О признании утратившим силу решения акима Кайыршахтинского сельского округа от 16 января 2017 года № 23 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории Кайыршахтинского сельского округа"

Решение акима Кайыршактинского сельского округа города Атырау Атырауской области от 27 апреля 2017 года № 268. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 11 мая 2017 года № 3850

      В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и по представлению Главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора города Атырау Атырауской области от 18 марта 2017 года № 01-6/93 аким Кайыршахтинского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Признать утратившим силу решения акима Кайыршахтинского сельского округа города Атырау от 16 января 2017 года № 23 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории Кайыршахтинского сельского округа" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3779, опубликован в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан 17 февраля 2017 года).

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима Кайыршахтинского сельского округа – Жайбосынова А.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Кайыршахтинского
      сельского округа Калиев Ш.

Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 23 "Қайыршақты ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Атырау облысы Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 268 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 мамырда № 3850 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 8)-тармақшасына және Атырау облысы Атырау қаласы Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 18 наурыздағы № 01-6/93 ұсынысы бойынша Қайыршақты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 23 "Қайыршақты ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3779 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қайыршақты ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Жайбосыновқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қайыршақты ауылдық
      округі әкімі Ш. Қалиев