Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 11 тамыз N 467-I


      1-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат; 1999 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша)" 1999 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы);
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) Жағалау сызығы - су қоймасының ең көп мөлшерде көтерілуі (судың толығуы) нәтижесінде пайда болған жағалау сызығы. Жағалау сызығының нақты орналасу орнын белгілеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;
      2-1) Геологиялық бөлу - Жер қойнауын пайдаланушы Барлау жүргізуге құқылы жер қойнауының Учаскесін схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын Контрактінің ажырамас бөлігі болып табылатын Барлауға, бірлескен Барлау мен Өндіруге жасалатын Контрактіге қосымша;
      2-2) Тау-кендік бөлу - Жер қойнауын пайдаланушы Барлаумен және (немесе) Өндірумен не Сервитутты жүзеге асырумен байланысты емес Өндіру жүргізуге, жер асты құрылыстарын Салуға құқығы бар жер қойнауының Учаскесін схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын Сервитут ресімделген жағдайда, Өндіруге арналған Контрактіге, бірлескен Барлаумен Өндіруге арналған Контрактіге, Барлаумен және (немесе) Өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуға және (немесе) пайдалануға жасалатын Контрактіге, коммерциялық мақсатта Контрактінің ажырамас бөлігі не дербес құжат болып табылатын кең таралған пайдалы қазбаларды Өндіруге жасалатын Контрактіге қосымша;";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өндіру - Минералды шикізатты уақытша сақтауды қоса алғанда, Жер қойнауынан жер бетіне, сондай-ақ мемлекеттің меншігіндегі Техногенді минералдық түзілімдерден Пайдалы қазбаларды алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) бүкіл кешені және технологиялық циклы;";
      мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз мұқтаждары үшін өндіру - өндірілген кең тараған пайдалы қазбаларға не жерасты суларына қатысты кейiн мәмiлелер жасау ниетiнсiз, жеке меншiктегi не тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiнде жүзеге асырылатын Өндiру;
      3-2) Кең таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсаттарда өндiру - кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтаждары үшiн Өндiруге қатысы жоқ кең таралған пайдалы қазбаларды кез келген өндiру;
      3-3) Теңiздi ластау - теңiз аясына материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелiстiң келiп түсуi, сондай-ақ адамдардың денсаулығына, теңіздiң тірі ресурстарына және теңiздiң экожүйесiне зиян келтiретiн не зиян келтiруге қабiлеттi, не теңiзде не оның жағалауында заңды қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға кедергiлер жасайтын немесе залал келтiретiн не залал келтiруге қабiлеттi сәулелер мен өрiстердiң алуан үлгiлерiнiң пайда болуы;";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      6) Контракт - Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) мен жеке немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) арасында Барлау, Өндiру, бiрлескен Барлау мен Өндiру жүргiзуге не Барлауға және (немесе) Өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға жасалатын шарт;";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Контрактiнiң аумағы - Жер қойнауын пайдаланушы Контрактiге сәйкес жер қойнауын пайдалану жөнiндегi Операциялар жүргiзуге құқылы Геологиялық не Тау-кендiк бөлумен айқындалатын аумақ;";
      8), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) Жер қойнауын пайдаланушы - осы Жарлыққа сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды жүргізу құқығын иеленуші жеке немесе заңды тұлға;
      15) тармақшадағы "жер бетінен және" деген сөздерден кейін "теңіздердің, көлдердің, өзендердің және басқа да" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "18-1) Мердігер - Құзыретті органмен (уәкілетті мемлекеттік орган) жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операцияларды жүргізуге Контракт жасаған жеке немесе заңды тұлға;";
      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "21-1) Сақтық аймағы - Теңіздің жағалау сызығынан Қазақстан Республикасының аумағында құрылық жағына қарай 5 километрге созылып жатқан аймақ;";
      22) тармақша алып тасталсын;
      25) тармақшадағы "Өндірумен байланысты емес" деген сөздің алдынан "Барлаумен және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "25-1) Сервитут - жеке және заңды тұлғалардың басқа тұлғаларға осы Жарлықта көзделген жағдайларда Барлаумен және (немесе) Өндірумен байланысты емес Барлау, Өндіру, бірлескен Барлау жүргізу және Өндіру, не жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауы Учаскесінің бөлігін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы;";

     Мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "27-1) Ұлттық компания - Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын 
пайдалану операцияларын тiкелей, сондай-ақ Контрактiлерге үлестiк қатысу 
арқылы жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен 
құрылған, акцияларының жүз процентi мемлекетке тиесiлi жабық акционерлiк
қоғам;";
     2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "6-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi Операцияларды жүргiзудiң
             жариялылығы
     
     Барлық мүдделi тұлғалар Құзыреттi органда (уәкiлеттi мемлекеттiк
орган):
     1) инвестициялық бағдарламалардың конкурсын өткiзудiң шарттарымен және
оның нәтижелерi туралы шешiмнiң мазмұнымен;
     2) жасалған Контрактiлер бойынша бағдарламалар конкурсы ережелерiнiң 
орындалуымен танысуға құқылы.


      Бұл ретте Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының арасында тараптар құпия деп таныған ақпаратты беру құпиялылық режимiн бұзу болып табылмайды. Құпияға жататын ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      2. Мақсаты қоршаған табиғи ортаны қорғау болып табылатын барлық мүдделi отандық және халықаралық қоғамдық ұйымдардың қоршаған ортаға жүргізілген не жоспарланған жер қойнауын пайдалану жөнiндегi Операциялардың әсер етуіне қатысты толық және дұрыс ақпаратты алуға құқығы бар.
      3. Мұндай ақпаратты берудiң тәртiбi қолданылып жүрген заңдармен белгiленедi.";
      3) 7-бапта:
      6) тармақшадағы "Жер қойнауын пайдалануды лицензиялау және" деген сөздер алып тасталсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы Учаскелерiнiң (блоктарының) тiзбесiн бекiтедi;";
      4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-бап. Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк органның) атқаратын
              қызметтерi

      1. Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) атқаратын қызметтерiне мыналар кiредi:
      1) Барлау, Өндiру және бiрлескен Барлау мен Өндiру жүргiзуге жер қойнауын пайдалану Құқығын беру үшiн инвестициялық бағдарламалардың конкурсын дайындау және ұйымдастыру;
      2) Контрактiнiң шарттары туралы Жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер жүргiзу, Жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесiп Контрактiнiң жобасын дайындау;
      3) контрактiлiк құжаттардың жобаларын келiсудi жүргiзудi ұйымдастыру;
      4) кең тараған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта өндiруге арналған Контрактiнi қоспағанда, Контрактiнi жасасу және тiркеу;
      5) жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органмен бiрлесiп, Контрактiлердi орындау шарттарын сақталудың мониторингi және оны бақылау;
      6) Осы Жарлықтың 14-бабына сәйкес Жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беруге рұқсат беру, сондай-ақ осы Жарлықтың 15-бабына сәйкес Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi мәмiлелердi тiркеу;
      7) Контрактiнi заңдарда көзделген тәртiппен және негiздер бойынша

атқаруды және бұзуды қамтамасыз ету;
     8) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Контрактiнiң орындалу барысы 
туралы жыл сайынғы есептi табыс ету.
     2. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган):
     1) Контрактiнi жасау және атқару жөнiндегi өзiнiң қызметiнiң барысында
Қазақстан Республикасы мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
     2) Кен орындарының қорларына мемлекеттiк сараптамадан кейiн ғана 
Өндiруге Контракт жасасуға мiндеттi.";
     5) 9-бапта:
     1)тармақшадағы "Лицензия мен" деген сөздер алып тасталсын;
     4) тармақша алып тасталсын;
     5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "5) Кең таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсаттарда өндiруге 
Контракт жасасады, тiркейдi және оны атқарады;";
     мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:


      "5-1) жер қойнауын пайдалануға байланысты ғылыми, тарихи-мәдени және эстетикалық мәнi бар объектiлердi құру мен сақтауға жәрдемдеседi.";
      6) 10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "Өндiрумен байланысты емес" деген сөздердiң алдынан "Барлаумен және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын.
      7) 11-бапта:
      1-тармақта "субъектілері" деген сөзден кейін "қазақстандық және шетелдік" деген сөздер енгізілсін;
      1-тармақтағы ", соның ішінде шетел азаматтары, сондай-ақ шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ алып тасталсын.
      8) мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-баптармен толықтырылсын:
      "11-1-бап. Жер қойнауын пайдалануды шектеу

      1. Жер қойнауының жекелеген Учаскелерін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша елдің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін.
      2. Елді мекендердің аумақтарында, қала маңы аймақтарында өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерінде жер қойнауларын пайдалануға, егер мұндай пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, шаруашылық объектілеріне немесе қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін болатын жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ішінара немесе толық тыйым салынуы мүмкін.
      3. Ерекше қорғалатын аумақтардың шектеріндегі жер қойнауларын пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын аумақтары туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      11-2-бап. Сервитуттар

      1. Сервитут мүдделі тұлғаға, егер мұндай тұлғаның қызметті заңды жүзеге асыруы мұндай Сервитут берілмей мүмкін болмайтын не мұндай тұлғаны шамадан тыс шығынға ұрындыратын жағдайда ғана берілуі мүмкін.
      2. Сервитутты беруге, егер мұндай беру адамдардың өмiрi мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға қатер төндiретiн, сондай-ақ жер қойнауы Учаскесiнде Барлау және (немесе) Өндiру жүргiзу мүмкiн еместiгiне не оның тиiмсiздiлiгiне әкеп соғатын жағдайда тыйым салынады.
      3. Бұрын жер қойнауын пайдалану жөнiндегi Операцияларды жүргiзу үшiн басқа тұлғаға берiлген жер қойнауы Учаскесiнiң бөлiгiн берудi осы тұлғамен және Құзыреттi органмен (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) келiсiм бойынша Тау-кендiк бөлуiн ресiмдеу жолымен жер қойнауын пайдалану және Қорғау жөніндегі мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      4. Сервитут мәмiленiң, соның iшiнде сатып алу-сату мен кепiлдiң дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға тек мұндай сервитутты қамтамасыз ету үшiн берiлген құқықпен бiрге ғана ауысуы мүмкiн.
      5. Сервитутты жер қойнауы Учаскесiнiң бөлiгiне беру осындай Сервитутты алу қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес жер учаскесiне Сервитут беру үшiн негiз болады.";
      9) 12-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
      10) 13-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Барлауға, Өндiруге, бiрлескен Барлау мен Өндiруге, сондай-ақ Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер қойнауын пайдалану Құқығын беру Контракт жасасу арқылы жүргiзiледi.";
      2-тармақтағы "органы беретiн лицензиялар" деген сөздер "органымен Контракт жасасу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Пайдалы қазбалардың қоры аз кен орындарындағы жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.";
      3-тармақта "өкiлеттi" деген сөздiң орнына "мемлекеттiк" деген сөз енгiзiлсiн;
      "ведомостволық бағыныстағы ұйымдарға арналған әкiмшілiк актiсі немесе контракт негiзiнде" деген сөздердiң орнына "әкiмшiлiк актісі негiзiнде, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алулар туралы заңдарына сәйкес" деген сәздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы бiрнеше Жер қойнауын пайдаланушыға берiлуi мүмкiн. Осындай беру жағдайында мұндай жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану Құқығының бiрлескен иелерi болып табылады. Мұндай Жер қойнауын пайдаланушылардың өзара құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) қатысты құқықтары мен мiндеттерi Контрактiде айқындалады. Жер қойнауын пайдалану Құқығының бiрлескен иелерi Контрактiнiң негiзiнде туындайтын мiндеттемелер бойынша ортақ жауапты болады.";
      11) 14-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жер қойнауын пайдалану Құқығын кепiлге берудi қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану Құқығын басқа тұлғаға ақылы не тегiн негiзде жүзеге асырылатын беруі, құрылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарна ретiнде беруін қоса алғанда, тек Құзыреттi органның /уәкiлеттi мемлекеттiк орган/ рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.";
      2-тармақта:
      "Лицензиялық органның" деген сөздер "Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк орган)" деген сөздермен ауыстырылсын:
      "Лицензияда немесе" деген сөздер алып тасталсын;
      "немесе Құзыреттi органның келiсiмi бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
      "Осы баптың 1 және 9-1-тармақтарына сәйкес берiлетiн рұқсаттың болуынсыз, сондай-ақ 15-баптың 2-тармағын бұза отырып жасалған жер қойнауын пайдалану Құқығын өзгеге беру жөнiндегi мәмiле ол жасалған кезден бастап жарамсыз деп есептеледi";
      8-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2, 9-3 және 9-4-тармақтармен толықтырылсын;
      "9-1. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) Жер қойнауын пайдаланушының өтiнiшi мен оған қоса берiлген Жер қойнауын пайдаланушы пайдасына осындай берудi жүргiзуге ниеттенген жеке және заңды тұлға туралы ақпараттың негiзiнде жер қойнауын пайдалану Құқығын беруге арналған рұқсатты беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) жер қойнауын пайдалану Құқығын беруге арналған рұқсатты беруден жер қойнауын пайдалану Құқығын беру көзделген тұлға Жер қойнауын пайдаланушыға Контрактiмен жүктелетiн мiндеттемелердi немесе мiндеттемелердiң бiр бөлiгiн (жер қойнауын пайдалану Құқығы iшiнара берiлетiн жағдайда) орындауға қабiлетсiз деп ұйғарылған не Жер қойнауын пайдаланушы Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) көрiнеу жалған ақпарат берген жағдайда бас тартуға құқылы. Жер қойнауын пайдалану Құқығын беруге рұқсат беруден негiзсiз бас тартуға қолданылып жүрген заңдар мен Контрактiнiң шарттарына сәйкес қарсылық бiлдiрiлуi мүмкiн.
      Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк орган), егер Құзыретті органға (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) негiзгi ұйым Контракт бойынша мiндеттемелердi еншiлес заңды тұлғамен ортақтасып толық атқару кепiлдiгiн ұсынған кез келген жағдайда жер қойнауын пайдалану Құқығын еншiлес ұйымға беруден бас тартуға құқығы жоқ.
      9-2. Жер қойнауын пайдалану Құқығын беру Контрактi қайта ресiмделген кезден бастап, оның iшiнде Контрактiге тиiстi өзгерiстерді және (немесе) толықтыруларды ресiмдеу арқылы жасалған деп есептелiнедi. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) Контрактiні қайта ресiмдеуден және тiркеуден жер қойнауын пайдалану Құқығын беру жөнiндегi азаматтық-құқықтық мәмiле жасасу фактiсi болмаған жағдайда не Жер қойнауын пайдаланушы Құзыреттi органға (уәкiлетті мемлекеттiк орган) соның негiзiнде жер қойнауын пайдалану Құқығын беруге рұқсат берiлген жалған ақпарат ұсынуы фактiсi болған жағдайда не осы баптың 9-3 және 9-4-тармақтары сақталмаған жағдайда бас тартуға құқылы.
      9-3. Жер қойнауын пайдалану Құқығын басқа адамға iшiнара берген жағдайда Жер қойнауын пайдаланушы мен осындай жеке немесе заңды тұлға Контракт бойынша құқықтарды бiрлесiп жүзеге асыру мен мiндеттердi орындау кезiнде туындайтын өзара мiндеттемелер бойынша келiсiмге келуге тиiс. Жер қойнауын пайдаланушылардың арасындағы бiрлескен қызмет туралы шарт не құқықтар мен мiндеттердi осындай шектеу туралы өзге де шарт Құзыреттi органмен (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) келiсiледi және ол Контрактiнiң тараптары үшiн мiндеттi күшi бар Контрактiге қосымша болып табылады.
      9-4. Иеленушiлерi бiрнеше жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдалану Құқығының бөлiгiн берген жағдайда мұндай беру тек осы жер қойнауын пайдалану Құқығының барлық осындай иеленушiлерiнiң келiсiмiмен ғана мүмкiн болады.";
      11) 15-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жер қойнауын пайдалану Құқығын кепiлге беруге тек Контрактiмен белгiленген жер қойнауын пайдалану жөнiндегi Операцияларды жүргiзу үшiн қаржы қаражатын тарту мақсатында ғана жол берiледi. Жер қойнауын пайдалану Құқығының кепілімен алынған кредит (заем) Контрактiде көзделген жер қойнауын пайдалану мақсатына ғана пайдаланылуы тиiс.";
      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3, 2-4, 2-5, 2-6 және 2-7-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру осы Жарлықтың 14-бабына сәйкес алдын ала рұқсат алмастан, сондай-ақ Контрактiнi Кепiл ұстаушыға қайта ресiмдеусiз жүзеге асырылады.
      2-2. Кепiл шарты Құзыреттi органда (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) мiндеттi түрде тiркелуге тиiс және егер осы Шартпен күшiне енуiнiң өзге неғұрлым кеш мерзiмi белгiленбеген болса, тiркелген кезден бастап күшiне енедi.
      2-3. Жер қойнауын пайдалану Құқығының кепiл шартын тiркеу Жер қойнауын пайдаланушының өтiнiшi негiзiнде тiркеу туралы куәлiк берiле отырып жүзеге асырылады, оған қолданылып жүрген заңдарға сәйкес талап етiлетiн құжаттар берiлген кезден бастап 30 күннiң iшiнде заемды тартудың, пайдалану мен қайтарудың техникалық-экономикалық негiздемесi, заемды берудiң шарттары мен заемды беретiн ұйым туралы ақпарат қоса берiледi.
      2-4. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган), егер жер қойнауын пайдалану Құқығын иеленушi тұлғаға Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңының күшi қолданылса не жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлiнiң тиiстi жағдайларында отандық немесе халықаралық рынокта қолданылатын шарттармен салыстырғанда Жер қойнауын пайдаланушы үшiн жер қойнауын пайдалану Құқығы кепiлiнiң бара-бар шарттары болмаса не, егер кепiлге салынатын жер қойнауын пайдалану Құқығы басқа кепiл шартының нысаны болып табылса, жер қойнауын пайдалану Құқығының кепiл шартын тiркеуден бас тартуға құқылы.
      2-5. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) өтiнiш берушiге мұндай бас тартудың себептерiн көрсете отырып, жер қойнауын пайдалану Құқығының кепiл шартын тiркеуден бас тартылғаны туралы 30 күн iшiнде жазбаша мәлiмдеуге мiндеттi.
      2-6. Кепiл нысанасы ретiнде жер қойнауын пайдалану Құқығына өндiрiп алу қолданылған жағдайда, кепiл ұстаушы банк болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кепiл ұстаушыға Контрактiмен және Қазақстан Республикасының заңдарымен жер қойнауын пайдалану Құқығының иесiне жүктелетiн барлық құқықтар мен мiндеттер ауысады.

     2-7. Жер қойнауын пайдалану құқығына кепілдiң нысанасы ретiнде
өндiрiп алуды қолданудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметі 
белгiлейдi.";
     13) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда оған тиесiлi Жер қойнауын 
пайдалану құқығы азаматтық заңдар нормаларына сәйкес құқықтық мирасқорға 
(құқықтық мирасқорларға) ауысады.";
     14) 17-бапта:
     1-тармақтағы "лицензия мен" деген сөздер алып тасталсын;
     2-тармақ алып тасталсын.
     15) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "19-бап. Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты 
              құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды, жүзеге        
              асырудың ерекшелiктерi 
     


      1. Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырудың ерекшелiктерiн, сондай-ақ Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер қойнауын пайдалану Құқығын беру тәртiбiнiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      2. Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты

құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзудiң шарттары мен 
тәртiбi Контрактiмен айқындалады.
     3. Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты 
құрылыстарын Салуға және (немесе) пайдалануға, егер Қазақстан 
Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы Жарлықтың Өндiруге 
қатысты нормалары қолданылады.";
     16) "Барлау мен өндiрудi лицензиялау" деген 4-тарау мен 21-41-баптар
алып тасталсын.
     17) Мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
     "4-1-тарау. Барлауды, Өндiрудi және бірлескен Барлау мен Өндiрудi
                 жүргiзуге құқық берудiң тәртiбi 
     
     41-1-бап. Барлауды, Өндiрудi және бiрлескен Барлау мен Өндiрудi
               жүргiзуге құқық берудiң тәртiбi 
     


      1. Құзыреттi органмен (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) тiкелей келiссөздер негiзiнде Ұлттық компанияларға берiлетiн жер қойнауы Учаскелерiн (Блоктарды), сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта Өндiруге ұсынылған жер қойнауы Учаскелерiн, сондай-ақ Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салуды және (немесе) пайдалануды қоспағанда, инвестициялық бағдарламалар конкурсына шығарылатын жер қойнауы Учаскелерiнiң (Блоктарының) тiзбесiн бекiтедi. Жер қойнауының осы Учаскелерiне Барлау, Өндiру және бiрлескен Барлау мен Өндiру жүргiзуге құқық Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен, конкурс өткiзу нәтижелерiнiң негiзiнде берiледi.
      2. Жер қойнауын пайдалану және оны қорғау жөніндегі мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының Үкiметi конкурсқа шығаратын жер қойнауының Учаскелерi (Блоктары) бойынша геологиялық немесе тау-кендiк бөлудi Қазақстан Республикасының Үкiметi өзi айқындаған жер қойнауының Учаскелерiн конкурсқа шығару туралы шешiмi қабылданған және тау-кендiк бөлiнiсi жобасы ұсынылған күннен бастап 45 күннен кешiктiрмей әзiрлеуге мiндеттi.
      3. Жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурсына қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғалар осы Жарлықтың нормаларына сәйкес конкурсқа қатысуға Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) өтiнiм беруге құқылы.
      4. Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын Салу және (немесе) пайдалану үшiн жер қойнауының Учаскелерiн берудi Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) тiкелей келiссөздердiң негiзiнде жүргiзедi.

      41-2-бап. Барлауға, Өндiруге не бiрлескен Барлау мен Өндiруге жер
                қойнауын пайдалану Құқығын алуға инвестициялық,
                бағдарламалар конкурсын өткiзудiң шарттары

      1. Барлауға, Өндiруге не бiрлескен Барлау мен Өндiруге жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурсы ашық және жабық болуы мүмкiн.
      Ашық конкурсты өткiзудiң шарттары жариялануға, ал жабығынікі - барлық ықтимал қатысушылардың назарына жеткiзiлуге тиiс.
      Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген барлық тұлғалардың конкурсты

өткiзудiң тәртiбiне байланысты ақпаратты алуға құқығы бар.
     2. Конкурсты өткiзу туралы хабарламаларда мыналар болуы тиіс:
     1) оның өткiзiлетiн уақыты мен орны, сондай-ақ өтiнiмдер берудің
мерзiмi;
     2) конкурстың негiзгi шарттары;
     3) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi Операцияларды жүргiзу үшiн ұсынылу
көзделген жер қойнауы Учаскелерiнiң (блоктарының) орналасқан жерiн көрсету 
және оның сипаттамасы.
     Хабарламада сондай-ақ жазылым бонусының ең төменгi мөлшерi,
геологиялық ақпарат пакетiнiң, кен орнын ашқаны үшiн төлемнiң, Құзыреттi 
орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) белгiлейтiн конкурсқа қатысу құқығына 
арналған жарнаның құны көрсетiледi. 
     
     41-3-бап. Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға
               берiлетiн өтiнiм
     
     Конкурсқа қатысуға берiлетiн өтiнiмде:


      1) өтiнiм берушiнiң атауы оның орналасқан жерi, мемлекеттiк тиесiлiлiгi (заңды тұлғалар үшiн), азаматтығы (жеке тұлғалар үшiн);
      2) заңды тұлғалардың және өтiнiм берушiнiң атынан өкiлдiк ететiн тұлғалардың басшылары немесе иелерi туралы деректер;
      3) өтiнiм берушiнiң техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкiндiктерi туралы деректер болуға тиiс.

      41-4-бап. Өтiнiмдердi қараудың тәртiбi мен мерзiмдерi

      1. Өтiнiм берушi конкурсқа қатысуға арналған жарнаны төлеген соң өтiнiм қарауға қабылданады. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) өтiнiмнiң конкурсқа қатысуға қабылданғаны туралы оның келiп түскен күнiнен бастап бiр ай мерзiмде өтiнiм берушiге ресми хабарлайды. Өтiнiмдердiң сараптамасы конкурс процесiнде жүргiзiледi.
      2. Конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылданған соң өтiнiм берушiге Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) ақысын төлетiп жер қойнауы пайдалануға берiлетiн аумақтағы жер қойнауы Учаскесi (Блоктары) жөнiндегi геологиялық ақпарат пакетiн бередi. Пакетте өтiнiм берушiге Жұмыс бағдарламасын және Барлауды және (немесе) Өндiрудi жүзеге асыру бойынша техникалық-экономикалық көрсеткiштердi әзiрлеуi үшiн қажеттi геологиялық, тау-кен-техникалық, технологиялық және өзге ақпарат көлемi болуға тиiс.

      41-5-бап. Жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға конкурстық
                ұсыныс

      1. Өтiнiм берушi конкурстың шарттарымен белгiленген мерзiмдерде бiрлескен Барлау мен Өндiруге немесе Өндiруге жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға 41-2-баптың 2-тармағына сәйкес мiндеттемелердің орындалуын ескере отырып конкурстық ұсыныс жасайды. Конкурсқа қатысуға өтiнiм берушiлердiң арасынан конкурстың жеңiмпазын анықтауды комиссия жүргiзедi. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Конкурстың нәтижелерi ресми баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс.
      2. Барлауға, жер қойнауын пайдалану Құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныста:
      1) өтiнiм берушiнiң соңғы 5 жылда өзi қызметiн жүзеге асырған мемлекеттердiң тiзiмiн қоса алғанда, оның бұ