О внесении изменения в постановление акимата города Актобе от 25 декабря 2017 года № 6789 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по городу Актобе на 2018 год"

Постановление акимата города Актобе Актюбинской области от 29 июня 2018 года № 3874. Зарегистрировано Управлением юстиции города Актобе Департамента юстиции Актюбинской области 16 июля 2018 года № 3-1-201. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 9, 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", статьей 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации", (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898) и статьей 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат города Актобе ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Актобе от 25 декабря 2017 года № 6789 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по городу Актобе на 2018 год" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5829, опубликованное 16-17 января 2018 года в газетах "Ақтөбе" и "Актюбинский вестник") следующее изменение:

      пункт 1 постановления изложить в следующей редакции:

      "1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере четырех процентов от списочной численности работников организации независимо от организационно-правовой формы и формы собственности по городу Актобе на 2018 год.".

      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Актобе" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в государственном учреждении "Управление юстиции города Актобе";

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Актобе.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Актобе Р. Айдашеву.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования.

      Аким города И. Испанов

Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 6789 "2018 жылға арналған Ақтөбе қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 3873 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2018 жылғы 16 шілдеде № 3-1-201 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 6789 "2018 жылға арналған Ақтөбе қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5829 болып тіркелген, 2018 жылғы 16-17 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. 2018 жылға Ақтөбе қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарына квота белгіленсін.".

      2. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Ақтөбе қалалық Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р. Айдашеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі І. Испанов