Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 шілдедегі N 425-I Заңы

      Алматыда 1996 жылғы 27 сәуiрде жасалған Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепiлдiктерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы келiсiм бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепiлдiктерi туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы
Келісім

ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 6, 67-құжат.
1999 жылғы 29 қарашада күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 85 бет

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
      бұдан әрi Тараптар деп аталады,

      "Байқоңыр" космос айлағын пайдаланудың негiзгі принциптерi мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы Келiсiмдi және "Байқоңыр" кешенiн жалға беру туралы Ресей Федерациясының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Yкiметi арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Шартты негiзге ала отырып,
      Қазақстан Республикасы Байқоңыр қаласы (бұрынғы Ленинск қаласы) тұрғындарының зейнетақы алу құқығын қорғау қажеттiлiгiн ескерiп,
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтары құқықтарының кепiлдiктерi туралы 1992 жылғы 13 наурыздағы Келiсiмдi зейнетақымен қамсыздандыру саласында сақтаудың маңыздылығын түсiнiп,
      мыналар туралы келiстi:

      1-бап 

       Осы Келiсiмнiң мақсатында:
       а) "өкiлеттi орган" терминi:
       Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi,

       Ресей тарапынан - Ресей Федерациясының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мен Ресей Федерациясының Зейнетақы қоры, дегендi бiлдiредi;
       б) "Байқоңыр қаласының тұрғындары" терминi - Байқоңыр қаласында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, Ресей Федерациясының азаматтары, үшiншi бiр мемлекеттердiң азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар дегендi бiлдiредi.

2-бап

      Байқоңыр қаласының тұрғындарын зейнетақымен қамсыздандыруды, аталған адамдар үшiн жұмыс берушiлер төлейтiн мiндеттi сақтандыру жарналарын жинап, шоғырландыруды Қазақстан жағының құзыреттi органы табыстайды, ал Ресей жағының құзыреттi органы өзiне қабылдайды.

3-бап

      Байқоңыр қаласының тұрғындары зейнетақымен Ресей Федерациясы заңдарының нормалары бойынша қамсыздандырылады. Зейнетақы Ресей рублiмен төленедi.
      Зейнетақы алу құқығын, соның ішінде жеңiлдiктi негiздiгi және еңбек сiңiрген жылдар үшiн берiлетiн зейнетақыны алуды белгiлеу үшiн зейнетақымен қамтамасыз ету саласында 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының құқықтары туралы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң кез-келгенiнiң аумағында, сондай-ақ осы Келiсiм күшiне енгiзiлгенге дейiнгi бұрынғы КСРО аумағында iстеген еңбек стажы ескерiледi.
      Жалақы (табыс) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы түрiнде төленген жағдайда оның мөлшерi Ресей Федерациясының Орталық банкi зейнетақы тағайындалған (қайта есептелген) сәтте ресми түрде белгiлеген валюта бағамына сүйене отырып белгіленедi.

4-бап

      Байқоңыр қаласының тұрғындарына Қазақстан Республикасының заңдары бойынша бұрын тағайындалған зейнетақы Ресей Федерациясының заңдары бойынша қайта қаралады.
      Ресей Федерациясының заңдары бойынша зейнетақы алуға құқығы болмаған жағдайда, тағайындалған зейнетақы Ресей Федерациясының Орталық банкi зейнетақы тағайындалған /қайта есептелген/ сәтте ресми түрде белгiлеген валюта бағамын басшылыққа ала отырып Ресей рублiмен төленедi. Бұл зейнетақы осы баптың бiрiншi бөлiгiне сәйкес еңбек стажы мен жалақыны ескере отырып, қайта есептелген зейнетақыдан артық болмауға тиiс.

5-бап

      Байқоңыр қаласының тұрғындарына Ресей Федерациясының заңдары бойынша тағайындалған (қайта есептелген) зейнетақыны, сондай-ақ осы Келiсiмнiң 4-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген зейнетақыны төлеудi Ресей Федерациясының Зейнетақы қоры қаржыландырады.

6-бап

      Зейнетақымен қамсыздандыру мақсатына арналған мiндеттi сақтандыру жарналарын төлеушiлер оны Ресей Федерациясының заңдарына сәйкес Ресей Федерациясының Зейнетақы қорына аударады және төлейдi.

7-бап

      Ресей Федерациясының Зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын жинау, Байқоңыр қаласының тұрғындарына зейнетақы тағайындап, төлеу жұмыстарын ұйымдастыру үшiн Ресей Федерациясының өкiлеттi органдары Байқоңыр қаласы әкiмшiлiгiмен келiсе отырып, тиiстi органдар құрады.

8-бап

      Осы келiсiмнiң ережелерi Тараптардың келiсiмiмен өзгертiледi.
      Енгiзiлетiн өзгертулер Тараптар қол қойылатын және осы келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалармен ресiмделедi.

9-бап

      Осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға қатысты даулар Тараптар арасындағы кеңесу және келiссөздер арқылы шешiледi.

10-бап

      Осы Келiсiмнiң күшi "Байқоңыр" космос айлағын пайдаланудың негiзгi принциптерi мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы Келiсiмде және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру туралы Шартта белгiленген "Байқоңыр" кешенiн жалдау мерзiмi бойына сақталады.

11-бап

      Осы Келiсiм бекiтiлуге тиiс және бекiтiлген грамоталарды алмасқан күннен бастап күшiне енедi. Әрбiр Тарап осы Келiсiмнiң қолданылу күшiн тоқтата алады. Бұл ретте Тараптардың бiрi оның қолданылуын тоқтатпақ ниетте екені туралы жазбаша хабарлама жолдаған күннен бастап алты ай өткеннен кейін Келісім күшін жояды. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес ие болған зейнетақы құқығы оның қолданылу күші тоқтатылған жағдайда күшін жоймайды.

      Алматы қаласында 1996 жылғы 27 сәуірде әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данадан жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының        Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады