Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы еркін сауда туралы келісімді бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 23 маусым N 394-I

     Алматыда 1997 жылғы 10 маусымда жасалған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы еркін сауда туралы келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы Үкiметi арасындағы еркiн сауда туралы
Келісім

(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 4, 37-құжат)
(1999 жылғы 20 шілдеде күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 80 бет)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы Үкiметi,
      Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы сауда экономикалық ынтымақтастықты теңдiк және өзара тиiмдiлiк негiзiнде дамытуға ұмтыла отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының қалыптасқан интеграциялық экономикалық байланыстары мен екi мемлекет экономикасының өзара толығуын ескере отырып,
      тауарлар мен қызмет көрсетулердiң еркiн қозғалысы өзара келiсiлген шараларды жүзеге асыруды талап ететiнiн мойындай отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы Тарифтер мен сауда жөнiндегi Бас келісімнiң (ТСБК) және Дүниежүзiлiк сауда ұйымының (ДСҰ) принциптерiн ұстанатындықтарын растай отырып,
      төмендегiлер жөнiнде келiстi:

1-бап

      Тараптар, тең құқықтық, өзара тиiмдiлiк және мүдделiлiк принциптерiн басшылыққа ала отырып, Тараптар мемлекеттерiнде қолданылатын заң актiлерiн сақтай отырып, тiкелей шаруашылық байланыстар негiзiнде олардың меншiк нысанына қарамастан, шаруашылық қызметi субъектiлерi арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытатын және кеңейтетiн болады.
      Әр Тарап басқа тарапқа экономикалық нұқсан келтiретiн әрекеттерге бармайтын болады.

2-бап

      1. Тараптар бiр-бiрiне еркiн сауда режимiн ұсынады.
      Тараптар кедендiк рәсiмдеу үшiн алымдарды қоспағанда бара-бар әрекетi бар кеден баждарын, салықтар мен алымдарды сондай-ақ, Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң кедендiк аумағында шығарылған және екiншi Тараптың мемлекетiнiң кеден аумағына арналған тауарлардың экспортын және/немесе импортына сандық шектеулер қолданбайды.
      Келiсiлген тауарлар номенклатурасы бойынша осы сауда режимiнен алулар, осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Хаттамамен ресiмделедi.
      2. Тараптар оларға қатысты осы алып қоюлар қолданылатын тауарлардың келiсiлген номенклатурасын қамтитын Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы еркiн сауда режимiнен алып қоюдың кезең-кезеңмен күшiн жоюдың қоса берiлiп отырған кестесiне сәйкес Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасында қолданылатын еркiн сауда режимiнен алып қоюдың күшiн жоюға келiстi.
      3. Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн және оның қолданылу кезеңiнде Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарынан шығарылатын тауарлар деп олардың шыққан жерi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Yкiметтерiнiң Басшылары Кеңесiнiң 2000 жылғы 30 қарашадағы шешiмiмен бекiтiлген Тауарлардың шығарылған елiн айқындау ережесiне сәйкес айқындалған тауарлар түсiнiледi.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.05.2006 N 144 Заңымен.

3-бап

      Әр Тарап:
      осы Келiсiмнiң әрекетiне түсетiн iшкi өндiрiстiң немесе үшiншi бiр елде шығарылған осындай тауарларға салынатын тиiстi салықтардан немесе алымдардан асатын iшкi салықтар мен алымдарды басқа тiкелей немесе жанама салмайтын;
      Осы Келiсiмнiң әрекетiне түсетiн тауарлардың импорты немесе экспортына қатысты, ұқсас жағдайларда iшкi өндiрiстiк ұқсас тауарларға немесе үшiншi бiр елден шығатын тауарларға қолданылмайтын қандай да болмасын арнайы шектеулер мен талаптар енгiзбейтiн;
      Басқа Тараптың бiрiнiң мемлекеттiк кеден аумағынан шығатын тауарларды жинастыру, қайта тиеу, сақтау, тасу, сондай-ақ, төлемдер мен төлемдердi аудару қатысында өз тауарларына немесе үшiншi бiр елден шығатын тауарлар қатысында осындай жағдайларда қолданылатын өзге ережелер қолданбайтын болады.

4-бап

      Тараптар өзара саудада басқа Тарапқа қатысы бойынша осы Келiсiмнiң шеңберiндегi тауарлардың экспорты және/немесе импортына құқығын шектейтiн сандық шектеулер немесе оларға бара-бар шараларды енгiзудi қолданудан бас тартатын болады.
      Тараптар, тек ойға қонымды шектерде және қатаң белгiленген мерзiмге бiржақты тәртiппен сандық немесе өзге арнайы шектеулер қоюы мүмкiн.
      Осы шектеулер ерекше сипатта болуға тиiстi және ТСБК/БСҰ шеңберлерiндегi келiссөздермен көзделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкiн.
      Осы бапқа сәйкес сандық шектеулер қолданатын Тарап аталған шектелулердi енгiзудiң негiзгi себептерi, оның нысаны мен шамаланып отырған мерзiм мен қолданылуы туралы толық ақпаратты мүмкiндiгiнше алдын ала басқа Келiсушi Тарапқа табыс етуге тиiс, содан кейiн консультация тағайындалады. Консультация барысында қабылданатын шешiмдер тиiстi құжаттармен ресiмделедi.

5-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың кез-келгенiнiң өзiнiң өмiрлiк мүдделерiн қорғауда қажет деп санайтын немесе өзi қатысушы болып табылатын немесе қатысуға ниет еткен халықаралық шарттарды орындау үшiн сөзсiз қажеттi деп санайтын, сыртқы экономикалық байланыс саласында мемлекеттiк реттеудiң халықаралық тәжiрибеде жалпы қабылданған шараларын бiржақты түрде қолдану құқығына кедергi келтiрмейдi, егер бұл шаралар:
      адамдардың өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсiмдiктердi қорғап, сақтауға;
      қоғамдық мораль мен және қоғамдық тәртiптi қорғауға;
      ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
      қару-жарақ, оқ-дәрi және әскери техника саудасына;
      ажыратқыш материалдарды және радиоактивтiк заттардың көздерiн жеткiзуге, радиоактивтiк қалдықтарды залалсыздандыруға;
      алтын, күмiс немесе өзге де бағалы металлмен асыл тастар саудасына;
      орны толмайтын табиғи ресурстарды сақтауға;
      төлем балансының бұзылуына;
      мемлекеттiк қолдау бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесiнде iшкi бағасы әлемдiк деңгейден төмен болатын өнiмдер экспортын шектеуге;
      өндiрiстiк және интелектуалдық меншiктi қорғауға;
      ұлттық игiлiк құндылықтарын қорғауға;
      халықаралық қатынастарда соғыс уақытында немесе басқа төтенше жағдайларда қолданылатын шараларға;
      халықаралық бейбiтшiлiк пен хауiпсiздiктi сақтау үшiн БҰҰ-ның Жарғысы негiзiндегi мiндеттердi орындауға арналған iс-қимылға;
      және ТСБК-iнiң ХХ бабымен көзделген басқа жағдайларға қатысты болса.
      Төтенше сипаттағы жағдайлардан басқа, осындай шараларды қолданушы Тарап осы бапқа сәйкес басқа Тарапқа мүмкiндiгiнше алдын ала аталған шектеулердi енгiзудiң негiзгi себептерi, нысандары мен болжамды мерзiмдерi туралы толық ақпарат тапсыруға тиiс, содан соң консультациялар тағайындалады.

6-бап

      Тараптар мемлекеттерi арасындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi барлық есеп айырысулары мен төлемдерi банкаралық келiсiмдерге сәйкес негiзде жүзеге асырылатын болады.

7-бап

      Тараптар Тараптарға қатысты кеден статистикасын қоса алғанда, сыртқы экономикалық қатынастарды iшкi құқықтық реттеу туралы, оның iшiнде сауда, инвестиция, салық салу, банк пен сақтандыру қызметi мен өзге де қызмет көрсетулер жөнiнде, көлiк және кеден мәселелерi жөнiнде ақпаратпен тұрақты негiзде алмасатын болады.
      Тараптар бiр-бiрiне осы Келiсiмдi орындауға әсер етуi мүмкiн ұлттық заңдардағы өзгерiстер туралы дереу хабарлайды.
      Тараптардың уәкiлеттi органдары мұндай ақпаратпен алмасудың тәртiбiн келiседi.
      Осы Келiсiмнiң ережелерi:
      кез-келген Тараптың құзiреттi органдарын заң бойынша немесе Тараптардың бiрiнiң кәдiмгi әкiмшiлiк практикасы барысында алуға болмайтын ақпаратты алуды мiндеттемейдi.
      Тараптың мемлекеттiк мүддесiне қайшы келетiн қайсыбiр сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiп коммерциялық немесе кәсiби құпияны ашатын немесе сауда процесiн, немесе басқа бiр ақпарат беру үшiн негiз болмайды.

8-бап

      Тараптар терiс пиғылды iскерлiк тәжiрибенi осы Келiсiмнiң мақсатымен сыйымсыз деп таниды және оның мынадай әдiстерiне жол бермеу мен жоюды мiндеттенедi:
      Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында ол үшiн өзiнiң бәсекелестiкке кедергi келтiру немесе шектеу немесе шартты бұзу мақсаты бар кәсiпорындар мен iскерлiк тәжiрибенiң жалпы әдiстерiне;
      Тараптар мемлекеттерi аумақтарының барлық немесе едәуiр бөлiгiнде бiр немесе бiрнеше кәсiпорындардың өздерiнiң үстемдiк жағдайларын пайдаланып бәсекелестiктi шектейтiн iс-әрекеттерiне.

9-бап

      Тараптар екiжақты сауда-экономикалық қатынастарды тарифтiк және тарифтiк емес реттеудiң шараларын жүзеге асырған кезде статистикалық ақпарат алмасу, кедендiк рәсiмдердi жүргiзу үшiн Европа экономикалық қауымдастығының тауарларды сипаттау мен кодтаудың Yйлестiрiлген жүйесiне, және қисынды тарифтiк-статистикалық номенклатураға негiзделген Дүниежүзiлiк сыртқы экономикалық қызметтiң тоғыз таңбалы бiрыңғай (СЭҚ ТН) тауарлық номенклатурасын пайдаланатын болады. Кеден ұйымының Сонымен қоса Тараптар бұл ретте қажет жағдайда жеке мұқтаждары үшiн Тауарлық номенклатураны тоғыз таңбадан тыс дамытуды жүзеге асырады.
      Тауарлық номенклатураның эталондық данасын енгiзу тиiстi халықаралық ұйымдарда өкiлдiктер арқылы өзара келiсiлген негiзде жүзеге асырылады.

10-бап

      Тараптар транзиттiк өту еркiндiгi принциптерiн сақтау осы Келісiмнiң мақсаттарында қол жеткiзудiң аса маңызды шарты және олардың еңбектi халықаралық бөлiсу мен кооперациялаудың жүйесiне қосылу процесiнде елеулi элемент болып табылатынына келiстi.
      Осыған байланысты әр Тарап екiншi Тараптың және/немесе үшiншi елдiң мемлекетiнiң кеден аумағында шығарылған және екiншi Тараптың немесе кез-келген үшiншi елдiң кеден аумағына арналған тауарлардың өз мемлекетiнiң аумағы арқылы еркiн транзитi үшiн жағдай жасауды қамтамасыз етедi және экспорттаушыларға, импорттаушыларға немесе тасымалдаушыларға өз экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе тасымалдаушыларға немесе кез келген үшiншi мемлекеттiң экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе тасымалдаушыларына ұсынылатын құралдар мен қызмет көрсетулерден еш кем түспейтiн шарттармен барлық бар және қажеттi құралдар мен қызмет көрсетулердi ұсынатын болады.
      Тараптардың аумақтары бойынша жүктердiң өту тәртiбi мен шарты тасымалдаудың халықаралық Ережелерiне сәйкес реттеледi.

11-бап

      Әрбiр Тарап осы тауарлар өз аумағынан шығатын басқа Тараптың экспортына қатысты рұқсат етiлмеген тауарларды қайта экспорттауға жол бермейдi, реттеудiң тарифтiк және/немесе тарифтiк емес шараларын қолданады және/немесе өз кеден аумағынан әкету кезiнде сыртқы экономикалық жеңiлдiктер ұсынады. Тараптар рұқсатсыз қайта экспорттауға тиым салынатын тауарлардың тiзбесiн белгiлейдi, сондай-ақ мемлекеттiк реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың тiзiмдерiмен алмасады.
      Осындай тауарларды үшiншi елдерге қайта экспорттау тек қана осы тауарлар шығатын ел болып табылатын мемлекеттiң уәкiлеттi органы айқындайтын жазбаша келiсiмiмен және шарттарымен жүзеге асырылуы мүмкiн. Осы ереже орындалмаған жағдайда мүдделi Тарап басқа Тараппен алдын ала консультация алысқаннан кейiн, келiсiмсiз қайта экспорттауға жол берген басқа Тараптың мемлекеттiк аумағына осындай тауарларды шығаруды реттеу жөнiнде шараларды бiр жақты түрде енгiзуге құқы бар.
      Қайта экспорттау деп бiр Тараптың мемлекеттiк кедендiк аумағынан шығарылатын тауарды үшiншi бiр елге экспорттау мақсатымен басқа Тараптың өз мемлекетiнiң кеден аумағынан әкетуi түсiнiледi.

12-бап

      Тараптар үшiншi елдер қатысында экспорттық бақылаудың келiсiлген саясатын жүргiзу мақсатында ұдайы консультациялар өткiзетiн және экспорттық бақылаудың тиiмдi жүйесiн құру үшiн өзара келiсiлген шаралар қолданатын болады.

13-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар арасында бұрын жасалған екi жақты келiсiмдердiң ережелерiн соңғысы алғашқысымен қалайда сәйкес, немесе олармен бiрдей шамада алмастырады.

14-бап

      Осы Келiсiмде әр Тараптың үшiншi бiр елмен қарым-қатынас орнатуына, оның қатысушысы осы Тарап болып табылатын немесе болаалатын өзге бiр халықаралық келісiмдерге сәйкес өзiне алған мiндеттемелерiн орындауына егер бұл қатынастар мен мiндеттемелер осыКелiсiмнiң мақсаттары мен ережелерiне қайшы келмеген жағдайда ештеңе де кедергi жасамайды.

15-бап

      Әр Тарап өзiнiң заңдарына және халықаралық мiндеттемелерге сәйкес басқа Тараптың шаруашылық субъектiлерiне тең құқықтық, соның iшiнде сотпен қорғалу құқықтарын және заңды мүдделер ұсынады.

16-бап

      Осы Келісiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдануға қатыстыТараптар арасындағы даулы мәселелер келiссөздер арқылы немесе Тараптарға қолайлы басқа тәсiлдермен шешіледi.
      Тараптар өзара саудада шиеленiстi жағдайларды болдырмауға ұмтылады.

17-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаттарын iске асыру және екi мемлекетарасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жетiлдiру жөнiндеұсыныстар дайындау үшiн Тараптар бiрлескен қазақ-әзiрбайжан комиссиясын құруға келiстi.

18-бап

      Тараптардың келiсуi бойынша, қажет болған жағдайда, осы Келісiмге өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

19-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi орындағандықтары туралы соңғы хабарлаған күнiнен бастап күшiне енедi және Тараптардың бiрi басқасына оның күшiн тоқтату ниетi туралы жазбаша хабар жiберген мерзiмнен алты ай өткенге дейiн күшiнде болады.
      Осы Келісiмнiң қолданылуы тоқтатылғаннан кейiн оның ережелерi оның қолданылу кезеңде жасалған, бiрақ орындалмаған Тараптар мемлекеттерiнiң шаруашылық субъектiлерi арасындағы келiсiмдерге бес жылдан аспайтын мерзiмге қолданылатын болады.
      Алматы қаласында 1997 жылғы 10 маусымда әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалады және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы келісiмнiң ережелерiн түсiндiру мақсатында орыс тiлiндегiмәтiннiң күшi басыңқы болады.

      Қазақстан Республикасы       Әзірбайжан Республикасы
      Үкіметі үшін                 Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы Yкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы Келісiмге еркiн сауда режимiнен алулар туралы
Хаттама

      Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы Үкiметi төмендегiлер туралы осы Хаттаманы жасады:

1-бап

      Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы Үкiметi арасындағы еркiн сауда туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы Келісiмнiң 2-бабымен алулары көзделген мына тауарларға таратылады:
      - N 1-қосымшаға сәйкес Әзiрбайжан Республикасынан Қазақстан Республикасына импортталатын.
      - N 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасынан Әзiрбайжан Республикасына импортталатын.

2-бап

      1. Тараптар осы Хаттаманың 1-бабына сәйкес еркiн сауда тәртiбiнен алулар таратылатын тауарларға қатысты бiр-бiрiне ұлтқа аса қолайлы жағдай туғызады, олар:
      - осындай салықтар мен алымдар алудың әдiсiн қоса алғанда N 1 және N 2 қосымшаларда көрсетiлген импортталатын тауарлардан алынатын салықтар мен алымдар;
      - транзиттi кедендiк ресiмдеуге, тасымалдауға, жинастыруға, қайта тиеуге және осы тектес басқа да қызмет көрсетулерге қатысты ережелерге;
      - төлемдердi төлеу және аудару әдiстерiне;
      - импорттық лицензиялар беруге;
      - iшкi рынокта тауарларды сатуға, сатып алуға, тасымалдауға,бөлуге және пайдалануға қатысты ережелер.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi мыналарға қолданылмайды:
      - Тараптардың бiрінің Кеден одағын немесе еркiн сауда аймағынқұру мақсатымен, не осындай одақ, аймақ құру нәтижесiнде үшiншi бiрелге беретiн артықшылықтарға;
      Тараптардың заңдарына сәйкес дамушы елдерге берiлетiн артықшылықтарға;
      - шекара бойында сауданы оңайлату мақсатымен көршi елдерге берiлетiн артықшылықтарға;
      - арнаулы келiсiмдерге сәйкес Тараптардың бiр-бiрiне беретiнартықшылықтарына.

3-бап

      1. Осы Хаттама Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы Үкiметi арасындағы еркiн сауда туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және аталған Келiсiммен бiр мезгiлде күшiне енедi.
      2. Осы Хаттама жоғарыда аталған Келiсiмнiң 2-бабында көзделген жаңа Хаттама жасалатын кезеңге дейiн күшiнде болады.
      1997 жылғы 10 маусымда Алматы қаласында екi түпнұсқа данамен, әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде жасалды.

      Қазақстан Республикасы     Әзiрбайжан Республикасы
         Yкiметi үшiн               Үкіметі үшін

1997 жылғы "____"_________
еркін сауда тәртібінен алулар
туралы Хаттамаға    
N 1 Қосымша      

Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасына
импорттауда еркін сауда режимінен алуларға жататын тауарлардың
Тізбесі

__________________________________________________________
Тауарлардың атауы                   СЭҚ ТН 1993 ж.
___________________________________________________________
Алкогольді және алкогольсіз         22 топ, (мыналардан басқа
сусындар                            2201, 2202 және 2209)

Темекі мен темекіні                 24 топ
өнеркәсіптік алмастырғыштар

1997 жылғы "____"_________
еркін сауда тәртібінен алулар
туралы Хаттамаға    
N 2 Қосымша      

Қазақстан Республикасынан Әзірбайжан Республикасына
импорттауда еркін сауда режимінен алуларға жататын тауарлардың
Тізбесі

_______________________________________________________
Тауарлардың атауы                      СЭҚ ТН 1993 ж.
_____________________________________________________________
Ликер-арақ және басқа спирт         2203, 2204, 2205, 2206,
өнімдері                            220710000, 220810, 220820,
                                    220830, 220840, 220850,
                                    220890110, 220890190,
                                    220890310, 220890330
                                    220890390, 220890510,
                                    220890790, 220890910,
                                    220890990

Темекіден жасалған сигареттер       240220000

                                        "1997 жылғы 10 маусымдағы
                                             Еркін сауда туралы
                                           Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметi мен Әзірбайжан
                                     Республикасы Үкiметi арасындағы
                                              келісімге қосымша

        Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы
арасындағы еркін сауда режимінен алып қоюдың кезең-кезеңмен
                          күнін жою кестесі

      Ескерту. Келісім қосымшамен толықтырылды - ҚР 23.05.2006 N 144 Заңымен.

ТМД СЭҚ ТН
коды
Атауы Алып қоюды
жою мерзімі
Әзірбайжан Республикасынан олардың импорты кезінде
Қазақстан Республикасының еркін сауда режимінен алып қоюға
жататын тауарларға қатысты

22-топ (2201, 2202
және 2209-ден
басқа)

Алкогольдік және
алкогольсіз сусындар

2006 жылғы 1
шілде

Мыналарды қоспа-
ғанда:



2207 10 000

Ұйытылмаған этил спирті,
80 айн. % немесе одан
астам спирт қоспасымен

2012 жылғы 1
қаңтар

2207 20 000

Ұйытылмаған, кез келген
қоспадағы этил спирті және
өзге де спирттер

2012 жылғы 1
қаңтар

2208 90 910

Сыйымдылығы 2 л. және одан
да кем ыдыстардағы
ұйытылмаған этил спирті,
80 айн. % немесе одан кем
спирт қоспасымен

2012 жылғы 1
қаңтар

2208 90 990

Сыйымдылығы 2 л. астам
ыдыстардағы ұйытылмаған
этил спирті, 80 айн. %
немесе одан астам спирт
қоспасымен

2012 жылғы 1
қаңтар

24-топ

Темекі және темекінің
өнеркәсіптік алмастырғыш-
тары

2012 жылғы 1
қаңтар

Қазақстан Республикасынан олардың импорты кезінде
Әзірбайжан Республикасының еркін сауда режимінен алып қоюға жататын тауарларға қатысты

2203, 2204, 2205,
2206, 2208 20,
2208 30, 2208 40,
2208 50,
2208 90 110,
2208 90 190,
2208 90 330,
2208 90 380,
2208 90 480,
2208 90 780

Ликер-арақ және басқа да
спирт өнімдері

2006 жылғы 1
шілде

2207 10 000

Ұйытылмаған этил спирті,
80 айн. % немесе одан
астам спирт қоспасымен

2012 жылғы 1
қаңтар

2208 90 910

Сыйымдылығы 2 л. және одан
да кем ыдыстардағы
ұйытылмаған этил спирті,
80 айн. % немесе одан кем
спирт қоспасымен

2012 жылғы 1
қаңтар

2208 90 990

Сыйымдылығы 2 л. одан да
астам ыдыстардағы
ұйытылмаған этил спирті,
80 айн. % немесе одан кем
спирт қоспасымен

2012 жылғы 1
қаңтар

2402 20

Құрамында темекі бар
сигареттер

2012 жылғы 1
қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады