Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 20 шілде N 445-I.

      Минскіде 1999 жылғы 2 ақпанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезiнде жанама салықтарды өндiрiп алудың принциптерi туралы
Келісім

      (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 5, 52-құжат)
(1999 жылғы 1 қыркүйекте күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 80 бет)

      Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi,

      экономика саласындағы интеграцияны одан әрi тереңдетуге, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн тең мүмкiндiктердi жасауға және адал ниеттi бәсекелестiктi орнатуға ұмтыла отырып,

      халықаралық сауданың жалпыға бiрдей нормалары мен ережелерiн бағдарға ала отырып, төмендегiлер жөнiнде келiстi:

1-бап

      Келiсiмде қолданылатын терминдер:

      жанама салықтар - қосымша құнға салынатын салықты және акциздердi (акциздiк салық немесе акциздiк алым);

      тауар - кез келген мүлiк (энергияның барлық түрлерiн қоса алғанда), материалдық емес активтердi, сондай-ақ контейнерлер мен басқа да көлiк жабдықтарын қоса алғанда жолаушыларды және тауарларды халықаралық тасымалдау үшiн пайдаланылатын кез келген құралдарды есептемегендегi көлiк құралдарын;

      экспорт - қайтадан әкелу туралы мiндеттемесiнсiз Тараптардың кедендiк аумағынан тауарларды әкетудi, Тараптың кедендiк аумағында жұмыстарды жүзеге асыруды;

      импорт - қайта әкету туралы мiндеттемесiнсiз Тараптардың кедендiк аумағына тауарларды әкелудi, Тараптың кедендiк аумағында жұмыстарды жүзеге асыруды;

      арналған елдiң принципi - бiр Тараптың кедендiк аумағынан экспорттау кезiнде қосымша құнға салық салуда акциз салынбауын және нөлдiк ставканы қолдануды және импорт кезiнде екiншi Тараптың ұлттық заңымен белгiленген қолданыстағы ставка бойынша жанама салықтар салуды;

      нөлдiк ставка - қосымша құнға нөл процент ставкасы бойынша салық салуды бiлдiредi, мұның өзi қосымша құнға салынған салықтан толық босатуымен бiрдей;

      құзыреттi органдар - Қазақстан тарапынан Қаржы министрлiгiн, Мемлекеттiк табыстар министрлiгiн, Беларусь тарапынан - Қаржы министрлiгiн, Мемлекеттiк кеден комитетiн, Мемлекеттiк салық комитетiн бiлдiредi.

2-бап

      Екiншi Тараптың аумағынан экспортталып Тараптардың бiрiнiң аумағына импортталған тауарларға (жұмыстарға) импорттаушы мемлекетте, оның заңдарына сәйкес, жанама салықтар салынады. Жанама салықты өндiрiп алуды осы Тараптың кедендiк аумағына тауарлар әкелiнген кезде кеден органдары жүзеге асырады.

3-бап

      Екiншi Тараптың аумағына экспортталатын тауарларға (жұмыстарға) Тараптардың бiрi нөлдiк ставка бойынша қосылған құнға салық салатын болады. Тараптардың бiрiнiң аумағынан екiншi Тарап аумағына экспортталатын акцизделетiн тауарларға акциздер салынбайды.

4-бап

      Тараптардың кеден органдары белгiленген мерзiмдерде кедендiк тұрғыдан ресiмделген тауарлардың орын ауыстырулары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады. Ақпарат алмасудың тәртiбi мен механизмi Тараптардың кеден органдары арасындағы келiсiммен айқындалады.

5-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы барлық даулар мен пiкiр қайшылықтары құзыреттi органдар арасындағы келіссөздер жүргiзу мен консультациялар арқылы шешiледi. Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Хаттамамен рәсiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

6-бап

      Осы Келiсiм халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей принциптерiне сәйкес iшкi тауар өндiрушiлердiң және ұлттық рыноктың мүдделерiн қорғау үшiн қажеттi шаралар қолданатын Тараптардың құқығына кедергi келтiрмейдi.

7-бап

      Осы Келiсiм Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiне ықпал етпейдi.

8-бап

      Осы Келiсiм осы Келiсiмнің күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердiң орындалғандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күннен бастап он бесiншi күнi күшiне енедi.

      Келiсiм Тараптардың бiрi осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы хабар алғаннан кейiн алты айдан соң, егер бұл хабар Тараптар арасындағы келiсiм бойынша осы мерзiм аяқталғанға дейiн керi шақырылмаса, өз қолданысын тоқтатады.

      Осы Келiсiм оның күшiне енген күнiнен кейiн жеткiзiлетiн тауарларға (жұмыстарға) қатысты қолданылады.

      Минск қаласында 1999 жылғы 2 ақпанда қазақ, беларусь және орыс тілдерінде әрбір тілде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Тараптар арасында осы Келісімнің мәтіні жөнінде пікір алшақтығы туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтін негізге алынады.

      Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады