Об утверждении категорий граждан, имеющих право на социальные выплаты в 2011 году

Решение маслихата Актогайского района Павлодарской области от 24 декабря 2010 года N 158/28. Зарегистрировано Управлением юстиции Актогайского района Павлодарской области 31 декабря 2010 года N 12-4-93. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо маслихата Актогайского района Павлодарской области от 03 марта 2014 года N 205)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо маслихата Актогайского района Павлодарской области от 03.03.2014 N 205).

      В соответствии со статьей 56 "Бюджетного Кодекса Республики Казахстан" от 4 декабря 2008 года, со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2005 года "О некоторых вопросах реабилитации инвалидов", в целях определения категории граждан, имеющих право на социальные выплаты, районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить следующие категории граждан, имеющих право на социальные выплаты:
      1) лица, освободившиеся из мест лишения свободы;
      2) граждане, нуждающиеся в лечении онкологических заболеваний;
      3) граждане, доходы которых не превышают размер продовольственной корзины;
      4) малообеспеченные граждане, пенсионеры и инвалиды 1, 2 групп, доход которых не превышает продовольственной корзины;
      5) участники ликвидации последствии аварии на Чернобыльской атомной электростанции и воины Афганской войны;
      6) дети из малообеспеченных и многодетных семей получателей адресной социальной помощи и детских пособий, круглые сироты, дети оставшиеся без попечения родителей и дети-инвалиды до 18 лет;
      7) выпускники средних школ - из малообеспеченных семей, доходы которых не превышают прожиточного минимума, сироты оставшиеся без попечения родителей - для подготовки педагогических кадров, медицинских работников и других специальностей, необходимых для района на обучение в высших учебных заведениях по гранту акима области;
      8) студенты высших учебных заведений и колледжей из малообеспеченных семей, доходы которых не превышают прожиточного минимума, сироты оставшиеся без попечения родителей - для подготовки педагогических кадров, медицинских работников и других специальностей, необходимых для района;
      9) инвалиды и участники Великой Отечественной войны;
      10) приравненные к участникам Великой Отечественной войны:
      лица, награжденные медалью и орденами бывшего СССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;
      не вступившие в повторный брак вдовы воинов, погибших в Великой Отечественной войне;
      не вступившие в повторный брак вдовы ветеранов Великой Отечественной войны умерших в мирное время;
      узники концентрационных лагерей и гетто;
      11) Исключен решением маслихата Актогайского района Павлодарской области от 21.10.2011 N 187/36 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней после первого дня его официального опубликования);
      12) больные туберкулезом, находящиеся на учете в государственном учреждении "Актогайская противотуберкулезная больница" и больные туберкулезом студенты высших учебных заведений и колледжей, выявленные по месту учебы и прописанных в Актогайском районе;
      13) студенты последних курсов и интернатуры медицинских высших учебных заведений, заключившие трехсторонний договор;
      14) семьи, имеющие детей-инвалидов - больных детским церебральным параличом;
      15) семьи, следующих категорий граждан на погребение, независимо от дохода и состава семьи (кроме лиц получающих пенсии и государственные социальные пособия):
      безработных, состоящих на учете в центре занятости;
      не работавших предпенсионного возраста: мужчин с 60 лет, женщин с 55 лет, независимо от регистрации в органах занятости;
      не работавших участников боевых действий в Афганистане, ликвидации последствий аварии на Чернобыльской атомной электростанции, независимо от возраста и регистрации в органах занятости;
      16) семьи воспитывающие детей-инвалидов с детства до 18 лет, независимо от дохода;
      17) молодые специалисты, выпускники высших медицинских учебных заведений, прибывшие на работу в район и трудоустроенные по специальности в текущем году, кроме студентов из малообеспеченных семей обучавшихся по гранту акима области;
      18) лица, оставшиеся без средств существования, при полном или частичном повреждении предметов домашнего обихода, вещей, квартиры, помещений для зимнего содержания скота вследствие пожара, наводнения и других стихийных явлений (независимо от ранее полученной единовременной помощи) независимо от дохода;
      19) малообеспеченные граждане:
      граждане из числа получателей государственной адресной социальной помощи и детских пособий в целях развития личного подворья;
      доходы которых не превышают размер продовольственной корзины в целях развития личного подворья на приобретение скота и грубых кормов;
      20) пенсионеры, получающие минимальный размер пенсии;
      21) учащиеся профессионального технического заведения по направлению государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Актогайского района";
      22) дети-инвалиды до 16 лет и инвалиды всех групп;
      23) дети сироты, дети оставшиеся без попечения родителей до 18 лет, студенты данной категорий до окончания высших учебных заведений и колледжей;
      24) семьи, погибших военнослужащих в мирное время;
      25) одинокие пенсионеры;
      26) беременные женщины, своевременно, до 12 недель, обратившиеся в лечебное учреждение для постановки на учет по беременности;
      27) граждане больные сахарным диабетом;
      28) матерям, имеющим детей грудного возраста до одного года;
      29) ветераны ВОВ и труда, труженики тыла, на экскурсионную поездку в г.Астану.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением маслихата Актогайского района Павлодарской области от 21.10.2011 N 187/36 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней после первого дня его официального опубликования).
      2. Решение Актогайского районного маслихата (ХІХ сессия, ІV созыв) от 25 декабря 2009 года N 105/19 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан в 2010 году" считать утратившим силу.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении 10 календарных дней после первого дня его официального опубликования.
      4. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Актогайского районного маслихата по вопросам социальной сферы и законности.

      Председатель сессии                        Ж. Агамбаев

      Секретарь маслихата                        Т. Муканов

2011 жылы әлеуметтік төлем алуға құқылы азаматтар санаттарын бекіту туралы

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 158/28 шешімі. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 желтоқсанда N 12-4-93 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 03 наурыздағы N 205 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 03.03.2014 N 205 хатымен).

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің" 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қаулысына сәйкес және әлеуметтiк төлем алуға құқылы азаматтар санаттарын анықтау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтiк төлем алуға құқылы келесі азаматтар санаттары бекітілсін:
      1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
      2) онкология ауруынан емделуді қажет ететін азаматтар;
      3) табыстары азық-түлік себетінің мөлшерінен аспайтын азаматтар;
      4) табыстары азық-түлік себетінен аспайтын аз қамтамасыз етілген азаматтар, зейнеткерлер және 1, 2 топтағы мүгедектер;
      5) Чернобыль атом электростанциясы апатының зардабын жоюға қатысушылар және Ауған соғысының жауынгерлері;
      6) атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алушы аз қамтамасыз етiлген және көп балалы отбасындағы 18 жасқа дейінгі балалар, жетім балалар, ата–аналардың қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балалар;
      7) орта мектептердің түлектері - облыс әкімінің гранты бойынша ауданға қажет педагогикалық кадрлар, медициналық қызметкерлер және басқа да мамандарды дайындау үшін жоғары оқу орындарында оқыту үшін табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы, ата-аналар қамқорлығынсыз қалған жетімдер;
      8) табысы күнкөрістің ең төмен деңгейінен аспаған аз қамтамасыз етілген отбасындағы студенттер және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетімдер – ауданға қажет педагогикалық кадр, медициналық қызметкер және басқа да мамандарды дайындау үшін;
      9) Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен мүгедектерi;
      10) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестiрiлгендер:
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда мінсіз жауынгерлік қызмет және  жанкешті еңбегі үшін бұрынғы КСРО орденімен және медалімен марапатталған тұлғалар;
      қайтадан неке құрмаған Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлері;
      бейбіт өмірде қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайтадан неке құрмаған жесірлері;
      гетто және шоғырландыру лагерлердің тұтқындары;
      11) Алынып тасталды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2011.10.21 N 187/36 (жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен;
      12) Ақтоғай ауданында тіркелген "Ақтоғай ауданының туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесінде тіркеуде тұрған туберкулезбен ауыратындар және оқу орындарында анықталған туберкулезбен ауыратын жоғары оқу орындарынының және колледж студенттері;
      13) үш тарапты келісімшарт жасасқан жоғары медициналық оқу орындарының соңғы курс және интернатура студенттері;
      14) балалық сал ауруымен ауыратын мүгедек-балалары бар отбасылары;
      15) жерлеу үшін табысына және отбасы құрамына тәуелсіз келесі санаттағы азаматтардың (зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы тұлғалардан басқа) отбасылары;
      жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған жұмыссыздар;
      жұмыспен қамту ұйымдарында тіркеуде тұрғанына қарамастан зейнетақылық жасқа дейінгі жұмыс істемегендер:ер азаматтар - 60 жастан, әйел адамдар 55 жастан;
      жұмыспен қамту ұйымдарында тіркеуде тұрғанына және жасына қарамастан жұмыс істемеген Ауған соғысының іс-әрекетіне қатысушылар, Чернобыль атом электростанциясының апатын жоюға қатысушылар;
      16) табысына тәуелсіз балалық шағынан 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды тәрбиелеуші отбасылары;
      17) облыс әкімінің гранты бойынша оқыған аз қамтылған отбасы балаларынан басқа, ағымдағы жылы ауданға жұмысқа орналасуға келген жоғары медициналық оқу орындарының түлектері және мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылған жас мамандар;
      18) табысына қарамастан өрт, су тасқыны және басқа апаттық жағдайлардан үй жиһаздарының, киім-кешектердің, пәтерлердің, мал ұстайтын қыстық тұрғын жайлардың толық немесе жартылай бүлінуінен өмір сүру үшін қаражатсыз қалған тұлғалар (бұрын алған бір жолғы көмекке қарамастан);
      19) аз қамтамасыз етілген азаматтар:
      жеке шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алушылар санатындағы азаматтар;
      жеке шаруашылығын дамыту, мал және қатты азық сатып алу мақсатында табыстары азық-түлік себетінен аспайтын азаматтар;
      20) аз мөлшерде зейнетақы алушы зейнеткерлер;
      21) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша кәсіби техникалық оқу мекемесінің оқушылары;
      22) 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар және барлық топтағы мүгедектер;
      23) 18 жасқа дейінгі жетім балалар, ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар, жоғары оқу орындарын және колледждерді бітіргенге дейін жоғары көрсетілген санаттағы студенттер;
      24) бейбіт өмірде қайтыс болған әскери қызметкерлерінің отбасылары;
      25) жалғызілікті зейнеткерлер;
      26) уақытында, 12 аптаға дейін емдеу мекемесіне жүктілігі бойынша тіркеуге тұру үшін жүгінген жүкті әйелдер;
      27) қант диабетімен ауыратын азаматтар;
      28) 1 жасқа дейін кеуде сүтiмен емiзу жасындағы балалары бар аналар;
      29) Астана қаласына саяхаттық сапарға баруға ҰОС және еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2011.10.21 N 187/36 (жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. 2009 жылғы 25 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың (ІV шақырылым, ХІХ сессия) "2010 жылы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету туралы" N 105/19 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            Ж. Ағамбаев

      Мәслихат хатшысы                           Т. Мұқанов