Об утверждении Правил реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Алматинской области

Решение акима Алматинской области от 05 января 2015 года № 1-1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 06 февраля 2015 года № 3021

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 10 июня 2014 года № 81-р "О мерах по реализации законов Республики Казахстан от 23 апреля 2014 года "Об органах внутренних дел Республики Казахстан" и "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам деятельности органов внутренних дел" аким Алматинской области РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Алматинской области.
      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на заместителя акима области С. Турдалиева.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким области А. Баталов

  Утвержден решением акима Алматинской области от "05" января 2015 года № 1-1

Правила реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Алматинской области

      1. Настоящие Правила реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий в Алматинской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 10 июня 2014 года № 81-р "О мерах по реализации законов Республики Казахстан от 23 апреля 2014 года "Об органах внутренних дел Республики Казахстан" и "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам деятельности органов внутренних дел".
      2. Спортивно-массовые, зрелищные культурно-массовые мероприятия (далее – массовые мероприятия) проводятся при соблюдении законодательных норм, должны соответствовать техническим, санитарным правилам и гигиеническим нормативам, правилам эксплуатации сооружений и пожарной безопасности.
      3. В местах проведения массовых мероприятий и на территориях, прилегающих к ним, не допускается реализация продукции в стеклянной таре.
      4. На указанные территории при проведении массовых мероприятий запрещается приносить и употреблять продукцию в стеклянной таре.
      5. Организаторам массовых мероприятий, совместно с органами внутренних дел, необходимо предусматривать меры по:
      1) запрету продажи продукции в стеклянной таре;
      2) контролю за пронос и употребление продукции в стеклянной таре.
      6. Нарушение Правил реализации продукции в стеклянной таре в местах проведения массовых мероприятий, влечет ответственность, установленную действующим законодательством Республики Казахстан.
      7. Отношения, не урегулированные настоящими Правилами, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Алматы облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидаларын бекіту туралы

Алматы облысы әкімінің 2015 жылғы 05 қаңтардағы № 1-1 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 ақпанда № 3021 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81-ө өкіміне сәйкес Алматы облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Алматы облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Тұрдалиевке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімінің 2015 жылғы "05" қаңтардағы № 1-1 шешімімен бекітілген

Алматы облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидалары

      1. Алматы облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81-ө өкіміне сәйкес әзірленді.
      2. Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар (бұдан әрі – бұқаралық iс-шаралар) заңнамалық нормаларды сақтаумен өткізіледі, техникалық, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге, ғимараттарды пайдалану мен өрт қауіпсіздігі қағидаларына сай келуге тиіс.
      3. Бұқаралық iс-шаралар өткізілетін жерлерде және оларға іргелес аумақтарда шыны ыдыстағы өнімдерді сатуға жол берілмейді.
      4. Аталған аумақтарға бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында шыны ыдыстағы өнімдерді әкелуге және ішуге тыйым салынады.
      5. Бұқаралық iс-шараларды ұйымдастырушы ішкі істер органдарымен бірлесе отырып келесі шараларды ескеру қажет:
      1) шыны ыдыстағы өнімдерді сатуға тыйым салу;
      2) шыны ыдыстағы өнімдерді алып өтуді және ішуді бақылау.
      6. Бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату Қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгілеген жауапкершілікке әкеп соғады.
      7. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.