Тұрғын үй мәселелері

06.01.2020    Умитханов Куатхан Кажымуратович

Жаңа салынып жатқан үйлерде ыстық және суық су есептегіштерін кім орнатуы тиіс екені қай заң немесе заңнамада (қаулыда) көрсетілген?

Есепке алу торабын, АӨЖ және ЭТЕАЖ монтаждау, жобалау, қайта монтаждауды (бастапқы және кейінгі орнату) қосқанда, жабдықтау бойынша барлық жұмыстарды 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаты бар ұйымдар орындайды.

Жобаланып жатқан, салынып жатқан, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, техникалық қайта жарақтандырылатын, реконструкцияланатын және күрделі жөнделетін ғимараттарда АӨЖ және ЭТЕАЖ элементтеріне қажетті суды есепке алу аспаптарын орнатуға жұмсалған шығындар құрылыс салушыға жүктеледі.

Құрылысының нормативтік мерзімдерінің сақталуына қарамастан объектілер "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 4-тармағына сәйкес суды есепке алу аспаптарымен және АӨЖ, ЭТЕАЖ элементтерімен жарақтандырылып пайдалануға енгізіледі.

(Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы

28 тамыздағы № 621 бұйрығы.)

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 4-тармағына сәйкес мұндай түсіндірмелердің міндетті ұсынымдық сипатқа ие екеніне назарыңызды аударамыз.