оған кез келген уақытта қосыла алады.
      2. Осы Келiсiм оған қол қойған мемлекеттердiң бекiтуiне жатады. Бекiту грамоталары мен қосылуы туралы құжаттар Советтiк Социалистiк Республикалар Одағы, Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi мен, Америка Құрама Штаттары үкiметтерiне сақтауға өткiзiлуi тиiс, олар осымен депозитарий үкiметтер ретiнде тағайындалады.
      3. Осы Келiсiм депозитарий үкiметтер ретiнде тағайындалған үкiметтердi қоса алғанда, бес үкiмет бекiту грамоталарын сақтауға өткiзген соң күшiне енедi.
      4. Осы Келiсiм күшiне енген соң бекiту грамоталары немесе қосылуы туралы құжаттары сақтауға өткiзiлетiн мемлекеттер үшiн ол олардың бекiту грамоталары немесе қосылуы туралы құжаттары сақтауға өткiзiлген күнi күшiне енедi.
      5. Депозитарий мемлекеттер осы Келiсiмге барлық қол қойғандарды және оған қосылған мемлекеттердi әрқайсысының қол қойған күнi туралы, әрбiр бекiту грамотасының және қосылуы туралы құжаттардың сақтауға өткiзiлген күнi туралы, оның күшiне ену күнi туралы, сондай-ақ басқа да хабарламалар туралы дереу хабарландырады.
      6. Осы Келiсiмдi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес депозитарий мемлекеттер тiркейдi.
 
                         8-бап
 
      Келiсiмнiң кез келген қатысушы мемлекетi осы Келiсiмге түзетулер ұсына алады. Түзетулер осы түзетулердi қабылдаушы Келiсiмнiң әрбiр қатысушы мемлекетi үшiн оларды Келiсiмнiң көпшiлiк қатысушы мемлекеттерi қабылдаған соң, Келiсiмнiң әрбiр қалған қатысушы мемлекетi үшiн олар осы түзетулердi қабылдаған күнi күшiне енедi.
 
                         9-бап
 
      Келiсiмнiң кез келген қатысушы мемлекетi өзiнiң Конвенциядан шығатыны туралы ол күшiне енген соң бiр жылдан кейiн депозитарий мемлекеттердi жазбаша хабарландыру жолымен мәлiмдей алады. Мұндай шығу осы хабарламаны алған күннен бастап бiр жыл өткен соң күшке ие болады.
 
                         10-бап
 
      Орыс, ағылшын, француз, испан және қытай мәтiндерi бiрдей болып табылатын осы Келiсiм депозитарий мемлекеттердiң архивтерiне сақтауға тапсырылады. Осы Келiсiмнiң тиiстi түрде куәландырылған көшiрмелерiн депозитарий үкiметтер Келiсiмге қол қойған және оған қосылған мемлекеттердiң үкiметтерiне жiберетiн болады.
      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУҒА тиiстi түрде уәкiлеттiк берiлген төмендегi қол қоюшылар осы Келiсiмге қол қойды.
      Москва, Лондон және Вашингтон қалаларында мың тоғыз жүз алпыс сегiзiншi жылы сәуiрдiң 22-i күнi үш данада ЖАСАЛДЫ.
 

                                        Ұлттық Аэроғарыш Агенттiгi



                                        Бас директорының орынбасары




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады