Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасындағы Заем туралы келісімді (Құқықтық реформаның жобасы) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 20 шілде N 448-I


     Астанада 1999 жылғы 20 мамырда жасалған Қазақстан Республикасы 
мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң арасындағы Заем 
туралы келiсiм (Құқықтық реформаның жобасы) бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
            Президентi

                                               
                _____________________________________________
                                       Заемның нөмірі 4467 KZ
                            
                            Қазақстан Республикасы
                                     мен 
                     Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму
                                   банкінің
                                  арасындағы 
                             Заем туралы келісім
                         (Құқықтық реформаның жобасы)
                             1999 жылғы 20 мамыр 
     
                _____________________________________________

     Дүниежүзілік Қайта      1818 H Street N.W.     (202) 477-1234
     жаңарту және Даму банкі Wаshingtоn, D.С. 20433 Телеграфтық мекен-жайы:
     Халықаралық даму        U.С.А.                 INTBAFRAD
     ассоциациясы                                   Телеграфтық мекен-жайы:
                                                    INDEVAS
                                                    1999 жылғы 20 мамыр
     Қазақстан Республикасының
     Әдiлет министрi
     Астана
     Қазақстан Республикасы


                                N 4467 КZ заемға

(Құқықтық реформаның жобасы) қатысты

      Қазақстан Республикасының өкiлеттік берілген өкілi ретiнде Сiзге (Заемшыға) жоғарыда көрсетiлген заем бойынша мынадай құжаттарды беремiз:
      1. Заемшы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің (Банк) арасында жасалған Заем туралы келісімнің қол қойылған бір данасын.
      2. Жалпы жағдайлардың 9.02 тарауына қатысты N 1 қосымша хаттың - Қаржылық және экономикалық жағдай жөніндегі деректердің бір расталған данасын.
      3. Мониторингтік көрсеткіштер жөніндегі N 2 қосымша хаттың бір расталған данасын.
      4. Заем туралы келісімдер мен 1995 жылғы 30 мамырдағы, 1997 жылғы 2 желтоқсанда өзгертілген Дүниежүзілік Банктің моновалюталық заемдарына арналған кепілдікті келісімдерге қолданылатын Жалпы шарттардың бір данасын.
      5. 1995 жылы қаңтарда жасалған және 1996 жылы қаңтарда және тамызда, 1997 жылы қыркүйекте және 1999 жылы қаңтарда қайта қаралған IBRD заемдары мен IDA несиелерінің шеңберіндегі Сатып алулар жөніндегі басшылықтың, 1997 жылдың қаңтарында әзірленген және 1997 жылғы қыркүйекте және 1999 жылғы қаңтарда қайта қаралған Дүниежүзілік Банк Заемшыларының консультанттарды іріктеуі және жалдауы жөніндегі

басшылықтың бір-бір дана көшірмесін.
     Заем туралы келiсiмнiң 5.02-тарауының ережелерiне сәйкес 1999 
жылдың 18 тамызы Заем туралы келiсiмнің күшiне енуi үшiн ақырғы күн 
болып табылады.         
     Заемшының атынан осы хаттың қоса берiлiп отырған көшiрмесiне қол 
қою арқылы жоғарыда көрсетiлген құжаттарды алғандығыңызды растауыңызды 
сұраймын.             
 
     Құрметпен,
     Аға Кеңесші 
     
                                               Заемның нөмірі 4467 KZ
                          Заем туралы келісім


      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (3аемшы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКIНIҢ (Банктің) арасындағы 1999 жылғы 20 мамырдағы КЕЛIСIМ
      ОҒАН СӘЙКЕС: (А) осы Келiсiмге 2-қосымшада сипатталған Жобаның орындылығы мен басымдылығына көз жеткiзген Заемшы осы Жобаны қаржыландыруға жәрдем көрсету туралы өтiнiп Банкке өтiнiм жасады;
      ОҒАН СӘЙКЕС Банк жоғарыда айтылғандардың және басқа да ақпараттардың негiзiнде осы Келiсiмде жазылған шарттарда Заемшыға Заем беруге келiстi;
      ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ аталған Келiсiмге қатысушылар осымен мына төмендегiлер туралы келiстi:
                                  I бап



                        Жалпы шарттар; айқындама
      1.01-тарау. Банктiң 1995 жылғы 30 мамырдағы (1997 жылғы 2 желтоқсандағы өзгерiстермен бiрге) "Бiр валютада берiлетiн заемдар мен кепiлдiктер туралы келiсiмге қолданылатын жалпы шарттары" (Жалпы шарттар) осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн құрайды.
      1.02-тарау. Егер мәтiн өзгеше талап етпесе, Жалпы шарттар мен осы Келiсiмге Кiрiспеде айқындалған бiрқатар терминдердiң осы құжаттарда жазылғандарға сәйкес келетiн мәнi бар, ал мына төмендегi қосымша терминдердiң мынадай мәнi бар:
      (а) "СОИ" Заемшы елi Yкiметiнiң 1997 жылғы 11 тамыздағы N 1246 қаулысына сәйкес Әдiлет министрлiгiнiң немесе оның мұрагерiнiң жанынан құрылған "Қазақстан Республикасының судьялары мен әдiлет қызметкерлерiн оқыту және олардың бiлiктiлiгiн көтеру жөнiндегi орталық" деп аталатын Судьяларды оқыту институтын бiлдiредi.

      (b) "Сот жүйесiн нығайту жөнiндегi байқау кеңесi" Әдiлет министрлiгiнің 1998 жылғы 10 тамыздағы N 562 бұйрығымен және Жоғарғы соттың 1998 жылғы 10 тамыздағы N 233 бұйрығымен немесе оның құқықтық мұрагерлерi құрған Сот жүйесiн нығайту компонентiн дайындау және iске асыру мәселелерi жөнiндегi кеңестi бiлдiредi.
      (с) "БМ" Заемшы елiнiң Білiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiн немесе оның құқықтық мұрагерiн бiлдiредi;
      (d) "ҚМ" Заемшы елiнiң Қаржы министрлiгiн немесе оның құқықтық мұрагерiн бiлдiредi;
      (е) "ӘМ" Заемшы елiнiң Әдiлет министрлiгiн немесе оның құқықтық мұрагерiн бiлдiредi;
      (f) "Ұлттық бәрiн қамтитын жоспар" республикалық деңгейде соттық әкiмшiлiктендiру мен соттық iс-қағаздарын жүргiзу әдiстерiн, сондай-ақ ауық-ауық толықтырылуы мүмкiн осы Келiсiмге 5-қосымшаның 3-параграфына сәйкес сот шешiмдерiнiң сапасы мен атқарылуын жақсарту жөнiндегi шараларды iске асыру үшiн Заемшы әзiрлеуi және қабылдауы тиiс болатын iс-қимыл жоспарын бiлдiредi;
      (g) "РҚАО" Заемшы елi Президентiнiң 1993 жылғы 16 маусымдағы N 1228 Жарлығына сәйкес Әдiлет министрлiгiнiң немесе оның құқықтық мұрагерiнiң жанынан құрылған Республикалық Құқықтық Ақпарат Орталығын білдiредi.
      (h) "ЖIТ" Әдiлет министрлiгiнiң 1997 жылғы 3 наурыздағы N 7а бұйрығына сәйкес Әдiлет министрлiгiнiң немесе оның құқықтық мұрагерiнiң жанынан құрылған жобаны iске асыру жөнiндегi топты білдiредi;
      (i) "Жоба басшылығының есебi" осы Келiсiмнiң 4.02-тарауына сәйкес дайындалған есептi бiлдiредi;
      (j) "Жобаны дайындауға арналған аванс" 1997 жылғы 1 сәуiрде Банктiң атынан және 1997 жылғы 22 наурызда Заемшының атынан қол қойылған Келiсiм-хатқа сәйкес Банк Заемшыға бөлген авансты бiлдiредi;
      (k) "Арнаулы шот" осы Келiсiмнiң 2.02 (b) тарауында айтылатын шотты бiлдiредi;
      (l) "Жоғарғы сот Заемшы елінің Жоғарғы сотын білдіреді.
                                  ІІ бап

3аем

      2.01-тарау. Банк Заем туралы келісімде жазылған немесе сілтеме жасалған шарттарда, он алты миллион бес жүз мың ($16,500,000) АҚШ долларына баламды мөлшерде Заемшыға заем бөлуге келіседі.
      2.02-тарау. (a) Заемның сомасы тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге ақы төлеудің есебіне жүргізілген (немесе, егер оған Банк келіссе жүргізілетін) шығыстар және Заемның қаражаты есебінен қаржыландырылуы тиіс оқыту мен Жоба бойынша қажетті ағымдағы операциялық шығыстарға арналған шығыстар үшін осы Келісімге 1-қосымшаның ережелеріне сәйкес Заемның Шотына алынуы мүмкін.
      (b) Заемшы Жобаны жүзеге асыру мақсаттары үшін коммерциялық банкте соттық есептеулерден, тәркілеуден немесе тоқтату салудан тиісті қорғауды қоса алғанда, Банк үшін қолайлы шарттарда доллармен арнаулы депозиттік шот аша және жүргізе алады. Әрбір тиісті Арнаулы шотқа қаражаттарды сақтауға және одан төлем жасау осы Келісімге 6-қосымшаның ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      (с) Банк заем күшіне енген күннен кейін бірден Заемшының атынан алынған және осы күнге жабылмаған жобаны дайындауға арналған Аванстық негізгі сомасын жабу үшін қажетті соманы Заемның шотынан алуы және өзінің шотына аударуы және барлық оған төленбеген алымдарды төлеуі тиіс. Жобаны дайындауға арналған Аванстық рұқсат етілген сомасының алынбаған қалдығы жойылуы тиіс.
      2.03-тарау. Заемды жабу датасы 2003 жылдың 1 қазаны немесе Банк белгілей алатын кез келген неғұрлым кейінірек дата болып табылады. Банк осындай неғұрлым кейінірек дата туралы Заемшыға кешіктірмей хабарлайды.
      2.04-тарау. Заемшы Банкке Заем сомасының бір процентіне (1%) тең сома төлейді. Заем күшіне енген күні немесе Заем күшіне енгеннен кейін бірден Банк Заемшының атынан көрсетілген төлемнің сомасын Заемның шотынан алуы және өз шотына аударуы қажет.
      2.05-тарау. Заемшы уақыттың сол немесе өзге сәтiне Заемның негізгі сомасының алынбаған бөлiгiнен бiр проценттің төрттен үші (1 проценттен 3/4) есебімен Банкке Заемның пайдаланылмаған бөлігі бойынша комиссиялық төлем төлейді.
      2.06-тарау. (а) Заемшы Заемның мерзімді алынатын және проценттерді есептеудің әрбір кезеңіне арналған ставка бойынша өтелмеген негізгі сомасына ЛИБОР базалық ставкасына тең проценттер, оған қосымша ЛИБОР жалпы маржасын төлейді.
      (b) Осы тараудың мақсаты үшін:
      (i) "Проценттерді есептеу кезеңі" аталған Келісімнің күнінен бастап және бірақ одан кейінгі проценттер төлеудің бірінші күні есептелмейтін бастапқы кезеңді, ал бастапқы кезеңнен кейін проценттер төлеу күнін қоса алғандағы содан бастап бірақ проценттер төлеудің одан кейінгі күндері есептелмейтін уақыттың әрбір кезеңін білдіреді.
      (ii) "Проценттер төлеу күні" аталған Келісімнің 2.07-тарауында көрсетілген кез келген күнді білдіреді.
      (iii) "ЛИБОР-дың базалық ставкасы" долларымен осындай проценттер есептеу кезеңінің бірінші күніне арналған Банк жылдық процент ретінде дұрыс айқындаған көлемде (немесе проценттерді есептеудің бірінші кезеңі жағдайында - бірінші күні проценттер төлеу немесе осындай проценттер есептеу кезеңінің бірінші күнінің алдындағы көлемде) проценттер есептеудің әрбір кезеңіне арналған алты айлық депозиттер үшін ұсынылатын Лондондық банкаралық ставканы білдіреді."
      (iv) "ЛИБОР-дың жалпы маржасы" Проценттерді есептеудің әр кезеңіне арналған: (A) проценттің жартысын (1%-тен 1/2); (В) Банк дұрыс белгілейтін және жылдық процент ретінде көрсетілетін Банк өзі ұсынатын моновалюталық заемдары немесе Заемды қамтитын оның бөліктерін қаржыландыру үшін бөлетін төлеуге жататын банктік қарыз алуларға немесе олардың бөліктеріне қатысты алты айлық депозиттерге ұсынылатын Лондондық банкаралық ставкалардан немесе қандай да болмасын өзге бақылау ставкаларынан төмен (немесе жоғары) проценттері есептеудің осындай Кезеңіне арналған алынған (немесе қосылған) орташа өлшенген маржаны білдіреді.
      (с) Банк оларды факті бойынша айқындауды кешіктірместен Проценттерді есептеудің әр кезеңіне арналған ЛИБОР-дың базалық ставкасы мен ЛИБОР-дың жалпы маржасы туралы Заемшыға хабарлайды.
      (d) Банк нарықтық тәжірибедегі 2.06-тарауда көрсетілген проценттік ставкаларды айқындауға әсер ететін өзгерістер жағдайында, тұтастай алғанда заемшылардың мүддесінде және Банктің мүддесінде жоғарыда айтылған тарауда сипатталғаннан өзгеше, Заем бойынша проценттік ставкаларды айқындау үшін негіз қолдану қажет деп шешеді, Банк жоғарыда айтылған тарауда көрсетілгенге қарағанда Заемға қолданылатын проценттік ставкаларды айқындау үшін негіздемені өзгерте алады. Банк кемінде алты (6) ай бұрын ол туралы Заемшыға хабарлай отырып, Заемға қолданылатын проценттік ставкаларды айқындауға арналған негіздемені өзгерте алады. Өзгеріс, егер Заемшы Банкке көрсетілген кезеңнің ішінде мұндай өзгеріске қарсы өзінің қарсылығы туралы хабарламаса хабарлау кезеңі аяқталғаннан кейін күшіне енеді. Мұндай жағдайда Заемға көрсетілген өзгерістер қолданылмайды.
      2.07-тарау. Проценттер мен өзге төлемдер әр жарты жыл сайын заемдық кезеңнің аяғында әр жылдың 15 сәуірі мен 15 қазанында төлеуге жатады.
      2.08-тарау. Заемшы осы Келісімге 3-қосымшада келтірілген амортизация кестесіне сәйкес Заем бойынша борыштың негізгі сомасын өтейді.
                                  ІІІ бап

Жобаны атқару

      3.01-тарау. (а) Заемшы Жобаның осы Келісімге 2-қосымшада жазылған міндеттерін өзінің қолдайтындығын мәлімдейді және ол Жобаны лайықты байыптылықпен әрі тиімділікпен және қолданылып жүрген әкімшіліктік, қаржылық және техникалық ережелерге сәйкес жүзеге асырады;
      қажеттiлiгiне орай қаржылық және материалдық қаражатты, қызмет көрсетулердi және Жоба үшiн қажет басқа да ресурстарды дереу ұсынады.
      (b) Заемшы мен Банк өзгелер туралы келiскен жағдайларды қоспағанда, Заемшы аталған Тараудың (а) тармағының ережелерiн шектеместен осы Келiсiмнiң 5-қосымшасында сипатталған Iске асыру бағдарламасына сәйкес Жобаны жүзеге асырады.
      (b) 3.02-тарау.
      Банк өзгешеге келiскен жағдайларды қоспағанда, Жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi және Заем қаражатының есебiнен қаржыландырылатын тауарларды, жұмыстарды, консультанттардың қызмет көрсетулерiн сатып алу осы Келiсiмге 4-қосымшаның ережелерiмен реттеледi.
      3.03-тарау. Заемшы Жоба аяқталғанға дейiн оның құрамына штаттық бiрлiктердiң бара-бар санын енгiзiп және оған Жобаның жұмысы үшiн қажеттi және Банк үшiн қолданымды болып табылатын осындай функциялар мен өкiлеттiктердi, қаражат пен жабдықтарды берiп ЖIТ қолдайтын болады.
      3.04-тарау. Заемшы жалпы жағдайлардың 9.07-тарауының мақсаты үшiн және оларды шектеместен:
      (а) Банк үшiн қолданымды ережелердің негiзiнде заем жабылған Күннен немесе осы мақсат үшiн Заемшы мен Банк келiсiмге келетiн күннен кейiнгi алты (6) айдан кешiктiрмей Жобаның болашақ жұмысының жоспарын дайындайды және Банкке ұсынады; және
      (b) Банкке көрсетiлген жоспар жөнiнде Заемшымен пiкiр алмасуға орынды мүмкiндiк бередi.
                                  IV бап

Қаржы жағдайлары

      4.01-тарау. (а) Заемшы есеп құжаттары мен бухгалтерлiк есептердi қоса алғанда қаржылық бақылау жүйесiнiң жұмысын, сондай-ақ Банк үшiн қолданымды, жұмыстың операциялық және қаржылық шарттарын бара-бар тұрғыда көрсететiн және Жобаны жүзеге асыруға байланысты операциялардың, ресурстардың және шығындардың жеке есебiн қамтамасыз ететiн нысан бойынша қаржылық есептердi дайындауды белгiлейдi және қамтамасыз етедi;
      (b) Заемшы мыналардың:
      (i) Банк үшiн қолданымды, кейiннен Банк үшiн қолданымды тәуелсiз аудиторлар қолданатын аудиттiң стандарттарына сәйкес әр қаржы жылы бойынша аталған Тараудың (а) тармағында айтылған есеп құжаттарының, есептердің және қаржылық есептердiң және Арнаулы есепке қатысты есептердің аудитiн.
      (ii) Банкке түсуiне орай, бiрақ кез келген жағдайда да әр жыл аяқталғаннан кейiнгi алты айдан кешiктiрмей: (А) ол бойынша аудит жүргiзiлген жыл үшiн аталған Тараудың (а) тармағына сiлтеме мен (В) Банк негiздi сұрау салатын бөлшектендiрудiң сондай көлемiнде және сондай дәрежесiнде көрсетiлген аудиторлар жасаған, осындай қаржылық есептер бойынша қорытынды жасалатын қаржылық есептердiң бекiтiлген көшiрмелерiн ұсынуды; және
      (iii) Банкте көрсетiлген есеп құжаттары мен бухгалтерлiк есептерге және олардың аудитына қатысты, сондай-ақ көрсетiлген аудиторларға қатысты Банк мерзімдi негiздi сұрау салатын осындай ақпараттарды ұсынуды орындауды қамтамасыз етуi тиiс.
      (с) Заемшы оған байланысты шығыстар ведомостарының негiзiнде Заемның Шотынан қаражат алу жүзеге асырылған барлық шығыстар бойынша:
      (i) аталған Тараудың (а) тармағына сәйкес осындай шығыстарды көрсететiн барлық есеп құжаттары мен бухгалтерлiк есептердi жүргiзедi немесе жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      (ii) Банк Заемның Шотынан ақырғы қаражат алу жүзеге асырылған қаржы жылы үшiн аудит туралы есеп берудi алғаннан кейiн кемiнде бiр жыл бойы осындай шығыстар туралы куәландыратын барлық есеп құжаттарын (келiсiмшарттарды, тапсырыстарды, есеп-факторларды, қосымша парақтарды, қолхаттарды және басқа да құжаттарды сақтайды және сақталуын қамтамасыз етедi);
      (iii) Банктің өкiлдерiне осындай есеп құжаттарын тексеруге жәрдем көрсетедi; және
      (iv) осындай есеп құжаттарын бухгалтерлiк есептерден аталған Тараудың (b) тармағында айтылған жыл сайынғы аудиторлық тексеруге енгiзудi, сондай-ақ көрсетiлген аудиторлардың осындай қаржы жылының iшiнде ұсынылған шығыстар туралы ведомостар бойынша, сондай-ақ жұмыс тәртiбi мен тиiстi қаражат алуларды негiздеу үшiн оларды дайындау кезiнде пайдаланылған iшкi бақылаудың сенiмдiлiгi бойынша осындай аудит бойынша жеке қорытындысын есепке енгiзудi қамтамасыз етедi.
      4.02-тарау. (а) Заемшы осы Келiсiмнiң 4.01-тарауының ережелерiн шектеместен, мерзiмдерi бойынша белгiленген және Банк үшiн қолданымды 4.01-тараудың (а) тармағында айтылған, Заемшыда 2000 жылдың 1 сәуiрiнен немесе Банкпен келiсiлген күннен кешiктiрмей Банк үшiн қолданымды Жобаны басқару туралы есептi дайындау мүмкiндiгiн жасауға бағытталған қаржылық басқару жүйесiн нығайту жөнiндегi iс-қимылдардың жоспарын iске асырады, әрi олардың әрқайсында:
      (i) (А) өсетiн қорытындымен айқындалатын және аталған есептi кезеңге арналған Жоба бойынша қаражаттардың iс жүзiндегi көздерi мен оларды пайдаланудың бағыттары, Жоба қаражатының болжанып отырған көздерi мен оны аталған есептi кезең аяқталғаннан кейiнгi алдағы 6 айда пайдаланудың бағыттары айқындалады, сондай-ақ (В) аталған есептi кезең үшiн 3аемның қаражатынан қоса қаржыландырылған шығыстар мен аталған есептi кезең аяқталғаннан кейiнгi алдағы тұрған 6 ай үшiн Заемның қаражатынан қаржыландыру ұсынылған шығыстар жеке көрсетiледi;
      (ii) (А) өсiп келе жатқан қорытындымен және аталған есептi кезең үшiн жобаны iске асырудың нақты барысына сипаттама берiледi, сондай-ақ (В) нақты нәтижелер мен бұрын болжанған мақсаттардың арасындағы алшақтық түсiндiрiледi, сондай-ақ;
      (iii) жобаның шеңберiндегi сатып алулар процесi мен есептi кезеңнiң аяғындағы жағдай бойынша 3аемның қаражатынан қаржыландырылатын келiсiмшарттар бойынша шығыстардың жай-күйi жазылады.
      (b) Осы тараудың (а) тармағында айтылған іс-қимыл Жоспарын іске асыру аяқталғаннан кейін Банк үшін қолданымды басшылық жасау принциптеріне сәйкес Заемшы аталған кезең үшін және күнтізбелік жылдың әрбір тоқсаны аяқталғаннан кейін 45 күндік мерзімнен кешіктірмей Жобаны басқару туралы есеп дайындайтын және Банкке ұсынатын болады.
                                  V бап



                   Күшіне ену күні; Қолданылуын тоқтату
      5.01-тарау. Заем туралы келісімнің Жалпы шарттардың 12.01 (с) тарауы мазмұнының шеңберінде күшіне енуінің, атап айтқанда осы Келісімнің 4.01 (b) (і) тарауында айтылған аудиторлар тағайындаған қосымша шарттар ретінде мынадай жағдай нақты айтылады.
      5.02-тарау. Осымен Жалпы шарттардың 12.04-тарауының мақсаттары үшін осы Келісімге қол қойылған күннен бастап тоқсан (90) күні мерзім белгіленеді.
                                 VI бап



                    Заемшының өкілдері; Мекен-жайлар

     6.01-тарау. Жалпы шарттардың 11.03-тарауының мақсаты үшін Заемшының 
Қаржы министрі немесе Қаржы министрінің орынбасары Заемшының өкілі ретінде 
тағайындалады.      
     6.02-тарау. Жалпы шарттардың 1.01-тарауының мақсаты үшін мынадай 
мекен-жайлар көрсетіледі:
     
     Заемшының мекен-жайы:
     Қазақстан Республикасы
     473000 Астана
     Республика даңғылы, 60
     Қаржы министрлігі
     Телекс: 264126 (FILIN)
     
     Банктің мекен-жайы:
     Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкі
     Эйч-стрит 1818, N.W.
     Вашингтон, О.К. 20433
     Америка Құрама Штаттары
     Телеграфтық мекен-жайы: 
     Телекс:
     ХҚДБ             248423 (MCI) немесе
     Вашингтон, О.К   64145 (МСI)

     Осыны куәландырып өздерiнiң уәкiлеттiк берiлген өкiлдерi арқылы 
iс-қимыл жасайтын осы Келiсiмге қатысушылар тиiсiнше өздерiнiң атынан 
Қазақстан Республикасында, Астана қаласында мәтiннiң ең басында 
көрсетiлген күнi және жылы осы келiсiмге қол қоюды қамтамасыз еттi.
                  
                            Қазақстан Республикасы
                           Уәкiлеттiк берiлген өкiл
                  Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкі
                       Еуропа және Орталық Азия бойынша
                аймақтық вице-президенттiң мiндетiн атқарушы


                                 І-қосымша

Заемның қаражатын алу

      1. Төменде келтiрiлген кестеде 3аемның қаражатынан қаржыландыруға, әр

Санат үшiн Заемның қаражатын бөлуге жататын баптардың Санаттары мен әр 
санаттың шеңберiнде осындай қаржыландыруға жататын баптар бойынша 
шығыстардың процентi ұсынылып отыр:
      
           Санат              Заемның сомасын            Қаржыландырылатын
                              бөлу (долларлық             шығыстардың %-i
                                  баламда)
 __________________________________________________________________________
 (1) Тауарлар                                       Шетелдік валютада 100%
                                                    шығыстар
 (a) Жобаның В.1, В.2 (a)     4.400.000           Жергілікті валютада 100% 
 және С.1 бөліктері үшін                            шығыстар 
                                                    (Франко-зауыттың құны) 
 (b) В.2(b) бөлігі үшін       1.700.000             Жергілікті сатып алуды 
                                                    жүзеге асыру кезінде   
                                                    басқа ережелер үшін    
                                                   жергілікті валютада 80% 
                                                    шығыстар           
 (2) Консультациялық қызмет   6.100.000             100%
 көрсетулер             
 (3) Оқыту                    2.035.000             100%
 (4) Жұмыстар                   700.000             80%
 (5) Ағымдағы операциялық       900.000             100%
 шығыстар
 (6) Жобаны даярлауға           500.000             Аталған Келісімнің 2.02
 арналған авансты жабу                              (с) тарауына сәйкес    
 
                                                   төлеуге жататын сомалар 
 (7) Комиссиялық                165.000             Аталған Келісімнің 
                                                    2.04-тарауына сәйкес   
                                                    төлеуге жататын сомалар
 Жиыны                       16.500.000
 
     2. Аталған Қосымшаның мақсаты үшiн:


      (а) "шетелдiк валютадағы шығыстар" терминi Заемшының елiн қоспағанда кез келген басқа елдiң Заемшының елiн қоспағанда кез келген елдiң аумағынан әкелiнетiн тауарлар мен қызмет көрсетулерге арналған валютадағы шығыстарын бiлдiредi;
      (b) "жергiлiктi валютадағы шығыстар терминi" Заемшының аумағынан берiлетiн тауарлар мен қызмет көрсетулерге арналған Заемшының валютадағы шығыстарын білдiредi;
      (с) "Оқыту" терминi оқыту қызмет көрсетулерiн көрсеткен оқу орындарына немесе басқа да институттар мен ұйымдарға есептелген гонорарларды және осыған байланысты көлiктiк шығыстарды, тұруға, тәулiктiкке байланысты шығыстарды, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлердi, судьяларды және сот қызметкерлерiн оқытуға байланысты басқа да шығыстарды бiлдiредi; және
      (d) "қосымша ағымдағы шығыстар" терминi Жобаны iске асыруға, басқаруға, оның атқарылуын байқауға және тексеруге байланысты Әдiлетминi шеккен қосымша ағымдағы шығыстарды, оның iшiнде ұйымдастыру техникалары мен жұмсалатын материалдардың, көлiк құралдарын пайдаланудың, iссапарлардың құнын, Жобаны атқаруды тексеруге, байланысқа, банктiк қызмет көрсетулерге арналған шығындарды, сондай-ақ осы Келiсiмнiң 4.01-тарауының шарттары бойынша жүргiзiлуi қажет аудиттерге, Заемшы мемлекеттiк қызметтегi ресми адамдардың жалақысын қоспағанда ЖIТ консультанттарының еңбегiне ақы төлеуге байланысты шығыстарды және коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметiне, кеңсе тауарларына және кеңсе жабдықтарын баптауға ақы төлеудi қоса алғанда, Судьяларды Оқыту жөнiндегi институттың қызметiн жүзеге асыру кезiнде пайда болатын ағымдағы операциялық шығыстарды бiлдiредi.
      3. Жоғарыдағы 1-тармақтың ережелерiне қарамастан ешқандай қаражатты алу:
      (а) осы Келiсiмнiң күнiне дейiн; және
      (b) Заемшы соттық рақымшылық жасау мен соттық iс жүргiзу шараларын, Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен iрiктеп алынған үш облыстық соттарының сот шешiмдерiнің атқарылуын жақсарту жөнiндегi шараларды әзiрлегенге және енгiзгенге және осы Келiсiмге 5-қосымшаның 3-тармағына сәйкес Ұлттық бәрiн қамтитын Жоспар дайындағанға дейiн (1 (b) Санаты бойынша жүргiзiлген шығыстарды жабуы үшiн жүзеге асырылмауы тиiс.
      4. Банк Заемшыға құлақтандыруды Банк нақты көрсететiн барлық сол шарттарда (i) 200 000 долларға баламдыдан аспайтын келiсiмшарттар бойынша тауарларға, (ii) 100 000-ға баламдыдан аспайтын келiсiмшарттар бойынша жұмыстарға, (iii) 100 000 долларға баламдыдан аспайтын келiсiмшарттар бойынша консультациялық фирмалар ұсынған қызмет көрсетулерге, (iv) дербес консультанттардың 50 000 доллардан аспайтын қызмет көрсетулерiне, (v) 500 000 долларға баламдыдан аспайтын келiсiмшарттар бойынша оқытуға және (vi) 50 000 долларға баламдыдан аспайтын келiсiмшарттар бойынша қосымша ағымдағы шығыстарға арналған шығыстарды жабу үшiн шығыстар ведомосының негiзiнде қаражатты Заемның Шотынан алуды талап ете алады.
                                2-Қосымша

Жобаның сипаты

      Осы Жобаның басты мақсаты Заемшыға құқықтық және реттеушi жүйе мен нарықтық экономиканың жұмыс iстеуi үшiн шешушi болып табылатын бағыттар бойынша институттарды дамытуға көмек көрсету болып табылады. Атап айтқанда, Жоба: (а) Заемшының заң жобаларын жасау жөнiндегi мүмкiндiктерi мен заң шығару процесiнiң өзiн күшейтуге, заң актiлерiнiң сапасы мен атқарылуын арттыруға; (b) неғұрлым ашық, пәрмендi, тиiмдi және қол жетiмдi сот жүйесiн дамытуды қолдауға; (с) мемлекеттiк қызметшiлер, судьялар, парламентарилер, заңгерлер мен кәсiпкерлер және тұтастай алғанда халық үшiн неғұрлым сенiмдi, бәрiн қамтитын және қазiргi заманғы құқықтық ақпаратқа қол жетiмдiлiктi жақсартуға және жұртшылықтың ақпараттандырылуын күшейтуге және жұртшылықты құқықтық процестерге жұмылдыруға бағытталған.
      Жоба белгiленген мiндеттерге қол жеткiзу мақсатында Заемшы мен Банктiң арасындағы уағдаластық бойынша ауық-ауық өзгерiске ұшырауы мүмкiн болатын мынадай бөлiктерден тұрады:
      А бөлiгi: Заң жобаларын әзiрлеу және институттық мүмкiндiктердi нығайту
      1. Консультанттардың қызмет көрсетулерiн қаржыландырудың есебiнен нарықтық экономика мен экономикалық реформаларды қолдау үшiн қажеттi нормативтiк құқықтық актiлерге түзетулер дайындау және енгiзу.
      2. Әдiлетминiнің консультанттардың қызмет көрсетулерi мен оқытуды қаржыландырудың есебiнен заң жобаларын әзiрлеу, ұйымдастыру және басқару мәселелерiндегi институттық мүмкiндiктерiн күшейту.
      3. Түрлi министрлiктер мен ведомстволардың экономикалық заң актiлерi саласында заң шығармашылығымен айналысатын мемлекеттiк қызметшiлердің оларды оқытуды қаржыландырудың есебiнен заң жобаларын жазу жөнiндегi қабiлетiн дамытуды қолдау.
      В Бөлiгi: Сот жүйесiн нығайту
      Консультанттардың қызмет көрсетулерiне, оқытуға, тауарлар мен жұмыстарды сатып алуға ақы төлеуге және ағымдағы операциялық шығыстарды төлеуге байланысты шығыстарды қаржыландырудың есебiнен судьяларды оқыту Институтының институттық мүмкiндiктерiн күшейту, оқу бағдарламалары мен педагогикалық әдiстемелердi әзiрлеу, судьялар мен сот қызметкерлерi үшiн оқу семинарларын өткiзу және оқыту саласындағы қызметтердiң басқа да түрлерiн дамытуды күшейту арқылы құқықтық бiлiм мен оқыту саласын қолдау.
      2. (а) Консультанттардың қызмет көрсетулерiн, тауарларды және оқытуды қаржыландырудың есебiнен соттарды басқару мен сот iстерiн жүргiзудiң әдiстерiн және Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен iрiктелiнiп алынған үш облыстық соттарының сот шешiмдерiнiң сапасы мен атқарылуын жетiлдiру жөнiндегi шараларды әзiрлеу және iске асыру.
      (b) Консультациялық қызмет көрсетулердi, тауарларды және оқытуды қаржыландырудың есебiнен республикалық деңгейде соттық әкiмшiлiктендiру мен iс қағаздарын жүргiзу әдiстерiн және Қазақстан Республикасы соттарының сот шешiмдерінің сапасы мен атқарылуын жақсарту жөнiндегi шараларды iске асыру.
      С. Бөлiгi: Құқықтық Ақпарат және жұртшылықты ақпараттандыру
      1. Тауарларды, консультациялық қызмет көрсетулердi, оқытуды және жұмыстарды қаржыландырудың есебiнен құқықтық ақпараттың қазiргi заманғы, сенiмдi, бәрiн қамтитын және қол жетiмдi жүйесiн дамыту.
      2. Консультанттардың қызмет көрсетуiн қаржыландырудың есебiнен құқықтық ақпараттың ұлттық жiктемесiн әзiрлеу.
      3. Консультациялық қызмет көрсетулердiң көмегiмен жұмыс семинарлары мен БАҚ компанияларын қаржыландырудың есебiнен қоғамды заңдық құқықтар мәселелерi мен басқа да құқықтық мәселелер бойынша ақпараттандыруды күшейту.
      D. Бөлiгi: Жобаны басқару мен iске асыруды қолдау
      Консультанттардың қызмет көрсетулерін, оның ішінде аудит, оқыту жөніндегі қызмет көрсетулерді және қосымша ағымдағы шығындарды қаржыландырудың есебінен Әділетминіне Жобаны іске асыруға көмектесу.
                                   *******



      Жоба 2003 жылдың 1 сәуіріне дейін аяқталады деп ұйғарылуда
                                  3-Қосымша

Өтеу кестесi


     Тиесiлi төлем күнi                  Заем бойынша борыштың негізгі
                                        сомасы бойынша төлем (доллармен)
<*>

     2004 жылдың 15 қазаны                 355000
     2005 жылдың 15 сәуiрi                 365000
     2005 жылдың 15 қазаны                 375000
     2006 жылдың 15 сәуiрi                 385000
     2006 жылдың 15 қазаны                 395000
     2007 жылдың 15 сәуiрi                 405000
     2007 жылдың 15 қазаны                 420000
     2008 жылдың 15 сәуiрi                 430000
     2008 жылдың 15 қазаны                 445000
     2009 жылдың 15 сәуiрi                 455000
     2009 жылдың 15 қазаны                 470000
     2010 жылдың 15 сәуiрi                 485000
     2010 жылдың 15 қазаны                 495000
     2011 жылдың 15 сәуірi                 510000
     2011 жылдың 15 қазаны                 525000
     2012 жылдың 15 сәуiрi                 540000
     2012 жылдың 15 қазаны                 555000
     2013 жылдың 15 сәуiрi                 575000
     2013 жылдың 15 қазаны                 590000
     2014 жылдың 15 сәуiрi                 605000
     2014 жылдың 15 қазаны                 625000
     2015 жылдың 15 сәуiрі                 640000
     2015 жылдың 15 қазаны                 660000
     2016 жылдың 15 сәуiрi                 680000
     2016 жылдың 15 қазаны                 700000
     2017 жылдың 15 сәуiрi                 720000
     2017 жылдың 15 қазаны                 740000
     2018 жылдың 15 сәуiрi                 760000
     2018 жылдың 15 қазаны                 785000
     2019 жылдың 15 сәуiрi                 810000
     _____________________
     
<*>
 - Осы бағандағы сандар Жалпы шарттардың 4.04 (d) тарауында 
айтылғандарды қоспағанда, доллармен өтеуге жататын соманы көрсетедi

                              4-Қосымша 
     
          Сатып алулар мен консультанттардың қызмет көрсетулерi 
     
     1-тарау. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алу 
     
     А Бөлiгi: Жалпы ережелер


      Тауарлар мен жұмыстар Банк 1995 жылғы қаңтарда жариялаған және 1996 жылғы қаңтар мен тамызда және 1997 жылғы қыркүйекте пысықталған "ХҚДБ"-ның заемы мен МАР-дың несиелерi бойынша сатып алулар" туралы Басшылықтың (Басшылық) 1-тарауының ережелерi мен аталған Қосымшаның 1-тарауының мына ережелерiне сәйкес сатып алынады.
      В Бөлiгi: Халықаралық конкурстық сауда-саттықтар
      1. Осы Тараудың С бөлiгiнде жазылғандарды қоспағанда, тауарлар мен жұмыстар Басшылықтың II Тарауы мен II Тарауға 1-қосымшаның 5-тармағына сәйкес берiлетiн келiсiмшарттардың шеңберiнде сатып алынады.
      С Бөлiгi: Сатып алулардың басқа да рәсiмдерi
      1. Халықаралық сатып алулар
      Бағалау құны 50 000 долларға баламдыдан аспайтын жиынтық сомаға дейiнгi келiсiм-шарт үшiн кемiнде 20 000 долларға баламдыны құрайтын тауарлар Басшылықтың 3.5 және 3.6-тармақтарының ережелерiне сәйкес халықаралық бөлшек саудадағы сатып алулардың рәсiмi бойынша берiлетiн келiсiмшарттардың шеңберiнде сатып алынады.
      2. Ұлттық сатып алулар
      Бағалау құны 500 000 долларға баламдыдан аспайтын жиынтық сомаға дейiнгi келiсiм-шарт үшiн кемiнде 50 000 долларға баламдыны құрайтын тауарлар Басшылықтың 3.5 және 3.6-тармақтарының ережелерiне сәйкес ұлттық бөлшек саудадағы сатып алулардың рәсiмi бойынша берiлетiн келiсiмшарттардың шеңберiнде сатып алынады.
      3. Шағын жұмыстарды сатып алу
      Бағалануы бойынша құны келiсiмшарт үшiн баламды 100000 АҚШ долларынан төмен соманы құрайтын және жиынтығында 800000 долларға баламдыдан аспайтын жұмыстар жазбаша шақыруға жауап ретiнде үш (3) бiлiктi отандық мердiгерлерден алынған ұсыныстың негiзiнде берiлетiн көрсетiлген баға мен бiржолы төленетiн келiсiмшарттар бойынша сатып алынады. Жазбаша шақыру: жұмыстың егжей-тегжейлi сипатын, оның iшiнде базалық ерекшелiгiн, жұмысты аяқтаудың талап етiлетiн күнiн, Банк үшiн қолданымды келiсiмнiң базалық нысанын және қажет болған жағдайда тиiстi сызбаларды қамтуы тиiс. Келiсiмшарт талап етiлетiн жұмыстардың ең төменгi бағасын ұсынатын және келiсiмшартты табысты орындау үшiн талап етiлетiн тәжiрибесi мен ресурстары бар мердiгермен жасалады.
      D. Бөлiк. Банктiң сатып алулар туралы шешiмдердi қарауы
      1. Сатып алуларды жоспарлау
      Алдын ала бiлiктiлiк iрiктеуге немесе конкурстық сауда-саттықтарға қатысуға қандай да болмасын шақырулар жолданғанға дейiн Жобаның мақсатында ұсынылатын сатып алулардың жоспары Басшылыққа 1-қосымшаның 1-тармағының ережелерiне сәйкес оны қарау және бекiту үшiн Банкке ұсынылады. Барлық тауарлар мен жұмыстарды сатып алу Банк бекiткен сатып алу жоспарына сәйкес, сондай-ақ 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
      2. Алдын ала қарау
      (а) Осы Тараудың В бөлiгi бойынша жасалған әрбiр келiсiмшартқа қатысты Басшылыққа 1-қосымшаның 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген тәртiп қолданылады.
      (b) Осы Тараудың С.1 бөлiгi мен С.2 бөлiгi бойынша жасалған алғашқы екi келiсiмшарттарға қатысты мынадай рәсiмдер қолданылады:
      (i) берушi таңдалғанға дейiн еркiн саудадағы сатып алудың рәсiмдерi бойынша келiсiмшартқа қол қойылады, Заемшы Банкке салыстырулар мен бағалары бар ұсыныстардан алынған баға туралы есеп ұсынады;
      (ii) еркiн саудадағы сатып алулар рәсiмiнің негiзiне жасалатын келiсiмшартқа қол қойылғанға дейiн Заемшы Банкке келiсiмшарттың ерекшелiгi мен жобасының көшiрмесiн ұсынуы тиiс;
      (iii) "Басшылық" деген 1-қосымшаның 2(f) 2(g) және 3-тармақтарында белгіленген рәсiмдер.
      3. Одан кейiнгi қарау
      Аталған Бөлiктiң 2-тармағының күшi қолданылатын әрбiр келiсiмшартқа қатысты Басшылыққа 1-қосымшаның 4-тармағында айтылған тәртiп қолданылады.
      II Тарау. Консультанттарды жалдау
      А. Бөлiгi: Жалпы ережелер
      Консультанттардың қызмет көрсетуi Кiрiспе мен 1997 жылғы қаңтарда жарияланған және 1997 жылғы қыркүйекте пысықталған "Дүниежүзiлiк Банк заемшыларының консультанттарды пайдалануы" деген Басшылықтың (Консультанттарға басшылық) IV Тарауының ережелерiмен және аталған қосымшаның II тарауының мына ережелерiне сәйкес сатып алынады.
      В Бөлiгi: Сапасы мен құнын бағалаудың негiзiнде iрiктеу Аталған Тараудың С бөлiгiнде айтылған жағдайларды қоспағанда консультанттардың қызмет көрсетулерi сапасы мен құнын бағалаудың негiзiнде консультанттарды iрiктеуге қолданылатын Консултанттар жөнiндегi Басшылықтың II Тарауының, оған 1-қосымшаның З-тармағының, оған 2-қосымшаның және Консультанттар жөнiндегi Басшылықтың 3.13-3.18-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлетiн келiсiмшарттардың шеңберiнде сатып алынады.
      С. Бөлiгi: Консультанттарды iрiктеудiң басқа да рәсiмдерi
      1. Сапасының негiзiнде iрiктеу
      Оқытуға арналған қызмет көрсетулер Консультанттарды жалдау жөнiндегi басшылықтың 3.1-3.4-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлетiн келiсiмшарттар бойынша сатып алынады.
      2. Көрсетілген бюджеттiң шарттарымен iрiктеу
      Оқытуға арналған қызмет көрсетулер Консультанттарды жалдау жөнiндегi басшылықтың 3.1-3.5-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлетiн келiсiмшарттар бойынша сатып алынуы мүмкiн.
      3. Консультанттардың бiлiктiлiгi негiзiнде iрiктеу Бағалау құны келiсiмшарт үшiн 50 000 доллардан төмен сомаға баламдыны құрайтын жергiлiктi семинарлар мен оқытуды жүргiзуге арналған қызмет көрсетулер Консультанттарды жалдау жөнiндегi басшылықтың 3.1-3.7-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлетiн келiсiмшарттар бойынша сатып алынуы мүмкiн.
      4. Дербес Консультанттар
      Консультанттар жөнiндегi басшылықтың 5.1-тармағында көрсетiлген мiндеттер, қанағаттандырылатын талаптар бойынша қызмет көрсетулер Консультанттар жөнiндегi басшылықтың 5.1-5.3-тармақтарының ережелерiне сәйкес дербес консультанттарға берiлетiн келiсiмшарттардың шеңберiнде сатып алынады.
      D Бөлiгi: Банктiң Консультанттарды iрiктеу процесiн қарауы
      1. Іріктеуді жоспарлау
      Консультанттарға қандай да болмасын сұрау салулар немесе ұсыныстар жолданғанға дейiн Жоба бойынша консультанттарды iрiктеудiң ұсынылатын жоспары Консультанттар жөнiндегi басшылыққа 1-қосымшаның 1-тармағының ережелерiне сәйкес оны қарау және бекiту үшiн Банкке немесе Ассоциацияға ұсынылады. Консультанттардың барлық қызмет көрсетулерiн iрiктеу Банк бекiткен және көрсетiлген 1-тармақтың ережелерiне сәйкес осындай iрiктеу жоспарына орай жүргiзiледi.
      2. Алдын ала қарау
      (а) бағалау құны 100 000 долларға немесе одан асқанға баламды әрбiр келiсiмшартқа қатысты Консультанттар басшылығына 1-қосымшаның 1,2 (2 (а) тармағының үшiншi тармақшасынан ерекше) және 5-тармақтарында белгiленген тәртiп қолданылады.
      (b) Бағалау құны 50 000 және одан астам долларға баламды дербес консультанттарды жалдау кезiндегi әрбiр келiсiмшартқа қатысты Банкке алдын ала қарау және бекiту үшiн консультанттардың бiлiктiлiгi, жұмыс тәжiрибесiнiң сипаттамасы, техникалық тапсырмалар және оларды жалдаудың шарттары ұсынылады. Келiсiмшарт осындай бекiту берiлгеннен кейiн ғана берiледi.
      3. Одан кейiнгi қарау
      Аталған Бөлiктiң 2-тармағының күшi қолданылмайтын әрбiр келiсiмшартқа қатысты Консультанттарға басшылықтың 1-қосымшасының 4-тармағында сипатталған тәртiп қолданылады.
                                  5-Қосымша

Iске асыру бағдарламасы

      1. Заемшы:
      (а) өзiне ұдайы мониторинг пен Заемшы мен Банктің арасында келiсiлген Жобаны орындаудың көрсеткiштерi мен оның мiндеттерiне қол жеткiзу жөнiндегi бағалауды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн саясат пен тәртiптi ұстанады;
      (b) Банктi қанағаттандыратын техникалық мiндет бойынша Жобаның әрбiр күнтiзбелiк жылы аяқталғаннан кейiн 60 (алпыс) күннен кешiктiрмей көрсетiлген есеп күнiндегi Жобаны iске асырудың прогресi, қол жеткiзiлген нәтижесi бойынша және Жобаны iске асырудың тиiмдiлiгi мен одан кейiнгi кезеңде оның мiндеттерiне қол жеткiзудi қамтамасыз етудің ұсынылатын шаралары бойынша мониторинг пен аталған Тараудың (а) тармағына сәйкес жүзеге асырылатын қызметтi бағалаудың нәтижелерi бойынша жылдық есеп дайындайды және Банкке ұсынады; және
      (с) жоғарыда (b) тармақшада айтылған кезең аяқталғаннан кейiн 60 (алпыс) күннiң iшiнде немесе Банк қандайды сұраса осындай неғұрлым кейiнiрек күнге дейiн Банк пен аталған тармақтың (b) тармақшасында айтылған есептi қарайды және осыдан кейiн көрсетiлген есептiң қорытындылары мен ұсынымдарының және Банктiң осы мәселе бойынша пiкiрiнің негiзiнде Жобаны тиiмдi аяқтауды және оның мiндеттерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету үшiн қажеттi барлық шараларды қабылдайды.
      2. Заемшы ЖIТ ұсынатын күн сайынғы техникалық көмек жағдайында ӘМ арқылы Жобаның А бөлiгiн орындайды.
      3. Заемшы ӘМ, Жоғарғы сот және СОИ арқылы Жобаның В.1 бөлiгiн және ӘМ-ның Сот жүйесiн нығайту жөнiндегi байқау комитетi мен Жоғарғы сот арқылы, сондай-ақ ЖIТ ұсынатын күн сайынғы техникалық көмек жағдайында Жобаның В.2 бөлiгiн орындайды. Заемшы Жобаның В.2 (b) бөлiгiн iске асырғанға дейiн жобаның Банк үшiн қолданымды В.2 (b) бөлiгiн iске асыру жөнiнде дейiн бәрiн қамтитын Іс-қимыл жоспарын дайындайды және:
      (а) Жобаның В.2 (b) iске асыруды сипаттап жазады және реформалар мен жобаның В.2 (а) бөлiгi бойынша орындалатын қызметтердiң түрлерiн (сот рахымшылығының әдiстерi мен соттық iс қағаздарын жүргiзу, сот шешiмдерiнің сапасы мен атқарылуын жақсарту жөнiндегi шаралар) аралық бағалауды жалғастырады;
      (b) Жоғарғы сот пен Жобаның В.2 (а) бөлiгiне енгiзiлген үш облыстың соттары iстердiң кемiнде 50 процентiн соттық iс қағаздарын жүргізудің жаңа әдістерiне сәйкес қарайтындығын көрсетедi;
      (с) Жобаның В.2 (b) бөлiгiн орындау үшiн қажеттi құқықтық және нормативтiк iс-қимылдар мен техникалық қажеттiлiктердi сипаттап жазады.
      4. Заемшы Жобаның С.1 бөлiгiн ӘМ мен РҚАО арқылы және Жобаның С.2 және С.З бөлiктерiн ЖIТ ұсынатын күн сайынғы техникалық көмек жағдайында ӘМ арқылы орындайды.
                                  6-Қосымша

Арнаулы есеп

      1. Аталған Қосымшаның мақсаты үшiн:
      (а) "құқықтық күшi бар санаттар" терминi осы Келiсiмге 1-қосымшаның 1-тармағындағы кестеде көрсетiлген (1), (2), (3), (4) және (5) Санаттарды бiлдiредi;
      (b) "құқықтық күшi бар шығындар" терминi Жоба үшiн қажеттi және осы Келiсiмге 1-қосымшаның ережелерiне сәйкес құқықтық күшi бар Санаттарға мерзiмдi бөлiнетiн Заемның қаражатынан қаржыландыруға жататын орынды құны бойынша тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге арналған шығыстарды бiлдiредi; және
      (с) "Рұқсат етiлген қаржы" терминi Қосымшаның 3 (а) тармағына сәйкес, алайда, егер Банк өзгешеге келiспеу шартымен Заемның Шотынан алуға және Арнаулы шотқа есептеуге жататын 1 000 000 долларға баламды соманы бiлдiредi, Рұқсат етiлген қаржы Заемның Шотынан алынған қаражат пен оған қоса Жалпы жағдайлардың 5.02 тарауына сәйкес Банк өзiне қабылдаған барлық орындалмаған арнаулы мiндеттемелердiң жалпы сомасының жиынтық сомасы 2 000 000 долларға баламдыға жеткен немесе одан асқан сәтке дейiн 350 000 долларға баламды сомамен шектеледi.
      2. Арнаулы шоттан төлеу тек аталған Қосымшаның ережелерiне сәйкес құқықтық күшi бар шығындарды жабу үшiн жүзеге асырылады.
      3. Банк өзi үшiн қолданымды Арнаулы шоттың лайықты түрде ашылғандығына растау алғаннан кейiн Арнаулы шотты толықтыру үшiн Рұқсат етiлген қаржыны алу мен одан кейiнгi қаражат алулар мынадай тұрғыда жүргiзiледi:
      (а) Заемшы Рұқсат етiлген қаржыны алу үшiн Банкке сұрау салу немесе тиiстi Арнаулы шотқа Рұқсат етiлген қаржының жиынтық сомасынан аспайтын сомаларды немесе соманы есептеу туралы сұрау салу жолдайды. Осындай сұрау салудың немесе сұрау салулардың негiзiнде Банк Заемшының атынан Заемшы сұраған осындай соманы немесе сомаларды Заемның Шотынан алады және тиiстi Арнаулы шотта сақтап қояды.
      (b) (i) Тиiстi Арнаулы шотты толтыру үшiн Заемшы Банк қалай көрсетсе сондай аралықта депозиттердi тиiстi Арнаулы шотқа есептеу үшiн Банкке сұрау салу жолдайды.
      (ii) Заемшы осындай сұрау салулардың әрқайсысын бергенге дейiн немесе сол сәтте Банкке құжаттар мен осы Қосымшаның 4-тармағына сәйкес оған байланысты шотты толтыруға сұрау салынатын жасалатын төлемдi немесе төлемдердi жүзеге асыру үшiн қажеттi басқа да куәлiктердi ұсынады. Банк осындай сұрау салулардың әрқайсысының негiзiнде Заемшының атынан Заемшы сұратқан және құқықтық күшi бар шығындарды жабу үшiн Арнаулы шоттан төлеу жоғарыда көрсетiлген құжаттар мен басқа да куәлiктерде расталған осындай соманы Заемның Шотынан алады және тиiстi арнаулы шотқа есептейдi. Барлық осындай депозиттердi Банк тиiстi құқықтық күшi бар Санаттар мен жоғарыда көрсетiлген құжаттар мен басқа да куәлiктерге негiзделген тиiстi баламды сомалардың шеңберiнде Заемның Шотынан алады.
      4. Заемшы Арнаулы шоттан жүргiзетiн әрбiр төлемге қатысты Заемшы Банк негiздi сұрау салған мерзiмдерде Банкке осындай құжаттар мен осындай төлемнiң тiкелей құқықтық күшi бар шығыстарды жабу үшiн жасалғандығын растайтын басқа да куәлiктердi ұсынуы тиiс.
      5. Осы Қосымшаның 3-тармағының ережелерiне қарамастан Банктен қандай да болмасын Арнаулы Шотқа одан әрi қаражаттар есептеудi жүзеге асыру талап етiлмейдi:
      (а) егер қандай да бiр сәтте Банк барлық бұдан кейiнгi алуларды Заемшы осы Келiсiмнің Жалпы шарттарының V Бабы мен 2.02 Тарауының (а) тармағының ережелерiне сәйкес тiкелей Заемның Шотынан жүргiзуi тиiс деп белгiлесе;
      (b) егер Заемшы осы Келiсiмнiң 4.01 (b) (ii) тарауында көрсетiлген мерзiмде Арнаулы шот бойынша есептеу құжаттары мен бухгалтерлiк есептердiң аудитiне байланысты көрсетiлген Тарауға сәйкес Банкке ұсыну қажет болған қандай да болмасын аудиторлық есептердi ұсына алмаса;
      (с) егер Банк қандай да бiр уақытта өзiнің Жалпы шарттардың 6.02 ережелерiне сәйкес Заемшының Заемның Шотынан қаражат алуды жүзеге асыруға құқығын толық немесе iшiнара тоқтата тұру ниетi туралы Заемшыны құлақтандырса; немесе
      (d) Заемның Арнаулы шоттағы құқықтық күші бар Санаттарға бөлінген алынбаған жалпы сомасы мен одан алып тастағандағы Жалпы шарттардың 5.02 тарауына сәйкес Банк өзіне алған барлық орындалмаған арнайы міндеттемелердің жалпы сомасы Арнаулы шот үшін Рұқсат етілген қаржының екі еселенген сомасын құрайтын баламмен бірдей болысымен. Бұдан кейін Заемның құқықтық күші бар Санаттарға бөлінген қалған алынбаған сомасын Заемның Шотынан алу Банк Заемшыға құлақтандыруда хабарлайтын рәсімдермен жүзеге асырылады. Қаражатты мұндай одан кейінгі алу, егер Банктің құлақтандыру берілген күнгі тиісті Арнаулы шотта қалған барлық соманың құқықтық күші бар шығындар бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылатындығына көзі жеткен жағдайда ғана және содан кейін ғана жүзеге асырылады.
      6. (a) Егер қандай да болмасын сәтте Банк Арнаулы шоттан қандай да болмасын төлем: (і) осы Қосымшаның 2-тармағына сәйкес құқықтық күші жоқ шығыстарды жабу үшін немесе мөлшерде жасалғандығын; немесе (ii) Банкке ұсынылған куәлікпен негіздемегендігін анықтаса, Банктің құлақтандыруын алған Заемшы дереу: (A) Банк сұрау салуы мүмкін болатын осындай қосымша куәлік ұсынуы немесе (В) тиісті Арнаулы шотқа (немесе, егер Банк осындай сұрату жасаса Банкке өтеуге) осындай төлемнің мөлшеріне тең соманы немесе

оның құқықтық күші жоқ немесе негізсіз деп табылған бөлігін есептеуге. 
Егер Банк өзгешеге келіспесе, Банк Заемшы осындай ақтау құжаттамасын 
ұсынғанға немесе нақты жағдайға қарай осындай есептеуді немесе қаражатты 
қайтаруды жүзеге асырғанға дейін қаражатты қандай да болмасын Арнаулы 
шотқа салып қоюды одан әрі жүргізбейді. 
     
     Оқығандар: 
          Қасымбеков Б.А.
          Нарбаев Е.Ә. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады