О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 4 июля 2003 года N 217 "Об утверждении Правил государственной регистрации выпуска объявленных акций, утверждения отчета об итогах размещения акций и аннулирования выпуска акций" и постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16 февраля 2004 года N 32 "Об утверждении Правил ведения системы реестров держателей ценных бумаг"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 июня 2005 года N 217. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 июля 2005 года за N 3730. Утратило силу - постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года N 62 (V064175)

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 2  статьи 3  и подпунктом 8) пункта 2 статьи 3 Закона "О рынке ценных бумаг" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство)  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1.  (Пункт исключен - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 июля 2005 года N  268  (вводится в действие по истечении 14 дней со дня гос.регистрации в МЮ РК).

      2. Внести в  постановление  Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16 февраля 2004 года N 32 "Об утверждении Правил ведения системы реестров держателей ценных бумаг" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 2750, опубликованное в 2004 году в журнале Финансовый вестник N 2-3, с изменениями и дополнениями, внесенными  постановлением  Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 21 августа 2004 года N 245 (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 3103),  постановлением  Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года N 114 (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 3577) следующие дополнения: 
      в Правилах ведения системы реестров держателей ценных бумаг, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 22 дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:
      "3-1) внесение записей об увеличении количества акций на лицевом счете зарегистрированного лица в связи с увеличением количества размещенных акций без увеличения размера уставного капитала (дробление акций);";
      дополнить пунктом 24-1 следующего содержания:
      "24-1. Приказ на распределение объявленных акций по лицевым счетам зарегистрированных лиц в случае дробления акций содержит следующие сведения:
      1) номер и дата приказа; 
      2) наименование эмитента ценных бумаг; 
      3) сведения о зарегистрированном лице; 
      4) номер лицевого счета зарегистрированного лица; 
      5) вид, национальный идентификационный номер ценных бумаг; 
      6) пропорция дробления акций;
      7) количество ценных бумаг, предназначенных для проведения операции; 
      8) указание на совершение дробления акций; 
      9) сведения в отношении прав по ценным бумагам.
      Приказ на распределение объявленных акций на лицевые счета зарегистрированных лиц в случае дробления акций подписывается уполномоченным лицом эмитента и заверяется печатью."; 
      пункт 29 дополнить словами ", за исключением случая, установленного пунктом 29-1 настоящих Правил";
      дополнить пунктом 29-1 следующего содержания:
      "29-1. Операция по дроблению акций проводится регистратором на основании представленных эмитентом копий свидетельства о государственной регистрации выпуска объявленных акций и сопроводительного письма, выданного эмитенту уполномоченным органом, содержащего указание на то, что увеличение количества объявленных акций произведено за счет увеличения количества размещенных акций, а также приказа эмитента на распределение объявленных акций по лицевым счетам зарегистрированных лиц в случае дробления акций путем перевода акций с лицевого счета эмитента для учета объявленных ценных бумаг на лицевые счета зарегистрированных лиц.".

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Департаменту надзора за субъектами рынка ценных бумаг и накопительными пенсионными фондами (Токобаев Н.Т.):

      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана", организатора торгов.

      5. Отделу международных отношений и связей с общественностью Агентства (Пернебаев Т.Ш.) принять меры к публикации настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Бахмутову Е.Л.

      Председатель 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына толықтырулар

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 217 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 13 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3730. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 (V064175) қаулысымен.

        Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62  қаулысымен .
___________________________ 

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. <*>
       Ескерту: 1-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268   қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2750 тіркелген, 2004 жылы Финансовый вестник N 2-3 журналында жарияланған, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3103 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 114  қаулысымен  енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3577 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесінде:

      22-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1. жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайтпастан орналастырылған акциялардың санын ұлғайтумен байланысты (акцияларды ұсақтау) тіркелген тұлғаның жеке шотына акциялардың санын ұлғайту туралы жазба жазу;";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
      "24-1. Акциялар ұсақталған жағдайда тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша жарияланған акцияларды бөлу бұйрығында мынадай мәліметтер бар:
      1) бұйрықтың нөмірі мен күні;
      2) бағалы қағаздар эмитентінің атауы;
      3) тіркелген тұлға туралы мәліметтер;
      4) тіркелген тұлға жеке шотының нөмірі;
      5) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
      6) акцияларды ұсақтау үйлесімдігі;
      7) операцияларды жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;
      8) акцияларды ұсақтауға берілген нұсқау;
      9) бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер.
      Акциялар ұсақталған жағдайда тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлу бұйрығына эмитенттің уәкілетті тұлғасы қол қояды және ол мөрмен куәландырылады.";

      29-тармақта "тіркеуші" деген сөзден кейін ", осы Ереженің 29-1-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
      "29-1. Тіркеуші акцияларды ұсақтау операциясын эмитент ұсынған жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі және жарияланған акциялардың саны орналастырылған акциялар санын ұлғайту есебінен ұлғайтылғанына нұсқауы бар уәкілетті орган эмитентке берген ілеспе хаты, сондай-ақ жарияланған бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарын есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан акцияларды аудару арқылы акциялар ұсақталған жағдайда тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша жарияланған акцияларды бөлуге шығарған эмитенттің бұйрығы негізінде жүргізеді.".

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға