Об установлении ограничительных мероприятий

Решение акима Жангельдинского сельского округа Кызылкогинского района Атырауской области от 6 декабря 2017 года № 26. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 22 декабря 2017 года № 4019. Утратило силу решением акима Жангельдинского сельского округа Кызылкогинского района Атырауской области от 29 марта 2018 года № 3

      Сноска. Утратило силу решением акима Жангельдинского сельского округа Кызылкогинского района Атырауской области от 29.03.2018 № 3.

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправления в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Кзылкогинская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 21 ноября 2017 года № 213, аким Жангельдинского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи с возникновением болезни бешенства у одного жеребца на территории крестьянского хозяйства "Думан" на зимовке "Казирет казган" установить ограничительные мероприятия.

      2. Рекомендовать коммунальному государственному предприятию на праве хозяйственного ведения "Кызылкогинская центральная районная больница" Управления здравоохранения Атырауской области (по согласованию), Республиканскому государственному учреждению "Кзылкугинское районное Управление охраны общественного здоровья Департамента охраны общественного здоровья Атырауской области Комитета охраны общественного здоровья Министерства здравоохранения Республики Казахстан" (по согласованию) принять необходимые меры вытекающие из данного решения.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким округа и.о: А. Оразов

      СОГЛАСОВАНО:

      Директор коммунального
государственного предприятия
на праве хозяйственного ведения
"Кызылкогинская центральная
районная больница"
Управления здравоохранения
Атырауской области
С. Тайшыбай

      06.12.2017 года

      Исполняющий обязанности
руководителя Республиканского
государственного учреждения
"Кзылкугинское районное
Управление охраны общественного
здоровья Департамента охраны
общественного здоровья
Атырауской области Комитета
охраны общественного здоровья
Министерства здравоохранения
Республики Казахстан"
Г. Ажигалиева

      06.12.2017 года

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 26 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 желтоқсанда № 4019 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің 29.03.2018 № 3 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 21 қарашадағы № 213 ұсынысы негізінде Жангелдин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Думан" шаруа қожалығында бір бас айғыр малынан құтыру ауруының пайда болуына байланысты "Қазірет қазған" қыстағының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Қызылқоға аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімінің м.у.а.: А. Оразов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Қызылқоға
аудандық орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорны директоры
С. Тайшыбай

      06.12.2017 жыл

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің Қоғамдық
денсаулық сақтау комитеті
Атырау облысы Қоғамдық
денсаулық сақтау департаментінің
Қызылқоға аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Г. Ажигалиева

      06.12.2017 жыл