Об утверждении Правил ведения реестра запрещенных страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 августа 2018 года № 200. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 сентября 2018 года № 17398.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 18 декабря 2000 года "О страховой деятельности" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения реестра запрещенных страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан.

      2. Департаменту регулирования небанковских финансовых организаций (Кошербаева А.М.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления его направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) настоящего пункта и пунктом 3 настоящего постановления.

      3. Управлению по защите прав потребителей финансовых услуг и внешних коммуникаций (Терентьев А.Л.) обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Курманова Ж.Б.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Национального Банка Д. Акишев

  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 27 августа 2018 года № 200

Правила ведения реестра запрещенных страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения реестра запрещенных страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 18 декабря 2000 года "О страховой деятельности" (далее – Закон) и определяют порядок ведения уполномоченным органом по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее – уполномоченный орган) реестра запрещенных страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан (далее – реестр).

      2. Реестр содержит перечень запрещенных страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан (далее – перестраховщик).

Глава 2. Порядок ведения реестра

      3. Реестр формируется в целях исключения возможности передачи страховыми (перестраховочными) организациями-резидентами Республики Казахстан, филиалами страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан страховых рисков в перестрахование перестраховщикам, включенным в реестр.

      Сноска. Пункт 3 в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 12.02.2021 № 28 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      4. Основания включения в реестр запрещенных перестраховщиков установлены пунктом 8 статьи 9 Закона.

      5. Реестр ведется на казахском и русском языках в электронном виде по форме согласно приложению к Правилам и размещается на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа.

      6. Уполномоченный орган принимает решение о включении перестраховщиков в реестр:

      1) самостоятельно;

      2) на основании письменного обращения страховой (перестраховочной) организации-резидента Республики Казахстан, филиала страховой (перестраховочной) организации-нерезидента Республики Казахстан.

      К письменному обращению страховой (перестраховочной) организации-резидента Республики Казахстан, филиала страховой (перестраховочной) организации-нерезидента Республики Казахстан прилагаются сведения, подтверждающие наличие фактов, являющихся основаниями для включения в реестр.

      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 12.02.2021 № 28 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      7. Уполномоченный орган самостоятельно исключает перестраховщика из реестра в течение 30 (тридцати) рабочих дней с даты устранения им оснований, предусмотренных подпунктом 2) части второй пункта 8 статьи 9 Закона.

  Приложение
к Правилам ведения реестра
запрещенных страховых (перестраховочных)
организаций-нерезидентов
Республики Казахстан
форма

Реестр запрещенных страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан

Дата включения в реестр

Наименование страховой (перестраховочной) организации-нерезидента Республики Казахстан

Местонахождение (страна) страховой (перестраховочной) организации-нерезидента Республики Казахстан

Основание включения в реестр

Примечание

1

2

3

4

5
































Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 200 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 қыркүйекте № 17398 болып тіркелді.

      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 200 қаулысымен
бекітілді

Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Тізілім Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі – қайта сақтандырушы) тізбесін қамтиды.

2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі

      3. Тізілім Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тізілімге енгізілген қайта сақтандырушыларға сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беру мүмкіндігін алып тастау мақсатында қалыптастырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Тыйым салынған қайта сақтандырушылардың тізіліміне енгізу негіздемесі Заңның 9-бабының 8-тармағында белгіленген.

      5. Тізілім қазақ және орыс тілдерінде Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде жүргізіледі және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      6. Уәкілетті орган қайта сақтандырушыларды тізілімге қосу туралы шешімді:

      1) дербес;

      2) Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының жазбаша өтініші негізінде қабылдайды.

      Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының жазбаша өтінішіне тізілімге қосу үшін негіздемелер болып табылатын фактілердің бар екенін растайтын мәліметтер қоса беріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Уәкілетті орган Заңның 9-бабы 8-тармағының екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздемелерді жойған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қайта сақтандырушыны өз бетінше тізілімнен алып тастайды.

  Қазақстан Республикасының
бейрезиденттері-тыйым
салынған сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарының
тізілімін жүргізу қағидаларына
қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімі

Тізілімге енгізілген күн

Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының орналасқан жері (елі)

Тізілімге енгізуге негіздеме

Ескертпе

1

2

3

4

5