Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (Заем алушы ретінде) мен Кореяның Экспорт-Импорт Банкі (Несие беруші ретінде) арасындағы 3 825 000 АҚШ доллары сомасындағы заем туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 26 шілде N 460-I


     Астана 1998 жылғы 28 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрлігі (Заем алушы ретінде) мен Кореяның Экспорт-Импорт Банкі 
(Несие беруші ретінде) арасындағы 3 825 000 АҚШ доллары сомасындағы заем 
туралы келісім бекітілсін.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
        
                 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
                             Заем алушы ретінде
                                    және
                        Кореяның экспорт-импорт банкі
                            Несие беруші ретінде
                                  жасалған
                               3,825,000 US$
                                 көлеміндегі
                            Заем туралы келісім
                          1998 жылғы 28 желтоқсан

                            Заем туралы Келісім 
     
     Заем туралы осы Келісім: 


      лайықты дәрежеде құрылған және Қазақстан Республикасының заңдары шеңберiнде әрекет ететiн, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Республика даңғылы, 60-үй мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ("Заем алушы"); және
      лайықты дәрежеде құрылған және Корея Республикасының заңдары шеңберiнде әрекет ететiн, бас кеңсесi Корея, Сеул, Yоidо-dоng, Yоungdungро-gu, 16-1 мекен-жайында орналасқан Кореяның Экспорт- Импорт Банкi ("Несие берушi") - арасында______бет болып жасалды және қол қойылды
      Соған сәйкес лайықты дәрежеде құрылған және Қазақстан Республикасының заңдары шеңберiнде әрекет ететiн, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Манас көшесi, 4-үй мекен-жайы бойынша бас кеңсесi тiркелген мемлекеттiк мекеме Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi ("сатып алушы") және әрқайсысы Кореяның заңдарына сай ұйымдастырылған және жұмыс iстейтiн, Корея, 150-606, Сеул, Йодо-Донг, Янгдунгпо-гу, 20, L.G Твин Тауэрс мекен-жайы бойынша бас кеңсесi тiркелген LG International Соrр. and LG Information & Communications Ltd ("Ұжымдық Берермен"), айы-күнi көрсетiлген Police C31 Project ("зауыт") Берерменнiң беруi және Аларманның алуы үшiн келiсiм-шартын ("шарт") жасасты.
      Соған сәйкес Келiсiм-шарттың шеңберiнде Сатып алушы төрт миллион бес жүз мың АҚШ доллары мөлшерiндегi шарттың құнын (4,500,000 АҚШ доллары) ("Келiсiм-шарттың бағасы") Берерменге төлеуi тиiс және Берерменге аванс ретiнде Келiсiм-шарт құнының он бес процентiн (15%-iн) төлеуге әзiр.
      Соған сәйкес Заем алушы Берерменге Келiсiм-шарт құнының сексен бес

процент (85%) мөлшерiндегi төлемдерiн қаржыландыру үшiн негiзгi
жиынтық сомасы үш миллион сегiз жүз жиырма бес мың АҚШ долларынан
аспайтын (3,825, 000 АҚШ доллары) заем берудi Несие берушiден сұрайды;
     және
     Соған сәйкес осы Келiсiмнiң мерзiмдерi мен шарттары сақталған
жағдайда Несие берушi Заем алушының талап еткен заемын беруге келiседi.
     Осы себепті, Заем алушы мен Несие берушi мына төмендегілер туралы
уағдаласты:
     
                         1-Бап
                     Анықтау және талдау
     
     1.1.-бөлім. Анықтама
     
     Мына терминдер, осы Келiсiмнiң қай жерiнде қолданылса да түпнұсқада 
өзге талап қойылмаса, мынадай мағынада болады:


      (а) "Қабылдау уақыты" - Келiсiм-шарттың 9-бабына сәйкес сатып алушының Қабылдау актiсiн шығарған алғашқы уақытын (i) және 1999 жылдың 31 желтоқсанын немесе Заем алушы мен Несие берушiнiң арасында келiсілуi мүмкiн неғұрлым кешiрек уақытты бiлдiредi.
      (b) "Банктiк күн" - банктердiң Сеулде, Нью-Йоркте және Алматыда жұмыс үшiн ашық күнiн бiлдiредi.
      (c) "Төлемдер" - осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес өндiрiлген әрбiр қаражат төлемiн немесе түпнұсқада талап етiлгенiндей, әрбiр осындай төлемнiң негiзгi сомасын білдiредi.
      (d) "Төлемдерге арналған құжаттар" - әрбiр төлемге қатысты Келiсiм-шарттың шеңберiнде Келiсiм-шарттың толық бағасын немесе бiр бөлiгiнiң төлемiн алу үшiн Берермен Заем алушыдан тапсыруды немесе берудi талап ететiн коммерциялық инвойстың, жүкқұжаттың немесе орындалу туралы жазбаның көшiрмесiн бiлдiредi.
      (e) "Орындамау жағдайы" 11.1. бөлімде сипатталған жағдайлардың кез келгенiн бiлдiредi.
      (f) "Тәуекел үшiн төлемақы" әрбiр төлемге қатысты 5.2-бөлiмге сәйкес Заем алушының Несие берушiге тәуекел үшiн жасайтын төлемақысын бiлдiредi.
      (g) "Қаражат" осы Келiсiмнiң шеңберiнде Заем алушының пайдасына бөлiнетiн заем қаражатын, немесе, егер түпнұсқа бойынша осылай талап етілсе, заемның осындай қаражатының сомасын бiлдiредi.
      (h) "Берешек" осы кездегi, сондай-ақ болашақтағы төлемдер немесе ақша

өтемдерi бойынша кез келген мiндеттемелердi бiлдiредi.
     (i) "Проценттердi төлеу уақыты" (i) өтемнiң бiрiншi уақытына дейiнгi
әрбiр жылдың 15 сәуiрiн және 15 қазанын; және (ii) өтемнiң әрбiр
уақытын бiлдiредi.
     (j) "Проценттердi есептеу кезеңi" әрбiр төлемнiң уақытынан басталатын
және проценттерді келесі төлеу уақытының алдындағы уақытта аяқталатын 
кезеңді, және одан әрі проценттерді төлеу уақытынан басталатын және 
проценттерді келесі төлеу уақытының алдындағы уақытта аяқталатын кезеңдi 
бiлдiредi.
     
     (k) "Проценттiк ставка" 4.1-бөлiмде көрсетiлген проценттiк ставканы
бiлдiредi.
     (l) "Корея" Корея Республикасын бiлдiредi.
     (m) "Заем" төленбеген уақыттан қалған төлемдердiң жиынтық негiзгi
сомасын бiлдiредi.
     (n) "Нота" 6.2-бөлiмге сәйкес Несие берушiнiң пайдасына Заем алушы
берген борыштық мiндеттеменi бiлдiредi.


      (o) "Өтеу уақыты" қабылдау уақытынан кейінгі алты (6) айды құрайтын уақытты қоса алғанда, ретiмен келетiн әрбiр он (10) жылды бiлдiредi.
      (р) "Төлем жөнiндегi талап-тiлек" Заем алушының қаражат төлеу жөнiндегi В қосымшасы нысанындағы жазбаша талап-тiлегiн бiлдiредi.
      (q) "АҚШ доллары" немесе "$" Америка Құрама Штаттарының заңды валютасын бiлдiредi.

      1.2 Пайымдау

      (а) Осы Келiсiмнiң бөлiмдерiнiң мазмұны мен тақырыптары сiлтеменiң

қолайлылығы үшiн ғана пайдаланылады және бұл Келiсiмнiң әлдеқандай
ережесiн пайымдауға әсер етпейдi.
     (b) Белгiлi бiр бөлiмге немесе қосымшаға сiлтеме осы Келiсiмнiң 
осындай атаулы Бөлiмiне және Қосымшасына сiлтеме ретiнде түсiндiріледi.
     (с) Жалқы есiмдегi сөз жалпы есiмдi қамтиды, және керiсiнше, түпнұсқа
бойынша қолданылады.
     
                          2-Бап
                        Қаражат
     
     2.1-бөлiм. Қаражат сомасы
     
     Осымен Несие берушi осы Келiсiмде айтылған мерзiмдер мен ережелер
сақталған жағдайда, Заем алушының пайдасына жиынтық сомасы үш миллион 
сегiз жүз жиырма бес мың АҚШ долларын (3,825,000 АҚШ доллары) бөледі.
     
     2.2-бөлім. Мақсаты
     
     Қаражат сомасы Заем алушының Келiсiм-шарт Бағасының сексен бес 
процентiн Берерменнiң төлеуiн қаржыландыруы үшiн ғана пайдаланылады.
     
                              3-Бап
                            Төлеулер
     
     3.1-бөлiм. Төлеулер рәсiмi
     


      8.1 және 8.2 бөлiмдерде айтылған барлық алдын ала ережелер қанағаттанарлық орындалғаннан кейін, осы 3-бапта айтылған төлеулердің рәсiмiне сәйкес Несие берушi заем қаражатын төлейдi.

      3.2-бөлiм. Тiкелей төлеулер рәсiмi

      (а) Заем алушы қажеттiгi бойынша Берермен таңдап алған коммерциялық банктегi Берерменнiң тiкелей есебiне Келiсiм-шарт шеңберiндегi қажеттi соманың төлемiн жасауды талап етедi.
      (Ь) Осындай рәсiм бойынша төлеуге арналған әрбiр талапқа Заем алушының уәкiлеттi өкiлi қол қоюы және төлеулер жөнiндегi тиiстi құжаттармен жiберiлуi керек.
      (с) Төлеуге арналған талапты және төлем жөнiндегi тиiстi құжаттарды Несие берушi алғаннан кейiнгi он (10) банктiк күннiң iшiнде Несие берушi талап етiлген соманы Тiкелей Берерменге төлейдi және осы төлем күнiндегi Төлеудi құрайтын болады.

      3.3-бөлiм. Аккредитив рәсiмi
      (а) Осы Келiсiм шеңберiнде Несие беруші қаржыландыратын Келiсiм-шарт Бағасының бөлiгiне қатысты Заем алушы құжаттық аккредитив (аккредитив) дайындай алады, оны Заем алушының елiндегi коммерциялық банк Кореядағы коммерциялық банкпен ("Корей банкi") кеңесе отырып, ашуы мүмкiн. Аккредитивтi Халықаралық, Сауда Палатасының құжатты аккредитивтерге арналған N 500 басылымының (1993 жылғы қайта басылымы) бiрыңғай ережелерiмен және тәжiрибесiмен реттеледi.
      "Бұл аккредитив Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Кореяның Экспорт-Импорт Банкi арасындағы заем туралы Келiсiмге сәйкес ашылған".
      (b) Несие берушiнiң Корей Банкiне аккредитив арқылы оған төленген шегi бойынша өтемi сол күнгi және осы өтем сомасындағы төлемдi құрайды.
      (с) Аккредитив жөнiндегi келiссөздер Корей Банкiмен шектеледi Несие беруші, аккредитив жөнiндегi келiссөздерге байланысты қабылданған құжаттарда жiберiлген сәйкессiздiктер мен алшақтықтарды қоса алғанда, Корей Банкiнiң аккредитивке қатысты кез келген әрекетiне және кемшілігiне жауап бередi.

      3.4-бөлiм. Өтеу рәсiмi
      (а) Келiсiм-шарттың ережелерiне сәйкес Берерменге Заем алушы жасаған кез келген төлеулердi өтеу үшiн Заем алушы таңдап алған Банктегi Заем алушының шотына Төлемдердiң жүргiзiлуi үшiн
      (b) Осындай рәсiм бойынша төлеуге арналған әрбiр талапқа Заем алушының уәкiлеттi өкiлi қол қоюы және төлемдер жөнiндегi тиiстi құжаттармен және ақы туралы куәлікпен жiберiлуi керек.
      (с) Төлеуге арналған талапты және төлем жөнiндегi тиiстi құжаттарды Несие берушi алғаннан кейiнгi он (10) банктiк күннiң iшiнде Несие берушi талап етiлген соманы Тiкелей Берерменге төлейдi және осы төлеу күнiндегi Төлемдi құрайтын болады.

     3.5-бөлiм. Ережелердiң қолданылымы
     
     Несие берушiмен сөз болған жағдайлардан басқа, қабылдау уақытынан
кейiн Несие берушi ешқандай төлемдердi жасамайды.
     
     3.6-бөлiм. Төлем туралы хабарлама
     
     Жасалған әрбiр төлемнен кейiн Несие берушi мұндай төлемнiң уақыты мен
сомасы туралы Заем алушыны жазбаша нысанда хабардар етедi. Декларацияда 
қателіктер болмаған жағдайда, мұндай Хабарлама тиісті төлем уақыты мен 
сомасының сенiмдi дәлелi болып табылады.
     
                           4-Бап
                Процент және шарттардың
               орындалмағаны үшін процент
     
     4.1-бөлiм. Процент
     


      Заем алушы Заемның қалған және төленбеген негiзгi сомасы үшiн Несие берушiге жылына бес бүтiн жүзден он сегiз проценттiк (5,18%) ставка бойынша процент төлейдi. Мұндай процент проценттер есептелетiн кезең үшін проценттер төленетін әрбiр уақытқа мерзiмi кешіктiрілiп төленедi, алайда, бұл жағдайда проценттi төлеу уақытына дейiнгi жиырма (20) күннiң ішінде жасалған әлдеқандай төлемнен (қорытынды төлемнен емес) жинақталған бiрiншi процент проценттi төлеудiң одан кейiнгi уақытында төленуi мүмкiн.

      4.2.-бөлім. Айып проценті

      Егер Заем алушы осы Келiсiмнiң шеңберiнде төленуге жататын әлдеқандай

соманы тиiстi мерзiмiнде (не Нота бойынша белгiленген мерзiмде немесе
өзге уақытта) төлемесе, Заем алушы мұндай тиiстi уақытты қоса, бiрақ iс
жүзiндегi төлем уақытынан асырмастан, кезең iшiндегi әрбiр күн үшiн
проценттiк ставкадан тыс жылына екi процентке (2%) тең ставка бойынша
мерзiмi өткен төлем Несие берушiге айып процентiн төлейдi.
     
     4.3-бөлiм. Есептесу
     
     Процент пен айып процентi өткен күндердiң iс жүзiндегi саны негiзiнде
есептеледi, ал бiр жылда 360 күн бар.
     
                           5-Бап
                   Шығындар мен шығыстар
     
     5.1-бөлiм. Мiндеттемелер бойынша ақы төлеу
     


      (а) Заем алушы осы Келiсiмге байланысты пайда болатын, проценттердi төлеудiң әрбiр уақытында, қаражаттың күн сайынғы жойылмаған және төленбеген бөлiгiне төленуге тиiстi мiндеттемелер бойынша жылына бiр проценттiң екiден бiрi (1%-тiң 1/2-i) ставкасы бойынша Несие берушiге ақы төлейдi.
      (Ь) Осы Келiсiмге байланысты пайда болатын мiндеттемелер бойынша мұндай ақы осы Келiсiмнiң уақытымен қоса жинақтала бастайды және өткен күндердiң iс жүзiндегi саны негiзiнде есептеледi, ал бiр жылда 360 күн бар.

      5.2-бөлiм. Әлеуеттi шығындардың кепiлдiгі үшiн ақы төлеу

      Әрбiр игеру уақытынан кейiн бес (5) банктiк күн iшiнде Заем алушы әлеуеттi шығындардың кепiлдiгi үшiн әрбiр игеру сомасының төрт бүтiн жүзден жетпiс жетi процентiне тең (4,77%) сомада Несие берушiге ақы төлейдi.

      5.3-бөлiм. Шығыстар

      (а) Заем алушы Несие берушiге оның талабы бойынша, кеңесшiлердiң қаламақысын қоса, осы Келiсiмдi дайындауға, орындауға және толықтырулар енгiзуге байланысты Несие берушi көтерген, 20 000 АҚШ долларынан аспайтын, барлық орынды шығыстар мен шығындардың орнын толтырады.
      (b) Заем алушы Несие берушiге оның талабы бойынша, кеңесшілердiң

қаламақысын қоса, талап-тiлекке, сот талабына немесе осы Келiсiмнiң
шеңберiндегi ережелердi орындамау жағдайы орын алған уақыттан басталатын 
және одан кейiнгi әлдеқандай сомаларды енгiзуге байланысты несие берушi 
көтерген барлық орынды шығыстар мен шығындардың орнын толтырады.
     (с) Несие берушi оған Заем алушы қайтаратын шығыстар мен шығындардың
егжей-тегжейлi жеткiлiктi көшiрмесiн бередi.
     
                          6-Бап
               Өтеу және алдын ала төлеу
     
     6.1-бөлiм. Өтеу
     


      3аем алушы заемды өтеудiң әрбiр уақытында рет-ретiмен тең мөлшердегi он (10) жартыжылдық жарна төлеумен жабатын болады, бұл жағдайда соңғы жарна сол уақытта қалған заем қаражатын толық жабу үшiн қажеттi сомада болады.

      6.2-бөлiм. Борыштық мiндеттемелер

      (а) Өзiнiң заемды және ол бойынша проценттердi төлеу мiндеттемелерiн растау үшiн Заем алушы қабылдау уақытынан бастап он бес (15) күннiң iшiнде А Қосымшасы нысанындағы Нотаны ресiмдейдi және Несие берушiге тапсырады. Нота сол уақытта қалған заем сомасына барабар, негiзгi сомаға арналған болуы керек.

      (Ь) Нота бойынша төленуге тиiстi барлық сомалар бiржола жабылғаннан кейiн нотаға толық жабылғаны туралы белгi қойылады және Несие берушi Заем алушыға тапсыруы керек.

      6.3-бөлiм. Өз еркiмен алдын ала төлеу

      (а) Кемiнде отыз (30) күн бұрын Несие берушiнi жазбаша хабардар еткеннен кейiн Заем алушы алдын ала төлеу уақытына дейiн жинақталған алдын ала төлеу сомасы үшiн проценттермен бiрге заемның барлығын немесе кез келген бөлiгiн, және осы Келiсiмнiң шеңберiнде одан кейiн төленуге тиiстi кез келген басқа соманы алдын ала төлеудi жүргiзе алады.
      (b) Кез келген iшiнара алдын ала төлеудiң сомасы заемды жабу жөнiндегi жарнаның сомасына немесе оның тұтастай есесiне тең болуы керек. Мұндай алдын ала төлеудi төлем мерзiмдерi бойынша керiсiнше тәртiппен заем жөнiндегi жарналарға қолдануға болады. Заем алушы бұл Келiсiм бойынша осындай тұрғыда алдын ала төленген ешқандай соманы қайтадан алуға құқығы жоқ.
      (с) 3аем алушы осы бөлiмге сай жүргiзiлген кез келген алдын ала төлемнен негізгi алдын ала төленетiн соманың екiден бiр (1/2 %) процентi мөлшерiнде алдын ала төлем бойынша бiр мезгiлде сыйлық төлейдi.

     6.4.-бөлім. Міндетті алдын ала төлеу
     
     Егер Келiсiм-шарт кез келген себеп бойынша қабылдау уақытына дейiн
бұзылса немесе жойылса, Заем алушы ешқандай сыйлықсыз немесе айыппұлсыз, 
Несие берушi өзгеше келiскенге дейiн, ол үшiн жинақталған проценттермен 
бiрге заемды Несие берушiге алдын ала төлейдi. Заем мен жинақталған 
проценттер толық жабылған жағдайда, Несие берушi Заем алушыға қатысты 
өзiнiң барлық талаптарынан бас тартады.
     
                          7-Бап
                   Төлемдер және валюта
     
     7.1-бөлiм. Төлем орны
     


      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде Заем алушы жүргiзетiн барлық төлемдер қолда бар қаражаттан АҚШ долларымен Несие берушiнiң шотына (Вааnкеrs Trust Сомраnу, Church Street Stаtiоn, New Yоrк, N. Ү. 10015, U.S.А. (N04-029-695 -шоты) немесе кез келген төлемнiң тиiстi уақытына дейiн кемiнде он бес (15) күн бұрын Несие берушi Заем алушыға жазбаша нысанда берген осындай

басқа шотқа жүргiзiлетiн болады.
     
     7.2-бөлiм. Банктiк күн
     
     Егер осы Келiсiмнiң шеңберiнде Заем алушы жүргiзген әлдеқандай төлем
банктiк болып саналмайтын күнге тап келсе, мұндай төлем ең жақын келесi
банктiк күнге ауыстырылады, ал ол бойынша проценттер тиiстi тұрғыда
реттеледi.
     
     7.3-бөлiм. Төлемдер
     


      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде Заем алушы төлейтiн барлық сомалар кейiнге қалдырылмастан немесе қарсы талапсыз, немесе әлдеқандай шектеу немесе шарт қоймастан, толық төленетiн, әлдеқандай салықтардан немесе басқадай ұсталымдардан, немесе кез келген шегерiмдер түрiнен босатылатын болады.

      7.4-бөлiм. Төлемдердi жиынтықтау

      Егер Заем алушы немесе кез келген тұлға Қазақстан Республикасының әлдеқандай заңына немесе ережесiне сай осы Келiсiмнiң шеңберiндегi төлемнен аударым немесе ұсталым жасаса (салыққа немесе басқа бапқа қатысты), Заем алушы мұндай ұсталымдар мен аударымдар жасалынбаған сияқты, толық соманы Несие берушiнiң алуын қамтамасыз ету үшiн осы төлеммен бiрге қосымша соманы төлеуi керек.

      7.5-бөлiм. Төлемдердi пайдалану

      Егер осы Келiсiмнiң шеңберiнде Заем алушы төлеген әлдеқандай төлемнiң сомасы төленуге тиiстi немесе осындай төлемдерге қатысты төленетiн жалпы сомадан кем болса, Несие берушiнiң негiзгi, проценттер немесе басқа сомалардың есебiнен алынған соманы, өзi қалай пайдалануды тиiмдi деп тапса, солай пайдалануына құқығы бар.

      7.6-бөлiм. Заем шоттары

      Әдеттегi тәжiрибеге сәйкес Несие берушi төлемдердi тiркеу заемды жабу, есеп айырысу және проценттердi төлеу және төленуге тиiстi басқа да сомаларды төлеу жөнiнде бiрқатар шоттар жүргiзедi. Осы Келiсiмге қатысты кез келген сот iсiнде немесе талқылауда осындай шоттар бойынша несие берушi жасаған есеп-қисаптар, мағлұмдамада қателiктерi болмаса, осы Келiсiм шеңберiнде Заем алушының мiндеттемелерi бар екендiгiнiң және оның сомасының бұлжытпайтын дәлелi бола алады.

     7.7-бөлiм. Долларлық мәмiлелер
     
     Төлеуге жататын АҚШ долларындағы барлық сомалардың төлемдерi осы
келiсiм үшiн елеулi болып табылады, және мұндай мiндеттемелер басқа
валютамен жүргiзілген әлдеқандай төлемдермен ақталмайды, мұнда 
қорытындысына немесе басқа тұрғысына және сондай дәрежесiне сәйкес,
әдеттегi банктiк рәсiмдер кезiнде мұндай төлемнiң сомасы АҚШ долларына
дереу алмастырғанның өзiнде АҚШ долларында төленуге тиiстi соманы
кемiте алмайды.
     
                           8-Бап
                    Алдын ала қағидалар
     
     8.1-бөлiм. Ең бастапқы төлеудiң қағидасы
     


      Ең бастапқы Төлеу үшiн алдын ала қағида ретiнде Несие берушiнi қанағаттандырарлық нысандағы және сападағы мынадай құжаттар мен куәлiктердi Несие берушi алуы тиiс:
      (а) Келiсiм-шарт Келiсiм-шарттың ресiмделген көшiрмесi;
      (b) Өкілеттiктер туралы куәлiк Нотаға, төлеу талабына, көшiрмеге және осы Келiсiмге байланысты талап етілетiн басқа да құжаттарға қол қоюға Уәкілеттiк берiлген тұлғаларға арналған өкiлеттiктер туралы, әрбiр осындай тұлғаның қойған қолдарының куәландырылған нұсқаларымен бiрге куәлiк;
      (с) заңгерлiк қорытынды Заем алушы кеңесшiсiнiң көпшiлiк бөлiгiнде D қосымшасының нысаны бойынша заңгерлiк қорытындысы, және
      (d) Іс жүргізуші агенттің қабылдауы туралы хат 12.3-бөлiмде көрсетiлген іс жүргізуші агенттiң көпшілік бөлігінде Е қосымшасының нысаны бойынша хаты.

      8.2-бөлім. Әрбір төлеудің қағидасы

      Әрбiр төлеу үшiн алдын ала қағида ретiнде (бастапқы төлеудi қоса) мына төмендегi қағидалардың әрқайсысы әрбiр төлеу күнi орындалуы тиiс:
      (а) Қағидалардың орындалмаған жағдайы болсын, ол туралы алдын ала немесе бiраз уақыт өткеннен кейiн хабарланған жағдай болсын, немесе екеуі де әрбiр төлеу уақытында болған төлемеу жағдайын жасай алмайды;
      (b) Заем алушы тапсырған барлық өтiнiштер мен кепілдiктер осы Келiсiм

үшiн барлық қатынастарда әрбiр төлеудiң уақыты бойынша және уақытында 
жарамды және нақты болып қалады; және 
     (с) Жоғарыдағы 8.1-бөлiмде айтылған барлық құжаттар мен рұқсаттар 
әрбiр төлеудiң уақытында күшi бар және жарамды немесе, егер әлдеқандай 
өзгерiс болса, Несие берушi осыған қатысты қосымша куәлiк және тиiстi 
қолхаттар алуы керек.
     
                            9-Бап
                  Тапсыру және кепілдік беру
     
     Заем алушы Несие берушiге мыналарды тапсырады және кепілдiк бередi:
     
     9.1-бөлiм. Заем алушының мәртебесi
     


      Заем алушы Қазақстан Республикасының заңдары шеңберiнде тиiстi тұрғыда құрылған және заңды түрде әрекет ететiн, және өз iсiн қазiргi уақытта жүргiзiлiп отырғанындай, жүргiзе беруге, және осы Келiсiмде қарастырылған мәмiлелердi жасауға құқығы мен өкiлеттiгi бар мемлекеттiк мекеме болып табылады.

      9.2-бөлiм. Заем алушының өкiлеттiгi

      Заем алушы осы Келiсiмдi ресiмдеуге және тапсыруға арналған өкілеттiктердi алу үшiн барлық қажеттi әрекеттер мен рәсiмдердi орындады, сондай-ақ осы Келiсiмнiң шеңберiнде өзiнiң мiндеттемелерiн орындауға арналған өкiлеттiктердi алу үшiн талап етiлген басқа барлық құжаттарды тапсырды.

      9.3-бөлiм. Жүзеге асырылуы

      Осы Келiсiм тиiстi тұрғыда ресiмделдi және тапсырылды, сондай-ақ Нота да тиісті тұрғыда ресiмделдi және тапсырылды, және олардың қағидаларына сәйкес Заем алушының оған жүктелген өз мiндеттемелерiн орындауы үшiн заңды және мiндеттi болып табылады.

      9.4-бөлім. Тәртіпті бұзбау

      Осы Келiсiмнiң ресiмделуi, тапсырылуы және атқарылуы (i) Заем алушыға қолданылатын әлдеқандай заңды немесе ереженi бұзбайды және қайшы келмейдi, және (ii) борышты бұзғандық немесе Заем алушы тараптардың бірi болып табылатын кез келген басқа келiсiмдер шеңберiндегi борыштың бұзылуына апарып соқтыратын жағдай болып табылмайды.

      9.5-бөлiм. Заем рангi

      3аем алушының осы Келiсiм және Нота бойынша мiндеттемелерi, заңда өзгеше қарастырылған жағдайлардан басқасында, ең жоқ дегенде, Заем алушы төлемдерiнiң басымдығындағы және барлық басқа берешектерiмен бiрге барлық қалған қатынастарындағы раri passu сияқты, сыныпталады және сыныпталатын болады.

      9.6-бөлiм. Yкiметтiң мақұлдауы

      Заем алушының осы Келiсiмдi ресiмдеу және атқару өкiлеттiктерi үшiн қажеттi, немесе осы Келiсiмнiң күшiне енуi және атқарылуы үшiн талап етiлетiн барлық үкiметтiк рұқсаттар мен мақұлдаулар тиiстi тұрғыда алынды немесе орындалды және толық күшi бар және заңды түрде жарамды болып табылады.

      9.7-бөлiм. Сот талқылауы

      Заем алушының қаржылық жағдайына немесе бизнесiне елеулi және терiс Тұрғыда соттың немесе мемлекеттiк агенттiң тарапынан туатын қатерлi, алда тұрған немесе, Заем алушыға белгiлi болып отырғанындай, сот талқылауы немесе соттық қудалау жоқ.

      9.8-бөлiм. Қағидалардың орындалмау оқиғасының жоқтығы

      Орындалмаған жағдай болсын, ол туралы алдын ала немесе бiраз уақыт өткеннен кейiн хабарланған жағдай болсын, немесе екеуi де Заем алушы тараптардың бiрi болып табылатын, немесе сол бойынша оның шектелуi мүмкiн басқа да оқиғалардың шеңберiнде қағидалардың орындалмауы немесе төлемеу оқиғасы болып табылады.
      Заем алушының тапсырған барлық материалдары мен кепiлдiктерi, бұл Келісiмде тұрақты тапсырымдар мен кепiлдiктерге айналады және Заем алушы осы уақытта орын алған фактілерге сүйене отырып, төлеуге арналған әрбір сұранымның уақытында қайталайды деп күтіледi.

                         10-Бап
                       Ережелер

      Заем алушы келiсiмге қол қояды және осы Келiсiмнiң шеңберiнде барлық сомалар толықтай төленгенге дейiн ол мынандай мiндеттемелердi орындайды:

      10.1-бөлiм. Заем алушының мiндеттемелерi

      Аларман мен Берерменнiң арасында жасалған Келiсiм-шарттың орындалуына байланысты Берерменге немесе кез келген басқа тұлғаға осы кезде немесе кейiн болуы мүмкiн талаптарға қарамастан, осы Келiсiм мен Нота жөнiндегi өзiнiң барлық мiндеттемелерiн орындайды. Заем алушы осыған байланысты осы келiсiм шеңберiндегi берешек жөнiндегi қарсы талаптар немесе төлемдердi ұстап қалу немесе кейiнге қалдыру үшiн негiз болатын мұндай талаптарды пайдаланған тежелуге келiседi.

      10.2-бөлiм. Ережелердiң орындалмауы туралы хабарлама

      Заем алушы ол туралы алдын ала немесе бiраз уақыт өткеннен кейiн хабарланған, немесе екеуi де ережелердiң орындалмаған оқиғасын бiлдiретiн немесе білдiруге тиiстi әрбiр оқиға туралы, және Заем алушының осы Келiсiм бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн атқару қабiлетiне елеулi және терiс ықпалы бар немесе ықпал ететiн басқадай әрбiр оқиға туралы Несие берушiге тез арада жазбаша хабар бередi.

      10.3-бөлiм. Келiсiм-шарттың өзгеруi

      Тараптар Келiсiм-шартқа әлдеқандай елеулi өзгерiстердi немесе Қосымшаларды енгiзгенге дейiн, Заем алушы Несие берушiнiң себепсiз бас тартуға болмайтын жазбаша келiсiмiн алуы немесе Берерменнiң алуын қамтамасыз етуi тиiс. Заем алушы мұндай өзгерiстер мен қосымшалардан

кейiн тез арада оған қатысты құжаттардың сенiмдi және толық көшiрмесiн
Несие берушiге жеткiзiп бередi немесе жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi.
     
     10.4-бөлiм. Қосымша құжаттар
     
     Тараптар осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн орынды негiзде тараптардың
біреуі талап етуі мүмкін қосымша құжаттарды, заң тұжырымдарын немесе 
ақпаратты бiрiне-бiрi беруi тиiс.
     
                           11-Бап
                       Орындамау жағдайлары
     
     11.1-бөлім. Орындамау жағдайлары
     
     Әрбiр мынадай оқиғалар немесе жағдайлар мына келiсiм бойынша 
Орындамау Жағдайы болып табылады:


      (а) Заем алушы негiзгi соманың әлдеқандай бөлiгiн, проценттердi немесе осы Келiсiм бойынша есептелетiн кез келген басқа соманы төлемейдi және мұндай төлемеу он (10) күн бойы созылады.
      (б) Заем алушы, осы бөлiмде төлемеу жағдайы ретiнде көрсетілген, және бұл туралы Несие берушi Заем алушыға жазбаша хабарлағаннан кейiн 30 (отыз) күн бойы мұндай орындамау жойылмаған, әлдеқандай оқиғалардан басқа, осы Келiсiмде айтылған әлдеқандай ережелердi немесе шарттарды орындамайды немесе сақтамайды.
      (в) Осы Келiсiмде Заем алушы тапсырған немесе тапсырған деп саналатын кез келген тапсырым немесе кепілдiк iс жүзiнде үйлесiмсiз болып табылса және, егер үйлесiмсiздiк жойылатындай болып, Несие берушiнiң мұндай олқылықты жою қажеттiгi туралы жазбаша хабарламасын Заем алушы алғаннан кейiн 30 (отыз) күн бойы Заем алушы толық қанағаттанарлықтай жойылмаса.
      (г) Заем алушы кез келген басқа келiсiм бойынша 5 (бес) миллион АҚШ долларынан асатын (USD 5,000,000)(немесе оның басқа валютадағы баламасы) кез келген берешектi - тиiстi мерзiмiнде немесе төлемеу нәтижесiнде есептелген және жабылатын кез келген мұндай соманы - алдын ала белгіленген жабу уақытына дейiн жаппайды.
      (д) Несие берушi осы Келiсiм бойынша оның мiндеттемелерiнiң барлығын немесе бөлiгiн Заем алушының орындау қабiлетiне елеулi және қолайлы әсер етедi деп тиiстi негiзде есептейтiн басқа тұлғамен Заем алушы әдейі немесе әдейi емес ұласатын болса.
      (е) Заем алушы төлеуге қабiлетсiз болып қалса немесе банкроттық, тарату немесе iс-әрекеттi тоқтату актiсiне ұшыраса немесе жол берсе.
      (ж) Егер Заем алушының мүлкiнiң елеулi бөлiгiне қарсы соттың қаулысы немесе атқару актiсi, немесе сондай құжаттар шығарылса, олар 90 (тоқсан) күн бойы өзгертiлмей, кепiлдiктен босатылмай немесе төленбей қала берсе.
      (з) осы Келiсiм бойынша Заем алушының әлдеқандай міндеттемелерiн орындау үшiн қажеттi кез келген үкiметтiк шешiм заңды болмайды немесе заңды болып қалмайды, өзiнiң әрекетiн тоқтатады және күшін жоғалтады.
      (и) Несие берушi осы Келiсiм бойынша оның мiндеттемелерiнiң барлығын немесе бөлiгiн Заем алушының орындау қабiлетiне елеулi және қолайлы әсер етедi деп тиiстi негiзде есептейтiн әлдеқандай басқа оқиға немесе әлдеқандай басқа жағдаят туса.

      11.2-бөлiм. Орындамаудың салдары

      Орындамау жағдайы туған кезде және, егер мұндай орындамау жалғасатын

болса, Несие берушi өзiнiң қарауы бойынша және, Заем алушыға жазбаша
хабарлама жолдап, (1) мұндай орындамау жағдайы жойылғанынша, бұдан
әрi төлеудi тоқтатуы, (2) қаржының алынбаған бөлiгiн есептен шығаруы
және, Келiсiмдi және ол бойынша жинақталған барлық проценттер мен
немесе осы Келiсiм бойынша төленетiн барлық басқа сомаларды тез арада
төленуге жатады деп жариялай алады, және мұндай төлем бұдан әрi 
хабарлаусыз немесе ресiмдерсiз, тез арада төленуi тиiс.
     
                        12-Бап
              Реттеуші заң және өкілеттіктер
     
     12.1-бөлiм. Реттеушi заң
     
     Осы Келiсiм Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк штатының заңдарына 
сәйкес басшылыққа алынады және қаралады.
     
     12.2-бөлiм. Заңдық хұкім
     


      Осы Келiсiмнiң тараптары пайда болған немесе осы Келiсiмге қатысы бар кез келген iзденiмдi немесе соттың талқылауын тараптардың бiрi Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк штатында отырыстарын өткiзетiн, кез келген Федералдық немесе Мемлекеттiк сотқа жолдай алады деп келiсiмiн білдіредi, және осы арқылы екi тарап та бұл соттардың мұндай әрекеттерге қатысты заңдық хұкiмiне немесе рәсiмдерiне түпкiлiктi және даусыз бағынатын болады. Жоғарыда аталған ережелер бiр тараптың болсын, не басқа тараптың болсын мұндай әрекеттердi немесе рәсiмдердi кез келген басқа қолайлы сотта қарау құқығын шектемейдi.

      12.3-бөлiм. Процеске қызмет көрсету

      Заем алушы Нью-Йорк штатында қаралатын iзденiмдерге немесе сот талқылауларына қатысы бар және осы Келiсiмге қатысы бар iс жүргiзу қызметтерiн немесе сот шақыруларын оның атынан алу жөнiндегi өз агентi ретінде (Іс жүргiзу агентiнiң аты және мекен-жайы) түпкiлiктi тағайындайды. Осы Келiсiм бойынша Заем алушының әлдеқандай міндеттемелерi бар кезiнде, Заем алушы мұндай процестi жүргізу немесе сот шақыруын алу үшiн өзiнiң тиiстi тұрғыда тағайындаған агентiн сақтайды, және, егер ол

мұндай агенттi сақтай алмаса, кез келген мұндай процесс немесе сотқа
шақыру олардың көшiрмелерiн Заем алушыға тапсырысты почтамен жiберу арқылы 
қамдалуы мүмкiн.
     
     2.4-бөлiм. Иммунитеттен бас тарту
     
     Заем алушы не егемендiк негiзiнде не басқа тәсiлмен, оған немесе оның
мүлкiне иммунитеттен, қолданылып жүрген заңның мүмкiндiгiне қарай,
толық бас тартады.
     
                          13-Бап
                         Әртүрлі
     
     13.1-бөлiм. Толық келiсiм. Түзетулер
     


      Осы келiсiм тараптардың мiндеттемелерiн толық заңдастырады және бұл мәмiлеге қатысты ниеттер мен түсiнiстiктердiң әлдеқандай алдын ала баяндауларын ауыстырады. Бұл Келiсiмге кез келген түзетулер жазбаша түрде енгiзілуi және Келiсiмнiң екi тарабының уәкiлеттi өкiлдерi тиiстi тұрғыда қол қоюы керек.

      13.2-бөлiм. Бас тарту. Жиынтық құқықтар

      Несие берушi тарапынан Осы Келiсiммен берiлген әлдеқандай құқықтарды пайдаланудың тежелуi немесе пайдаланылмауы бұл Келiсiм бойынша Заем аушының тарапынан мұндай құқықтан және әлдеқандай мiндеттемеден бас тартқандықты бiлдiрмейдi, және мұндай құқықты ешқандай жеке немесе iшiнара пайдалану мұндай құқықты одан әрi пайдалануға бөгет жасамайды. Несие берушiнiң ешқандай бас тартуы, егер ол жазбаша түрде берілмесе, күшi бар деп есептелмейдi. Осы Келiсiмде қарастырылған құқықтар мен шаралар жиынтықты болып саналады және Несие берушiнiң басқа жағдайларда болуы мүмкiн әлдеқандай басқа құқықтары мен шараларын жоққа шығармайды.

      13.3-бөлiм. Құқықтан бас тарту

      Берермен мен Аларманның арасында жасалған Келiсiм-шарттың орындалуы үшін Несие берушi ешқандай тұрғыда жауапкершiлiк көтермейдi, және бұл Келiсiм-шарт бойынша туындайтын ешқандай дауларға араласпайды. Заем алушының осы Келiсiм-шартқа қатысты Берерменге және кез келген басқа тұлғаға қоятын кез келген талабы Заем алушының осы Келiсiм бойынша міндеттемелерiн бүлдiрмейдi немесе әлсiретпейдi.

      13.4-бөлiм. Тапсырма

      Осы Келiсiм мiндеттi болып саналады және, Заем алушы осы Келiсiм немесе Нота бойынша өзiнiң әлдеқандай мiндеттемелерiн Несие берушiнiң жазбаша келісім болмайынша, тапсырып немесе өткiзiп бере алмайтын жағдайында, Келісiмнiң әрбiр тарабының және олардың мұрагерлерi мен құқықтық мұрагерлерiнiң пайдасына қызмет етедi. Несие берушi осы Келiсiм бойынша тиісті құқықтарды өткiзiп беруге арналған жүргiзу құжаттарынсыз Нотаны өткізіп бермеген жағдайда, Несие берушi Заем қаражатының барлығын немесе кез келген бөлiгiн және осы Келiсiм мен Нота бойынша өзiнiң құқықтары мен жеңілдіктерін Заем алушыға жазбаша хабарламамен тапсырып немесе өткiзiп бере алады.

      13.5-бөлiм. Хабарлау

      а) Осы Келiсiм бойынша өткiзiп берiлетiн немесе жасалатын кез келген құжаттар, (i) егер қолдан қолға өткiзiп берiлген, (2) егер олар почтамен жөнелтiлсе және жөнелтiлген уақытынан кейiн он төртiншi күнi жеткiзiлсе; және (3) егер телекспен немесе факспен жiберiлген және мәмiле жасалған

уақыттан бастап екiншi күнi жеткiзілсе, қолдан қолға жеткiзiледi немесе,
почтамен немесе телекспен немесе телефакспен жiберiледi, және жеткiзiлдi
деп есептеледi.
     
     б) Телекс пен телефакстiң почталық мекен-жайы мен нөмiрi мынадай
немесе бiр тараптың екiншi тарапқа уақыт өткен сайын хабарлауы мүмкiн
(осындай басқа мекен-жайы немесе нөмiрi):
     в) Несие берушi Yшiн:
     Кореяның Экспорт-Импорт Банкi
     6-1 Йодо-донг, Янгдунгпо-гу
     Сеул, Корея
     
     Кімге: Сатып алу департаментiнiң Директорына
     
     Телекс нөмiрi: К 29595ЕХIМВК
     Телефакстiң нөмiрi: 822-3779-6748
     
     г) Заем алушы үшiн:
     Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Республикасы 
     даңғылы, 60
     
     Телекстiң нөмiрi:
     Телефакстiң нөмiрi: 7 3272 696152
     


      д) Жеткiзiлуге тиiстi барлық хабарламалар, талаптар мен басқа да хабарлар немесе кез келген басқа да құжаттар ағылшын тiлiнде немесе куәландырылған ағылшын тiлiндегi аудармасымен бiрге болуы тиiс.

      13.6-бөлiм. Ережелердiң бөлiнуi

      Бұл Келiсiмнiң бiр немесе одан көп ережелерi немесе осы Келiсiмге байланысты ресiмделген кез келген құжат қолданылып жүрген заң бойынша кез келген жағдайда заңсыз, жарамсыз немесе күшiне енбеген болып табылса, онда осында қамтылған басқа ережелердiң жарамдылығына, заңдылығына немесе күшiне енуiне ешбiр тұрғыда әсер етпейдi.

     13.7-бөлім. Даналары
     Осы Келісім кез келген данада ресімделуі мүмкін. Ағылшын 
тіліндегі кез келген жеке парақ немесе қол қойылған парақтардың 
жиынтығы кез келген жағдайда екі тараптан барлық мақсаттардың толық 
және бірегей келісілгендігін білдіреді.
     Осының дәлелі ретінде осы Келісімнің тараптары жоғарыда 
көрсетілген уақытқа тиісті тұрғыда уәкілеттік берілген өзінің өкілдері 
арқылы осы Келісімнің ресімделуін қамтамасыз етті.
     
     (Заем алушы)                Кореяның Экспорт-Импорт Банкі
     үшін және атынан            үшін және атынан
     
     Кім ______________          Кім ______________________
     
     Аты-жөні                    Аты-жөні
     Лауазымы                    Лауазымы
     
     
                                       А-қосымша
     
                  Борыштық міндеттеме
     
     Уақыты 
     Негізгі сомасы 825.000.00 USD3
     
     Кореяның Экспорт-импорт Банкі
     Сеул, Корея
     
     Кімге: Сатып алу несиесi департаментiнiң директорына 


      Алынған сома үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (Заем алушы) осы Борыштық Мiндеттеме (Нота) арқылы, бұдан әрi көрсетiлгенiндей, Корея Экспорт-Импорт банкiнiң (Несие берушiнiң) төлем тапсырмасы бойынша үш миллион сегiз жүз жиырма бес мың АҚШ доллары (825.000 USD3) мөлшерiндегi негiзгi соманы, уақыт өткен сайын төленбей қала берген негiзгi соманың қалдығы бойынша проценттердi бес бүтiн жүзден он сегiз процентiн (5.18 %), мерзiмiн кейiндетiп төлеуге мiндеттенедi.
      Аталған Нота бойынша негiзгi сома он бөлiкпен (жарнамен) төленетiн болады, оның ішінде бiрiншiсi _______ (уақыты) дейiн есептелетiн және төленетiн үш жүз сексен екi мың бес жүз АҚШ доллары (382 500 USD) мөлшерiнде төленедi. Қалған жарналар үш жүз сексен екi мың бес жүз АҚШ доллары (382 500 USD) мөлшерiндегi тең жартыжылдық жарналармен, және әрбiр жылдың _______ және_______ (уақыты) төлеу мерзiмiнде (әрбiр өтеу мерзiмiнде) жүргiзіледi.
      Бұл Нота бойынша проценттер бiрiншi жабу уақытына дейiн және бұдан кейiн әрбiр жабу уақыты болған кезде, алғашқы жабу уақытын қоса, әрбiр жылдың 15 сәуiрiнде және 15 қазанында төлеуге жатады және төленедi. Проценттердiң сомасы бiр жылдағы 360 күннен саналатын (бiрiншi күндi қосатын және соңғы күндi қоспайтын) күндердiң нақты санының негiзiнде есептеледi.
      Төлеу мерзiмi келген кезде (немесе өтеудiң аталған мерзiмiнде, немесе мерзiмiнен бұрын өтеу кезiнде немесе басқа күнi) негiзгi соманың әлдеқандай бөлiгiн немесе осы Нота бойынша жинақталған проценттер толық төленбеген жағдайда, Заем алушы осы кезең үшiн және тиiстi жабу уақытын қоса және толық төлем жүргiзiлген уақытты қоспастан, төленбеген соманың жетi бүтiн жүзден он сегiз проценттiк (7.18%) ставкасы бойынша төленбегенi үшiн проценттердi Несие берушiге төлейдi.
      Бұл Нота бойынша негiзгi сома да, сондай-ақ проценттер де АҚШ долларымен тез арада Несие берушiнің Ваnкеrs Trust Сомраnу, New York (% 04) шотына немесе Нотаны ұстаушы жазбаша түрде көрсетуi мүмкiн басқа да осындай шотқа төленеді. Осы Нота бойынша Заем алушының төлейтін барлық сомалар әлдеқандай ұсталымдарсыз немесе қазiргi кездегi, немесе болашақ салықтар, баж және басқа есептеулер есебiнен төленедi.
      Егер негізгі сома немесе осы Нота бойынша есептелетін проценттер әлдеқандай жарналар бірден және толық төленбесе, төленбеген негізгі сома мен проценттер Нотаны ұстаушының қарауы және талап етуі бойынша кешіктірместен төленуі керек.
      Осымен, Заем алушы осы Нотаға қатысты алуан түрдегі талаптардан,

ұмтылыстардан, арыздардан, қарсылықтардан немесе ескертпелерден бас 
тартады және Нотаны ұстаушыға оны ресімдеу мен жеткізу үшін қажетті 
барлық әрекеттер мен рұқсаттар тиісті тұрғыда қабылдануына және алынуына 
кепілдік береді.
     Нотаны ұстаушының ол бойынша әлдеқандай құқықтарды пайдаланбауы 
осындай немесе кез келген басқа жағдайдан бас тартқандықты ешқашан 
білдірмейді.
     Бұл Нота Несие беруші мен Заем алушы арасында 1999 жылы _____________
қол қойылған Заем туралы Келісімге сәйкес беріліп отыр және Америка 
Құрама Штаттарының Нью-Йорк штатының заңдарына сай реттелетін және 
қаралатын болады.
     
     Қазақстан Республикасының
     Қаржы министрлігі атынан
     
     _______________________
     Аты-жөні
     Лауазымы
     
                                         
<В-қосымша>

     
                     Алып тастау үшін өтінім
     
     уақыты:
     Өтінім N __________
     
     Кореяның Экспорт-Импорт Банкі
     Сеул, Корея
     Кімге: Сатып алу несиесі Департаментінің директорына
     
     Мырзаға:
     
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Несие беруші 
ретіндегі Кореяның Экспорт-Импорт Банкі арасында 19_______________ қол 
қойылған Заем туралы Келісімге сай (Келісім), біз осы арқылы __________
АҚШ доллары (____USD) мөлшерінде Берерменнің (Заем алушының) N____
(банктің атауы және мекен-жайы) шотына төлем жасалуын сұраймыз.


      Осы төлем бойынша есептен шығаруға арналған құжаттар, Келісімнің

ережелерінде талап етілетіндей, осы құжатқа қоса беріліп отыр.
     Осы арқылы біз: (1) бұл өтінімге сай жасалған төлемнің Келісім 
бойынша заңды төлем білдіретінін; (2) бұл өтінімнің уақытында осы 
келісім бойынша Төлемеу (Орындамау) жағдайы ретінде қаралуы мүмкін 
ешқандай оқиға болмағанын және болып жатпағанын; және (3) осы 
өтінімнің уақытында Келісімде Заем алушы жасаған мәлімдемелер мен 
кепілдіктердің жарамды және дұрыс болып қала беретінін растаймыз.
     
     Шын жүректен өзіңіздің:
     
     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
     үшін және атынан
     
     Аты-жөні
     Лауазымы
     
                                   С-қосымша
     
             Өкілеттіліктер туралы куәлік
     
     Кореяның Экспорт-Импорт Банкі
     Уақыты
     
     Сеул, Корея
     
     Кімге: Сатып алу несиесі департаментінің директорына
     Мырзаға:
     
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (Заем алушы) мен 
Несие беруші ретіндегі Кореяның Экспорт-Импорт Банкі арасында 19______ 

қол қойылған Заем туралы Келісімге (Келісім) қатысты тиісті тұрғыда уәкілеттік берілген, төменде қол қоюшы - мен осы арқылы Келісімнің Заем алушысы атынан және оған байланысты болуы мүмкін кез келген басқа

құжатқа қол қоюға уәкілеттік берілген әрбір тұлғаның мынадай есімдерін,
лауазымдарын және қойған қолдары үлгілерін растаймын.
     
     Аты-жөні және Лауазымы           Қойған қолының үлгісі
     
     Егер осында қамтылған кез келген растама заңсыз және осы Келісім 
бойынша түпкілікті төлемге дейін үйлесімсіз болып шықса, Заем алушы бұл 
туралы Несие
берушіні тез арада хабардар етуі керек.
     
     Мұны дәлелдеу үшін осы куәлік ________ данада (уақыты) жасалды.
     
     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
     үшін және атынан
     
     _______________
     Аты-жөні
     Лауазымы
     
                                      D-қосымша
     
           Заем алушының заңдық тұжырымы
     
     Кореяның Экспорт-Импорт Банкi
     Уақыты
     
     Сеул, Корея
     Кімге: Сатып алу несиесi департаментiнiң директорына
     Мырзаға:
     
___________________________ (Заем алушының) заң кеңесшiсi

бола жүрiп, мен Заем алушы мен Корея Экспорт-Импорт Банкi (Несие берушi) арасында жасалған 3аем туралы Келiсiмге (Келiсiмге) қатысы бар мынадай құжаттардың барлық түпнұсқаларын немесе көшiрмелерiн зерделеп шықтым:
      1. Келiсiм;
      2. Нотаның нысаны; және
      3. Төменде келтiрiлiп отырған заңдық тұжырымдарды жасау үшiн негiз ретiнде паЙдалануға қажетті немесе жеткілікті деп өзім есептеген басқа заңдар құжаттар.
      Осы құжатта берiлiп отырған заңдық тұжырым Қазақстан Республикасының заңдары бойынша туындайтын мәселелердiң шеңберiнде шектеледi және мен кез келген басқа заңдар мен заңдық билiкке жататын мәселелер бойынша заңдық тұжырым беруге ниетiм жоқ.
      Осы келісімде белгiленген және пайдаланылатын, бірақ бұл құжатта сөз болмаған барлық терминдердiң оларға Келiсiмде берiлген мағынасы сақталады.
      Жоғарыда айтылғандарға байланысты, менің пікірім мынандай:

      1. Құқықтар мен өкiлеттiктер. Заем алушы тиiстi тұрғыда тiркелген және Қазақстан Республикасының заңдары бойынша әрекет ететiн мемлекеттiк мекеме болып табылады, Келiсiмдi және Нотаны ресiмдеуге, жеткiзiп беруге және орындауға құқығы мен өкiлеттiгi бар.
      2. Рұқсат. Келiсiмдi және Нотаны Заем алушының ресiмдеуiне, жеткiзiп беруiне және орындауына Заем алушының барлық қажеттi әрекеттерiмен тиiстi тұрғыда рұқсат етiлген және Қазақстан Республикасының әлдеқандай заңына, қағидасына немесе ережесiне қайшы келмейдi.
      3. Үкiметтiң мақұлдауы. Келiсiмдi немесе Нотаны ресімдеу, жеткiзiп беру және атқару үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының барлық үкiметтiк рұқсаты, мақұлдауы және келiсiмi алынған және толық күшi бар.
      4. Күшiне енуi. Келiсiм тиiстi тұрғыда ресiмделген және Заем алушы тапсырған, Заем алушының шарттарға сәйкес салынуға тиiстi мiндеттемелерiн орындау үшiн заңды және мiндеттi түрде талап етiлетiн мiндеттерiн құрайды.
      5. Орындамау жағдайларын болдырмау. Заем алушы талап ретінде әрекет ететін немесе бұл сонымен байланысты болған кез келген басқа келісімдер бойынша орындамау жағдайларын құрайтын жағдайда хабарлама берілгеннен кейін немесе уақыты өткеннен кейін, немесе екеуі де өткеннен кейін болмаған немесе болған ахуалды білдіреді.
      6. Сот талқысы. Маған белгілі болып отырғанындай, Заем алушының қаржылық жағдайына елеулі түрде теріс ықпал ететіндей немесе Заем алушының осы Келісім немесе Нота бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілетін әлсірететіндей шешімдердің туындауына жол берілмейді.
      7. Иммунитет. Заем алушы да, оның меншігі де егемендіктің негізіндегі немесе басқа да заңдардың негізіндегі осы Келісімге немесе Нотаға қатысы бар әлдеқандай әрекеттерді немесе шешімдерді атқарудан пайда болатын иммунитетке ешқандай құқығы жоқ.
      8. Заңды таңдап алу. Тараптардың Нью-Йорк штатының заңдары

Келісімін Келісімді реттеу үшін таңдап алуы заңды, іс жүзінде және 
міндетті болып табылады.
     9. Заңды билік. Заем алушы Келісімге немесе Нотаға қатысты пайда 
болатын әлдеқандай ізденімдер немесе сот талқысы кезінде Америка 
Құрама Штаттарының Нью-Йорк штатында отырысы болатын Федералдық немесе 
Мемлекеттік соттардың әділеттік билігіне жататын заңды, күші бар және 
сөзсіз шешімдерге жататын Келісімнің ережелеріне тап болуы немесе сәйкес 
келуі мүмкін.
     
     Шын жүректен
     
                                          Е қосымша
     
               Іс жүргізу агентін қабылдау туралы хат
     
     Уақыты:
     Кореяның Экспорт-Импорт Банкі
     
     Сеул, Корея
     
     Кімге: Сатып алу несиесі департаментінің директорына
     
     Мырзаға,
     
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен несие беруші 
ретіндегі Корея Экспорт-Импорт Банкі арасында 19___ _________ қол 
қойылған заем туралы Келісімнің (Келісім) ережелеріне сай осы 
Келісімге қатысты Нью-Йорк штатында қозғалған ізденімдерге немесе сот 
талқысына қатысы бар қызметтік шақырулар, арыздар немесе кез келген 
басқа да құжаттар Заем алушы ретінде және соның атынан Заем алушының 
Агенті ретінде түпкілікті тағайындалғанбыз.
     Осы арқылы біз сөзсіз осындай тағайындауды қабылдап отырмыз.
     
     Шын жүректен,
     
     (Іс жүргізуші Агенттің есімі)
     
     ________________
     Аты-жөні
     Лауазымы:
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады