Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Постановление акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 6 мая 2016 года № 748. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 2 июня 2016 года № 4557. Утратило силу - постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 18 января 2017 года № 87

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 18.01.2017 № 87 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала
      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 6 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", подпунктом 1) статьи 31 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", в целях обеспечения занятости инвалидов, акимат города Семей ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда.
      2. Признать утратившим силу постановление акимата от 1 августа 2014 года № 1196 "О квоте рабочих мест для инвалидов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 21 августа 2014 года № 3463, опубликовано в газетах "Семей таңы" от 2 сентября 2014 года № 69, "Вести Семей" от 2 сентября 2014 года № 69).
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления акимата возложить на заместителя акима города Шарову Н. В.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким города Семей Е. Салимов

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 748 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 маусымда № 4557 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 87 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 18.01.2017 № 87 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" әкімдіктің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 1196 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 21 тамызда № 3463 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 69 "Семей таңы", 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 69 "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. В. Шароваға жүктелсін.
      4. Осы әкімдік қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов