О признании утратившим силу решение акима Иргизского сельского округа от 23 сентября 2015 года № 105

Решение акима Иргизского сельского округа Иргизского района Актюбинской области от 25 декабря 2015 года № 167

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с пунктом 8 статьей 10-1 от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления временно исполняющего обязанности руководителя государственного учреждения "Иргизская районная территориальная инспекция комитета ветеринарного контроля и надзора министерства Сельского хозяйства Республики Казахстан" от 25 декабря 2015 года № 17-02/376, аким Иргизского сельского округа РЕШИЛ:
      1. Признать утратившим силу решение акима Иргизского сельского округа "Об установлении ограничительных мероприятий" от 23 сентября 2015 года № 105 (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 9 октября 2015 года № 4535, опубликовано в районных газетах "Ырғыз" от 27 октября 2015 года № 58-59).
      2. Настоящее решение вводится в действие со дня подписания.
      Аким Иргизского сельского округа А. САРИН

Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 105 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 167 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 17-02/376 ұсынысының негізінде, Ырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 105 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 9 қазанында № 4535 болып тіркелген, аудандық "Ырғыз" газетінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 58-59 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
      Ырғыз ауылдық округінің әкімі А. САРИН