Комментарий к Указу Президента Республики Казахстан "О Государственной программе по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан на 2010 - 2014 годы и признании утратившими силу некоторых Указов Президента Республики Казахстан"

Отдел социально-экономического мониторинга Администрации Президента Республики Казахстан

      19 марта 2010 года Главой государства подписан Указ «О Государственной программе по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан на 2010 — 2014 годы и признании утратившими силу некоторых Указов Президента Республики Казахстан».
      Разработанная Правительством Республики Казахстан Государственная программа по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан на 2010 - 2014 годы (далее - Госпрограмма) направлена на:
      обеспечение устойчивого и сбалансированного роста экономики через диверсификацию и повышение ее конкурентоспособности;
      усиление социальной эффективности развития приоритетных секторов экономики и реализации инвестиционных проектов;
      создание благоприятной среды для индустриализации;
      формирование центров экономического роста на основе рациональной территориальной организации экономического потенциала;
      обеспечение эффективного взаимодействия государства и бизнеса в процессе развития приоритетных секторов экономики.
      Кроме того, Госпрограмма является логическим продолжением проводимой политики по диверсификации экономики, и интегрировала в себя основные подходы Стратегии индустриально-инновационного развития на 2003-2015 годы, Программы «30 корпоративных лидеров Казахстана», а также других программных документов в сфере индустриализации.
      На период до 2015 года основным приоритетом политики форсированной индустриализации станет реализация крупных инвестиционных проектов в традиционных экспортоориентированных секторах экономики, с мультипликацией новых бизнес-возможностей для малого и среднего бизнеса через целенаправленное развитие казахстанского содержания, последующих переделов и переработки.
      Параллельно будут осуществляться формирование и усиление отраслей экономики, не связанных с сырьевым сектором и ориентированных на внутренние, а в последующем и на региональные рынки.
      Государство поддержит инициативы казахстанского среднего и малого бизнеса, направленные на трансферт передовых технологий, привлечение иностранных инвесторов для создания современных импортозамещающих производств с перспективой развития их экспортной ориентированности.
      В целом государственная поддержка диверсификации экономики будет осуществляться через реализацию системных мер экономической политики на макро- и секторальном уровнях, а также селективных мер поддержки конкретных секторов экономики и проектов.
      Успешная реализация Госпрограммы будет способствовать обеспечению устойчивого и сбалансированного роста через ее диверсификацию и повышение конкурентоспособности в долгосрочном периоде.
      Основными качественными результатами Госпрограммы станут рост производительности труда, развитие и укрепление национальной инновационной системы, усиление роли малого и среднего бизнеса, диверсификация экономики, рациональная организация производительных сил и повышение качества человеческого капитала.
      Традиционные экспортоориентированные сектора экономики исполнят роль локомотивов развития за счет появления производств последующих переделов и обеспечения широкого мультипликативного эффекта на сопряженные сектора экономики.

      Отдел социально-экономического
      мониторинга Администрации
      Президента Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасы үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына ТҮСІНІКТЕМЕ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

      Мемлекет басшысы 2010 жылғы 19 наурызда "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Жарлыққа қол қойды.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі — Бағдарлама) келесі міндеттерді көздейді:
      Экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету;
      Экономиканың басым секторларын дамытудың әлеуметтік тиімділігін күшейту және инвестициялық жобаларды іске асыру;
      индустрияландыру үшін қолайлы орта жасау;
      экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру негізінде экономикалық өсу орталықтарын құру;
      экономиканың басым салаларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету.
      Бағдарлама экономиканы әртараптандырудың жүргізіліп отырған саясатының қисынды жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының, "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктіреді.
      2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ.
      Шикізат секторымен байланысты емес және ішкі, ал кейіннен өңірлік нарықтарға бағдарланған экономика салаларын қалыптастыру және күшейту қатар жүзеге асырылатын болады.
      Мемлекет озық технологиялар трансфертіне, кейіннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазіргі заманғы импорт алмастырушы өндірісті құру үшін шетел инвесторларын тартуға бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайтын болады.
      Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторлық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың селективті шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылмақ.
      Бағдарламаны табысты іске асыру оны әртараптандыру және ұзақ мерзімді кезеңде бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуді қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
      Еңбек өнімділігінің өсуі, ұлттық инновациялық жүйенің дамуы мен нығаюы, шағын және орта бизнес рөлінің күшеюі, экономиканы әртараптандыру, өндіргіш күштердің ұтымды ұйымдастырылуы, адами капитал сапасының арттырылуы Бағдарламаның негізі сапалық нәтижесі болады.
      Экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторлары кейінгі бөліністі өндірістерді дамыту және экономиканың салалас секторларына оларды дамытудың мультипликативтік кең ауқымды әсерін қамтамасыз ету есебінен индустрияландырудың локомотиві рөлін атқарады.

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
      Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі