Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасы арасындағы Консулдық конвенцияны бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 2 желтоқсан N 192.

      1993 жылғы 2 қыркүйекте Анкарада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасы арасындағы Консулдық конвенция бекiтiлсiн.

Қазақстан Республикасының


Президентi



Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасы
арасындағы консулдық конвенция (1999 жылғы 15 қыркүйекте күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасы, екi ел арасындағы достық қатынастарды одан әрi дамыту, сондай-ақ консулдық қатынастарды реттеу ниетiн басшылыққа ала отырып, Консулдық конвенцияны жасауды ұйғарды және төмендегi жайында келiстi:

1-БӨЛIМ. КIРIСПЕ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Анықтаулар

      Осы Конвенцияда төменде келтiрiлiп отырған терминдердiң мынадай мағыналары бар:

      1/ "өкiлiн жiберген мемлекет" - консулдық қызмет адамын тағайындайтын Уағдаласушы Тарап дегендi бiлдiредi;

      2/ "консулдық орналасқан мемлекет" - өз аумағында консулдық қызмет адамы қызмет бабындағы мiндеттерiн орындайтын Уағдаласушы Тарап дегендi бiлдiредi;

      3/ "консулдық мекеме" - кез келген бас консулдық, консулдық, вице-консулдық немесе консулдық агенттiк бiлдiредi;

      4/ "консулдық округ" - консулдық орналасқан мемлекеттiң консулдық мiндеттердi орындау үшiн консулдық мекемеге бөлiнген ауданы дегендi бiлдiредi;

      5/ "консулдық мекеменiң басшысы" - осы сапада iс-қимыл жасау тапсырылған адам дегендi бiлдiредi;

      6/ "консулдық қызмет адамы" -өкiлiн жiберген мемлекет бас консул, консул, вице-консул немесе атташе ретiнде консулдық мiндеттердi орындауды тапсырған консулдық мекеменiң басшысын қоса алғанда кез-келген қызмет адамы дегендi бiлдiредi;

      7/ "консулдық мекеменiң қызметкерi" - консулдық мекемеде әкiмшiлiк немесе техникалық мiндеттердi орындайтын кез-келген адам дегендi бiлдiредi;

      8/ "қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерi" - консулдық мекемеге қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындайтын кез келген қызмет адамы дегендi бiлдiредi;

      9/ "консулдық мекеменiң қызметкерлерi" консулдық қызмет адамдары, консулдық мекеменiң қызметкерлерi және қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерлерi дегендi бiлдiредi;

      10/ "консулдық персоналдың қызметкерлерi" консулдық қызмет адамдары /консулдық мекеменiң басшысын есепке алмағанда/, консулдық мекеменiң қызметкерлерi және қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерлерi дегендi бiлдiредi;

      11/ "жеке үй қызметкерi" - консулдық қызмет адамына тек қана жеке қызмет көрсететiн адам дегендi бiлдiредi;

      12/ "отбасы мүшелерi" - консулдық қызмет адамының зайыбы /немесе жұбайы/, олардың кәмелетке толмаған балалары, сондай-ақ балаларымен бiрге тұратын, өкiлiн жiберген мемлекеттiң заңымен балаларын бағып-қағу жөнiндегi қамқорлық жүктелген ата-аналар дегендi бiлдiредi;

      13/ "консулдық архивтер" - барлық хат-хабарлар, құжаттар, кiтаптар, газеттер, фильмдер, дыбыс жазу таспалары, шифрлармен, кодтармен бiрге алғанда консулдық мекеменiң реестрлерi және олардың сақталуын қамтамасыз етуге арналған басқа да заттар дегендi бiлдiредi;

      14/ "консулдық үйлерi" - консулдық мекеме басшысының резиденциясын қоса есептегенде, меншiк құқығы кiмге тиесiлi болса да, тек консулдық мекеменiң мақсаттары үшiн ғана пайдаланылатын үйлер немесе үйлердiң бөлiмдерi, осы үйлерге немесе үйлердiң бiр бөлiмдерiне қызмет көрсететiн жер учаскесi дегендi бiлдiредi;

      15/ "өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы" - осы мемлекеттiң заңдарына сәйкес осы мемлекеттiң азаматтығына ие кез келген адам дегендi бiлдiредi;

      16/ "заңды құқығы бар ұйым" - осы мемлекетте штаб-пәтерлерi бар, өкiлiн жiберген мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған ұйымдар дегендi бiлдiредi;

      17/ "өкiлiн жiберген мемлекеттiң кемесi" - әскери кемелердi есепке алмағанда өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдарына сәйкес оның порттарының бiрiнде тiркелген және өкiлiн жiберген мемлекеттiң жалауы астында жүзуге хұқығы бар, осы мемлекеттiң меншiгiндегi кез келген кеме дегендi бiлдiредi;

      18/ "өкiлiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесi" - әскери ұшу аппараттарын есепке алмағанда өкiлiн жiберген мемлекеттiң меншiгiнде болатын, осы мемлекеттiң заңдарына сәйкес тiркелген және осы мемлекеттiң тану белгiлерiмен ұшуға хұқығы бар кез келген ұшу аппараты дегендi бiлдiредi;

      19/ "Уағдаласушы Тараптар" - осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер дегендi бiлдiредi.

II БӨЛIМ.
КОНСУЛДЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ОРНАТЫЛУЫ
ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2-бап. Консулдық мекемелердi ашу және консулдық округтердi белгiлеу

      1. Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында тек сол мемлекеттiң келiсiмiмен ғана ашылып, өз қызметiн жүзеге асыра алады.

      2. Консулдық мекеменiң орналасқан жерi, оның класы және оның консулдық округi, сондай-ақ осыған байланысты кез келген өзгерiстер өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекеттiң арасындағы келiсiм бойынша белгiленедi.

      3. Егер консулдық мекеме басқа бекеттен вице-консулдық немесе консулдық агенттiк ашуды қаласа, бұл жағдайда консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмi қажет.

      4. Басқа жерде жұмыс iстейтiн консулдық мекеменiң бiр бөлiгi болып табылатын бөлiмшенi ашу үшiн де консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмi қажет.

      5. Консулдық қызмет адамы өзiнiң консулдық округтен тыс жерлердегi мiндеттерiн консулдық орналасқан мемлекет алдын ала келiсiм бергенде ғана орындай алады.

      6. Өкiлiн жiберген мемлекет осы мемлекетте құрылған консулдық мекемеге басқа мемлекеттердегi консулдық мiндеттерiн орындауды сол мемлекеттер келiсiм бергенде ғана мүдделi мемлекеттердi хабардар еткеннен кейiн тапсыра алады. Консулдық орналасқан мемлекет, өзiнiң шешiмiн дәлелдеуге мiндеттi болмастан, кез келген уақытта өз келiсiмiн өзгерте алады.

      7. Консулдық орналасқан мемлекеттi тиiсiнше хабардар еткеннен соң өкiлiн жiберген мемлекеттiң консулдық мекемесi консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмiмен консулдық орналасқан мемлекетте үшiншi мемлекеттiң атынан консулдық мiндеттерiн орындай алады. Консулдық орналасқан мемлекет, өзiнiң шешiмiн дәлелдеуге мiндеттi болмастан, кез келген уақытта өз келiсiмiн өзгерте алады.

      8. Құрметтi консулдық 24-шi сәуiр 1963 жылы Вена консулдық қатынастар конвенциясына сәйкес ашыла алады.

3-бап. Консулдық қызмет адамдарының азаматтығы

      1. Тек өкiлiн жiберген мемлекеттiң азаматы ғана консулдық қызмет адамы бола алады, алайда ол консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты түрде тұратын адам болмауға тиiс.

      2. Уағдаласушы Тараптар консулдық мекеменiң қызметкерлерi қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерлерi және жеке үй қызметшiлерi ретiнде тек қана өз азаматтарын немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтарын пайдалана алады.

4-бап. Консулдық қызмет адамдарының қызмет бабындағы статусы

      Өкiлiн жiберген мемлекеттiң азаматы болып табылатын консулдық қызмет адамдары консулдық орналасқан мемлекетте қызмет бабындағы мiндеттерiн орындау шеңберiнен шығатын коммерциялық немесе қандай да бiр басқа кәсiптiк қызметпен айналыса алмайды. Бұл тәртiп сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi мен жеке үй қызметшiлерiне де қолданылады.

5-бап. Консулдық мекеменiң басшысын тағайындау

      1. Өкiлiн жiберген мемлекет консулдық басшысының тағайындалғаны туралы консулдық орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiн хабардар етедi және оған өмiрбаянымен берген консулдық патент немесе басқа тиiстi құжат жолдайды.

      2. Патентте консулдық мекеме басшысының толық есiмi мен фамилиясы, азаматтығы, атқаратын қызметi, консулдық округ және консулдық мекеменiң орналасқан жерi көрсетiледi.

      3. Жоғарыда аталған формалдықтарды орындағаннан кейiн консулдық орналасқан мемлекет оған экзекватураны немесе кез келген басқа формадағы рұқсатты тегiн бередi. Экзекватура немесе рұқсат бергенге дейiн консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменiң басшысын өз мiндеттерiн орындауға кiрiсуiне уақытша рұқсат етiп, оған осы Конвенцияның ережелерiнде көзделген артықшылықтарды қолдана алады.

      4. Алайда консулдық орналасқан мемлекет, өз шешiмiнiң себептерiн түсiндiруге мiндеттi болмастан, экзекватура немесе басқа рұқсат беруден бас тарта алады.

6-бап. Консулдық округтiң өкiмет орындарын консулдық мекеме басшысының тағайындалғаны туралы хабардар ету

      Консулдық мекеменiң басшысы өз мiндеттерiн орындауға тiптi уақытша болса да жiберiлгеннен кейiн консулдық орналасқан мемлекет бұл туралы консулдық округтiң құзыреттi өкiмет орындарын дереу хабардар етедi. Сонымен бiрге консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменiң басшысы өз қызметi жөнiндегi мiндеттерiн орындай алуы үшiн және осы Конвенцияның ережелерiнде көзделген артықшылықтарды пайдалана алуы үшiн қажеттi шаралардың бәрiн қолданады.

7-бап. Консулдық мекеме басшысының қандай да бiр себеппен өз мiндеттерiн орындай алмауы

      1. Егер консулдық мекеменiң басшысы қандай да бiр себеппен өз мiндеттерiн орындай алмаса немесе егер консулдық мекеме басшысының қызметi уақытша немесе ұзақ уақыт бойына бос болса, өкiлiн жiберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекеттегi осы немесе басқа консулдық мекеменiң консулдық қызмет адамына немесе консулдық орналасқан мемлекеттегi өз дипломатиялық өкiлдiгi дипломатиялық персоналы мүшелерiнiң бiрiне немесе өкiлiн жiберген мемлекеттiң орталық аппаратынан жiберiлген қызмет адамына консулдық мекеме басшысының мiндеттерiн уақытша атқаруға уәкiлеттiк бере алады. Бұл жағдайда мiндеттердi уақытша атқару мерзiмi бiр календарлық жылдың iшiнде үш айдан аспауға тиiс. Алайда қажет болған жағдайда бұл мерзiм дипломатиялық арналар арқылы алынуға тиiс рұқсатпен ұзартылуы мүмкiн.

      2. Жоғарыда аталған мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк алған адам жөнiндегi мағлұматтар консулдық орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiне хабарланады.

      3. Осы Конвенцияның ережелерi консулдық мекеменiң уақытша басшысы ретiнде консулдық мiндеттердi атқарушы адамға да қолданылады.

      4. Консулдық орналасқан мемлекеттегi дипломатиялық өкiлдiктiң осы баптың 1-тармағына сәйкес консулдық мiндеттердi орындау жүктелген дипломатиялық персоналының мүшесi дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалана бередi.

     

8-бап. Консулдық мекеменiң басқа қызметкерлерiнiң келуi, кетуi және олардың статусына қатысы бар өзгерiстер туралы

      1. Өкiлiн жiберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiне консулдық мекеменiң басшысынан басқа консулдық мекеменiң барлық қызметкерлерiнiң толық есiмiн, фамилиясын, азаматтығын, қызметiн, келген және бiржола кеткен уақытын, консулдық орналасқан мемлекеттегi жеке мекен-жайларын, сондай-ақ олардың статусындағы өзгерiстер туралы хабарлайды.

      2. Сонымен берген жергiлiктi өкiмет орындарына мына төмендегi қажеттi мағлұматтар:

      а/ отбасы мүшелерiнiң кiм екендiгiн куәландыратын құжаттарды табыс етумен бiрге олардың келуi мен кетуi туралы;

      б/ жеке үй қызметшiлерiнiң кiм екендiгiн куәландыратын құжаттарды табыс етумен бiрге олардың келуi мен кетуi туралы;

      в/ консулдық мекеменiң қызметкерлерi, қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерлерi және жеке үй қызметшiлерi ретiнде жұмысқа алынған, консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматы болып табылатын адамдардың жалданып жұмысқа тұруы немесе жұмыстан шығуы туралы мағлұматтар хабарланады.

     

9-бап. Консулдық мекеме қызметкерлерi мiндеттерiнiң тоқтатылуы

      Консулдық мекеме қызметкерiнiң мiндеттерi:

      а/ оның мiндеттерiн тоқтату туралы өкiлiн жiберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекеттi хабардар етiсiмен;

      б/ экзекватура немесе басқа бiр формадағы рұқсат қолданыстан алынып тасталысымен тоқтатылады;

      в/ консулдық орналасқан мемлекет, өзiнiң шешiмiн дәлелдеуге мiндеттi болмастан, белгiлi бiр консулдық қызмет адамы "persona non grata" болып табылады немесе консулдық мекеменiң кез келген қызметкерi немесе қызмет көрсетушi персоналдың кез келген қызметкерi жарамсыз болып табылады деп өкiлiн жiберген мемлекеттi кез келген уақытта хабардар ете алады. Мұндай жағдайда өкiлiн жiберген мемлекет осы консулдық қызмет адамын немесе консулдық мекеменiң қызметкерiн немесе қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерiн, соңғы екеуi өкiлiн жiберген мемлекеттiң азаматы болып табылса, ең қысқа мерзiмде керi шақырып алуға тиiс.

      Егер консулдық мекеменiң қызметкерi немесе қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерi өкiлiн жiберген мемлекеттiң азаматы болып табылмаса, аталған мемлекет оның қызмет бабындағы мiндеттерiн орындауын дереу тоқтатады.

      Консулдық қызмет адамының отбасы мүшесi уақытша тұра беруi мүмкiн, ал жеке үй қызметшiсi консулдық орналасқан мемлекетте тек консулдық орналасқан мемлекеттiң рұқсатымен ғана жұмыс iстей алады. Консулдық орналасқан мемлекет, өзiнiң шешiмiн дәлелдеуге мiндеттi болмастан, кез келген уақытта осы рұқсаттың күшiн жоя алады. Бұл жағдайда өкiлiн жiберген мемлекет жоғарыда келтiрiлген абзацта баяндалған талаптарға сәйкес iс-қимыл жасауға тиiс.

     

10-бап. Адамның жеке басын куәландыру

      1. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары, өз ережелерiн басшылыққа ала отырып, әрбiр консулдық қызмет адамына оның жеке басымен қызметiн куәландыратын құжатты тегiн бередi.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi сондай-ақ консулдық мекеменiң қызметкерлерiне, қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерлерiне, жеке үй қызметшiлерiне, егер олар консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматы болып табылмаса, қолданылады.

     

11-бап. Дипломатиялық өкiлдiктiң консулдық мiндеттердi жүзеге асыруы

      1. Өкiлiн жiберген мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiгi консулдық орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiне консулдық мiндеттердi орындайтын дипломатиялық персонал мүшелерiнiң толық есiмiн, фамилиясын және дәрежесiн хабарлайды.

      2. Өкiлiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекеттегi дипломатиялық өкiлдiгiнiң осы өкiлдiктегi консулдық мiндеттердi жүзеге асыру жүктелген дипломатиялық персоналының мүшелерi дипломатиялық статусына байланысты берiлген хұқықтарын, артықшылықтары мен иммунитеттерiн пайдалана бередi.

III БӨЛIМ.
ЖЕҢIЛДIКТЕР, ТИIСПЕУШIЛIК ЖӘНЕ ИММУНИТЕТ

12-бап. Консулдық мекеменiң, консулдық қызмет адамдарының консулдық мiндеттердi орындауға байланысты жеңiлдiктерi

      Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мiндеттердiң орындалуына қажеттi жәрдем көрсетедi және консулдық қызмет адамдары өз ресми мiндеттерiн орындай алатындай, осы Конвенцияға сәйкес хұқықтарды, артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалана алатындай болуы үшiн тиiстi шараларды қолданады.

13-бап. Ғимараттар мен тұрғын үйлер алу

      1. Өзiнiң заңдары мен ережелерiне сәйкес консулдық орналасқан мемлекет өкiлiн жiберген мемлекеттiң консулдық мекемесiнiң өзiне қажеттi ғимараттарды немесе ғимараттардың бөлiмдерiн алуына, осы мақсатпен алынған жер учаскелерiнде ғимараттар салуына немесе тиiстi ғимараттарды қайта құруына, сондай-ақ олардың меншiгiне беруге көмектеседi.

      2. Консулдық орналасқан мемлекет сондай-ақ консулдық мекеменiң өзiнiң қызметкерлерiне арнап лайықты тұрғын үйлер алуына жәрдемдеседi.

      3. Ғимараттарды салғанда немесе салынған ғимараттарды қайта құрғанда өкiлiн жiберген мемлекет қала құрылысы жөнiндегi заңдарды немесе қолданылып жүрген басқа да шектеулердi сақтау қажеттiлiгiнен босатылмайды.

     

14-бап. Мемлекеттiк жалау мен елтаңбаны пайдалану

      1. Өкiлiн жiберген мемлекет осы баптың ережелерiне сәйкес консулдық орналасқан мемлекетте өзiнiң мемлекеттiк жалауы мен елтаңбасын пайдалануға қақылы.

      2. Өкiлiн жiберген мемлекеттiң мемлекеттiк жалауы консулдық үйiнде және консулдық мекеме басшысының резиденциясында желбiресе, мемлекеттiк елтаңба консулдық мекеменiң кiреберiстегi есiгiнiң үстiңгi жағына бекiтiледi. Қызмет бабындағы мiндеттердi орындауға байланысты пайдаланылатын болса, мемлекеттiк жалау сондай-ақ консулдық мекеме басшысының көлiк құралында да желбiреуi мүмкiн.

      3. Осы бапта көзделген хұқықты пайдаланғанда консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерi және әдет-ғұрыптары ескерiлуi тиiс.

     

15-бап. Консулдық үйлерiне ешкiмнiң тиiспейтiндiгi

      1. Консулдық үйлерiне тиiсуге болмайды. Консулдық орналасқан мемлекеттiң өкiмет орындары консулдық мекеменiң басшысының немесе өкiлiн жiберген мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiгi басшысының немесе бұлардың бiрi тағайындаған адамның келiсiмiмен ғана консулдық үйлерiне кiре алады. Шұғыл шаралар қолдануды талап ететiн өрт және басқа табиғат апаттары жағдайында консулдық мекемесiнiң басшысы мұндай келiсiмдi ең қысқа мерзiмде беруге тиiс.

      2. Консулдық үйлерiн басып кiруден немесе зиян шектiруден қорғау үшiн, консулдық мекеменiң тыныштығын бұзуға немесе оның қадiр-қасиетiн қорлауға жол бермеу үшiн тиiстi шаралардың бәрiн қолдану жөнiндегi арнаулы жауапкершiлiк консулдық орналасқан мемлекетке жүктеледi.

      3. Консулдық үйлерi, олардың консулдық мекеменiң мебелi мен басқа да меншiктi заттары және осы мекемеге тиесiлi жүрiп-тұру құралдары кез келген тiнтуден, реквизициялаудан, қамауға алудан және басқа осы сияқты әрекеттерден қорғану пұрсаттылығын пайдаланады.

16-бап. Консулдық архивтер мен құжаттарға ешкiмнiң тимеуi

      Кез келген уақытта және олардың орналасқан жерiне қарамастан консулдық архивтер мен құжаттарға ешкiм тимейдi.

17-бап. Қарым-қатынастар бостандығы

      1. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеменiң барлық ресми мақсаттары үшiн қарым-қатынастар бостандығына рұқсат бередi және қорғайды. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң үкiметiмен, дипломатиялық өкiлдiктерiмен және басқа консулдық мекемелерiмен қарым-қатынастарды жүзеге асырғанда, олардың орналасқан жерiне тәуелсiз, консулдық мекеме барлық сәйкес келетiн құралдарды, бұған дипломатиялық және консулдық курьерлердi, дипломатиялық немесе консулдық вализдердi, кодталған немесе шифрланған шұғыл хабарларды қосқанда, пайдалана алады. Бiрақ консулдық мекеме радиохабарлаушыны консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмiмен ғана орналастырып және пайдалана алады. Консулдық мекемелер кәдiмгi байланыс құралдарымен пайдаланғанда оған өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiгiне қатысты тарифтер қолданылады.

      2. Консулдық мекеменiң ресми хат-хабарына ешкiм тиiспейдi. Консулдық вализа ашылуға да, ұсталуға да жатпайды. Бiрақ, егер құзыреттi органдардың вализада ресми пайдалануға арналған ресми хат-хабардан немесе құжаттар мен заттардан басқа нәрсе бар деуге негiзi болған жағдайда олар өздерiнiң қатысуымен өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң уәкiлдiк берiлген өкiлiнiң вализаны ашуын талап ете алады. Егер бұл талап орындалмаса вализа жiберiлген жерiне қайтарылуы тиiс.

      3. Консулдық вализаны құрастыратын орындардың олардың сипатын көрсететiн сыртқы белгiлерi болуы керек және онда тек қана ресми пайдалануға арналған ресми хат-хабар мен құжаттар немесе заттар болады.

      4. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық курьерi консулдық орналасқан мемлекетте, оның қызметi мен консулдық вализаны құрастыратын орындардың саны көрсетiлген құжаты болған жағдайларда, дипломатиялық курьердiң құқықтарымен, артықшылықтары мен иммунитеттерiмен пайдаланады. Консулдық курьер болып, консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты өмiр сүрмейтiн, өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы ғана жұмыс iстей алады. Бұл ереже сондай-ақ оған сенiп берiлген консулдық вализаны керек жерiне әкелiп жеткiзген уақытта хұқықтары, артықшылықтары мен иммунитеттерi тоқтатылатын "ad hoc" консулдық курьерлерiне де тарайды.

      5. Консулдық вализа кiру рұқсат етiлген мекенге келетiн кеме капитанына немесе әуе кемесiнiң командирiне сенiммен тапсырыла алады. Бұл капитан немесе командир вализаны құрастыратын орын сандары көрсетiлген ресми құжатпен жабдықталады. Бiрақ ол консулдық курьер болып саналмайды. Консулдық мекеменiң қызметкерi консулдық вализаны кеме капитанынан немесе әуе кемесiнiң командирiнен тiкелей және кедергiсiз қабылдай алады немесе осындай жолмен оған вализаны бере алады.

      6. Ресми хат-хабар деген ұғымға консулдық мекемеге және оның қызметiне қатысы бар барлық хат-хабар кiредi.

     

18-бап. Консулдық қызмет адамдарын қорғау

      Консулдық орналасқан мемлекет консулдық қызмет адамдарына тиiстi құрметпен қарауға және олардың жеке бастарына, бостандығына және қадiр-қасиеттерiне қандай да бiр тиiсушiлiктiң алдын алу үшiн барлық тиiстi шараларды қабылдауға мiндеттi.

     

19-бап. Консулдық қызмет адамдарының жеке басына тиiспеу

      1. Консулдық қызмет адамдары 5 жылдан астма уақытқа бас бостандығынан айыру түрiнде жазалау шараларын қарастыратын қылмыстар үшiн ғана консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкестi және құзыреттi сот өкiмет орындарының шешiмi бойынша қамауға алынуға немесе ұсталуға жатады.

      2. Осы баптың 1-тармағында қарастырылған жағдайда, қоспағанда, консулдық қызмет адамдары қамауға алынбайды және олардың жеке басының бостандығы, қайта қаралуға жатпайтын сот шешiмiн орындаудан басқаша, кез келген нысанда шектеле алмайды.

      3. Егер консулдық қызмет адамына қатысты қылмыстық iс-қозғалса ол құзыреттi өкiмет орындарының алдына баруға тиiстi. Сонда да iс қозғалғанда оған консулдық қызмет адамының ресми жағдайы талап ететiн, осы баптың 1-тармағында қарастырылған, яғни бұл iстiң оған консулдық мiндеттердi орындауға қиындық келтiрмейтiн жағдайлардан басқа, құрмет көрсетiлуге тиiстi. Егер консулдық қызмет адамы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайларда ұсталуға жататын болса, оған қатысты сот iсi қысқа мерзiмде жүргiзiлуге тиiс.

      4. Консулдық қызмет адамы қамалған немесе ұсталған немесе оған қатысты сот талқылауы жүргiзiлген жағдайда консулдық орналасқан мемлекет қысқа мерзiм iшiнде бұл туралы консулдық қызмет адамы қарайтын дипломатиялық өкiлдiкке немесе консулдық мекемеге хабарлауға тиiс.

     

20-бап. Юрисдикция иммунитетi

      1. Консулдық қызмет адамдары қызмет бабына қатысты жағдайда жасалған iстерi үшiн консулдық орналасқан мемлекеттiң қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк юрисдикциясына жатпайды.

      2. Мұнымен бiрге осы баптың 1-тармағында қарастырылған ережелер:

      а/ консулдық қызметкердiң, ол өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң атына тiкелей немесе жанама әрекет етпеген немесе

      б/ консулдық орналасқан мемлекетте жол көлiк құралдары, кеме немесе әуе кемесiнiң келтiрген зиянының салдарынан туындайтын, оны өтеудi үшiншi тұлға талап еткен жағдайда пайдаланбайды.

     

21-бап. Куәлардың жауап беру мiндетi

      1. Консулдық мекеменiң қызметкерлерi сот және әкiмшiлiк iстерiн талқылауда куәлардың жауабын беру үшiн шақырылуы мүмкiн. Консулдық мекеменiң қызметкерi немесе қызмет көрсетушi персоналдың жұмысшысы осы баптың 3-тармағында көрсетiлген жағдайлардан басқасы, куәлардың жауабын беруден бас тарта алмайды. Егер консулдық қызмет адамы куәлардың жауабын беруден бас тартса оған ешқандай да ерiксiз шаралар немесе басқа санкциялар қолданыла алмайды.

      2. Консулдық қызмет адамының куәлардың жауабын беруiне талап ететiн өкiмет орындары оның өз мiндеттерiн орындауға кедергi келтiрмеуi тиiс. Бұл өкiмет орындарының мүмкiндiгiнше сондай-ақ осы консулдық қызмет адамының тұратын мекен-жайы бойынша немесе консулдық мекеме тыңдауына немесе жазбаша көрсетулердi қабылдауына болады.

      3. Консулдық мекеменiң қызметкерлерi өздерiнiң мiндеттерiн орындауға қатысты куәлардың жауабын беруге немесе осыған қатысты ресми хат-хабарлар мен құжаттарды көрсетуге мiндеттi емес. Олар сондай-ақ өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң ұлттық заңдарына қатысты сарапшылар ретiнде куәлардың жауабын беруден бас тарта алады.

     

22-бап. Артықшылықтар мен иммунитеттерден бас тарту

      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет 19, 20 және 21-баптарда қарастырылған консулдық мекеме қызметкерiнің артықшылықтары мен иммунитеттерден бас тарта алады. Бас тарту анық түсiндiрiлуге тиiс және консулдық орналасқан мемлекетке жазбаша түрде мәлiмдеуi тиiс.

      2. Консулдық қызмет адамы немесе консулдық мекеме қызметкерi 20-бапқа сәйкес, оның қашан юрисдикциядан иммунитетпен пайдалана алатындығы туралы iс қозғауы негiзгi талапқа тiкелей байланысты қандай да бiр қарсы кездесетiн талапқа қатысты юрисдикциядан иммунитетке сiлтеме жасау хұқығынан айырады.

      3. Азаматтық немесе әкiмшiлiк iстер бойынша юрисдикция иммунитетiнен бас тартуы сот шешiмiн орындауға қатысты иммунитеттен бас тартуы бiлдiрмейдi; мұндай iс-қимылдарға қатысты бөлек бас тарту қажет.

     

23-бап. Заңды және жеке бас борыштарынан босатылу

      Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеме қызметкерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн барлық жеке бас борыштарынан қоғамдық мiндеттерден, олардың сипатына қарамастан, әскери борыштардан, реквизиция, әскери алымдар мен тұрулардан босатады.

     

24-бап. Шетел азаматтары ретiнде тiркеуден босатылу және тұруға рұқсат алу

      Консулдық қызмет адамдары және консулдық мекеменiң қызметкерлерi сондай-ақ олармен бiрге тұрып жатқан отбасы мүшелерi шетел азаматтарын тiркеуге және тұруға рұқсат алуға қатысты консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiнде қарастырылған кез келген мiндеттемелердi орындаудан босатылады.

25-бап. Еңбекпен айналысуға рұқсат алуға қатысты мiндеттерден босатылу

      Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтары болып табылатын консулдық мекеме қызметкерлерi еңбекпен айналысуға рұқсат алуға қатысты, өкiлдiгiн жiберген мемлекет үшiн жұмыстарды орындауға қатысы бар, консулдық орналасқан мемлекеттiң шетелдiктердi қабылдау жөнiндегi заңдарында және ережелерiнде қарастырылған мiндеттерден босатылады.

26-бап. Әлеуметтiк қамсыздандыруға қатысты ережелердi бұлжытпаудан босатылу

      1. Осы баптың 3-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, консулдық мекеменiң қызметкерлерi және олардың отбасы мүшелерi өкiлдiгiн жiберген мемлекет үшiн жұмыстарды орындауға қатысты, консулдық орналасқан мемлекеттiң әлеуметтiк қамсыздандыру туралы қазiргi ережелерiн бұлжытпаудан босатылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында қарастырылған босату сондай-ақ тек қана консулдық мекеме қызметкерлерiнiң қызметiндегi үй қызметкерлерiне де мынадай шарттарда:

      а/ олардың консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылмайды немесе осы мемлекетте тұрақты өмiр сүрмейдi;

      б/ олар өкiлдiгiн жiберген мемлекеттегi немесе үшiншi мемлекетте әлеуметтiк қамсыздандыру туралы ережелерге келетiн болса таралады.

      3. Осы баптың 2-параграфында қарастырылған босату таралмайтын консулдық мекеме қызметкерлерi, жалдаушы кiсi консулдық орналасқан мемлекеттiң әлеуметтiк қамсыздандыру туралы заңдарында жұмыс берушiлерге салынатын мiндеттемелердi бұлжытпауға мiндеттi.

      4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында қарастырылған босатылу консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары қатысуға рұқсат еткен жағдайда консулдық орналасқан мемлекеттiң әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiне ерiктi қатысу мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.

     

27-бап. Салықтардан босатылу

      1. Консулдық қызмет адамдары және консулдық мекеменiң қызметкерлерi, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi барлық салықтардан және алымдардан - жеке басының, мүлiктiк, мемлекеттiк, аудандық және муниципалдық - мыналарды:

      а/ әдетте тауарлар немесе көрсетiлетiн қызметтерге қойылатын жанама салықтарды;

      б/ 28-баптың ережелерiне қарастырылған қайтарып алулармен консулдық орналасқан мемлекеттiң ауқымында тұрған және меншiктiң қозғалмайтын мүлкiне салынатын салықтар мен алымдарды;

      в/ мұрагерлiкке салынатын немесе мұрагерлiк мүлiктiң етуiне осы баптың 3 б-тармағында қарастырылған қайтарып алулармен консулдық орналасқан мемлекет салатын салықтарды;

      г/ консулдық орналасқан мемлекеттегi кез келген жеке табыстар көздерiне салынатын салықтар мен алымдарды;

      д/ қызмет көрсетудiң нақты түрлерiн орындағаны үшiн салықтар мен алымдарды;

      е/ 28-баптың ережелерiнде қарастырылған алулармен, тiркелу, соттық баж салығын, кепiлдiкке беру және елтаңбалық алымдарды, қоспағанда босатылады.

      2. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтары болып табылатын консулдық мекеме қызметкерлерi және жеке меншiк үй қызметкерлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындағаны үшiн алатын еңбекақысына салынатын салықтар мен алымдардан босатылады.

      3. Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылатын консулдық мекеменiң қызметкерлерi мен жеке меншiк үй қызметкерлерiнiң табыс салығына қатысты консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiнде қарастырылған мiндеттемелердi бұлжытпауға тиiс.

      4. Консулдық мекеме қызметкерiнiң немесе оның отбасының мүшесi қайтыс болған жағдайда консулдық орналасқан мемлекет:

      а/ қайтыс болған адамға тиiстi қозғалатын мүлiктi, консулдық орналасқан мемлекетте сатып алынған және осы кiсiнiң қайтыс болуы уақытына қарай алып кетуге тыйым салынған мүлiктен басқасы, алып кетуге рұқсат бередi;

      б/ консулдық орналасқан мемлекетте қайтыс болған кiсiнiң тек консулдық мекеменiң қызметкерi немесе оның отбасы мүшесi ретiнде ғана болғандығына байланысты қозғалатын мүлiкке, мұраға және мұралық мүлiктiң өтуiне ешқандай мемлекеттiк, аудандық немесе муниципалдық салықтар мен алымдарды алмайды.

     

28-бап. Консулдық үй-жайларды және қозғалмалы мүлiктiң кейбiр түрлерiн салық салудан босату

      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет иесi немесе жалдаушысы болып табылатын консулдық үй-жайлар және консулдық мекеме басшысының резиденциясы барлық мемлекеттi, аудандық немесе муниципалдық, қызмет көрсетудiң нақты түрлерiн көрсеткенi үшiн алынған төлемдердi қоспағанда, салықтар және алымдардан босатылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында қарастырылған салық салудан босату өкiлдiгiн жiберген мемлекетпен шарт жасасқан кiсiге консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерi бойынша салынатын салықтар мен алымдарға таралмайды.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi, сондай-ақ өкiлдiгiн жiберген мемлекет иесi болып табылатын және тек ғана консулдық мекеменiң мұқтаждықтары үшiн пайдаланылатын қозғалатын мүлiкке де таралады.

     

29-бап. Баж салықтарынан және тексеруден босатылу

      1. Консулдық орналасқан мемлекет өзiнде қабылдаған заңдар мен ережелерге сәйкес төменде көрсетiлген заттарды алып келуге рұқсат бередi және сақтау, тасымалдау мен осыған ұқсас көрсетiлген қызметтердiң тысында барлық кедендiк баж, салық және ұқсас төлеу қызметтерiнен босатылады.

      а/ консулдық мекеменiң қызметтiк пайдалануы үшiн керектi заттар.

      б/ консулдық қызмет адамдарының және отбасының бастапқы кездегi үй жабдықтарын қосқанда жеке басының пайдалану заттары, Пайдаланатын заттар тиiстi кiсiнiң тiкелей пайдалануы үшiн қажеттi саннан аспауы керек.

      2. Жiберген мемлекеттiң азаматы болған консулдық қызметкерлер бастапқы 6 ай iшiнде алып келген заттары үшiн осы баптың 1-тармағындағы ережелердi пайдалана алады.

      3. "Заттар" анықтауышы сондай-ақ көлiк құралдарына да таралады.

      4. Консулдық қызмет адамының жеке басының жүгi кедендiк тексеруден босатылады. Ол мынадай, егер консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарының жүктiң iшiнен осы баптың "б" тармақшасында аталған заттардан бөлекше немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерi алып келуге және алып кетуге тыйым салған немесе карантиндiк ережелер рұқсат етпейтiн заттардың бар екендiгiне бұлтартпайтын негiзi болған жағдайда тексерiледi. Тексеру тиiстi консулдық қызмет адамы немесе оның өкiлiнiң қатысуымен сол жерде жүргiзiлуге тиiс.

     

30-бап. Қозғалу бостандығы

      Бұның консулдық орналасқан мемлекеттiк қауiпсiздiк ұғымдары бойынша кiруге тыйым салатын немесе шектейтiн заңдары мен ережелерiне қайшы келмейтiндiгiнен консулдық орналасқан мемлекет өзаралық негiзде консулдық мекеменiң барлық қызметкерлерiнiң және олардың отбасы мүшелерінiң ауқымдарының шегiнде еркiн ауысу және қозғалу бостандығын қамтамасыз етедi.

     

31-бап. Көлiк құралдарын қамсыздандыру

      Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң меншiгiне жататын, тек консулдық мекеменiң пайдалануы үшiн ғана арналған көлiк құралдары және консулдық мекеменiң қызметкерiне тиiстi көлiк құралдары мiндеттi қамсыздандыруға жатады.

      Бұл мәселеде консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiнiң нұсқауларын басшылыққа алады.

     

32-бап. Артықшылықтар мен иммунитеттер туралы мәселеге қатысты жалпы ережелер

      1. Консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылатын консулдық мекеме қызметкерлерi, олардың iс-қимылдары өздерiнiң мiндеттерiн орындау мақсатында жасалған және тек 21-баптың 3-параграфында аталған иммунитеттердi пайдаланған жағдайларды қоспағанда, осы мемлекеттiң юрисдикциясына қарайды.

      2. Консулдық мекеме қызметкерлерi отбасыларының мүшелерi, егер олар консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылмаса, осы мемлекеттiң ауқымында тұрақты өмiр сүрмесе және осы мемлекетте кiрiс келтiретiн кәсiпкерлiк қызметпен айналыспайтын болса, осы Конвенцияда қарастырылған артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.

      3. Сонда да консулдық орналасқан мемлекет осы баптың 1-2-параграфтарында аталған кiсiлерге қатысты юрисдикциясының консулдық мекеменiң қызметтерiн орындауына шектен тыс кедергi келтiрмейтiн етiп жүзеге асыруы керек.

IҮ БӨЛIМ
КОНСУЛДЫҚ МIНДЕТТЕР

33-бап. Мiндеттер көлемi

      Консулдық қызмет адамының мiндеттерi:

      а/ өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң және оның азаматтарының хұқықтары мен мүдделерiн қорғау, сондай-ақ өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарына көмек көрсету;

      б/ өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекеттiң арасында сауда, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, спорт, туризм және басқа салалардағы қатынастарды дамытуға жәрдемдесу;

      в/ консулдық орналасқан мемлекеттiң саяси, сауда, экономика, ғылыми-техникалық, мәдени, спорт және басқа салаларында ахуалды барлық заңды жолдармен анықтау және өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң үкiметiне хабарлау.

34-бап. Консулдық орналасқан мемлекеттiң өкiмет орындарымен қарым-қатынастар

      Консулдық қызмет адамы өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруда:

      а/ өзiнiң консулдық округiнiң құзыреттi өкiмет орындарына;

      б/ консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi орталық органдарына консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарымен, ережелерiмен және әдет-ғұрыптары немесе тиiстi халықаралық келiсiмдер рұқсат беретiн дәрежеде өтiнiш жасауға болады.

35-бап. Консулдық орналасқан мемлекеттiң өкiмет орындарының алдында өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының атынан өкiлдiк ету

      1. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының консулдық орналасқан мемлекеттiң соттары мен басқа да өкiмет орындарының алдында тиiстi өкiлдiгiн қамтамасыз ету үшiн, егер олар болмаса немесе басқа себептермен өздерiнiң хұқықтары мен мүдделерiн қорғай алмайтын жағдайда болса, қажеттi шаралар қабылдауға хұқығы бар.

      2. Осы баптың 1-тармағында қарастырылған өкiлдiк, өкiлдiгiн жiбергендер өздерiнiң уәкiлдiгiн берушiлердi тағайындаса немесе өздерiнiң хұқықтары мен мүдделерiн қорғауды өз мойындарына алса, тоқтатылады.

36-бап. Азаматтарды тiркеу, төлқұжаттар мен визаларды беру

      Консулдық қызмет адамы:

      а/ өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарын тiркейдi;

      б/ өкiлдiгiн жiберген азаматтарының өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтығы жөнiндегi мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдайды және осы мәселелер жөнiнде құжаттар бередi;

      в/ өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарына төлқұжаттар мен жол жүру құжаттарын бередi, ұзартады, өзгерiстер енгiзедi және күшiн жояды;

      г/ консулдық орналасқан мемлекеттiң және үшiншi мемлекеттердiң азаматтарына визалар бередi.

37-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi мiндеттер

      1. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерi рұқсат беретiн шеңберлерде мынадай iс-қимылдарды жасайды:

      а/ өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының туылу және қайтыс болуы актiлерiн жасайды және тiркейдi;

      б/ некеге тұрушы екi кiсi өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтары болып табылса, некелердi тiркейдi және тиiстi құжаттар бередi;

      консулдық орналасқан елдiң заңдарында қарастырылған шеңберлерде консулдық мекемедегi некелердiң тiркелуi туралы консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарына мәлiмдейдi;

      в/ консулдық орналасқан мемлекет заңдары рұқсат беретiн шеңберлерде жұбайлардың ең кемiнде бiреуi өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы болып табылған жағдайда некелердi тiркейдi және бұзады;

      г/ өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының отбасылық қатынастарына қатысы бар өтiнiштерiн қабылдайды.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi мүдделi кiсiлердi консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарында қарастырылған тәртiптi бұлжытпау мiндеттерiнен босатпайды.

      3. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары кiдiртпей және баж салығын алмай консулдық мекемеге қызметтiк мақсаттар үшiн сұралған өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының азаматтық хал актiлерi туралы жазбалардың көшiрмесiн бередi.

     

38-бап. Нотариалдық мiндеттер

      1. Консулдық қызмет адамы:

      а/ өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарының, кез келген өтiнiштерiн қабылдайды, өңдейдi және куәландырады;

      б/ өсиеттер мен басқа да құжаттарды, сондай-ақ өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының өтiнiштерiн өңдейдi, куәландырады және сақтауға қабылдайды;

      в/ өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарының арасында жасалған келiсiмдердi өңдейдi, куәландырады және сақтайды. Бұл ереже қозғалмайтын мүлiкке жасалған келiсiмдерден туындайтын хұқықтарды берудi немесе күшiн жоятын жағдайларды болғызбайды;

      г/ өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарының құжаттарындағы қойылған қолдарды растығын куәландырады;

      д/ өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары берген барлық құжаттарды аударады және ресмилендiредi, сондай-ақ аудармаларды және мұндай құжаттардың көшiрмелерiн растайды;

      е/ өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдарына сәйкестi басқа да нотариалдық iс-қимылдарды жүргiзедi.

      2. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық қызмет адамның жасаған және куәландырған құжаттары, осы баптың 1-тармағында келтiрiлген, консулдық орналасқан мемлекет мекемелерiнде консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары жасаған және куәландырған құжаттар сияқты, тек бұл тәртiп осы мемлекеттiң заңдарына қайшы келмейтiн болған жағдайда, сондай заңды мағынаға және дәлелдейтiн күшке ие құжаттар сияқты қарастырылады.

     

39-бап. Жеке меншiк заттарды сақтауға қабылдау

      1. Консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарына тиiстi құжаттарды, ақшаларды, бағалы заттарды және басқа меншiк заттарын, егер бұл консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына қайшы келмесе, сақтауға қабылдайды.

      Мұндай құжаттардың, ақшаларды, бағалы заттар мен басқа меншiк заттарын консулдық орналасқан мемлекеттен тес осы мемлекеттiң заңдарына қайшы келмейтiн жағдайда алып кетуге болады.

      2. Консулдық қызмет адамы осындай жолмен өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының олардың консулдық орналасқан мемлекетiнде болған кездерiнде иелерiне беру мақсатымен алып келгенде жоғалған мүлiктi де қабылдай алады.

     

40-бап. Қамқоршылық

      1. Консулдық орналасқан мемлекеттiң өкiмет орындары консулдық орналасқан мемлекеттiң ауқымында өкiлiн жiберген мемлекеттiң тұрақты немесе уақытша өмiр сүретiн азаматы үшiн қамқоршыны тағайындау қажет болған жағдайлардың кез келгенi туралы оларға белгiлi болысымен тиiстi консулдық мекемеге хабар бередi.

      2. Осы Конвенцияның 36-бабының ережелерi еңбекке толық жарамсыз емес жасы кәмелетке толмаған жасөспiрiмдер немесе басқа кiсiлердiң хұқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қолданылады.

      3. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарының алдында қамқоршыны тағайындау туралы, iшiнара айтқанда, осы мiндеттердi орындай алатын кiсiнi нұсқап, ұсыныс жасай алады.

      4. Егер еңбекке толық жарамсыз емес жасы кәмелетке толмаған жасөспiрiмдер мен кiсiлер өздерiне тиiстi мүлiкке басшылықты жүзеге асыра алмаса, консулдық қызмет адамы аталған мүлiкке қамқоршыны тағайындауды қамтамасыз ете алады немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарына осы мақсаттарда қажеттi шаралар қабылдауын сұрап, өтiнiш жасай алады.

      5. Консулдық қызмет адамы өкiлiн жiберген мемлекеттiң заңдарына сәйкестi консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты өмiр сүретiн, өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң жасы кәмелетке толмаған азаматына қамқорлықты қамтамасыз ете алады.

     

41-бап. Өкiлiн жiберген мемлекеттiң азаматтарымен қарым-қатынастар мен байланыстар

      1. Консулдық қызмет адамы өкiлiн жiберген мемлекеттiң азаматтарымен қарым-қатынас жасауға, олардың консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарымен қарым-қатынастарына және сондай-ақ оларды қорғаушылармен, аудармашылармен және осы мақсаттан үшiн басқа да кiсiлермен қамтамасыз етуге хұқығы бар.

      2. Консулдық орналасқан мемлекет өкiлiн жiберген мемлекет азаматтарының консулдық мекемеге қарым-қатынастарына және консулдық үй-жайларға кiруiн шектемейдi.

      3. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары консулдық қызмет адамына өкiлiн жiберген мемлекеттiң азаматтары туралы ақпарат алуына, олармен байланыстар орнатуына және олармен сұхбат жүргiзуге жәрдемдеседi.

     

42-бап. Бостандықтарына қатысты қандай да бiр шамада шектеулерге ұшыраған азаматтармен қарым-қатынастар

      1. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары өкiлiн жiберген мемлекеттiң консулдық мекемесiне 5 күннен кешiктiрмей, қысқа мерзiмде өкiлiн жiберген мемлекет азаматтарының тиiстi консулдық округтiң шегiнде ұсталғаны, қамауға алынғаны немесе басқаша нысанда бостандығынан айырылғаны туралы мәлiмдейдi. Сонымен бiр мезгiлде консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары кiдiртпей осы кiсiнiң консулдық мекемеге жiберген хабарының қайсысын да жiбередi. Аталған өкiмет орындары жедел түрде күрделi кiсiлердi осы бапқа сәйкестi олардың хұқықтары туралы мәлiмдейдi.

      2. Консулдық қызмет адамы өкiлiн жiберген мемлекеттiң қамауға алынған, ұсталған немесе басқаша нысанда бостандығынан айырылған азаматына барып тұруға, онымен ауызша немесе жазбаша қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оған оның заңды өкiлдiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетуге хұқықты.

      Сондай-ақ консулдық қызмет адамы өкiлiн жiберген мемлекеттiң бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан азаматының қайсысына болса да барып тұруға хұқықты.

      Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары консулдық қызмет адамына жоғарыда аталған кiсiлерге ұсталған қамауға алынған немесе басқа нысанда бостандығынан айырылғаннан кейiн 7 күннен кешiктiрмей барып тұруына рұқсат бередi. Бұдан ары қарай мұндай хұқықтар парасаттылық және мерзiмдiлiк негiзiнде берiлетiн болады.

      3. Осы бапта аталған хұқықтар консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкестi, бiрақ аталған заңдар мен ережелер бұл хұқықтардың күшiн жоймауға тиiс, жүзеге асырылуға тиiстi.

     

43-бап. Азаматтардың жауабын алу және оларды хабарландыру

      Консулдық қызмет адамы өкiлiн жiберген мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарының сұрауы бойынша өз азаматтарынан тарап, куә болушы және сарапшы ретiнде ерiктi жауаптарды алуға хұқықты және өкiлеттi. Осы iс-қимылдарды жасағанда ерiксiз шараларды қолдануға немесе оларды қолданумен қорқытуға тыйым салынады.

     

44-бап. Жол-көлiк оқиғалары

      Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары консулдық қызмет адамына өкiлiн жiберген мемлекет азаматтарының қаза болуына немесе ауыр жарақаттар алуына себеп болған жол-көлiк оқиғаларының барлығы туралы кiдiртпей мәлiмдейдi.

     

45-бап. Азаматтың өлiмi

      Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары өкiлiн жiберген мемлекет азаматының өлiмi туралы жедел түрде консулдық мекемеге мәлiмдейдi және өлiмi туралы куәлiктiң көшiрмесiн, баж салығын алмай жiбередi.

     

46-бап. Мұрагерлiк және қорғау шаралары

      1. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет органдары консулдық қызмет адамына өкiлiн жiберген мемлекет азаматының қайтыс болуының нәтижесiнде мұрагерлiктi ашу туралы немесе өкiлiн жiберген мемлекеттiң мұраны берушiнiң азаматтығына қарамастан мұрагердiң, қабылдап алушының немесе қабыл алмаушы-алушы рөлiндегi азаматына қатысты мұрагерлiктi ашу туралы кiдiртпей мәлiмдеуге тиiстi.

      2. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары осы мемлекеттiң заңдарымен мұрагерлiк қорғау жөнiндегi қарастырған қажеттi шараларды қабылдайды және консулдық қызмет адамына, егер қайтыс болған адам өсиет қалдырған болса, соның көшiрмесiн, сондай-ақ олардағы заңды мұрагерге қатысты ақпараттың барлығын, олардың тұрақты мекен-жайлары, мұрагерлiк мүлiктiң құны мен құрамы, мемлекеттiк қамсыздандырудан түскен ақшалай кiрiстердi, қамсыздандыру полисi бойынша өсім мен төлемдердi қосқанда, хабарлайды.

      3. Консулдық қызмет адамы мына төмендегi тәртiптiлiктердi орындауды:

      а/ мұрагерлiк мүлiктi сақтау, сүргi салу және сүргi салынғанды ашу, мұрагерлiк мүлiктi қорғау үшiн, мүлiктi меңгерушiсi тағайындау және оның барлық тәртiптiлiктерге қатысуын;

      б/ мұраны құраушы мүлiктi сату, сондай-ақ өзiнiң қатысуын қамтамасыз ету мақсаттарына осы сатудың анықталған күнi туралы мәлiмдеудi талап етуге хұқықты.

      4. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары мұрагерлiк туралы iстiң немесе ресми тәртiптiлiктердiң бiткенi туралы консулдық қызмет адамына кiдiртпей мәлiмдейдi және оған 3 ай мерзiм iшiнде мұрагерлiк мүлiктi немесе оның үлесiн, борыштарды, салықтар мен алымдарды төлеген соң мүдделi кiсiлерге тиесiлi қалғанын бередi.

      5. Егер мұрагерлiк мүлiктiң құны аз болса, консулдық қызмет адамы оған осы мүлiктi берудi талап ете алады. Мұндай жағдайда ол мүдделi кiсiлерге осындай мүлiктi беруге хұқықты.

      6. Консулдық қызмет адамы мүлiктiң, мұраның тиiстi бөлiгiн, өтемақылар, зейнетақылар, әлеуметтiк қамсыздандыру полистерi бойынша төлемдердi және консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты өмiр сүрмейтiн өкiлiн жiберген мемлекет азаматтарына тиесiлi төленбеген еңбекақыны мүдделi кiсiлерге беру үшiн қабылдауға хұқықты.

      7. Осы баптың 4, 5, 6-тармақтарының ережелерiне сәйкестi өкiлiн жiберген мемлекетке мүлiктi және несиелердi беру тек қана консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкестi жүзеге асырылады.

     

47-бап. Өкiлiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты түрде тұрмайтын азаматының қайтыс болуы

      1. Өкiлiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекетте тұрмайтын азаматы осы мемлекетте уақытша болған кезде қайтыс болса, оның дүние-мүлкiн консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары күзетке алып, қандай да бiр ерекше процедура жасамай-ақ өкiлiн жiберген мемлекеттiң консулдық қызмет адамына табыс етедi. Консулдық қызмет адамы қайтыс болған адамның бұрынырақ осы мемлекетте болған кезiнде алған қарыздарын табыс етiлген дүние-мүлкiнiң құны шеңберiнде төлейдi.

      2. 46-баптың 7-тармағының ережесi сондай-ақ осы баптың 1-тармағында сөз болған меншiкке де қолданылады.

     

48-бап. Кемелерге көмек көрсету

      1. Консулдық қызмет адамы, бекеттердi қоса алғанда, консулдық орналасқан мемлекеттiң аумақтық және iшкi суларында болған кезiнде өкiлiн жiберген мемлекеттiң кемелерiнде, сондай-ақ осы кемелердiң экипаждарына кез келген көмек көрсетуге қақылы.

      Консулдық қызмет адамы сондай-ақ өкiлiн жiберген мемлекеттiң кемелерiнде және олардың экипаждары жөнiнде бақылау жасап, тексерiс жүргiзуге қақылы.

      2. Капитан немесе экипаждың кез келген мүшесi өз консулдық мекемесiмен еркiн түрде байланыс жасай алады.

      3. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары өкiлiн жiберген мемлекеттiң заңдарымен ережелерiне сәйкес осы мемлекеттiң кемелерi мен олардың экипаждары жөнiнде консулдық қызмет адамы қолданған шаралармен есептесуге тиiс. Осы мiндеттердi жүзеге асырған кезiнде консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарынан жәрдем өтiне алады.

     

49-бап. Консулдық қызмет адамдарының кемелер мен олардың экипаждары жөнiндегi өкiлдiктерi

      Консулдық қызмет адамы өкiлiн жiберген мемлекеттiң заңдарына сәйкес теңiзде жүзеге байланысты мына төмендегi кез келген iс-қимылдарды жасауға /тек қана олар консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне қайшы келмесе болғаны/;

      а/ кеменiң қай ұлттық екендiгiне, сол кеме жөнiндегi меншiк хұқығына және осы сияқты хұқықтарға, сондай-ақ оның жағдайы мен пайдаланылуына қатысы бар кез келген құжаттарды қабылдауға, хаттауға және куәландыруға;

      б/ капитаннан, экипаждың басқа да мүшелерiнен жауап алуға, кеме құжаттарын тексеруге, алуға және куәландыруға, кеме, оның жүгi мен жүретiн жолы жөнiнде декларация қабылдауға, сондай-ақ кеменiң бекетте кiруiне, шығуына және болуына жәрдемдесуге;

      в/ капитанды, экипаждың басқа да мүшелерiн госпитальға жатқызу, сондай-ақ мұндай адамдарды отанына қайтару үшiн барлық қажеттi шараларды қолдануға;

      г/ консулдық орналасқан мемлекеттiң сот және басқа өкiмет орындарымен байланыс жасауда капитанға немесе экипаждың кез келген мүшесiне көмек көрсетуге және осы мақсатпен оларға қажеттi хұқықтық көмек көрсетiп, оларды аудармашымен және басқа адамдармен қамтамасыз етуге қақылы.

     

50-бап. Кеме бортында жасалған қылмыстық iс-әрекеттер жөнiндегi юрисдикция

      1. Консулдық орналасқан мемлекеттiң соттары және басқа құзыреттi өкiмет орындары кеме бортында жасалған қылмыстық iс-әрекеттер жөнiнде тек мына төмендегiдей жағдайларда ғана күштеу шараларын қолдана алады:

      а/ консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматы жасаған немесе оған қарсы жасалған қылмыстық iс-әрекеттер, немесе экипаж мүшесi болып табылмайтын адам жасаған немесе осы адамға қарсы жасалған қылмыстық iс-әрекеттер;

      б/ консулдық орналасқан мемлекеттiң тәртiбiн немесе аумақтық немесе iшкi суларының, яки бекетiнiң хауiпсiздiгiн бұзатын қылмыстық iс-әрекеттер;

      в/ денсаулық сақтауға, теңiздегi қауiпсiздiктi, иммиграциялық және кедендiк режимдi қамтамасыз етуге, теңiздiң мұнаймен ластануына және контрабандаға жол бермеуге қатысы бар консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн бұзатын қылмыстық iс-әрекеттер;

      г/ консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары бойынша кемiнде 3 жылға және одан да көп мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға ұшырататын қылмыстық iс-әрекеттер.

      2. Консулдық орналасқан мемлекеттiң соттары және басқа құзыреттi өкiмет орындары өкiлiн жiберген мемлекеттiң кемесi жөнiнде сондай-ақ консулдық қызмет адамының өтiнiшi немесе келiсiмi бойынша күштеу iс-қимылдарын қолдана алады.

     

51-бап. Консулдық орналасқан мемлекет өкiмет орындарының кеме бортындағы iс-қимылдары

      1. Егер консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары бортқа көтерiлгiсi, өкiлiн жiберген мемлекеттiң кемесiнiң бортында капитанды, экипаж мүшесiн, осы кеменiң жолаушысын немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматы болып табылмайтын басқа бiр адамды қамауға алғысы немесе ұстағысы, яки кеменiң бортындағы мүлiктi кәмпескелегiсi келсе, мұндай iс-қимыл басталғанға дейiн олар консулдық қызмет адамы кемеде болуы үшiн консулдық мекеменi хабардар етедi. Тиiстi ескертуде дәл уақыты көрсетiледi. Егер консулдық қызмет адамы немесе оның өкiлi бұған қатыспаған болса ол жоғары өкiмет орындарынан болған жағдай туралы олардың иелiгiндегi бүкiл ақпаратты берудi өтiне алады. Бұл ережелер консулдық орналасқан мемлекеттiң өкiмет орындары кеменiң капитанынан немесе экипаж мүшесiнен жауап алған кезде де қолданылады.

      2. Шұғыл жағдайларда немесе кеме капитанының өтiнiшi бойынша тергеу жүргiзiлгенде консулдық қызмет адамы тергеу туралы өте қысқа мерзiмде хабардар етiлуге тиiс.

      Консулдық қызмет адамының өтiнiшi бойынша оған ол жоқ кезде өткiзiлген тергеудiң нәтижелерi туралы ақпарат табыс етiледi.

     

52-бап. Ерекше жағдайлар

      48, 49 және 51-баптардың ережелерi консулдық орналасқан мемлекеттiң кедендiк заңдары мен ережелерiне, адам денсаулығын қорғауға қатысы бар карантин және басқа бақылау шараларына теңiздiң ластануына жол бермеуге, порттағы жүктердiң күзетiлуiн қамтамасыз етуге, шетел азаматтарының кемеге кiруiне рұқсат етуге байланысты сол мемлекет жөнiнде қолданылмайды.

     

53-бап. Корабльдiң күйреуi немесе кеменiң апатқа ұшырауы

      1. Егер өкiлiн жiберген мемлекеттiң кемесi консулдық орналасқан мемлекеттiң аумақтық немесе iшкi суларында күйресе, жарақат алса, қайраңдап қалса, жағаға шығып қалса немесе қандай да бiр басқа апатқа ұшыраса, консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары бұл туралы және кеменi, жолаушыларды, экипажды, сондай-ақ олардың дүние-мүлiктерi мен жүктерiн құтқару және қорғау жөнiнде қолданылған шаралар туралы консулдық қызмет адамына дереу хабарлайды.

      2. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары осы баптың 1-тармағына сәйкес консулдық қызмет адамына ол қолданып жатқан шаралар жөнiнде оның өтiнiшi бойынша қажеттi көмек көрсетедi.

      3. Егер күйреуге ұшыраған кеме, оның экипажының құжаттары, заттары мен жүктерi консулдық орналасқан мемлекеттiң жағалауында немесе осы жағалауға жақын жерде табылса, немесе осы мемлекеттiң портында болса, егер кеме капитаны, оның көмекшiсi, кеменiң иесi және сақтандыру компанияларының өкiлдерi бұл кезде болмаса және аталған меншiктiң сақталуын қамтамасыз ету немесе оның бұдан әрi жеткiзiлетiн жерiн анықтау жөнiнде шара қолдана алмаса, консулдық қызмет адамы кеме иесінiң апат кезiнде болуына тура келгенде қолдануы мүмкiн шараларын қолдануға қақылы.

      4. Консулдық қызмет адамы күйреген, апатқа ұшыраған немесе қайраңға отырып қалған кеменiң қай ұлттық екендiгiне қарамастан кеменiң кез келген дүние-мүлкi және өкiлiн жiберген мемлекеттiң азаматына тиесiлi жүк жөнiнде, егер осы дүние-мүлiк консулдық орналасқан мемлекеттiң жағалауында, жағалауға жақын жерде табылса немесе осы мемлекеттiң портында болса, аталған баптың 3-тармағында көзделген барлық шараларды қолдана алады. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары мұндай дүние-мүлiктiң бар екендiгi туралы консулдық қызмет адамын дереу хабардар етуге тиiс.

      5. Апатқа ұшыраған кеменiң жабдықтары, жүктерi және азық-түлiк қорлары консулдық орналасқан мемлекетте пайдалануға немесе тұтынуға арналмаса, консулдық орналасқан мемлекетте оларға кедендiк баж салықтары мен алымдар салынбайды.

     

54-бап. Кеме экипажы мүшесiнiң қайтыс болуы немесе жоғалып кету

      1. Өкiлiн жiберген мемлекетте тиесiлi кеме экипажының мүшесi қайтыс болған немесе жоғалып кеткен және мұның өзi сол кеменiң бортында немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында орын алған жағдайда, кеме капитаны немесе оны алмастырушы адам, сондай-ақ өкiлiн жiберген мемлекеттiң консулдық қызмет адамы қайтыс болған немесе жоғалып кеткен адамнан қалған жеке нәрселердiң, бағалы заттардың және басқа дүние-мүлiктiң тiзiмдемесiн жасауға, аталған дүние-мүлiк пен мұраны сақтау және олардың бұдан былайғы тағдырын анықтау үшiн қажеттi шаралар қолдануға қақылы бiрден-бiр адамдар болып табылады.

      Алайда, егер қайтыс болған немесе жоғалып кеткен адам консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматы болса, кеме капитаны немесе оны алмастырушы адам мұндай тiзiмдеменi қайтыс болуды немесе жоғалып кетудi белгiлеу кезiнде жасайды. Мұндай тiзiмдеменiң бiр данасы консулдық орналасқан мемлекеттiң мұраны қорғау жөнiнде әр түрлi шаралар қолдануға және қажет болған жағдайда оның тағдырын шешуге қақылы өкiмет орындарына табыс етiледi. Осы өкiмет орындары өздерi қолданған барлық шаралар туралы өкiлiн жiберген мемлекеттiң консулдық мекемесiн хабардар етуге тиiс.

      2. Консулдық қызмет адамы өзiнiң мұра жөнiндегi өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде осы баптың 1-тармағына сәйкес консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарын сақтауға тиiс.

55-бап. Әуе кемелерi

      Осы Конвенцияның 48-54-баптарының ережелерi мүмкiн болғанына қарай тиiсiнше өкiлiн жiберген мемлекеттiң әуе кемелерiне де қолданылады.

56-бап. Консулдық баж салықтары мен алымдар

      1. Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында өкiлiн жiберген мемлекеттiң заңдарына сәйкес жасалған консулдық iс-қимылдар үшiн консулдық баж салықтары мен алымдар жинай алады.

      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес консулдық iс-қимылдар үшiн алынған сома консулдық орналасқан мемлекетте салық пен алым атаулыдан босатылады.

Ү БӨЛIМ
Қорытынды қаулылар

57-бап. Басқа консулдық мiндеттер

      Консулдық қызмет адамы өзiне өкiлiн жiберген мемлекет жүктеген, консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарымен тыйым салынбаған және жүзеге асырылуына бұл мемлекет қарсылық бiлдiрмейтiн кез келген басқа консулдық мiндеттердi немесе екi мемлекет арасында жасалған, қолданылып жүрген халықаралық келiсiмдерде аталған мiндеттердi орындай алады.

58-бап. Консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн сақтау

      1. Осы Конвенцияның ережелерiне байланысты иммунитеттер мен артықшылықтарға ие болған адамдардың бәрi өздерiнiң иммунитеттерi мен артықшылықтарына нұқсан келтiрместен, консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн сақтауға мiндеттi. Олар сондай-ақ осы мемлекеттiң iшкi iстерi араласудан аулақ болуға мiндеттi.

      2. Консулдық үйлерi консулдық мiндеттердi жүзеге асырумен сыйыспайтын мақсаттарда пайдаланылмауға тиiс.

     

59-бап. Конвенцияның ережелерiн заңды ұйымдарға қолдану процедурасы

      Осы Конвенцияның өкiлiн жiберген мемлекеттiң азаматтарына қатысы бар ережелерi сол мемлекеттiң заңды ұйымдарында қолданылады.

     

60-бап. Конвенцияның бекiтiлуi мен күшiне енуi

      1. Осы Конвенция бекiтiлуге тиiс және бекiту грамоталары алмасылғаннан кейiн он үшiншi күнi күшiне енедi.

      2. Бұл конвенцияның мерзiмi белгiленбеген, Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң хабарлауы арқылы Конвенция бұзылады. Бұл жағдайда Конвенцияның қолданыста болуы оның бұзылғандығы туралы хабар берiлген күннен бастап алты ай өткен соң тоқтатылады.

      Осыны куәландыру үшiн Уағдаласушы Тараптардың Өкiлеттi өкiлдерi осы Конвенцияға қол қойып, оны мөрлерiмен растады.

      Үш дана болып, қазақ, түрiк және орыс тiлдерiнде жасалды және барлық мәтiннiң де күшi бiрдей.

      Анкара қаласында 1993 жылдың 2 қыркүйекте қол қойылды.

Қазақстан

Түрiк

Республикасы үшiн

Республикасы үшiн


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады