"О Государственной программе развития туризма в Республике Казахстан на 2007-2011 годы"

Комментарий отдела социально-экономического анализа Администрации Президента Республики Казахста к Указу Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2006 года N 231

      Государственная программа развития туризма в Республике Казахстан на 2007-2011 годы (далее - Государственная программа) разработана в соответствии с Общенациональным планом мероприятий по реализации  Послания  Президента Республики Казахстан народу Казахстана от 1 марта 2006 года "Казахстан на пороге нового рывка вперед в своем развитии" и Программой Правительства Республики Казахстан на 2006-2008 годы, утвержденной  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2006 года N 222, Среднесрочным планом социально-экономического развития Республики Казахстан на 2007-2009 годы (второй этап), утвержденным  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2006 года N 822.
      Целью Государственной программы является создание конкурентоспособной туристской индустрии для обеспечения занятости населения, стабильного роста доходов государства и населения за счет увеличения объемов въездного и внутреннего туризма. Для достижения этой цели поставлены следующие задачи: развитие инфраструктуры туризма, создание эффективного механизма государственного регулирования и поддержки туризма, формирование привлекательного туристского имиджа страны, повышение туристского потенциала, формирование зон с рекреационной хозяйственной специализацией.
      Основные направления и механизм реализации Государственной программы включают: развитие системы государственного регулирования и поддержки туристской деятельности; маркетинг и продвижение казахстанского туристского продукта; экологический туризм - фактор устойчивого развития; детско-юношеский туризм - один из основополагающих факторов развития внутреннего туризма и воспитания туристской культуры; подготовку кадров, систему повышения квалификации работников туризма и научно-методическое обеспечение сферы туризма; информационное обеспечение туризма; обеспечение безопасности туристов; международное сотрудничество в области туризма; реализацию "прорывных" проектов международного значения в области туризма.
      Государственная программа будет реализована в два этапа. Первый этап: 2007-2009 годы, второй этап: 2010-2011 годы.
      Мероприятия по реализации Государственной программы будут осуществляться за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете, и других источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      В ходе реализации Государственной программы будет достигнут рост потока туристов: по внутреннему туризму с 3,4 млн. туристов в 2007 году до 4,5 млн. туристов в 2011 году; по въездному туризму с 4,5 млн. туристов в 2007 году до 9,5 млн. туристов в 2011 году. За период с 2007 по 2011 год поступления в бюджет от въездного туризма составят 603,2 млрд. тенге. За счет въездного туризма будет также обеспечена занятость населения в сфере туризма с 447,6 тыс. человек в 2007 году до 550,0 тыс. человек в 2011 году.
      Реализация Государственной программы будет способствовать повышению привлекательности национального туристского продукта и вхождению Казахстана в систему мирового туристского рынка. Будет создана развитая конкурентоспособная туристская индустрия, которая может стать одним из значимых доходных секторов среди несырьевых отраслей экономики государства. При этом в республике будут созданы реальные условия и возможности для того, чтобы Казахстан стал центром туризма Центрально-Азиатского региона.

       Отдел социально-экономического анализа
      Администрации Президента Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы"

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 231 Жарлығына түсініктемесі

      Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарына (екінші кезең) сәйкес әзірленді.
      Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды: туризм инфрақұрылымын дамыту, туризмді мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін жасау, елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру, туристік әлеуетті арттыру, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастыру.
      Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі туристік қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау жүйесін дамытудан, қазақстандық туристік өнімнің маркетингінен және ілгеріленуінен, экологиялық туризм - тұрақты даму факторынан, балалар мен жасөспірімдер туризмі - ішкі туризмді дамытудың және туристік мәдениетті тәрбиелеудің негізін қалаушы факторларының бірінен, кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінен және туризм саласын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуден, туризмді ақпараттық қамтамасыз етуден, туристер қауіпсіздігін қамтамасыз етуден, туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықтан және халықаралық маңызы бар туризм саласындағы "белсенді" жобаларды іске асырудан тұрады.
      Мемлекеттік бағдарлама 2 кезең бойынша іске асырылатын болады. Бірінші кезең: 2007-2009 жылдар, екінші кезең: 2010-2011 жылдар.
      Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар республикалық бюджетте көзделген қаржының есебінен және Қазақстан Республикасын заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылатын болады.
      Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында туристер ағынының тұрақты өсімі: ішкі туризм бойынша 2007 жылғы 3,4 млн. туристен 2011 жылы 4,5 млн. туристке дейін; сырттан келушілер туризмі бойынша 2007 жылғы 4,5 млн. туристен 2011 жылы 9,5 млн. туристке дейін қамтамасыз етіледі. 2007 жылдан 2011 жылды қоса алғандағы дейінгі кезеңде сырттан келушілер туризмінен бюджетке түсетін түсім 603250 млн. теңгені құрайды. Сырттан келушілер туризмі есебінен, сонымен қатар халықтың жұмыспен қамтылуы 2007 жылғы 447,6 мың адамнан 2011 жылы 550,0 мың адамға дейін қамтамасыз етіледі.
      Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның әлемдік туристік нарық жүйесіне кіруіне жәрдем ететін болады. Мемлекет экономикасының шикізаттық емес секторы ішіндегі біршама кірісті саласына айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылатын болады. Бұл ретте республикада Қазақстанның Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналуына нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалады.

      Қазақстан Республикасы
      Президенті Әкімшілігінің
      Әлеуметтік-экономикалық
      талдау бөлімі