Об определении целевых групп населения Курчумского района на 2014 год

Постановление акимата Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 11 декабря 2013 года N 3132. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 10 января 2014 года № 3149. Утратило силу - постановлением акимата Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 02 декабря 2014 года N 3522

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 02.12.2014 N 3522.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 5, подпунктом 2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях реализации государственной политики в сфере занятости с учетом ситуации на рынке труда и обеспечения дополнительных государственных гарантий, акимат Курчумского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить следующие целевые группы населения по Курчумскому району на 2014 год:
      1) малообеспеченные;
      2) молодежь в возрасте до двадцати одного года;
      3) воспитанники детских домов, дети – сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет;
      4) одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      5) граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законадательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      6) лица, предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      7) инвалиды;
      8) лица, уволенные из рядов Вооруженных сил Республики Казахстан;
      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      10) оралманы;
      11) выпускники организаций высшего или послевузовского образования;
      12) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя- юридического лица либо прекращением деятельности работодателя- физического лица, сокращением численности или штата работников;
      13) лица, состоящие на учете службы пробации уголовно – исполнительной инспекции;
      14) несовершеннолетние выпускники интернатных организаций;
      15) выпускники школ, профессиональных учебных заведений;
      16) лица, зарегистрированные в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Курчумского района Восточно-Казахстанской области" как безработные;
      17) участники программы "Дорожная карта занятости 2020", завершившие профессиональное обучение по специальностям (профессиям);
      18) лица, в семье которых нет ни одного работающего;
      19) лица, длительное время (более одного года) неработающие;
      20) женщины старше 50 лет;
      21) лица, инфицированные вирусом иммунодефицита человека, наркозависимые граждане.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением акимата Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 30.10.2014 № 3486 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Курчумского района Восточно-Казахстанской области" (С. Такенова) обеспечить содействие в трудоустройстве лиц, отнесенных к целевым группам населения.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Калелова М.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Аким Курчумского района

А.Сеитов

   

2014 жылға Күршім ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы N 3132 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қаңтарда N 3149 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 02 желтоқсандағы N 3522 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 02.12.2014 N 3522 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру және жұмыспен қамтудың қосымша мемлекеттiк кепiлдiктерін қамтамасыз ету мақсатында, Күршім ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2014 жылға Күршім ауданы халқының келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата- аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші- заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші- жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық- атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері;
      15) мектептердің, кәсіби оқу мекемелерінің түлектері;
      16) "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
      17) кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының қатысушылары;
      18) отбасында бір де бір жұмыс істеушісі жоқ тұлғалар;
      19) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      20) 50 жастан асқан әйелдер;
      21) адамдардың иммун тапшылығы вирусын жұқтырған тұлғалар, есірткіге тәуелді азаматтар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 30.10.2014 N 3486 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Такенова) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарға жұмысқа орналасуда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалеловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Күршім ауданының әкімі

А. Сеитов