Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси, трамвая)

Постановление акимата города Темиртау Карагандинской области от 26 января 2010 года N 3/7. Зарегистрировано Управлением юстиции города Темиртау Карагандинской области 18 февраля 2010 года N 8-3-97. Утратило силу - постановлением акимата города Темиртау Карагандинской области от 3 марта 2011 года N 9/1

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Темиртау Карагандинской области от 03.03.2011 N 9/1 (вводится в действие с 01.01.2011).

      В соответствии со статьей 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", статьей 11 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", статьей 4 Закона Республики Казахстан от 5 апреля 1999 года "О специальном государственном пособии в Республике Казахстан" и, руководствуясь подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", во исполнение решения 23 сессии Темиртауского городского маслихата от 24 декабря 2009 года N 23/5 "О городском бюджете на 2010 – 2012 годы", зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 8–3-89, акимат города Темиртау ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Темиртау" обеспечить в 2010 году оказание социальной помощи на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси и трамвая) в виде льготных проездных билетов следующим категориям граждан:
      1) инвалидам 1, 2, 3 групп;
      2) лицам, больным туберкулезом, на период амбулаторного лечения по справкам государственного учреждения "Противотуберкулезный диспансер города Темиртау".
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Темиртау" обеспечить в 2010 году оказание социальной помощи на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси и трамвая) в виде ежемесячной денежной компенсации за проезд в городском транспорте следующим категориям граждан:
      1) детям-инвалидам до 18 лет, воспитывающимся и обучающимся на дому, или получателю государственного социального пособия на ребенка-инвалида до 18 лет (в случае если ребенок малолетний или не передвигается);
      2) бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны;
      3) гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда";
      4) семьям погибших воинов - интернационалистов (получатели специального государственного пособия);
      5) вдовам воинов, погибших (умерших), пропавших без вести в Великой Отечественной войне, не вступившим в повторный брак;
      6) лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1989 годах;
      7) участникам боевых действий на территории других государств;
      8) многодетным матерям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей (в том числе детей, обучающихся в высших и средних учебных заведениях, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания ими учебных заведений).
      3. Государственному учреждению "Отдел финансов города Темиртау" обеспечить своевременность финансирования выплат на оказание социальной помощи за счет средств, предусмотренных по программе 007 "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов".
      4. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Куринную Татьяну Михайловну.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие  с 1 января 2010 года.

      Аким города Темиртау                       Н. Султанов

Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 3/7 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 ақпанда N 8-3-97 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 03 наурыздағы N 9/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011.03.03 N 9/1 (2011.01.01 бастап күшіне енеді) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңының 4-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-89 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы 23 сессиясының "2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" N 23/5 шешімін орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2010 жылы келесі азаматтар санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге жеңілдік жол билеттері түрінде әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін:
      1) 1, 2, 3-топ мүгедектеріне;
      2) "Теміртау қаласының туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесінің анықтамасы бойынша амбулаторлық емделу кезеңіндегі туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға.
      2. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2010 жылы келесі азаматтар санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге қалалық көлікте жүруге ай сайынғы ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін:
      1) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға немесе 18 жасқа дейінгі мүгедек бала үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатындарға (егер бала жасөспірім немесе өздігінен жүріп-тұра алмайтын жағдайда болса);
      2) екінші дүние жүзілік соғыс кезінде фашистермен және олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
      3) қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген азаматтар мен "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталғандарға;
      4) қаза тапқан интернационалист – жауынгерлердің отбасыларына (арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алатындарға);
      5) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған), хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне;
      6) 1986-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға;
      7) басқа мемлекеттердің аумақтарында ұрыс қимылдарына қатысушыларға;
      8) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар (оның ішінде, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқып жүрген балалар - олар оқу орындарын бітірген уақытқа дейін) көп балалы аналарға.
      3. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге арналған төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

      Теміртау қаласының әкімі                   Н. Сұлтанов