Об утверждении Порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей Озерного сельского округа Осакаровского района Карагандинской области для участия в сходе местного сообщества

Решение Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 23 декабря 2022 года № 345. Утратило силу решением Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 17 ноября 2023 года № 13/127

      Сноска. Утратило cилу решением Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 17.11.2023 № 13/127 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества Озерного сельского округа Осакаровского района Карагандинской области согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей Озерного сельского округа Осакаровского района Карагандинской области для участия в сходе местного сообщества согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь районного маслихата К. Саккулаков

  Приложение 1 к
решению Осакаровского
районного маслихата № 345
от "23" декабря 2022 года

Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Озерного сельского округа Осакаровского района Карагандинской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий порядок проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Озерного сельского округа Осакаровского района Карагандинской области разработан в соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", а также Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 и устанавливает проведение раздельного схода местного сообщества жителей улиц села Озерное, села Ералы Озерного сельского округа Осакаровского района Карагандинской области (далее – Озерный сельский округ).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, улицы в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория Озерного сельского округа подразделяется на улицы.

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители улиц Озерного сельского округа для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек с каждой улицы.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом Озерного сельского округа Осакаровского района Карагандинской области (далее-аким Озерного сельского округа).

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом Озерного сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными не противоречащими закону способами через интернет- ресурсы, мобильные или домашние сети связи, мессенджеров мобильных приложений.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах улицы организуется акимом Озерного сельского округа.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей улицы на территории Озерного сельского округа имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), улиц проживающих в Озерном сельском округе и имеющих право в нем участвовать.

      Не имеют права участвовать в раздельном сходе местного сообщества несовершеннолетние лица, лица, признанные судом недееспособными, а также лица, содержащиеся в местах лишения свободы по приговору суда.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом Озерного сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким Озерного сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей улицы Озерного сельского округа для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом Осакаровского района Карагандинской области.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Озерного сельского округа.

      В протоколе раздельного схода местного сообщества указывается:

      1) дата и место проведения раздельного схода местного сообщества;

      2) общее число жителей, проживающих в пределах улицы и имеющих право участвовать в раздельном сходе местного сообщества;

      3) количество и список присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря раздельного схода местного сообщества;

      5) повестка дня, содержание выступлений и принятые решения.

  Приложение 2
к решению Осакаровского
районного маслихата №345
от "23" декабря

Количественный состав представителей жителей улиц Озерного сельского округа Осакаровского района Карагандинской области

Наименование улицы села Озерное, села Ералы Озерного сельского округа

Количество представителей улицы

село Озерное

1

улица Жастар

2

2

улица Болашақ

2

3

улица Ақкөл

1

4

улица Сарыарқа

3

5

улица Сәкена Сейфуллина

2

6

улица Абая

2

7

улица Мұхтара Әуезова

3

8

улица Достық

1

село Ералы

9

улица Атамұра

1

10

улица Бейбітшілік

3

11

улица Шаңырақ

1


Итого

21


Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және ауылдық округ тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 345 шешімі. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 13/127 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 17.11.2023 № 13/127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдыстық жиынына қатысу үшін Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы К. Саккулаков

  Осакаров аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
"23" желтоқсандағы
№ 345 шешіміне 1-қосымша

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік ережелеріне сәйкес әзірленді және Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округінің Озерное ауылы, Ералы ауылы (бұдан әрі-Озерный ауылдық округі) көшелерінің тұрғындарына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Озерный ауылдық округінің аумағы көшелерге бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін әр көшеден саны үш адамнан аспайтын мөлшерде Озерный ауылдық округінің көшелерінің өкілдері сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округінің әкімі (бұдан әрі-Озерный ауылдық округінің әкімі) шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелері Озерный ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен ғаламтор - ресурстар, мобильді немесе үй байланыс желілері, мобильді қосымшалар мессенджерлері арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Озерный ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында Озерный ауылдық округінің аумағындағы көшенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Озерный ауылдық округінде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Озерный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Озерный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының төрағасы болып табылады.

       Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Озерный ауылдық округінің көшесінің өкілдерінің үміткерлірін Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Озерный ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасында:

      1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының өткізілетін күні мен орны;

      2) көше шегінде тұратын және жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны төрағасының және хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Осакаров аудандық
мәслихатының
2022 жылғы "23" желтоқсандағы
№ 345 шешіміне 2 қосымшасы

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Озерный ауылдық округінің көшелері тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Озерный ауылдық округінің Озерное ауылы, Ералы ауылы көшелерінің атауы

Көше өкілдерінің саны

Озерное ауылы

1

Жастар көшесі

2

2

Болашақ көшесі

2

3

Ақкөл көшесі

1

4

Сарыарқа көшесі

3

5

Сәкен Сейфуллин көшесі

2

6

Абай көшесі

2

7

Мұхтар Әуезов көшесі

3

8

Достық көшесі

1

Ералы ауылы

9

Атамұра көшесі

1

10

Бейбітшілік көшесі

3

11

Шаңырақ көшесі

1


Жиыны

21