Сот ісін жүргізу мәселелері

10.01.2020    Ақмаш Дархан Жеңісбекұлы


Сот орындаушылары жалақының 50 пайызын ғана ұстайдыма, менде толығымен өндіріп жатыр, 50 пайызын ғана ұстайтын болса, қайда шағым жасаймын,

<p>Бiр немесе бiрнеше атқарушылық құжат бойынша борышкердiң жалақысына немесе өзге де кіріс түрлерiне өндiрiп алу қолданылған кезде борышкер жалақысының немесе өзге де кірісінің кемiнде елу пайызы сақталуға тиiс.</p><p>Бұл ретте, алименттерді өндіріп алу және мертіккеннен немесе денсаулығы өзгеше зақымданғаннан, сондай-ақ асыраушының қайтыс болуынан келтiрiлген зиянды өтеу жағдайларын қоспағанда, борышкерде сақталатын сома республикалық бюджет туралы заңда жыл сайын тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен кем болмауға тиіс.</p><p>(2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» № 261-IV Заңының 95 бабы)</p><p>.</p>

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 4-тармағына сәйкес мұндай түсіндірмелердің міндетті ұсынымдық сипатқа ие екеніне назарыңызды аударамыз.